Экономика | Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты

 Экономика | Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты

Мазмұны
Кіріспе
I Инфляция, инфляцияның себептері.
Негізгі бөлім
II Инфляцияның түрлері
2.1. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары.
2.2. Әкімшілдік-әміршілдік жүйе жағдайындағы ерекшеліктері
2.3. Қазақстандағы инфляция.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер.

Кіріспе
Соңғы уақытқа дейін біздің санамызда «инфля ция» (латын сөзінен алған-
да inflation-қампию) деген ұғым капитализмнің кеселі ретінде орнықты. Құн заңы әрекетімен анықталатын тауар-ақша қатынастарының болуы
инфляциялық процестерді тудырады. Инфляцияның себебі, әрекет ету механизмі, көрінуі және оның зардаптарымен күресу жолдары бұрын соңды біздің елде терең зерттелмеген.
Инфляция адамзат тарихында жаңа құбылыс емес. Оның бай тарихы бар.
Алғашқы рет «инфляция» деген ұғым ақша айналымына қатысты АҚШ-та азамат соғысы кезінде (1851-1865 жылдардағы орасан зор гривналар) ақша орнына қолданылған күміс кесек (450 млн. доллар) шығарылуына
байланысты қолданыла бастады, ал оның төлем қабілеті 2 жылдың ішінде 60%-ке дейін құнсызданды.
Сұранымды ұсынымнан алшақтататын тауар тапшылығы және соның негізінде бағаның өсуі, бірқатар өндірушілердің өз өнімдерінде ,олардың тұтыну сапасын арттырмай-ақ жоғары баға қою және негізінен қымбат тұратан өнім шығаруға мүмкіндік беретін монополиялық үстемдік жағдайы, жалақынын өсуінің еңбек өнімділігінің өсуінен алшақтауы және басқа себептер. Және себептер мемлекеттік бюджеттің тапшылығының тұрақты ұдайы өндірілуіне және жиі-жиі артық ақша эмиссиясына (эмиссия-айналысқа ақша және бағалы қағаздар шығару) жағдай жасайды.
Жұмыссыздық пен инфляцияның өсу қарқыны арасында тұрақты өзара байланысы болады. Экономикалық ғылымда бұл құбылыс Филлипс сызығы деп аталады. (ағылшын экономисі А.В. Филлипстің атымен аталған және жұмыссыздықты қысқарту салдарынан болатын бағаның жедел өсуінің «заңдылығын » ол алғаш рет 1958 жылы график түрінде бейнеленген болатын. ) Бұл Филлипс қисық сызығы график түрінде көрінеді:
Филлипс қисық сызығы экономикадағы жұмыссыздықпен инфляция деңгейінің өзара өзгеруін көрсетеді: Бұндай қисық сызық нысаны, жоғары жұмыссыздық жағдайында инфляция төмен болатынын білдіреді және керісінше, жұмыссыздықтың азайуы жиынтық сұранымды арттырады, бағаның өсуін итермелейді.
Батысдерінде жұмыссыздық деңгейімен инфляция деңгейінің арасында- ғы өзара байланысты талдау негізінде жиынтық сұранымды
Реттеудің экономикалық саясатымен оларды азайтудың шаралар жүйесі (салықтар нарқы және басқа тұтқалар) жасалып шығарылды. Швед экономист-ғалымдары Еста Рен (1913 жылы туылған) және Рудольф Мейднер (1914 жылы туылған) 50-жылдары жұмыссыздыққа қарсы әрекет етумен инфляцияны ұстаудың экономикалық моделін ұсынды. Ол тарихта «Рен-Мейднер моделі» деген атпен белгілі. Бірақ Филлипс сызығындағы қалыптасқан экономикалық байланыстар жағдайында, барынша көп еңбек қамтуға қол жеткізу инфляциясыз мүмкін емес.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция ұзақ уақыт өмір сүруде. Оның пайда болуын ақшаның шығуымен, қызметімен байланыстырады. Инфляция термині алғаш рет Солтүстік Америкада 1861-1865 жылдардағы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейіп кетуі процесін білдірген. XIX ғасырда бұл термин Англия мен Францияда қолданыла бастады. Экономикалық әдебиеттерде инфляция
Түсінігі XX ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін жиі қолданылып, кеңес өкіметінің экономикалық әдебиеттерінде 20-жылдардың орта кезінде көрінді.
Инфляцияның жалпы, әдеттегі анықтамасы-айналымдағы ақша массасының қажеттіліктен тыс артып кетуі. Бұл ақша өлшемінің құнсыздануына және тауар бағаларының соғұрлым өсуіне әкеледі. Алайда инфляцияным айналым процесін құнсызданған қағаз ақшамен толтыра
беру деп түсіндіру жеткіліксіз. Инфляция тауар бағаларының өсуінен көрінгенімен, ол тек ақшаға тән «ғажайып» құбылыс емес. Ол-күрделі
әлеуметтік-экономикалық құбылыс, оны тудырушы рынок шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндіріс сәкестілігінің бұзылуы. Инфляция дүние жүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өміріндегі ең өткірпроблемалардың бірі.
Ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны бұлай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен бағаның өсуі тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар рыногында сұраныс пен ұсыныстың сәйкестілігінің бұзылуы әлі инфляция емес. Инфляция елдегі баға деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақтылы экономикалық дағдарыс тек мұнай бағасының өсуінен (мұнай бағасы 20есеге өсті) емес, басқа да та- уар мен қызмет көрсету бағаларының өсуімен байланысты. 1973 жылы жалпы бағаның деңгейі 7%-ке, 1979 жылы-9%-ке артты. Ақша әсерінен тыс, тауар бағаларының өзгеруі еңбек өнімділігінің артуына, циклдық және маусым-
дық толқуларға, ұдайы өндірістегі құрылымдық өзгерістерге, бағаның монополиялануы мен экономиканы мемлекеттік реттеуге, салықтың жаңа ставкаларын енгізуге, ақша өлшемінің девальвациялану мен ревальвациялануына, рынок коньюктурасының өзгеруі мен сыртқы экономикалық
байланыстардың ықпалына және т.б. байланысты. Демек, бағаның өсуіне көптеген неше түрлі себептердің әсері болады.
Коньюктураның циклдық толқуынан болатын бағаның өскін, инфляцияға жатқызуға болмайды. Циклдық түрлі фазаларынан өту барысында (әсіресе XIX-XX ғасырлардың бас кезіне «тән классикалық түрі») бағалардың динамикасы өзгеріп отырады. Аласапыранның бас кезіндегі оның өсуі дағдарыс пен депрессия фазасында төмендеп, жандану кезінде баға тағы да көтеріледі. Еңбек өнімділігін арттыру бағаның төмендеуіне әкелуі тиіс. Циклдық толқулардың иағы бір көрінісі жалақының өсуі еңбек өнімділігінен артып кетуінде. Мұндай құбылыс шығынның инфляциясы
деп аталады, ол өз кезегінде баға деңгейінің жалпы өсуіне алып келеді. Кездейсоқ апаттарда бағаның инфляциялық өсуіне көп әсер етпейді. Айталық, су басып кеткен аймақтардағы құрылыс материалдарын шығаратын өндірісті ұлғайтады, ал олар рынокты толықтыру барысында, баға төмендеуі тиіс. Сонымен, баға өсуінің инфляциялық себептеріне нені жатқызамыз. Инфляция көп сәйкессіздіктермен байланысты екенін еске ұстап, оның ішіндегі ең бастыларын айтайық. Біріншіден, мемлекеттік шығыстар мен кірістердің тепе-теңдігінің бұзылуы, байланыстың болмауы.Ол мемлекеттік бюджеттің тапшылығынан көрінеді. Егер дефицит Орталық эмиссия банкісінен заём арқылы қаржыландырылса, басқаша айтқанда «ақша станогы» белсенді. Пайдаланылса онда айналыста ақша массасы көбейеді. Айырбастың сандық теңдігін MV=PO еске түсірсе, М мен Р көрсеткіштері өсуінің байланысы анық.
Екіншіден, осындай жолмен, әдіспен инвестицияны қаржыландыру жүргізілген жағдайда да бағаның инфляциялық өсуі болады. Әсіресе экономиканы милитариландырумен байланысты инджестиция инфляцияны өршітеді. Ұлттық табысты әскери мақсатқа пайдалану, өндірістік емес шығындар-олар қоғамдық байлықты текке рәсуә етеді. Әскери ассигнациялар бір сәтке ғана қосымша төлем қабілеті бар сұраныс туғызып, тауармен қамтамасыз етілмеген ақша массасының өсуіне мемлекеттік бюджетті тұрақты тапшылық жағдайына және мемлекеттік қарыздың ұдайы өсуіне ұрындырады. Үшіншіден, баға деңгейінің жалпы өсуі қазіргі рыноктың экономиканың ерекшелігіне байланысты. Бұл кезең жетілген бәсеке кезіндегі рынокта көптеген өндірушілер болып, өнімдердің түрі аз, капитал ауысуы оңай уақыт- қа мүлдем ұқсамайды. Қазіргі рынок белгілі дәрежеде олигопиялық рынок. Ал олигопиялист ( жетілмеген бәсекелес ) едәуір дәрежеде бағаны билейді. Олигопиялар бағаны өсіруді бірінші болып бастамаса да, олар оны қолдауға ынталы. Жетілмеген бәсекелес бағаның жоғары деңгейін ұстап тұру үшін өндіріс пен тауар ұсынуды қысқарту арқылы дефецит жасауға тырысады. Өздері билік жүргізетін рынокта бағаның төмендеуін болдырмау үшін олиго-
пиялия мен монополия икемді тауар ұсынысына қарсы болады. Салаға жаңа өндірушілердің келуін тежеу үшін олигополистерге жиынтық сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмеуі көмектеседі.
Төртіншіден, елдің экономикасының ашық болуы оның бірте-бірте әлемдік шаруашылық байланыстарға тартылуы барысында «импорттың» инфляцияның қаупі туады. Жоғарыда аталған 1979 жылы энергияға бағаның шарықтауы (энергетикалық дағдарыс) сырттан әкелетін мұнайға бағаны өсіріп, технологиялық тізбек бойынша басқа тауарлар бағасының қымбаттауына әкелді. «Импорттың» инфляциямен күресу мүмкіндігі шектеулі. Әрине өз валютасын ревальвациялау ұлттық валютаның құнын жоғарылату арқылы мұнай импортын арзандатуға болады. Бірақ ревальвация отандық тауарлардың экспорттық бағасын да қымбаттады, ал бұл дүниежүзілік рынокта бәсекелестік қабілетті төмендетеді.
Бесіншіден, инфляция өзіне-өзі дем беретін сипат алады, ол «инфляцияны күту» нәтижесінде орын алады. Батыс елдерінің көптеген экономистері және біздің елімізде де осы факторды ерекше көрсетуде. Халық пен өндірушілердің инфляцияны күту себептерін жою инфляцияға қарсы саясаттың ең басты міндеті.
Инфляциялық күту жағдайындағы экономикаға ықпал етудің механизмі қандай? Баға деңгейінің жалпы өсуі жағдайында өмір сүруге үйренген халық, бағаның одан әрі өсуін күтеді. Мұндай жағдайда еңбекшілер жалақыны көбейтуді талап етеді. Халық тауарларды көптеп алады, өйткені олардың бағасы ертең, тағы да өсуі мүмкін ғой. Өндірушілер өз өнімдеріне өте жоғары баға белгілейді, сөйтіп қысқа мерзімде шикізат, материал, қосалқы бөлшектер қымбаттайды. Мысалы Ресей экономикасындағы (қаңтар-сәуір 1992 жылы) инфляцияның жоғары қарқыны тұсында өндірушілер өздерін жабдықтаушылардың бағаны көтеру мүмкіндігінен сақтанып, алдын ала өз өнімдерінің бағасын жоғарылатты. Нәтижесінде Ресей экономикасындағы басқа да ТМД елдеріндегі бағалар бұрынғы төлем қабілеті бар сұраныс деңгейінен ғана емес, инфляцияны күткен деңгейден де асып түсті.
Дүниежүзілік қоғамдастықтың барлық елдерінде де инфляция өршеуінің сан түрлі себептері бар. Алайда бұл құбылысты қоздыратын факторлардың комбинациясы жекелеген елдің нақты экономикалық жағдайына байланысты. Айталық Батыс Еуропада II дүниежүзілік соғыс біткеннен соң инфляция көптеген тауарлардың тапшылығынан пайда болады. Одан кейінгі жылдарда инфляциялық құбылыстың күшеюіне мемлекеттік шығыстар, баға мен жалақының арақатысы, инфляцияның басқа елдерден келуі және т.б. факторлар себепші болады. Бұрынғы КСРО-ны алсақ жалпы заңдылықтармен қатар, соңғы жылдардағы инфляцияның себептеріне экономикадағы ерекше тепетеңсіздік (диспропорция) жатады, ол әміршілдік-әкімшілдік жүйе салдары еді. Кеңес экономикасына тән жағдай ЖҰӨ-дегі әскери шығындар үлесінің көптігі, өндіру, бөлу және қаржы-несие жүйесін монополияландырудың жоғары деңгейі, ұлттық табыстағы жалақы үлесінің аздығы және т.б. ерекшеліктер.
Тұрақсыздығы экономиканың жағдайын сипаттайтын ең маңызды индикаторлардың бірі-инфляция деңгейі. Инфляция дегеніміз-бағаның орта деңгейінің көтерілу үрдісі. Бұл тұтас сұраным мен тұтас ұсыным арасындағы теңгерімнен шығаруға әсер беретін ақшалай рыноктың құбылысы.
Инфляцияны әртүрлі белгілері негізінде жіктейді.
Инфляцияның мынадай типтері болады.
1. Баға өсуінің қарқыны бойынша:
1.1. Бірқалыпты-жылына 10% дейін.
1.2. Шоқырақтау-жылына 20% -дан 200% дейін.
1.3. Гиперинфляция >жылына 1000% дейін.
Гиперинфляция- инфляцияның ұлттық өндіріс пен жұмысбастылық көлеміне күйретерліктей ықпал жасайтындай төтенше тез қарқынды өсуі болып табылады. Мәселе мынада, егер бағалар жайлап, тұрақты өсіп келе жатса халық пен кәсіпорын олардың одан әрі көтеріле түсуіне дайындалады. Сондықтан да, олардың пайдаланылмаған жинақ ақшасы және ағымдық табыстары құнсызданып кетпеуі үшін, яғни, болжамдалған баға көтерілуін анықтау үшін, адамдар «ақшаларындәл қазір жаратуға» мәжбүрлі болады. Инвестициялық тауарларды сатып ала отырып, кәсіпорындар да солай істейді. «Инфляциялық ілірме» әкелген «өзін-өзі қоректендіре» бастайды. Мұның үстіне, өмір сүру құқының артуына байланысты, жұмысшылар талап етіп және өте жоғары, жалақы алады. Ал кәсіподақтар болса, өткен жылғы өсімін жабуға ғана жетерліктей жалақы өсуіне ұмтылып қоймайды, сонымен бірге жаңа ұжымдық келісім күшінде тұрғанда, сол кезеңге күтілген инфляцияны өтеуді де талап етеді. Мұндай талаптарды қабылдамай тастап, елді ереуілге жіберу экономикалық өрлеу кезеңі үшін ең тиімді уақыт емес. Фирма әкімшілігі бағаны арттыра отырып жұмысшы күшіне кеткен өз шығындарын өтеп алады. Мұндай көп реттефирмалар, пайда табушылар инфляциялық парадтың алдында немесе бір қатарда келе жатқандығына көз жеткізу үшін бағаны бір-екі сатыға көтеріп жіберуге тырысады.Бағаның мұншалықты көтерілуі нәтижесінде тіршілік құны артады, жалақыны айтарлықтай көтеруді қайтадан талап етуге жұмысшылардың тамаша мүмкіндігі туады. Бірақ ол баға көтерілуінің жаңа орамына жеткізеді. Ақырғы нәтиже болып жалақы мен бағаның кумулятивтік инфляциялық шиыршығы (спираль) саналады. Жалақы мен бағаның көтерілуі бір-бірін қоректендіреді, және ол жорғалаған инфляциялардышоқырақтану инфляцияға өтуіне көмектеседі. Гиперинфляция қайта бөлу үшін қиратушылық салдардан басқа экономикалық күйреуді жеделдетуі мүмкін деп саналады. Қатал инфляция күш-жігердің өндіріске емес, алыпсатарлық қызметке бағытталуына ықпал етеді. Кәсіпорындарға болашақьағы баға көтерілуін көре білген жағдайда шикізаттар мен дайын өнімдерді жинақтай беру барған сайын тиімді бола бермек.
Баға кілт жоғарылап, кілт төмендей беретін төменше жағдайларға қалыпты экономикалық қатынас бұзылады. Кәсіпорын иелері тауарларға қандай баға қоюларын білмей, дал болады. Ал тұтынушылар болса, қандай баға төлейтіндерін білмей әуреленеді. Шикізат жеткізушілер болса, құны тез түсіп кететін ақшаны емес, нақтылы тауарларды алғылары келеді. Несиешілер арзан ақшамен қарыздарын қайтарғылары келген өздеріне қарыздар адамдардан қашқақтауға тырысады. Іс жүзінде ақша өз бағасын жоғалтады және ол құн өлшемі мен айырбас құралы ретінде өз функциясын орындауды тоқтатады. Өндіріс пен айырбас шиқылдай отырып аялдамаға қарай жылжиды, ең ақырында қорытындыда экономикалық, әлеуметтік және аса маңызды, саяси былық тууы мүмкін. Гиперинфляция қаржылық күйреуді, тоқырауды және қоғамдық-саяси тәртіпсіздікті жеделдетеді.
Бақытымызға қарай, тарих бізге осынау сұрықсыз моделге жататын бірсыпыра мысалдарды да беріп отыр. Негізінен ол апатты жағдайлың салдарынан инфляцияға тез айналған сөғыс немесе соғыстың Венгрия мен Жапониядағы баға деғгейіне әсерін қарап көрелік.
Венгриядағы инфляция бұрынғы барша белгілі рекордтардан асып түсті.
1947 жылы Жапондардың балықшылары мен фермерлері санап әуре болмау үшін валюталар мен ұсақ тиындарды таразыға тартып есептеген болатын. 1938 бен 1948 жылдары аралығында бұл елдегі баға 116 есеге көтеріледі.
Енді инфляция дегеніміз не, осы сөздің басын ашып алайық. Инфляция-Қағаз ақшаның құнсыздануына байланысты болатын әлнуметтік-экономикалық құбылыстар жиынтығы, басқаша айтқанда айналыстағы ақша өлшемдері мөлшерінің товарлар бағаларының қосындысынан артып кетіп, осының нәтижесінде товарлармен қамтамасыз етілмеген ақшаның пайда болуы инфляцияны білдіреді............
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!