Жануарлар физиологиясы | Малдардың тұқымын асылдандыру

 Жануарлар физиологиясы | Малдардың тұқымын асылдандыру

Мазмұны
КlРlСПЕ………………………………………………
l. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1.1. Мал тұқымын асылдандыру жұмыстарының маңыздылығы...........
1.2. Мал тұқымын жіктеу...............................................................
1.3. Мал тұқымын жерсіндіру...........................................................
1.4. Мал өсіру әдістері.......................................................................
1.5. Малды будандастыру жолдары.....................................................
ll. ЗЕРТТЕУ ЗЕРЗАТЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1. Малды азықтандыру жолдары.............................................
2.2. Малдың азығына табиғи адсорбент бентонит қосу..............
lll. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
3.1. Малды азықтандыру нормасы.................................................
3.2. Малдың азығына табиғи адсорбент бентонит қосу................
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………….
ӘДЕБИЕТТЕР ТlЗlМl………………………………….

КlРlСПЕ
Жалпы, халқымыздың өмір бақиғы тіршілік көзі болған мал шаруашылығы Қазақстандағы ауыл шаруашылығының негізгі салаларының бірі болып есептелінеді. Ауыл шаруашылығының бұл саласының бірден-бір ерекшелігі жыл бойы өнім өндіруге бағытталғандығы. Мал шаруашылығы халықтың жылдың төрт мезгілінде етпен, сүтпен және маймен, ал өндірісті – жүнмен, қаракөл елтірісімен, мал терісімен, т.б. қамтамасыз етеді. Сала екі бағытта өркендейді; оның біріншісі жылдам өркендеу – сүт пен етті ірі қара мал, шошқа және құс шарашылығы, екіншісі жайбарақат қоркендеудегі-жайылым мал шаруашылығы – оған қой, түйе, жылқы және ешкі шаруашылықтары. Сондықтанда, мал шаруашылығын өркендету жолдарын таңдағанда мал өнімдерін өндірудің бағытын ең алдымен есепке алған жөн.
Адам баласы мен жануарлар әлемінде экологияның әсері қазір жалпы халыққа белгілі. Ал, жайылымда жүрген мал адам баласы пайдаланатын мал өнімдерінің бірден-бір сүзгіші десек болады. Өйткені, экологиялық организмге зиян элементтер мен заттар ең алдымен топыраққа сіңеді, одан мал азығы-шөпке әсерін тигізеді, ал жайылым шөбіндегі зиянды химиялық элементтер мал организмнде сүзіледі де жайылым малынан экологиялық таза өнім алынады.
Ал егер зиянды элементтер мал организмінде сүзіле не қорытыла алмаса, ол мал ауруға ұшырайды. Сондықтанда да жайлымда жүрген сау малдан алынған өнімді тағам үшін пайдаланған жөн. Ол экологиялық таза өнім. Ал, қазақстанда экологиялық таза мал өнімін өндіру үшін жайылым жеткілікті. Тек оны тиімді пайдалана білу қажет. Данышпан бабаларымыздың жылдың төрт мезгілін мал үшін көшіп-қонып жүріп тиімді пайдаланудың да сыры осында болар.
Болашақ адамзат тағдырына әсер ететін әлемдік проблемалар қатарына жануарлардың гендік қорын сақтау мәселесі де жататын болады. Осы жағдайды ескере отырып, Қазақстанда ауыл шаруашылығы малдарын сақтау, қорғау және пайдалану мемлекеттік қамқорлыққа алынып, осы бағытта жүйелі түрде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Дүние жүзінде Қазақстан қой шаруашылығы мал шаруашылығының негізгі саласы болып енсептелінетін бірден-бір республика. Қазақстанның көп көлемдегі шөлді-шөлейтті және кең байтақ жазық даласы қой шаруашылығын өркендетуге өте тиімді аймақ.
Мал шаруашылығын өркендету кезеңінде аса мән беретін жағдай, ол табиғатың тепе-теңдігін сақтау. Мал басы көбейген сайын жайылым нашарлай береді, ал азайса жайылым жақсарады. Сондықтан, мал басымен жұмыс істегенде жайылымдық өсімдіктер құрамымен, жемшөп қорына назар аудара отырып, жануарлар мен өсімдік әлемінің тепе-теңдігін сақтау қажет.
Сонымен бірге жергілікті тұрғындарының малының өнімділігін арттыру бағытында мал тұқымын асылдандыруға, пайдалануға етті ірі қараның қазақтың ақбас, санта-гертруда, әулиекөл, герефорд және қалмақ тұқымдарының әр елді мекеннің табиғи-климаттық жағдайына байланысты пайдалануға болады. Қазіргі таңда республика аудандары мен елді мекендерінде қолдан ұрықтандыру пунктері ашылуда. Бұл өте жақсы бастама. Ірі қара мал шаруашылығында қалай болғанда да ең басты міндеті жұмыс, ол осы мал тұқымының жоғары сүтті, кемінде жылына 8-10 мың литр сүт беретін қазақстандық тұқымын шығару.
Ауыл шаруашылығы мал тұқымын шығару төрт жолмен жүргізіледі.
1. Жаңа жоғары өнімді мал тұқымын шығару үшін ішкі таза тұқымдық немесе жаңартылатын тұқымдық селекция жолымен
2. Шет жерден әкелінген жоғары өнімді мал тұқымын жаңа жағдайға қалыптастыру арқылы
3. Жоғары өнімді мал тұқымын төменгі өнімді мал тұқымымен шағылыстыру
4. Бір немесе бірнеше мал тұқымдарын шағылыстыру арқылы жаңа жерден жаңа мал тұқымын шығару.
Жаңа мал тұқымын шығаруды мақсатқа қойғанда малдың негізгі екі қасиетін есепке алған жөн. Ол, біріншіден, жоғары өнімділік, ал екіншіден жергілікті ортаға, сол аймаққа тән ауруларына бейімділігі. Ал жергілікті малдардың осы бағыттағы гендік бағалылығы, құндылығы өте жоғары. Олардың генінде ұзақ мерзімдік жергілікті жерге бейімделуіне байланысты ерекше тұрақты өнімділік және биологиялық қасиеттері қалыптасқан, ал жергілікті жердің малындағы бұл ерекшеліктер шеттен алынып келген ешбір мал тұқымында болмайды. Тіпті шет елдің ең жоғарғы тиімді, дені сау малының өзі жаңа жерге қалыптастыру өте қиын құбылыс. Сондықтан шетелден жоғарға өнімді мал ұрығын немесе эмбрионын әкеліп, оны жергілікті мал жатырында өсіруін бастау қажет. Сонда ғана жергілікті жердің табиғатына, экологиялық жағдайына, ауа-райына, жайылымы мен жем-шөбіне сай жоғары өнімді мал тұқымын шығаруға болады. Одан бөлек шетелден әкелінген мал тұқымына сол елдің ауа-райы, жайылымы, табиғи-экологиялық жағдайы басқаша Қазақстанда қалыптастыру мүмкін емес.
1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
l.l. Мал тұқымын асылдандыру жұмыстарының маңыздылығы.
Мал тұқымын асылдандыру адам тілегіне сай жақсарту, оның өнімділігін еселеп арттыру – ғылым мен озат тәжірибенің табыстарына сүйенеді. Малдың қай түрі болмасын бірқалыпта тұрмайды; ол азықтандыру, бағып-күту және асылдандуру жұмысын ұйымдастыру дәрежесіне байланысты қашанда өзгеріп отырады. Осыған сәйкес оның түрлі қасиеті мен өнімі де неше алуан құбылады.
Мал тұқымын жақсарту, оның шаруашылық маңызы бар қасиеттерін ілгері дамыту – адам қолында. Асылдандыру жұмысы дұрыс ұйымдастырылған шаруашылықтарда малдың өнімділігі ешқанда төмендемейді, қайта жыл сайын артуда болады.
Малды тиісті дәрежеде іріктеп сұрыптау үшін ол сыннан өтеді, әрбір бас мал есепке алынады, оның түрлі қасиеттері зерттеледі. Мал тұқымын асылдандыру жұмысы өте ауыр және ұзақ жұмыс, кейде оның нәтижесі бірден көзге түсе қоймайды.
Малды жік-жікке бөліп, сұрыптау, оның әрбіреуіне таңба салу немесе құлағына сырға тағу, тағы сол сияқты оның тұқымын асылдандырумен байланысты жұмыстардың бірқатары мал мал шаруашылығындағы кейбір басшыларға ешбір мәні жоқ, тек бір әурешілік болып көрінеді. Мұндай жағдай кейде өз жұмысын толық меңгермеген, оған терең мән бермеген мал өсірушілер арасында да кездеседі.
Бұл аса маңызды жұмысты ұйымдастыру бір кісінің қолынан келмейді. Оны тиянақты ұйымдастыру үшін шаруашылықта тиісті жағдай жасау керек. Қолайлы қора, түрлі жем-шөп, адам күші жеткілікті болып, өндірістік жұмыстардың бәрі де тиісті дәрежеде ұйымдастырылса, мал асылдандыру жұмысынан сонда ғана елеулі нәтиже шығады. Бұл іске мал фермасының иесі, мал бақташылары, мал мамандары бәрі бір ауыздан бір сөзден, бір жеңнен қол шығарып, бір ниет, бір тілекте болып жұмысқа кіріссе ғана ойдағыдай ұйымдастырылады. Осындай ұйымшылдылық қойылған мақсатқа жетелейді, ал табандылықпен іс жүргізу жоғары өнімді мал тұқымын өсіріп шығаруға қол жеткізеді.
Асылдандыру жұмысы бір басталғаннан соң, оны үзбей жүргізу керек. Басталған жұмсыс бір жыл сол бағытта ұйымдастырылмаса, өзгерсе, не жұмыс жоспары орындалмаса, соның өзінде содан бұрынғы бірнеше жылдық еңбегі зая кетеді. Бұл жәйт қашанда есте болуы тиіс. Ал бір бағытта үзбей ұйымастырылған тұқым асылдандыру жұмысы жемісті табысқа жеткібей қоймайды.
Атақта кострома сиырының сүт өнімділігін осы күнгі дәрежесіне жеткізу үшін 25 жыл уақыт кетті. Қазір сол тұқымның сиырлары бір жылда сиыр басы 8000 кг сүт береді, оның ішінде 12-16 мың кг сүт беретіндері де бар. Бұлардың тек желінің өзі ғана жеке өлшегенде 1,5 пұт келеді. Жасы толған сиырлардың салмағы 800-900 кг дейін тартады. Міне тұқым асылдандыру жұмысының күші осындай. Бұл жұмыс әлі күнге дейін бір толастамай жүргізіліп келеді. Өйткені зоотехнилық асылдандыру жұмысы сәл тоқталса-ақ, қол жеткен өнім төмендейді, мал тұқымы бұзылады /1.2-3/.
Кеңестік дәуірнде өсіріліп шығарылған биязы жүнді қой тұқымдарының жүн өнімділігі бұрынғыдан анағұрлым асып түсті. Бір-бір жарым пұт биязы жүн беретін қошқарлар, пұтқа жақын жүн беретін саулықтарды кешегі күнде көзіміз көрді. Аскания тұқымының қошқары 30кг биязы жүн беретін және 17 кг салмақ тартқан қошқарлары да болды. Тіпті тоқты кг, төрт айлық қозы қошқары қошқарларының ішінде 20 кг жүн беретіндері де бар. Еділбай қойының қошқары 180кг, төрт айлық қозы қошқары 55кг жеткні мәлім. Мал тұқымының асылдығының, оның өнімін көтеруде өте зор маңызы барлығына ешбір күмән болуы тиіс емес екендігін осыдан да аңғаруға болады.
Осыдан бір ғасыр бұрын меринос қойдан бір килограмм шамасы ғана жүн қырқылатын, оның дене құрылысы нәзік, тірілей салмағы да өте төмен болатын.
Әрбір шаруашылықтың мал өсірудегі келешегі күні бұрын анықталып, белгілі түрде жоспарлануы тиіс. Асылдандыру жұмысы да соған сәйкес ұйымдастырылады. Мал өсіретін шаруашылықтың негізгі бағытын белгілеу ең алдымен халық шаруашылығының қажеттілігінен, белгілі бір өнімге сұраныстың көлемін, талабынан туындайды. Шаруашылықтың негізгі бағыты анықталған соң, оған сәйкес өсіруге қолайлы мал тұқымдары белгіленеді. Мал тұқымдары қай түліктен болсын бұл кезде жеткілікті ғой. Бірақ олардың әрқайсысысының өзіне тән ерекшеліктері, өзгешеліктері бар. Осыны еске ала отырып, солардың ішінен жергілікті жағдайға аса қолайлысын таңдап алу өтек жауапты да, маңызды да жұмыс болып саналады.
Адам баласы мал тұқымдарын, алуан жағдайда түрлі мақсатпен өсіріп шығарған; қазір де солай. Сондықтан малдың әрбір тұқымы қашанда өзіне үйреншікті тіршілік жағдайын керек етеді. Ғылымдағы осы ережені дәлелдейтін халқымызда өмір тәжірибесінен алынған түрлі нақты деректер бар. Биологиялық ғылым тіршілік дәрежесін, оны қоршаған түрлі жағдайдан ешбір бөлмейді; тән мен тіршілікті бір-бірінен айырып, оны әрбіреуіне жеке көзқарас жасау ғылым негізіне жатпайды. Тіршіліктің осы сырын ашқан ғалымдар, оны толық мойындаған мамандар ғана малдың да, өсімдіктің де неше алуан түрлерін, тқымдарын шығара алады.
Малдың қандай тұқыцм өсіру керек екндігі жөнінде академик М.Ф. Иванов мынадай пікір айтқан. Мал тұқымы – азықтандыру, күту және ауа райы жағдайларына сәйкес таңдалып алынады және сол жағдайға байланысты жетілдіріледі. Сонымен қатар малды азықтандыру, күту шарттары сол тұқымның өзіне тән ерекшеліктеріне сәйкес қолданылады. Тұқымның биологиялық қасиеттері мен оған жасалған тіршілік жағдайының арасындағы айырмашылық неғұрлым көп болса, малдың тұқымын өсіру шаруашылық жағынан алғанда соғұрлым тиімсіз болады.
Әрбір мал тұқымы белгілі бір жағдайда өсіп-өнген, сондықтан ол жақсы өсуі үшін қашан болса да сол жағдайды, сондай ақ сол ортаны керек етеді. Бір жағдайда жақсы өсетін мал тұқымдары екінші түрлі жағдайда ондай өсе алмайды, өзіне тән өнімін де толық бере алмайды. Егер жаңа жердің жағдайы бұрынғы өзінің өсіп-өнген жерінің жағдайына өте қайшы келетін болса, ол тұқым өзіне меншікті қасиеттерін жойып, бара-бара азып, ауырып жоқ болып кетуі мүмкін. Міне, сондықтан да мал өсірушілер әрбір тұқымның өзгешеліктері мен ерекшеліктерін жақсы білу керек. Сонда ғана олар шаруашылыққа пайдалы мал тұқымын өсіре алады.
Қазақстанның ауа райы, жер, суы әр жерде әр түрлі. Терістікте мұз қатса, оңтүстікте маужыраған жаз болады. Бір облыстың өзін алсақ та, соның барлық аудандарының табиғи жағдайы бірдей емес. Сондықтан мал өсірушілер, біріншіден, жергілікті жағдайды түрлі жағынан тексеріп, екіншіден, сол жерде өсіру үшін белгіленген мал тұқымдарының өзгешелік қасиеттерін еске ала отырып, соған сәйкес жергілікті жағдайды өзгерте білетін болуы керек.
Мал тұқымын адам өзінің белгілі бір қажеттілігін қамтамасыз ету үшін көп жылғы еңбегі арқылы шығарады. Мал тұқымының басты қасиеғттері; шыққан тегінің бірлігі, белгілі бір табиғи және технологиялық жағдайда өніп-өсуге бейімділігі, тұқымның өздеріне тән, шаруашылыққа айқын белгілі болған тиімді қасиеттерінің болуы, сол қасиеттерінің беріктігі мен белгілерінің өзгергіштігі және қажетті мөлшерде сандық құрамының болуы. Мал тұқымының бір қасиеттері бір-бірімен тығыз байланысты, бір-біріне себепші, бірін-бірі толықтырып отырады, жалпы мал тұқымының қалыптасып, талапқа сай дамып отыруының басты шарттары.
Тұқым малы шаруашылыққа негізгі өндіріс құралы. Сондықтан мал өнімін молайту қажетті талабына сай интенсивті мал шаруашылығын ұйымдастырудың алғы шарттарының бірі-жоғарғы өнімді мал тұқымын өсіру. Ол үшін шаруашылыққа селенкция жұмысын ұйымдастыру қажетті және тиімді мал тұқымын таңдап алудан басталады, мұның өзі мал шаруашылығын табысты жүргізудің алғы шарты болып саналады.
1.2. Мал тұқымын жіктеу
Мал тұқымына сіңген адам еңбегінің сандық және сапалық сипатына қарай, оларды үш топқа бөледі;
1. Аборигендік немесе байырғы жергілікті тұқымдар,
2. Заводтық немесе мәдени тұқымдар
3. Өтпелі тұқымдар
1. Аборигендік тұқымдар негізінен табиғи сұрыптаудың әсекрінен қалыптасқан. Олардың өнімдік қасиеттерінің дамуына адам аз араласқан. Аборигендік тұқым малы жан-жақты өнгім бергенмен, олардың ешқайсысы жақсы жетілмеген. Жалпы алғанда оларға тән қасиеттер; ұқсастық, кеш жетілу, төзімділік, дене бітім мықтылығы, жергіліктрі жағдайға бейімділігі. Аборигенндік мал тұқымдарына қазақы жылқы, қазақы қой, қазақы сиыр тұқымдары жатады.
Байырғы мал тұқымдарының өнімі аз екен деп мүлдем жойып жіберуге болмайды. Олар жаңа мал тұқымдарын шығаруға таптырмайтын құнды генофонд болып есептелінеді.
2. Заводтық мал тұқымдарына көп жыл бойына жүргізілетін сұрыптау, жұп таңдау және белгілі бір жағдайда бағып күту, азықтандыру сияқты жұмыстар негізінде қалыптасқан тұқымдар жатады. Бұл топқа жататын мал тұқымдарының өнім көрсеткіштері жоғары және осы өнім бағытына мамандырылған. Аборигендік тұқымдармен салыстырғанда олардың өнімділіктерінің өзгергіштік дәрежесі жоғары. Заводтық тұқым малы нәсілдік қасиеттеріне тән өнім беру үшін, өздері қалыптасқан жағдайдың болуын қажет етеді. Табиғи сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына төзімсіз, ауруға тез ьшалдыққыш болады. Заводтық тұқымдарға – белгілі бір өнім беруге мамандырылған қазіргі тұқымдар енеді. Мысалы: қазақтың ақсарбас сиыры, алатау сиыры, қостанай көшім жылқылары, оңтүстік, солтүстік меринос қойлары.
3. Өтпелі тұқымдардың қалыптасуына адамның қатынасуы тұрғысынан қарағанда ол заводтық тұқымдар мен аборигендік тұқымдар арасында орын алады. Бұл топқа жататын тұқымдардың эволюциясына бағып-қағу, азықтандыру, оларға қоглайлы жағдай туғызып, тұқымын жақсарту жұмыстары тек соңғы кезде ғана қолға алынып, қалыптасып келе жатыр. Өтпелі тұқымдарға тән ерекшелік – құрылым бөліктерінің әр тенктілігі. Құрылымдармен интенсивті селекциялық жұмыс жүргізіп, өнімдері елеулі дәредеже молайа, өтпелі тұқымнан заводтық тұқым қатарына өткізу әбден ықтимал. Мысалы, адай жылқысы, қалмақ сиыры, уақ жүнді қазақы қойлар қазір заводтық тұқымдар қатарына ене бастады.
Арнайы бағыттағы мал тұқымдарына белгілі бір өнімділігі басқа өнімдеріне қарағанда өте жақсы жетілген тұқымджар жатады. Тіркес өнімді тұқымдарға екі немесе одан да көп өнімділіктері қактар жақсы дамығандары жатады. Мысалы, мүйізді ірі қараның сүті, еті, етті-сүтті, сүтті-майлы тұқымдары бар. Қойда жүнді, жүнді-етті, етті-жүнді, етті-майлы тұқымдары бар. Бұлардың алғашқылары арнайы бір өнімге бағытталған болса, соңғылары қос өнімге бағытталған /4.5.6/
1.3. Мал тұқымын жерсіндіру.
Жерсіндіру дегеніміз – мал тұқымдарын жаңа тіршілік ету жағдайына бейімдеу. Жерсіндіру ғылыми негізінде ұйымдастыруда білу қажеттілігі дүние жүзілік және отандық мал тұқымдары қорын ұтымды пайдалану мүмкіндігінен туындайды.
Жаңа мал тұқымын әкеліп нақты аймаққа жерсіндіру адамның белсенді түрде басқаруымен жүргізілуі тиіс. Мал маманы өзге жерден алып келген тұқымның биологиялық, өнімдік ернекшеліктерін тбілу негізінде, олардың жас, жыныс, ерекушеліктеріне байланысты қажетті тіршілік жағдайларын мүмкінщшілігінше жасауы қажет. Сонымен қатар алып келген малдың ішінде, олардың жаңа жер жағдайына, ауа роайына бейімделу ққабілетіне бласа көңіл бөле отырып, сұрыптау мен жұп таңдау жұмыстарын мұқият жүргізу керек. Сөйтіп селекционер әр малдың фенотиптік жерсінуін генотиптік жерсінуге айналдырады. Қорытып айтсақ, жерсіндіру бір мақсатқа – жаңа тіршілік ету жағдайына бейімделуге бағытталған екі жақты құбылыс. Бір жағынан мал организмі өзінің дене бітіміне, қызметіне жаңа жерге бейімделу өзгерістерін туғыссап, екінші жағынан адам малдың тез бейімделіп, өнімділік ерекшеліктерін сақтауына және бұл қасиеттерінің нәсілдік тұрғысымен бекітілуіне жағдай жасайды.
Жерсіндіру жұмысы нәтижелі болу үшін ғылым мен тәжірибеде қалыптасқан мына жағдайларды басшылыққа ала отырып жүргізу керек:
1. Жас малдың жаңа жағдайға бейімделуі сақа малға қарағанда жеңіл өтеді
2. Оңтүстік малының солтүстік аймақтың жағдайларына бейімделуі, солтүстік малының оңтүстік жағдайларына бейімделуіне қарағанда көп жеңіл өтеді.
3. Малды жерсіндіруге әкелуден бұрын оның өскен мекені мен жаңа тіршілік ортасының ауа-райы, жер жағдайын жан-жақты салыстырмалы зерттеу нәтижесінде, оларды жылдың қай мезгілінде алып келуді алдын ала шешу
4. Алып келген малға мүмкіндігінше жақсы жағдай жасау
5. Сұрыптау мен жұптау жұмыстарын ұрпақтан ұрпаққа үзбей жүргізу
Әр түрлі малдарыдың жаңа ортаға бейімделуі әр түрлі болады. Малдың жаңа ортаға бейімделуін, оның өсіп-өнуі, өнімділігі аз мекеніндегі көрсеткіш деңгейіне жетсе, онда бұл тұқым жаңа тіршілік ету жағдайына жақсы жерсініп, бейімделген болып есептелінеді. Егер әкелінген мал бұл жерді жерсінбесе, бірнеше ұрпақтан кейін өліп-жітіп бітеді, жартымды өнім бермейді /7,8,9/.
Басқа жақтан жоғары өнімді жаңа ал тұқымын әкеліп жерсіндіру Қазақст анда сонау 1930 жылдан қолға алынып жүйеге қосылған. Осының нәтижесінде жылқының дон, ахалтеке, салт мінілетін таза тұқымды жылқы, қырдың қызыл сиыры, симменталь, герефорд, қойдың биязы жүнді кавказ, аскания, австралия мериносы сияқты мал тұқымдары әкелініп, оларды ойдағыдай жерсіндіріп, соның нәтижесінде қазіргі жоғарғы өнімді мал шаруашылығы қалыптастырылды.
Мал тұқымын асылдандыру жұмысында, әсіресе сұрыптау мен жұп таңдауда, малдың дене бітіміне үлкен мән береді. Себебі малдың дене бітімі мен өнім бағыты, қажырлылығы, өміршеңдігі, белгілі жер жағдайына..........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!