» » » Төреғали Төреәлі тағы да ұшақ бортында заң бұзды (фото)

Төреғали Төреәлі тағы да ұшақ бортында заң бұзды (фото)

Төреғали Төреәлі тағы да ұшақ бортында заң бұзды (фото) казакша Төреғали Төреәлі тағы да ұшақ бортында заң бұзды (фото) на казахском языке

Төреғали Төреәлі тағы да ұшақта заң бұзып, дауға қалды. Әнші әуе кемесінің бортына тыйым салынған сусынды алып кірген деп жазады nur.kz.



Төреғали Төреәлі тағы да ұшақ бортында заң бұзды (фото)


Шоу-бизнес жұлдызы заңсыз әрекеті туралы өзі айтып беріп, оқырмандарының алдында ағынан жарылған. Төреғали ұшақ бортына қымызды тығып алып кіргенін Instagram желісінде мойындаған.

"Қысқасы, қолымдағы жасыл пакеттің ішінде ақ пакет, ақ пакеттің ішінде көк пакет көк пакеттің ішінде қымыз бар. Өскемендік өскелең жұрт сый қып бергесін, тастап кете алмадым. Негізі өткізбейтін еді, ешкімге айтып қоймаңыздар. Өзі айтып қойды ғой десе де, мойындамаңыздар! Қымыз аспанда атылған жоқ уайымдамаңыздар" , - деп жазған әнші.

Желі оқырмандары Төреғалидің бұл мәлімдемесіне қатысты екі түрлі пікір ұстанған. Бірі әншіні заң бұзғаны үшін сынға алса, енді бірін оның қылығы күлкіге қарық қылған.


Автор: RochelleSargent | 2 650 | 25.03.2019


Загрузка...