Математика | Үлес және бөлшек

 Математика | Үлес және бөлшек

Мазмұны
КІРІСПЕ...................................................................................3
І Бөлім Үлес және бөлшек ұғымдарының теориялық негіздері
1.1. Үлес және бөлшек ұғымдары туралы түсінік....................................6
1.2.Бастауыш сынып математикасында бөлшек ұғымын кеңейтіп оқытудың маңызы................................10
ІІ Бөлім Бастауыш сыныптарда үлес және бөлшек ұғымдарын оқытудың әдістемесі
2.1. Бастауыш сыныпта санның үлесін және үлесі бойынша санды табуды үйретудің ерекшеліктері.................14
2.2. Рационал бөлшектер және олардың қасиеттерін оқытудың жолдары..........................................19
2.3. Оң рационал сандарды ондық бөлшек түрінде жазуды үйретудің әдіс-тәсілдері .........................................24
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................27
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................................................................29

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан демократиялық жолға түскен өтпелі кезеңінде барлық әлеуметтік-экономикалық түбірмен өзгеруі білім саласының қайта құруына қажеттілік туғызды. Бұл орайда жүргізіліп жатқан реформалар бұрынғы қол жеткізген жетістіктерді сақтай отырып, білім беру жүйесін ары қарай дамыту жолдарын белгілеу қажет болды. Алайда егемендіктің алғашқы жылдары бұрынғы жүйенің тамаша жетістігі болып саналатын міндетті өзгеріске ұшырап батысқа көшуге талпыныс жасалды. Ендігі жерде білім беру саласында әлемнің алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесіне сүйеніп, жаңа мемелекеттің даму барысын ескере отырып, жинақталған тәжірибеге арнайы талдау жасау қажет.
Адамзаттың бөлшек сандар туралы түсінігі ерте замандарда –ақ қалыптасқан, сондықтан бөлшек ұғымының пайда болу процесін өте дәл сипаттау мүмкін емес. Бөлшек сандар әр түрлі шамаларды - ұзындықты, массаны, ауданды және т.с.с. өлшеу процесіне байланысты пайда болуы ықтимал. Барлық халықтарда теңдеу бөлуге байланысты бөлімі екіге тең болатын бөлшектер ерекше орын алған.
Бастауыш сыныпта үлес, бөлшек, оларды жазу, салыстыру, санның үлесін, үлесі бойынша санды табу, санның бөлшегін табу сияқты мәселелер қарастырылады. Балаларды үлестермен танысыру практикалық іс-әрекет арқылы жүзеге асырылады. Бөлшек туралы алғашқы түсінік нақты заттар геометриялық фигуралар, шамаларға пркактикалық амалдар қолдану арқылы беріледі.
Курстық жұмыстың мақсаты: бастауыш сынып оқушыларына үлес және бөлшек ұғымдарын оқыту.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: оқушыларға үлес пен бөлшек қасиеттерін қалыптастыру мәселелері.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні: оқушыларға үлес және бөлшек ұғымдарын қалыптастырудың тиімді жолдарын анықтау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Үлес және бөлшек ұғымдары туралы түсінік қалыптастыру;
- Бастауыш сынып математикасында үлес және бөлшек ұғымдарын кеңейтіп оқытудың маңызын сипаттау ;
- Бастауыш сыныпта санның үлесін және үлесі бойынша санды табуды үйретудің ерекшеліктерін көрсету;
- Рационал бөлшектер және олардың қасиеттерін оқытудың жолдарын анықтау;
- Оң рационал сандарды ондық бөлшек түрінде жазуды үйретудің әдіс-тәсілдеріне тоқталу.
Зерттеу көздері: Зерттеу мәселесі бойынша математика, педагогика ғалымдардың, әлеуметтанушылардың, психологтардың еңбектері; ҚР «Білім беру туралы» Заңы; Елбасшысының халыққа жолдаған «Қазақстан - 2030» үндеуі; «Кәусар бұлақ» бағдарламасы; «Атамекен» бағдарламасы; Қазақстан Республикасында жалпы орта білім беру тұжырымдамасы; ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы теориялары, ұлттық тәлім-тәрбие туралы ғылыми зерттеулер мен теориялық әдебиеттері негіздеріне сүйеніп жасалған.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде осы тақырыптың көкейкестілігі, бастауыш мектепте математикалық үлес және бөлшек ұғымдарын үйрету мәселелері және оқу-тәрбие процесінің бірізділігі, оны зерттеуге ат салысқан ғалымдардың еңбектерінің құндылығы қарастырылды. Зерттеу жұмысының ғылыми аппараты, мақсаты, міндеттері әдістері объектісі мен пәні көрсетілді.
«Үлес және бөлшек ұғымдарының теориялық негіздері» деп аталатын бөлімде үлес және бөлшек ұғымдары туралы түсінік қалыптастыру және бастауыш сынып математикасында үлес және бөлшек ұғымдарын кеңейтіп оқытудың маңызы қарастырылады.
«Бастауыш сыныптарда үлес және бөлшек ұғымдарын оқытудың әдістемесі» деп аталатын бөлімде бастауыш сыныпта санның үлесін және үлесі бойынша санды табуды үйретудің ерекшеліктері мен рационал бөлшектер және олардың қасиеттерін оқытудың жолдары және оң рационал сандарды ондық бөлшек түрінде жазуды үйретудің әдіс-тәсілдері қарастырылады.
І Бөлім Үлес және бөлшек ұғымдарының теориялық негіздері
1.1. Үлес және бөлшек ұғымдары туралы түсінік
Адамзаттың бөлшек сандар туралы түсінігі ерте замандарда –ақ қалыптасқан, сондықтан бөлшек ұғымының пайда болу процесін өте дәл сипаттау мүмкін емес. Бөлшек сандар әр түрлі шамаларды - ұзындықты, массаны, ауданды және т.с.с. өлшеу процесіне байланысты пайда болуы ықтимал. Барлық халықтарда теңдеу бөлуге байланысты бөлімі екіге тең болатын бөлшектер ерекше орын алған.
Біздің заманымызға дейін жеткен ежелгі вавилон жазбаларында алпыстық бөлшектердің қолданылғаны туралы мәліметтер кездеседі. Ежелгі мысыр папирустарынан Мысыр елінде алымы 1-ге тең бөлшектер қолданылғаны белгілі.
Сондай-ақ, Грецияда да алымы 1-ге тең болатын бөлшектер қарастырылған. Үнділер мен арабтар бөлшекті оның алымын бөлімінің үстіне (бірақ бөлшек сызығынсыз) орналастыру арқылы жазған. Үнділер енгізген позициялық санау жүйесі бөлшектерге қолданылмаған.
Бөлшек санды жазып көрсетуде бөлшек сызығын пайдалану Леонарда Пизонскийдің (ХІІІ ғасыр) еңбектерінде кездеседі. Алайда, бөлшекті бөлшек сызығы арқылы жазып көрсету ХҮІ ғасырдан бастап қана жаппай қолданыла бастады.
Самарқанд қаласындағы астрономиялық обсерваторияның негізін салушы Әл – Кәши бөлшек сандарды жазудың, барлық түрлендірулер мен есептеулерді айтарлықтай ықшамдайтын түрін, яғни ондық бөлшектер деп аталатын жаңа түрін ашқан. Бұл жаңалықтарын ол 1427 жылы «Санау өнерінің кілті» деп аталатын еңбегінде баяндаған.
Дәл осы жаңалықты, Әл-Кәшиден жүз елу жылдан астам кейініріек, Европада Нидерланд ғалымы Симон Стевин ашты. Ол мұны 1585 жылы «Ондық санау жайында» атты еңбегінде баяндады.
ХҮІІ ғасырдың басында ондық бөлшектерді жазуда айыру таңбасы ретінде, үтір немесе нүкте қолданыла бастады. Өзінің еңбектерінде ондық бөлшектер теориясын баяндаған. Дж. Непер (1550-1617) де осындай белгілеуді ұсынған. Ондық бөлшектерді белгілеудегі ең бір қолайлы таңбасы Австрия астрономы Иоганн Кеплер (1517-1630) ұсынған бірліктер разряды мен ондық үлестер разряды арасын үтір арқылы айыру болып табылады.
Европада көп уақыт бойына, тек ХҮІІІ ғасырда бөлшектер ығыстырып шығарған алпыстық бөлшектер қолданылып келді.
Россияда ондық бөлшектер жайындағы алғашқы жүйелі мәліметтер Магницкийдің «Арифметикасында» (1703ж.) кездеседі.
Ондық бөлшектер Француз буржуазиялық революциясынан кейін 1789 жылы өлшем және салмақ бірліктерінің ондық жүйесінің енгізілуімен байланысты математикада толығынан орын тапты.
Үнді, Таяу және Орта Шығыс математиктері алгебраны, тригонометрияны және астрономияны дамыту барысында иррационал шамалармен амалдай тұрғаны түсінікті. Бірақта олар көп уақыт бойына иррационал шамаларды сан ретінде қарастырмаған.
ХҮ ғасырда «Арифметиканың кілті» атты еңбегінде Әл-Кәши ондық бөлшектерді енгізді және оны түбір табудың дәлдігін жетілдіруде қолданды. Европада оған байланыссыз тура осы жолмен Симон Стевин 1585 жылы ондық бөлшектерді ашты. Ол өзінің «Алгебраға қосымшалар» (1594) атты еңбегінде ондық бөлшектерді нақты санға шексіз жақын жуықтауларда қолдануға болатындығын көрсетті.
Сонымен, ХҮІ ғасырда онлық бөлшектер иррационал сан ұғымын енгізу және оны негіздеудің табиғи құралы болып табылады деген пікір туындады.
ХҮ ғасырдан бастап және ХҮІ ғасырда алгебралық теңдеулерге деген қызығушылықтың артуына байланысты математиктер сандардан түбір табу сияқты амалдар қолдану арқылы алынатын өрнектермен жиі істес бола бастады. Ал мұндай өрнектердің мәні рационал сандар бола алмайтындығы түсінікті еді. Бұл шаманың нені сипаттайтындығы жөніндегі айқын түсініктері қалыптаспағанымен, математиктер оларға үйреншікті жалпы ережелерге негізделген амалдарды қолданды. Шын мәнісінде, мұның өзі ( айқын болмаса да) иррационал сандардың негізіле бастауын көрсетеді.
Декарттың «Геометриясының» жақрықа шығуы кез келген кесінділерді (жалпы алғанда геометриялық шамаларды да) өлшеу мен рационал сан ұғымын кеңейту қажеттілігі арасындағы байланысты түсінуді жеңілдетті. Мәселе иррационал сандарды рационал сандар сияқты сан осінде нүктелер арқылы кескіндеуге болатындығында еді. Ирационал сандардың бұл геометриялық мағынасы олардың табиғатын түсінуге және оларды мойындауға игі әсер етті.
Координаталық жүйені енгізу (ХҮІІ ғ.) арқылы сандар мен нүктелер арасындағы байланыстың игілікті және терең негізде тағайындалуы тек жекеленген иррационал өрнектерді (сандарды) ғана емес, сонымен бірге наты сандардың барлық жүйесін қарастыруды қажет етті. Сонымен, ХІХ ғасырда нақты сандардың қасиеттерін және олардың толық теориясын негіздеу жүзеге асырылады.
Осыған сәйкес анықтамалар мен ой қорытындылардың толық жүйесін құруды ХІХ ғасырдығ екінші жартысында неміс математигі Дедекинд (1831-1916) «Үздіксіз және иррационал сандар» (1872ж.) атты еңбегінде іске асырды. Бұл еңбек небары 21 парақтан тұрады, алайда ол математика тарихына осы ғылымның классикалық туындыларының бірі ретінде енді.
Мұнымен бір уақытта кейбір математиктер (Мере, Кантор, Вейерштрасс) нақты сандарды басқа көзқарас тұрғысынан негіздеуді жүзеге асырды. Олардың әрқайсысы басқа бір ұғымдарға сүйене отырып, шын мәнінсінде Дедекинд теориясына эквивалентті болатындай теорияны құрғандығын ескертуге тиіспіз.
Иррационал сандар – рационал бола алмайтын нақты сандар.
Иррационал сан ұғымы түбір табу, кесіндінің ұзындығын өлшеу мен кейбір функцияларды зерттеу барысында пайда болды. Иррационал сандардың І жиыны Q рационал сандар жиынының нақты сандардың R жиынына дейінгі толықтауыш жиыны болып табылады. Иррационал сандарды Дедекинд қимасы немесе шексіз периодты емес, ондық бөлшек арқылы анықтауға болады.
1.2.Бастауыш сынып математикасында бөлшек ұғымын кеңейтіп оқытудың маңызы
Бөлшектердің пайда болуы шамаларды өлшеумен байланысты. Мысалы ретінде, кесіндінің ұзындығын өлшеу кезінде бөлшектердің қалай пайда болатындығын қарастырайық.
а кесіндісін алайық. Оның ұзындығын табу үшін, ұзындық бірлігі ретінде е кесіндісін таңдап аламыз. Өлшеу кезінде а кесіндісінің ұзындығы 3е –ден артық, бірақ 4е-ден кем болып шықты. Сондықтан оның ұзындығын натурал санмен өрнектей аламаыз (е ұзындық бірлігінде). Бірақ е кесіндісін әрқайсысы е1-ге тең 4 бөлікке бөлсек, онда а кесіндісінің ұзындығы 14е1 –ге тең болып шығады. Егер ұзындықтың бастапқы бірлігі е-ге қайтып оралсақ, онда а кесіндісінің ұзындығы туралы біз а кесіндісі е кесіндісінің төрттен бір бөлігіне тең 14 кесіндіден құралған деп айта аламыз, яғни а кесіндісінің ұзындығын екі натурал санмен 14 және 4-пен өрнектеуге мәжбүр боламыз.
Бұл жағдайда кесіндінің ұзындығын е түрінде жазу келісілген, ал жазуын бөлшек деп атайды.
Анықтама. Айталық а кесіндісі мен е бірлік кесіндісі берілсін және де е кесіндісі әрқайсысының ұзындығы е1 болатын n кесінділерінің қосындысы болсын делік. Егер а кесіндісі әрқайсысының ұзындығы е1 болатын m кесінділерден тұратын болса, онда оның ұзындығы түрінде өрнектеледі. символын бөлшек деп атайды, мұндағы m мен n натурал сандар, жазуын «эннан эм» деп оқиды.
Суретке қайып оралайық. Таңдап алынған е1 кесіндісі е кесіндісінің төрттен бір бөлігі. Бұл а кесіндісінің бойына бүтін сан рет салуға болатын е кесіндісін бөлктеудің жалғыз ғана жолы емес.
Сондай-ақ , е кесіндісінің ұзындығы осындай 28 бөліктен тұрады, ал оның ұзындығы -ге тең болады.........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?