1 - ден 20 ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы

 1 - ден 20  ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы

1 - ден 20 - ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы
Білім саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Математика
Мақсаттары: а) білімділігі: 1-ден 20-ға дейінгі сандар қатарымен таныстыру. 1 - ден 20 - ға дейінгі сандар қатарына берілген тапсырмаларды анықтау.
ә) дамытушылығы: 1 - 20 көлемінде реттік санауға үйрету. Тура және кері санау. 1 - ден 20 - ға дейінгі сандарға берілген тапсырмаларды пысықтау.
б) тәрбиелігі: Балалар логикалық танымдық тапсырмаларды тез шешуге дағдыланады. Көрнекілігі: санау материалдары, суреттер, дид. материалдар т. б Әдіс - тәсілі: түсіндіру, көрсету, санау.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті
Ұйымдастырушылық оятушылық
Балалардың сабаққа дайындығын тексеру.

Шаттық шеңбері
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан.
Барлық ғылым саған үйір болады,
Досың болсын табылатын қасыңнан.
– Жыл мезгілі нешеге бөлінеді?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
– Көктем мезгілінде неше ай бар?
- Ал әрбір жыл мезгілі неше айдан?
- Сонда 1 жылда неше ай бар?
- Көктем мезгілінің ерекшеліктері қандай?
- Олай болса, балалар мен сендерді көктемгі табиғат көріністерін тамашалай отырып, «Математика еліне» саяхатқа шақырамын. Саяхатты көктемнің алғашқы жаршысы болған Көкектің көңілді сандарымен бастасақ.

1-тапсырма: Біз шашылған сандармыз,
Орнымызды табамыз.
Көңілді боп жүрейік,
Енді санап көрейік.
1 - ден 20 - ға дейін тура санау.
20 - нан 1 - ге дейін кері санау. Жарайсыңдар, балалар сендерге «Көкек» риза, осы 1 - ден 9 - ға дейін сандар қалай аталады?
Ал, 10 - нан кейінгі сандарды қалай атаймыз? Бір таңбалы сандар ең үлкені қай сан?
– Енді осы сандар туралы санамақ білеміз бе?
- Ал, біздер өткен математика сабағында танысқан сандарымызды еске түсірейік.
– Бұл сандарды қандай сандар деп атаймыз?
– Олардың құрамында неше бірліктер бар?
- Балалар, бізге қонақ келіпті, «Көктем» ханшайымы қарсы алайық.
- Сәлематсыз ба, «Көктем ханшайымы.
- Ой, рақмет «Көктем» ханшайымы біздің балаларға бұл тамаша сыйлық болды? Сізде бізбен бірге болып, балалар білімін тамашалаңыз.

Ұйымдастырушылық - ізденушілік
- Қанекей, балалар олай болса, қыр қызғалдағын санайық. Бүгін танысатын сандарымыз 17 және 18 сандары.
- Осы гүлдің көбелектері де бар екен санайық. Бұл сандар екі таңбалы сандар, құрамында неше бірлік болады?
«Қолшатыр» тапсырмасы
10+7 12+5 14+3 16+1 11+6 13+4 15+2
10+8 11+7 12+6 14+4 13+5 15+3 16+2 17+1
Оқулықпен жұмыс
Қалдырылған сандарды жазу, сары түске бояу.

Сергіту сәті.
Сандарды жаттаймын, алақай!
Санаудың да келді кезегі
1, 2, 3 балақай
Қайталаймыз асықпай.
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10
1 - ден 10 - ға дейін мен
Санауды білемін
Енді керісінше әндетем
Балалар қосылыңдар.
10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2 және 1
1, 2, 3, 4, 5 тамаша
6, 7, 8, 9, 10 ла - ла
Мен ақылдымын бәрінен
Сен де санауды үйрен
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10
10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1

№2- тапсырма
Карандаштарды санау
№3 тапсырма
Қоршаудың жартысын тауып жапсыру.
№4 тапсырма
15, 16 сандарын берілген жолға жазу. Пішіндерден құрылған кескіндерді қайталап салу тапсырмасы орындалады.
Қарлығаш тапсырмасы: «Ойлан тап»
5+4 9 - 6 6+2 8 - 4 17+1 12 - 2 15+2 13+2
Көбелек тапсырмасы: «Кім тапқыр»
Үйге келді Мадияр,
Оған қоса Алдияр.
Кейін келді Айдана,
Қанша болды бар бала? (3)
Бес алманың екеуін
Досың сұрап алады,
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады? (3)
Бір - бірімен жарысқан,
Төрт аю, бір арыстан.
Екі қоян, бір түлкі
Бәрі нешеу кім білді? (8)
Сегіз асықтың үшеуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады?(5)
- Көктем мезгілімен қоштасып, шығарып салу.....



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!