» » » Курстық жұмыс: Банк ісі | Халық банкінің депозиттер есебінің ақпараттық жүйесі

Курстық жұмыс: Банк ісі | Халық банкінің депозиттер есебінің ақпараттық жүйесі

Курстық жұмыс: Банк ісі | Халық банкінің депозиттер есебінің ақпараттық жүйесі казакша Курстық жұмыс: Банк ісі | Халық банкінің депозиттер есебінің ақпараттық жүйесі на казахском языке
Мазмұны
Кіріспе
ЖШС «Алекстің» қаржылық жағдайын талдау ..............................2
• Курстық жұмыс мақсаты............................................................2
• Курстық жұмыс құрылымы........................................................2
1 – ТАРАУ. Теориялық бөлім
1.1. Қолдану саласына талдау................................................................5
1) Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың сипаттамасы......8
2) Кәсіпорын қызметтеріне сәйкес қолданатын заңдар.....................10
3) ЖШС «Алекс» қызметін жүзеге асырушы ұйымдық құрылымдар..........................10
1.2. ЖШС «Алекстің» қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызудың мақсаты.......................12
1.3. Ақпараттық жүйеге қойылатын талаптар...............................12
1) Ақпараттық жүйенің құрылымына қойылатын талаптар................14
2) Ақпараттық жүйенің ресурстарына қойылатын талаптар...............15
1.4. Ақпараттық жүйенің концептуалдық сызба нұсқасы................20
2 – ТАРАУ. Негізгі бөлім
2.1. ЖШС «Алекстің» қаржылық жағдайын талдау........................23
2.2. Кіріс ақпараты..................................................................................28
2.3. Шығыс ақпараты..............................................................................29
Қорытынды........................................................................................31
Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................32
Қосымшалар.........................................................................................33

Кіріспе
Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриялды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін «ақпараттық экономикаға» ауысу болып отыр. Ақпарат – қазіргі кезде ұлттық стратегиялық ресурстардың бір түрінің айрылмас бөлігі бола тұра, ақпараттық өнімдер мен қызметтер нарығында өз сұранысы мен ұсынысына ие. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын» қабылдағанын жатқызуға болады.
Курстық жұмысымның тақырыбы – Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік «АЛЕКСТІҢ» қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық жүйесі.
Курстық жұмыстың мақсаты – тақырыбымның атына сәйкес белгілі кәсіпорынның қаржылық жағдайының мәнін ашып көрсету, біздің еліміздің қаржылық жағдайын жетілдірудің мүмкін болатын жолдарын анықтау және ақпараттық жүйесін құру болып табылады.
Осы мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді орындауды жөн көрдім:
• Кәсіпорын ерекшеліктері мен мақсатын анықтау;
• ЖШС «Алекстің» қаржылық жағдайының ақпараттық жүйесін (АЖ) құрудың мақсатын анықтау;
• ЖШС «Алекстің» қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық жүйе деңгейін бағалау және оны қолданудың мүмкін аумақтарын анықтау;
• Курстық жұмысымның құрылымы .
Жалпы курстық жұмыс үш тарау кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыстың бірінші тарауында, теориялық бөлімінде, пәндік облыстағы сипаттамасы берілген, яғни депозит жүйесінің түсінігі кіргізіледі. «Халық Банк» АҚ-ның зерттелетін объектісі ретінде сипаттамасы, оның ұйымдық құрылымы берілген. Бұл бөлімде жеке тұлғаларға депозиттік операциялар бойынша қызмет көрсетудің ақпарат жүйесінің бағыты және оны құру мақсаты негізделген, ақпарат жүйесінің құрылымының талаптары анықталған, ақпарат жүйесінің ресурстарының талаптары қалыптастырылған: ақпараттық, программалық, техникалық, ұйымдастырушылық қамтамасыздандыру, ақпаратты қорғау талаптары, ақпарат жүйесінің қаржылық тәуекелділігін болжаудың концептуалды сызбасы жасалған.
Негізгі бөлім деп аталған екінші тарауда, осы ақпарат жүйесі бойынша жасалған жобалық шешімдер қарастырылған.
Бұл бөлімде кіріс және шығыс ақпараты берілген. Міндеттеме қаулысынан кейін машина сыртындағы ақпараттық база сипатталған. Машинадан тыс ақпараттық базасында кодтау жүйесі және сыныптауда қолданылытын ақпараттық модель қарастырылған. Машина ішіндегі міндеттер кешенін тарату әр қайсысы сәйкесінше кестелерде келтірілген құрылымдық сипаттамалық мәліметтер базасының тізімі берілген. Бұл бөлімде ақпарат жүйесіне математикалық, программалық қамтамасыздандыруына сипаттама берілген.
Курстық жұмыстың үшінші бөлімінде ақпарат жүйесін құру шығындарын бағалау есептеледі.
І ТАРАУ. Теориялық бөлім
Қаржы жүйесі туралы жалпы түсінік.
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі ролі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Елдің біртұтас қаржы жүйесі тиісті ақша қорлары құрылып, пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығын қамтиды. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада, тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады.
Сонымен бірге жалпы институционалдық тұрғыдан алғанда қаржы жүйесі бұл қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан ол мемлекетте іс-әрекет ететін бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы.
Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан өтті. Қаржы қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі, жалпыға мәлім, әдетте, тек бір ғана буынмен мемлекеттік бюджетпен шектелді. Классикалық капитализм жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде бұрынғы КСРО-ның қаржы жүйесін екі негізгі буын мемлекеттік бюджет пен жергілікті қаржылар құрады. Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік берді, бұл буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын орындап отырды.
Қаржы жүйесі мынадай үш бөлікті қамтиды:
1. қаржы қатынастарының жиынтығы;
2. ақша қорларының жиынтығы;
3. басқарудың қаржы аппараты.
Ақша қорларының қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші субъектілер, салалар, аймақтар және жеке азаматтар арасында пайда болатын экономикалық, ақша қатынастарының жиынтығы қаржы қатынастарын құрайды.
Қаржы қатынастары негізінен мына екі сфераны қамтиды:
1) мемлекеттік бюджетке жинақталатын мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорларын қалыптастырып, пайдаланумен
байланысты болатын экономикалық ақша қатынастары;
2) кәсіпорындардың орталықтандырылмаған ақша қорларының толық айналымын ортақтастыратын экономикалық ақша қатынастары.
Қаржы қатынастары өзінің экономикалық табиғаты жөнінен бөлгіштік қатынастар болып табылады, оның үстіне құнды бөлу ең алдымен субъектілер бойынша жүзеге асырылады. Сондықтан қоғамдық өндірістегі субъектілердің ролі қаржы қатынастары жіктемесінің алғашқы объективті белгісі ретінде көрінеді.
Қаржы қатынастарының буындарына тән болып келетін тиісті орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларының жиынтығы қаржы жүйесінің екінші бөлігін құрайды.
Қаржының материалдық мазмұны өзінің көрінісін қаржы ресурстарын қалыптастырып, пайдалануда табады. Бұл ресурстар бюджет, мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтк сақтандыру және қамсыздандыру. Амортизация, айналым қаражаттары, тұтыну, резерв және басқа көптеген ақша қорларын кіріктіреді. Бір қорлар едәуір дәрежеде, біреулері аз дәрежеде орталықтандырылған, бір қорлар үнемі жұмсалады, басқалары уақытша сақталады, үшіншісі қорланады.
Функциялық сыныптауға сәйкес қаржыларда функциялық қосалқы жүйе ретінде мыналарды айтуға болады: салық, бюджет, сыртқы экономикалық, қаржылық жоспарлаудың, бақылаудың және басқа қосалқы жүйелері.
Қаржы жүйесін сыныптаудың функциялық критерийінен басқа қаржы субъектілерінің (қаржы қатынастарындағы қатысушылардың) белгісі бойынша сыныптау қолданылады, бұл қаржы жүйесін сфералар мен буындар бойынша: мемлекеттің қаржысына, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына, халықтың (үй шаруашылығының) қаржысына бөлуге болады.
Буындардың сипаттамасының қатары ретінде жоғары элементтері болады: қаржы қатынастары, қаржы қорлары, басқарушы аппарат. Жүйелердің мұндай қасиеті қаржы жүйесіне интеграциялық сипат береді.
Қаржы жүйесін құрайтын жеке элементтердің орны мен рөлі бірдей емес. Бастапқы элемент жүйенің басқа элементтері арасында алдыңғы орынды алады, өйткені жүйе элементтері мен буындардың өзара байланысындағы оның рөлі айқындаушы болып табылады.
1.1. Қолдану саласына талдау
Нарықтық қатынастар көптеген адамдардың «өз ісіне» деген табиғи ұмтылуды тудырып , өздерінің меншіктерін арттыра түседі. Ең соңында бұл қызметтің ерекше түрі – жауапкершілігі шектеулі қоғамның пайда болуына әкеп соғады Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік (ЖШС) дегеніміз – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін екі, одан да көп адамды біріктіретін қоғамның түрі.Жауапкершілігі шектеулі қоғамның оның мүшелері есебінен жиналған жарғы қоры бар. ЖШҚ – жабық қоғам, яғни қоғам мүшесі өз үлесін қоғамның басқа мүшелерінің келісімімен басқа адамға немесе үшінші кісіге бере алады. Қоғам акциялар шығармайды. Мұның өзі қоғам мүшелеріне сырт жақтан қаржы тарту мүмкіндігін шектейді. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып , мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді.
Ал кәсіпкерлік дегеніміз – адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып , мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді.
Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан түсіндергенде мынадай екі жағдайға: біріншіден, комерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуге; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға , ғылыми-техникалық прогреске жетуге тікелей қатысты. Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің қандай да болмасын түрімен айналыса алады. Олар: шаруашылық-өндірістік , сауда-көтерме сату, жаңартпашылық, көрсетілетін консультациялық қызметтер және т.б. комерциялық делдалдылық, сол сияқты құнды қағаздар опериациялары.
Қазақстан Республикасында ЖШС субъектілері мыналар бола алады:
• Қазақстанның азаматтары
• Шетел мемлекетінің азаматтары
• Адамдардың бірігуі(кәсіпкерлер ұжымы)
«Алекс» ЖШС-ң қаржылық қызметінің талдауы
Кәсіпорынның қаржылық қызметі кәсіпорынның өндірістік процесінің барлық жақтарын көрсетеді. Өзінің өндірістік қызметін жүзеге асыру үшін кәсіпорын қарамағында өндіріс құралдары және қаржылық ресурстары болады.
Қаржылық ресурстар еңбек заттарының қорын құрастырады және жабдықтаушылармен есеп айырысады. Өндіріс жоспарын орындау көптеген факторларға байланысты. Олар:
• тұтынушылармен байланыс орнату;
• өндірісті дамыту жоспарын орындау;
• құрал-жабдықтардың технологиялық режимді ұстау;
• материалдық – техникалық қамтылу деңгейі; шикізат пен материалды пайдалану деңгейі;
• еңбек өнімділігі.
Талдау барысында бұл факторлардың өндіріс процесіне және кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижесіне ықпал ету деңгейі анықталады.Өндірістік көрсеткіштер қаржылық көрсеткіштерге әсер етіп, ал соңғылары сәйкесінше өндіріске әсер етеді.
Жоғарыда айтылғандай біздің кәсіпорын икемді орама өндірісімен айналысады. Барлық басты экономикалық жағдайды сипаттайтын құжаттарды талдай отырып, бұл бөлімде біз қорытындыға келдік. Оны біз келесі көрсеткіштерден көре аламыз:
• Төлем қабілеттілігі
• Айналым коэффициенті
• Меншікті капиталдың айналым коэффициенті
• Қор қайтарымдалығы
• Қор сыйымдылығы
• Материал қайтарымы
• Материал сыйымдылығы
Бұл көрсеткіштермен біз келесі кестеден танысамыз:
3-кесте Кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштері
Көрсеткіштер өлшем бірлігі 2004 2005 Ауытқу %
Айналым коэффициентІ 2,2 1,3 -0,9 59,1
Меншікті капиталдың айнал-қ коэф. 3,7 3,3 -0,4 89,2
Қор қайтарымдылығы 13,4 11,4 -2 85,1
Қор сыйымдылығы 0,08 0,09 0,01 112,5
Материал қайтарымдылығы 7,6 13,1 5,5 172,4
Материал сыйымдылығы 0,13 0,07 -0,05 53,8
Жоғарыда көріп тұрғанымыздай айналым коэффициенті 2003 жылы 2,2 болса, 2005 жылы 1,3 түсті. Яғни 40,9 пайызға төмендеді.
Осы көрсеткішті есептеу үшін біз:
айналым коэффициенті = өткізілген өнімнен түскен түсім/өзіндік капитал.
айналым коэффициенті. Біздің есептерге сүйенсек бұл көрсеткіш 40,9 пайызға төмендеді.
Осы көрсеткішті есептеу үшін біз:
айналым коэффициенті = өткізілген өнімнен түскен түсім/ағымдағы активтер.
Қор сиымдылығы. Бұл көрсеткіш қор қайтарымдылық көрсеткішіне кері көрсеткіш болып табылады. Оның қасиеті сонда, оның алымын бірнеше бөлек цех және құрал – жабдықтар группаларға бөліп тастауға болады. Бұл техникалық өндірістік учаскілеріне деген жерін, қор пайдаланудағы жалпы көрсеткішін анықтауға мүмкіншілік береді. Қор сиымдылығы былтырғы, яғни 2003 жылы 2004 жылмен салыстырғанда кеміді. Осы көрсеткішті есептеу үшін біз:қор сыйымдылығы = негізгі қордың (орт)/ өнімді өткізуден түскен түсім
Қор қайтарымдылығы. Негізгі өндірістік қорларды пайдаланудағы жалпы көрсеткіш ретінде, кәсәпорынның эффектілігін көрсетеді. Осы көрсеткішті 2003 салыстырғанда 2004 жылы 24,9 пайызға азайды. Осы көрсеткішті есептеу үшін біз:қор қайтарым. = өнімді өткізуден түскен түсім / негізгі қордың (орт)
Материал қайтарымы. Екі жыл көрсеткіштерін салыстырғанда 72,4 пайызға көбейгендігін байқаймыз.
Материал сыйымдлығы. Бұл көрсеткіш бойынша 2004 жылы 2003 жылға қарағанда азайғандығы байқалады.
Бұл бөлімде негізгі өндірістік көрсеткіштерге талдау жасалып, қаржылық жағдайға көзіміз жетті
Жалпы алғанда, кәсіпорын тұрақты жұмыс істеуде, жоғары ликвидтті, активтердің жалпы құнында негізгі капиталдың үлес деңгейі төмен.
Сонымен қатар, капиталмен қарулану және техникалық қарулану деңгейі соңғы үш жылда аса айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған жоқ.
Өнімді өткізуден түскен түсім 1,4 пайызға жоғарласа да, өткізілген өнімнің өзіндік құны 2,4 пайызға төмендеген. Өйткені, кезең шығындары жоғары. Сонымен қатар өндіріс рентабельділігі де төмендеуде, әрине осыған байланысты сату рентабельділігі де азайған. Төлем коэффициенті және қор қайтарымдылығы жоғары деңгейде.
Еңбекақының жоғары емес деңгейіне қарамастан, жұмысшылар деңгейі, яғни келіп кету саны тұрақты деп айтуға болады. Менің ойымша, өйткені «Алекс» ЖШС-гі жұмыс беруші кәсіпорындардың ең бастысы болып табылады.
«Алекс» ЖШС-нің өндірістік технологиясы туралы
«Алекс» ЖШС-де негізгі өндірістік процес минералды суды құю болып табылады. Кәсіпорын қарамағындағы скважиналарда минералды суды арнайы қондырылған көлемді систерналарда суды салқындатып алады. Әдетте су 2000 м. шамадағы тереңдіктен өндіріледі, ол шамамен +70 С жылылықта болады. Кәсіпорынның қарамағындағы бірнеше су таситын арнайы машиналары арқылы скважинадан суды зауытқа тасиды. Сосын суды арнайы қондырғылар арқылы зауытты пластикалық ыдыстарға құю жүргізіледі. Процес барысында суға ешқандай қоспасыз, экокологиялық таза күйінде өндіріледі. Өндірістік процестер керамикалық-бактериялық фильтрлерді, насостарды, ыдыстарды және т.б. пайдалана отырып, 11 АТМ және оданда жоғары қысымды қолдануымен сипатталады. Полетиленді пластикалық ыдыстар капсула күйінде Өзбекістаннан сатып алынады. Ол сатып алынған касулалар санитарлы-химиялық, микробиологиялық тексеруден өткізілгеді. Арнайы қондырғыларда капсулаларды су құюға дайындайды. Бұл процестер негізгі зауытқа көмекші қосымша цехтарда жүргізіледі. Ал негізгі зауытта дайын ыдыстарға газдалған немесе газдалмаған су құю процесі жүреді. №3 цехта ыдыс сыртына қағаз этикеткалакры жабыстырылады. Дайын өнім қоймаға жөнелтуден алдын арнайы тексеруден өткізіледі, ол тексеру арнайы жасақталған жұмысшылар тобымен жүзеге асырылады. Ал, енді өндіріс технологиясына келсек, бірінші құрал-жабдық бұл - Экструдер. Яғни ол қалындығы түрлі микронды полиэтиленді пленканы үрлейтін машина. Бұл үшін Ресейден әкелінген күріш тәріздес шикізат полиэтилен өте үлкен температурада қыздырылады. Содан кейін цилиндр тәріздес пішінде жоғары көтеріліп төмен арнайы қысқыш арқылы тегістеліп пакет шығарылады.
Қортындылай келе, кәсіпорын жұмысы тұрақты түрде істеуде. Тек қана ауытқулар көлемі мен мөлшері айтарлықтай үлкен емес. Төлем қабілеттілігі және айналым қабілеттілігі орташа деңгейде
Қорыта келгенде, «Алекс» Жауакершілігі Шектеулі Серіктестігі еліміз өңіріндегі филиалдардың бірі және Қазақстандағы бәсекелес кәсіпорындармен салыстырғанда, жұмысы тұрақты. Шамалы ауытқулар болып тұрғанымен қаржылық-экономикалық жағдайы тұрақты. Бірақ, қазіргі таңда үлкен қаржылық салымдар қажет, яғни құрал-жабдықтардың ең болмағанда 60-70 %.
Жалпы, кәсіпорын тұрақты жұмыс атқаруда. Егер инновациялық бағдарлама бойынша технологиялық процесс, алдағы 5-7 жылда жаңартылса, кәсіпорын өз бәсекелестерін өндіріс бойынша озып өтеді , деген болжам бар.
1.1. 1) ЖШС «Алекстің» қаржылық жағдайын талдаудың
ақпараттық жүйесін тұрғызудың
Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы
Менің курстық жұмысымда қарастырып отырған кәсіпорным «Алекс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
«Алекс» ЖШС минералды сусын зауыты Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш қаласында 1993 жылы наурыз айында Әділет министірлігінде тіркелді. Бір немесе бірнеше тұлғалармен құрылған серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып табылады. Оның жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленетін үлестерге бөледі. Серіктестік өз қызметін ірі бизнестің субъектісі ретінде жүзеге асырады..........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: almira777 | 18 | 12.02.2019


Загрузка...
Читайте также
Курстық жұмыс: Информатика | Проектіні басқару ақпараттық жүйесі
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Информатика | Проектіні басқару ақпараттық жүйесі
Дипломдық жұмыс: Экономика | Коммерциялық банктің валюталық операцияларын басқарудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Экономика | Коммерциялық банктің валюталық операцияларын басқарудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Курстық жұмыс: Банк ісі | Жеке тұлғаға несие берудің ақпараттық жүйесі
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Банк ісі | Жеке тұлғаға несие берудің ақпараттық жүйесі
Курстық жұмыс: Информатика | Жеке тұлғаға несие берудің ақпараттық жүйесі
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Информатика | Жеке тұлғаға несие берудің ақпараттық жүйесі
Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық жүйесін жобалау
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық жүйесін жобалау
Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның өндірістік шығындары есебінің ақпараттық жүйесі
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның өндірістік шығындары есебінің ақпараттық жүйесі
Дипломдық жұмыс: Бағдарламалау | Банк рейтингін анықтаудың ақпараттық жүйесін жобалау
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Бағдарламалау | Банк рейтингін анықтаудың ақпараттық жүйесін жобалау
Курстық жұмыс: Экономика | Асем-ай Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестіктің баскару жұмысының ақпараттық жүйесі
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Асем-ай Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестіктің баскару жұмысының ақпараттық жүйесі

KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс Халық банкінің депозиттер есебінің ақпараттық жүйесі курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар банк ісі жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс Халық банкінің депозиттер есебінің ақпараттық жүйесі курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар бан, Курстық жұмыс: Банк ісі | Халық банкінің депозиттер есебінің ақпараттық жүйесі дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін