Жіберілмеген хат


Саған арналған хатымды неден бастарымды білмей отырмын. Әйтеуір бойымды сағыныш билеп алғанын білемін. Жазғым келді… Арамыздың алшақтағанына біраз жылдар өтсе де мен әлі сені ойлаймын, сағынамын… Оның бәрі сенің орныңды ешкімнің де баса алмағанынан. Болашақта баса ала ма екен деген сұрақтар да жиі мазалайды.

Елдің көңілін қалдырудан да шаршадым, алдыма келгеннің бәрін сенімен салыстырып, әркез ойымнан шықпағанынан, бәрі ренжіп қайтады. Өйткені олардын әрбір іс-қимылдарында “Ол болса былай істер еді, былай айтар еді, мен естігім келіп тұрған сөзді айтар еді” деп ойым мың құбылады. Әрине, бұның бәрі махаббаттың жоқтығынан. Білмеймін, сен кеткелі ешкімді құлай сүйе де алмадым. Ал мені білесің ғой, бірінші принциптерім – сүю, махаббат, түсіністік, гармония. Әркез өмірімді идеализациялаудан жалықпаймын, өйткені басқаша өмір сүре алмаймын. Сондықтан қазір ешкіммен танысқым да келмейді.

Осының бәрін оқысаң жүрегің ауыратынын білемін, “Неге олай істейсің? Елдің бәрі мен сияқты емес қой, қаншама рет айтамын саған, сен бәрін жүрегіңе тез қабылдайсың” дер едің. Сосын көп уақыт ұйықтай алмай жүресің, өйткені мен мұнда тынышсызбын, сен үшін мұңлымын. Онымен қоймай мені жүрекке тез қабылдамауды өтінесің…

Осы өмірде сенің жүрегіңдей кең, мінезі қайратты, ақылы көркіне сай азаматты тағы кездестіре алар ма екем? Білмеймін, бір рет кездестіргенде Құдай оны менен көп көріп, айырып жіберді. Мүмкін ол кезде маған ондай бақыт көптік болған шығар. Ал қазір істеп жүрген игі істерімнің барлығы, ендігі кездекте көп көрмесе екен деген ойымнан да шығады. Егер маңдайыма жазылмаса да бәрібір, өйткені мен сен армандағандай, сен қалағандай, сен тамсанатындай, сенің өзің сияқты адам бола алдым. Өйткені мендегі бар, барлық жақсы қасиеттерге өзің үйреттің, сенің махаббатың, одан кейінгі қайғың…
Ия, сенің махаббатың маған үлкен мұң сыйласа да сен мен үшін ерекше адам болып қаласың.

Тағы да менің үлкен ұстамдылық қасиетім жылт етіп, саған осы хатты жібермеуге ұстап қалады. Өйткені сенің өз өмірің, ондағы өз проблемаларың, өз уайымдарың мен қуаныштарың бар. Бәлкім онда менің керегім де жоқ шығар. Сондықтан беймаза уақытта сені мазалағым келмейді.

Бұл сөздерің бәрін өзің жақсы сезесің деп ойлаймын. Сезбесең де өз еркің. Өйткені бұл менің өмірімдегі құбылыстар, менің мұңым және оған өзім ғана жауаптымын.

Сені тағы да жұмыс бабында көтеріпті ғой, құттықтаймын! Сенің еңбекқорлығын әрине елемеусіз қалмайды. Сендей адамы бар ұжым да сенен айрылғысы келмейтін шығар. Олар сені күнде көреді, қандай бақыт…

Қайғыда да, қуанышта да, жабыққан сәттерде де мен өзіңмен бірге екенімді ұмытпа… Ауырма, жолда абай бол, сүйдім.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 18 502



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады
Пікір жазу