Қазақша мақал - мәтел: Өтірік

Қазақша мақал - мәтел: Өтірік казакша Қазақша мақал - мәтел: Өтірік на казахском языке

Өтірік - қаңбақ, шын - салмақ.

Өтірік өрге баспайды.

Өтірікші мен өсекші егіз.

Өтірік айтқан жерде көп тұрма.

Өтірікшінің шын сөзі зая кетеді.

Өтіріктің құйрығы бір тұтам.

Өтірікші алдымен өзін алдар.

Өтірікшінің куәсі қасында.

Өтірікшінің сөзіне нанба, қисынына нан.

Өтірікші уәдешіл.

Өтірік деген дұшпан бар,
Отқа сүйреп салатын.

Өтірікші бел асырғанмен ел асырмайды.

Өтірікші өлген кісіні куә етеді.

Түстік жерге өтірік айтсаң,
Кешке ізіңмен барады.

Екі суайт бірін-бірі иландыра алмайды.

Дерексіз сөз нанымсыз.

Ер өтірік айтпайды, ез өтірік айтады.

Қатын өтірік айтпайды, қағыс естиді.

Өтірікті шындай,
Шынды Құдай ұрғандай етіп айтады.

Сор сараңнан, өтірік арамнан шығады.


Күмән иманнан айырар.

Қастағы сызу көзді алдайды.

Көз көрмесе, сөз құлақты алдайды.

Екі рас бір өтірікке желім болады,
Екі өтірік бір расқа ірің болады.

Кішіні алдап үйренген,
Үлкенге де ауыз салады.

Алдау бар жерде ақиқат жоқ.

Өтірікшіні сөзінен емес, көзінен таны.

Көргені жаман көпті алдар.

Уәде күпті.

Оңай сенген оңай өледі.

Өтірік - ұят, шындық - зият.

Көп жүргеннің сирағы көрінер.

Алдау - зұлымдық, алдану - аңғырттық.

Екі өтірік бір антпен тең.

Өтірік түбі - шын, бақсы түбі - жын.

Жоқты бардай, ақсақты тыңдай етеді.

Жатқа сыр айтпа, өзің өтірік айтпа.

Әкеңнің өлгенін жасырсаң, көмгенін қайтесің?

Адамды алдау - арыңның алдында күнә,
Ағаны алдау - ананың алдында күнә.

Мақтаншақтың өтірік айтқызады,
Өтірік көңіл қайтқызады.


Өтірік айтып пайда тапсаң,
Ақырында залал табарсың.

Рас айтып залал тапсаң,
Ақырында пайда табарсың.

Шындыңты қолдау - абырой,
Жалғанды қолдау - масқара.

Айт, арапада өтірік сөйлегеннің
Намаз күні жүзі қара.

Кесек-кесек дау, жанжал,
Кері кеткеннің ауылында.

Кесек-кесек өтірік,
Кері кеткеннің ауызында.

Құрыққа сырық жалғайды.

Екі шын сөзге бір жалған сөз қосса,
Жұнтиып тұрар.
Бір шын сөзге екі жалған сөз қосса,
Бұлтиып тұрар.

Өткір пышақ қынға қас,
Өтірік сөз жанға қас.

Досыңа өтірік айтпа,
Дұшпаныңа шынықты айтпа.

Жыртық үйді жел табар,
Өтірік сөзді шын табар.

Анығын айту - адалдық,
Ала сөйлеу - арамдық.

Адам құрсақтан арымайды,
Құлақтан ариды.

Өтірікшінің сөзі өрге баспас.

Өтірікші - Құдайдың дұшпаны.

Бекерден Тәңірім безер.

Өтірікші түске дейін өзіне де сенбейді.

Өтіріктің адымы қысқа.

Өтірік ырысты байлайды.

Өтіріктің алды - мұз, арты - ор.

Өтірік шындықтың қасына түнейді

Бір Тәңірде ғана жалған жоқ.




KZ / Қазақша Мақал - мәтелдер жинағы, пословицы про ложь на казахском языке, отирик туралы макал мател казакша, өтірік туралы мақал мател, өтірік туралы, мақал мател, өтірік, пословицы на казахском языке, про ложь, ложь, макал мателдер казакша отирик туралы, пословицы про ложь на казахском языке отирик туралы макал мател казакша өтірік туралы мақал мател өтірік туралы мақал мател өтірік пословицы на казахском языке про ложь ложь макал мателдер казакша отирик туралы, Қазақша мақал - мәтел: Өтірік макал мателдер казакша тил туралы пословицы на казахском языке пословицы казакша казахские пословицы макал мателдер казакша на казахском мақал мәтелдер жинағы