Қытай елшiсi: Қазақстанның қыздары қытайлық жiгiттердi өте қызықтырады

Қытай елшiсi: Қазақстанның қыздары қытайлық жiгiттердi өте қызықтырады казакша Қытай елшiсi: Қазақстанның қыздары қытайлық жiгiттердi өте қызықтырады на казахском языке

Қазақстандық қыздар қытайлық жiгiттердi өте қызықтырады. Журналистерге берген сұхбатында Қазақстандағы Қытай елшiсi Чжан Ханьхуэй осындай пiкiр бiлдiрдi, деп хабарлайды Baq.kz.

«Екі ел азаматтары некелесіп жататын жайттар кездеседі. Қазақстанның көп азаматтары Қытайға жұмыс бабымен немесе оқуға келеді де, бiздiң елiмiзде қалып қойып жатады. Қазақ мəдениетін дəріптеп жүрген адамдар бар, Қытай тұрғындары сол адамдар арқылы Қазақстанның салт-дəстүрімен, өмiрiмен таныса алады. Бұндай некелерге бiз ынтыландырамыз деп айта алмаймын, бұл табиғат заңы. Бірақ, жақсы деп ойлаймын. Бұл - біздің халықтар арасында дəстүрлі достық бар, сол достық жемісін беріп жатыр деген сөз», - дедi журналистердiң сұрағына жауап берген Қытай елшiсi.

Оның айтуынша, Қытайдан келiп, жергiлiктi қыздарға үйленiп жатқан жiгiттер аз емес.

«Мұндай жағдайлар көп. Бұл қалыпты тәжiрибе. Мен мұндай некелердi құп көремiн. Ешкiмдi ешкiм шектемейдi. Қытайлық тараптан ешқандай кедергiлер жоқ. Бiрақ, әрине, екi жақтың да ниетi болуы керек», - дейдi ол.

Журналистер елшiден қытайларды қазақстандық қыздар нелiктен қызықтыратынын да сұрады.

«Қазақстандық қыздар қытайлық жiгiттерді өте қызықтырады. Қазақстандық қыздар өте сұлу, нәзiк, жоғары бiлiмдi, ата-аналарын, үлкен кiсiлердi сыйлайды, отбасыларын жақсы көредi. Дәстүр жағынан келгенде бiзде ұқсастықтар көп», - дедi ол.

Айта кетсек, Қытайдың ауқатты азаматтары қазақстандық қыздарды қалыңдық еткісі келетіні туралы әңгіменің басталғанына бір аптадай болып қалды. Қытайдан күйеулер келе жатыр деп дабыл қаққан ел әлеуметтік желілерде сан түрлі пікір жазып, шулап жатыр. Оған жақында ғана Астанадағы некелестіру агенттіктерінің бірі интернетте жариялаған жаңа жобасы себеп болған. Онда қалталы қытайлықтардың Қазақстанның қыздарына үйленгісі келетіні айтылады. Бұл ақпар тарай бастаған кездің өзінде 10-нан астам қыз-келіншек агенттікке барып, өтініш білдірген.

Ал 11-ші желтоқсанда Астананың бір топ белсендісі Қытайдан келетін күйеу балалар мен қазақ қыздарының некеге тұруына қарсылық білдіріп, наразылық акциясын өткізді. Олар агенттікке келіп ұсыныс білдірген қазақ қыздарын азаматтығынан айыруды талап еткен болатын.




KZ » Қазақша Жаңалықтар жинағы, қыздар, Қытай, елшiсi, азаматтары, Қазақстандық, Қытайдан, жатыр, Қазақстанның, қызықтырады, берген, қытайлық, жiгiттердi, қазақстандық, Қазақстандағы, қазақ, адамдар, агенттікке, білдірген, келетіні, жақсы, қыздар, Қытай, елшiсi, азаматтары, Қазақстандық, Қытайдан, жатыр, Қазақстанның, қызықтырады, берген, қытайлық, жiгiттердi, қазақстандық, Қазақстандағы, қазақ, адамдар, агенттікке, білдірген, келетіні, жақсы, Қытай елшiсi: Қазақстанның қыздары қытайлық жiгiттердi өте қызықтырады, Қытай елшiсi: Қазақстанның қыздары қытайлық жiгiттердi өте қызықтырады