» » » Курстық жұмыс: Қылмыстық құқық | ҚЫЛМЫСТЫҢ СУБЪЕКТІСІ

Курстық жұмыс: Қылмыстық құқық | ҚЫЛМЫСТЫҢ СУБЪЕКТІСІ

Курстық жұмыс: Қылмыстық құқық | ҚЫЛМЫСТЫҢ  СУБЪЕКТІСІ казакша Курстық жұмыс: Қылмыстық құқық | ҚЫЛМЫСТЫҢ  СУБЪЕКТІСІ на казахском языке
Мазмұны
I. Кіріспе:
II. Негізгі бөлім:
1. Қылмыс субъектісі туралы түсінік.
2. Қылмыс субъектісінің жасына қарай белгілері.
3. Жауаптылыққа қабілеттілік, қылмыстық жауаптылықтың
жағдайы ретінде жауаптылыққа қабілетсіздік ұғымы.
4. Қылмыстың арнайы субъектісі.
III. Қорытынды:
IV. Пайдаланылған әдебиеттер:

КІРІСПЕ
Бұл тақырыптың өзектілігі еліміз тәуелсіздіктің туын тік көтеріп демократиялық, құқықтық мемлекет құру жолына түскен шақта қылмыстық кодекс баптарына жаңаша қарауды қажет етті.
1997 жылы шілденің 16-сында Қазақстан Республикасының я Қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды күшіне енді.
Қылмыс субъектісі болып қоғамға қауіпті іс-эрекет жасаған және заңға сәйкес сол үшіи қылмыстық жауаптылықты көтеруге қабілетті адам болып табылады.
Сөйтіп, қылмыстық субъектінің түсінігінің мәнін ашып, қылмыс субъектісінің белгілерін айқындап, қылмыстың субъективтік жағы түсінігі және оның маңызын көрсеткен.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы бұл диплом жұмысы қылмыс субъектісі түсінігінің мәнінің толық табиғатын ашып көрсетіп отыр.
Жаңа нарықтық экономикаға өтуге сәйкес, қылмыс субъектісінің түрлерінің өзгеруіне байланысты қылмыс субъектісіне басқаша қараууды қажет етеді. Қылмыстың арнаулы субъектісі бар қылмыстық-құқық нормалары жеке тарауларға біріктіріліп, арнаулы субъектінің белгілі көрсеткен.
Қылмыстыц субъективтік жағының белгілерін анықтап, анықтаудың маңызы ерекшеленген.
Абайсыздық туралы ұғымның мәні ашылып, оның түр. белгіленген. Бұл жұмыста қылмыс субъектісі мен оның түрлері қылмыстың субъективтік жағы және оның маңызын толық ашқан. Қылмыстың субъективтік жағының міндетті белгілері де айқын көрсетілген. Сондай-ақ іс-әрекеттің қылмыс екендігін жоятын мән жайлардың түсінігі және түрлері талданған.
Диплом жұмысын жазудағы автордың негізгі мақсаты: қылмыс субъектісінің табиғатын ашу, түрлерін анықтау, қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және оның маңызын көрсету болып табылады.
Жұмыста көрсетілген мәселелердің барлығы толық қамтылып, түрде қарастырылып, қажет пікірлер көрсетілген.
Уақыт өткен сайын дами түсетін ғылыми-техникалық және әлеуметтік прогресс бізді көптеген үйреншікті көзқарастарымыздан бас тартқызады. Осы себепті біздің алдымыздан күтпеген сұрақтардың бас көтеруі жиі ұшырасады және қаншалықты қиын болғанына қарамастан, оларға жауап беру қажет. Қылмыстық құқық аясындағы осындай күрделі сұрақтардың бірі - заңды тұлғалардың қылмысты жауаптылығы. Аталып өткеніндей, кінәлінің жеке өзінің, яғни қылмыстық заңмен тыйым салынған қылмыстық іс-әрекетті жасаушы ақыл-есі дұрыс, көрсетілген жасқа толған жеке тұлғаның ғана жауаптылығы қылмыстық құқықтық дәстүрлі қағидасы болып табылады. Бұл қағида - адамзаттық өрлеу, прогресс және демократия жолындағы ең маңызды жеңістерінің бірі екендігі сөзсіз. Ол XVIII ғасырдың аяғында Ұлы француз революциясы кезінде орнатылған еді. Бұл қағида, бұған дейін қылмыстық жауаптылық туралы - ол кінәлі қылмысты жасау ғана емес, кез келген қауіпті және зиянды зардап шектіру деп феодалдық қоғамға қалыптасып келген, жалпылама көзқарасты ығыстырып шығарды. Ал, қауіптілікті немесе зияндылықты есі дұрыс емес те, жануарлар да, тіпті заңсыз заттар да келтіруі мүмкін деген үғым болды. Қылмыстық жауаптылықты мүндай түрғыдан түсінудің шеңберінде заңды түлғалардың жауаптылыгы да табиғи үйлесімділігін табатын.
Ақыры, бертін келе заңды тұлғалардың жауаптылығы, мысалы, американ қылмыстық құқығында, қайтадан қолға алынды. Бастапқы кезде (өткен ғасыр мен қазіргі ғасырдың торабында) ол шаруашылық қылмыстық қүқықтың аясында тресттер мен синдикаттардың қылмыстық қызметіне қарсы жолға қойылды. Кінәлі болып табылған тиісті корпорациялардың бостандығы, әрине, шектелмейтін, оларға тек айып салынатын. Осыған орай, кейінгі кезде АҚШ-тың қылмыстық заңында қоғамдық ұйымдарды қылмыстық іс жүргізу көлемінде айыппен жазалайтын қылмыстық жауаптылық қарастырылады. Біздің құқықтық теориямыз бұл сияқты қылмыстық-құқықтық тұжырымдамаларға "буржуазиялық заңдылық- тардың тоқырауынан туындаған, демократияға қарсы" деген бұлжымас баға берген. Алайда, бұл идеологиялық таласқа біздің елде әр түрлі экологиялық мәселелер араласа бастағаннан кейін шың көңіл қойыла бастады.
Батыс Европа елдері экологиялық мәселелерді тұтас түсінуден болсын, оларға құқықтық тұрғыдан ықпал жасау жолдарын пайдалануда болсын бізден әлде қайда озық тұрды. Қылмыстық бұл түріне қарсы қолданылатын қылмыстық - құқықтық санкциялар, эклологияға зиян келтіретін өндіріс пен айналасуды осы кәсіпорын қожайындары мен басқарушы қызметкерлері үшін ғана емес, онда істейтін барлық жұмысшылар үшін экономикалақ жағынан тиімсіз қалатындай болуы тиіс еді. Заңды тұлғаға қарсы қолданылатын айып санкциялары бұл ойды жүзеге асыра алса, жеке тұлғаларға қарсы қолданылатын айыптың ондай мүмкіндігі болмайды (мөлшері елеулі айырмашылығына байланысты). Европа елдері бұл мәселе төңірегінде 70 - ші жылдардан бастап ойлана бастады. Сонымен, 1978 жылы Европа Кеңесі аындағы Европалық қылмыс мәселелері жөніндегі комитет Европа елдерінің заң шығарушыларына заңды тұлғаларды экологиялық қылмыс үшін қылмыстық жауаптылық субъектілері деп тану жағына шығаруды ұсынған. Мұндай ұсыныс біраз Европа елдерінде (мысалы, Англия, Франция) заң жүзіне асырылды.
Ал біздің елімізде қылмыстық құқық саласыңда заңды тұлғалардың жауаптылығы жөніндегі мәселе әлі күнге дейін шешімін таппауда. Заңды тұлғаны қылмыстың субъектісі ретінде тану туралы ұсыныстар қылмыстық құқық теориясында 1990 жылдан бері қарай шындап талқыға түсе бастады. ҚР қылмыстық кодексінің жобасының көптеген авторлары заңды тұлғалардың жауаптылығы жөнінде ұсыныстар енгізгенімен, мұндай ұсыныстар өтпей, жаңа қылмыстық кодекс бұл мәселе бойынша бұрынғы пікірінде қалды.
Қылмыстың субъектісі міндетті түрде есі дұрыс, яғни өзінің әрекетін (әрекетсідігін) басқара алатын, оның шын мәніндегі сипаты мен қоғамға келтіретін қауіптілігін түсінуге қабілеті жететін жеке тұлға болуы керек. Ал психикасының бұзылуына байланысты мұндай қабілеттен айырылған есі дұрыс емес (ҚР ҚК 16 - б.) тұлғалар қылмыстық субъектілері бола алмайды. Тіпті психикасы сау адамның да жоғарыда айтылғандай сана мен еркінің қабілеті белгілі бір жасқа толғанында ғана пісіп жетіледі. Осыған байланысты - қылмыстық заң қылмыс жасаған тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа тартуға болатын жас мөлшерін тағайындаған (ҚР ҚК 15- б.)/3/.
Бұл көрсетілген үш белгі қылмыс субъектісінің ортақ заңды белгілері болып табылады. Олар қылмыстың кез келген құрамының міндетті белгілері болып табылады және бұлардың біреуінің болмауы іс-әрекетте қылмыс құрамының жоқтығын білдіреді.
Сонымен қатар, ҚР ҚК-нің Ерекше бөлімінде кейбір жағдайларда тиісті қылмыстың субъектісін сипаттайтын жалпы ғана емес, қосымша да белгілері бар тұлғалардың жауаптылығы қарастырылады. Мысалы, әскери қызметке қарсы қылмыстардың субъектісі болып әскерге шақырылып, міндетін өтеп жүрген немесе Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа әскерлердің және әскери құрамалардың қатарында келісім шартпен жүрген әскери қызметкерлер ғана, сол сияқты запастағы азаматтар әскери жиында жүрген кездерінде және де кейбір басқа тұлғалар табылады/4/. Бұл қосымша белгілер - тиісті тұлғаны қылмыстың арнайы субъектісіне айналдырады. Қылмыстың субъектісі туралы түсініктен қылмыскердің жеке басы туралы түсінікті ажырата білу керек. Бұл екі түсініктің де бір тұлғаға -қылмысты жасаған тұлғаға қатысы бар. Алайда, бұл түсініктердің мазмұны – және ең бастысы - олардың заңдық (қылмыстық-құқықтық) мағынасы сәйкес келмейді. Бұған дейін айтылғанындай, қылмыстың субъектісі - бұл белгілердің жиынтығы - ал белгілерсіз қылмыстың ешқандай құрамы (жалпы белгілер) немесе қылмыстың арнайы құрамы да (қылмыс субъектісінің арнайы белгілері) болмайды, әрі болуы мүмкін емес. Бұл белгілердің кез келген біреуінің болмауы мұндай жағдайда қылмыс құрамының болмайтынын, бұған орай, тұлғаның қылмыстық жауаптылыққа тартылмайтынын білдіреді. Мұнымен салыстырғанда, қылмыскердің жеке басының белгілері қылмыс құрамының белгілеріне тірелмейді. Мысалы, қылмыс жасаған тұлғаның әлеуметтік - психологиялық және биологиялық белгілері қылмыс құрамының құрылуына қамтылмайды. Криминология саласы әлеуметтік құбылыстарды зерттейтін неше түрлі ғылымдармен қатар, жаратылыс ғылымдарының да (медицина, биология, соның ішінде генетика және т.б.) тәсілдері мен әдістерін қолдана отырып, қылмыскердің жеке басының мәселесін зерттейді. Криминологияда жеке бастың белгілері негізгі үш құрамға топтастырылады:
1. Жеке бастың әлеуметтік бейнесі (статусы), ол жеке бастың белгілі бір әлеуметтік топқа (сыныпқа) жататындығын, әлеуметтік -демографиялық сипатын (жасы, жынысы, білімі, отбасылық жағдайы және т,б.) зерттеумен анықталады.
2 Жеке бастың әлеуметтік орны (рөлі), бұл жеке тұлғаның отбасының, еңбек ұжымының мүшелігінен, қоғамдық қатынастар жүйесіндегі азаматтылығынан тұратын қызметінің жиынтығы.
3. Жеке бастың адамгершілік психологиялық сипаты (мінездемесі), ол оның әлеуметтік құндылықтар мен атқарылатын әлеуметтік міндеттеріне қатынасын білдіреді (мысалы, кездейсоқ қылмыскерлер, құныққан маман қылмыскерлер және т.б.) қылмыскердің жеке басының белгілерінің қылмыстық - құқықтық маңызы, кей жағдайларда жазаның жеке басқа қарай ықшамдалып берілуіне, немесе одан мүлде босатылуына ықпал жасауы мүмкін/5/. Жазаның түрі мен мөлшерін анықтау, жазаны жеңілдетуші немесе ауырлатушы мән - жайлар ретінде, шартты жазаға соттау мәселесін шешуде кінәлінің жеке басы есепке алынады. Алайда жеке бастың белгілерінің (қылмыстық субъектісінің белгілерінен айырмашылығы) қылмыстық - құқықтық мағынасы болмауы да мүмкін. Көптеген қылмыстарда кінәлінің жынысы, оның кәмелеттік жасқа толу -толмауы, білімі мен айналысатын қызметі, тіпті де, әсері етпейді, Бұл белгілер, әдетте, қылмыстық жауаптылық пен жазаға да ықпалды емес. Ал қылмыстарды, сонымен қатар, оны жасаушы тұлғаларды криминологиялық түрғыдан сипаттау үшін бүл белгілердің маңызы өте зор. Осы белгілер ескерілс отырып, мысалы, тиісті қылмыстардың алдын-алу шаралары анықталуы мүмкін.
1. Қылмыс субъектісі туралы түсінік.
Қылмыс деп істелінетін іс-әрекетті істеген адамды қылмысты жауапқа тарту үшін (ондай адамды қылмыстық субъектісі деп атайды) ол адамның белгілі қасиеті болу керек. Қылмыстық заң бойынша белгіленіп қасиет қоғамға қауіпті іс-әрекет істеген адамда болмаса ол адамды қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.
Қылмыстық заң арқылы тыйым салынған іс-әрекст (әрекет немесе әрекетсіздік) жасаған және ол ісі үшін қылмысты жауап беруге қабілеті жететін тулға қылмыстық құқық бойынша қылмыстың субъектісі деп танылады /1/.
Демек, қылмыстық жауапқа тек есі дұрыс және заңның қойған талабы бойынша белгілі жасқа толған жеке тұлғаны ғана қылмыстық жауапқа тартуға болады.
Қылмыс субъектісінің белгілері қандай? Егер қылмыс жасаған жеке тұлғаның бойында, есі дұрыстың, қылмыстық заң тағайындаған жасқа жету сияқты белгілер болса, ол өзінің жасағаны үшін қылмыстық жауап беруге қабілетті. Қылмыстың субъектісі тек жеке тұлға ғана бола алатындығы жөніндегі ереже қылмыстық кодекстің бірнеше баптарына туындайды. Мысалы, ҚР ҚК-нің 6, 7, 14-баптарында Қазақстан; Республикасының азаматтары, шет ел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар, қылмыстың және қылмыстық жауаптылықтың субъектілері болу мүмкіндігі туралы айтылған/2/. Қылмыстың ықтимал субъектілері туралы жеке тұлғалармен шектелуі, заңды тұлғалардың, яғни кәсіпорындардың мекемелердің, ұйымдардың, партиялардың қылмыс субъектісі бола алмайтындығын білдіреді. Бұл мәселе заңдылық деңгейде отандық қылмыстық құқыққа тән үлгіде шешілген. Алайда, теориялық тұрғыдан заңды тұлғалардың қылмыстық құқықтағы жауаптылығы туралы мәселелер әлі күнге дейін пікір-талас туғызуда.
2. Қылмыс субъектісінің жасына қарай белгілері.
Бұған дейін айтылғандай, қылмыстың субъектісі ақыл-есі дұрыс кез келген тұлға ғана емес, белгіленген жас мөлшеріне толғанда болуы керек. Жасының кішілігіне байланысты өзінің жасап отырған әрекетін (әрекетсіздігін) басқара алмайтын, онын қауіптілігін шын мәнінде жете түсінуге қабілетсіз жас тұлғалар қылмыс субъектісі болып таныла алмайды және өздері жасаған қоғамдық қауіпті әрекеттері үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды.
ҚР ҚК-ның 15-бабына сәйкес, қылмыс жасаған кезде он алты жасқа толған адам қылмыстық жауапқа тартылады. Ал қылмыс жасалған уақытқа дейін жасы он төртке толған тұлғалар, - ҚР ҚК-нің 15-бабының 2-бөлігіне сәйкес, ҚР ҚК-де қарастырылған төмендегідей қылмыстар үшін қылмысты жауапты: кісі өлтіргені (ҚР ҚК 96-6.), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені (ҚР ҚК 103-6.), ауырлататын мән-жайлар кезінде денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зардап келтіргені (ҚР ҚК 104-б. 2-бөлігі), зорлағаны (ҚР ҚК 121-6.), жыныстық сипаттағы күштеу әрекеттері (ҚР ҚК 121-6.), адамды ұрлағаны (ҚР ҚК 125-6.), ұрлық жасағаны (ҚР ҚК 175-6), кісі тонағаны (ҚР ҚК 178-6.), ұрып-соққаны (ҚР ҚК 179-6.), қорқытып алғаны (ҚР ҚК 181-6.), ауырлататын мән-жайлар кезінде автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатын көздемей заңсыз иеленгені (ҚР ҚК 185-бабтың 2, 3, 4 - бөліктері), ауырлататып мән-жайлар кезінде мүлікті қасақана жойғаны немесе бүлдіргені (ҚР ҚК 187-баптың 1,3,4 - бөліктері), терроризм (ҚР ҚК 283-6.), адамды кепілге алуы (ҚР ҚК 234-6.)- террорлық акті туралы біле тура көрнеу өтірік хабарлағаны (ҚР ҚК 242-6.), қару-жарақты, оқ-дәріні,....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: almira777 | 62 | 2.02.2019


Загрузка...
Читайте также
Курстық жұмыс: Мемлекеттік қызмет | Мемлекеттік құпияны жария ету құрамы
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Мемлекеттік қызмет | Мемлекеттік құпияны жария ету құрамы
Курстық жұмыс: Қылмыстық құқық | Қылмыстық құқықтың пәні, түсінігі, міндеттері мен принциптері
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Қылмыстық құқық | Қылмыстық құқықтың пәні, түсінігі, міндеттері мен принциптері
Курстық жұмыс: Қылмыстық заң | Қылмыстық заң құрылымы, жүйесі
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Қылмыстық заң | Қылмыстық заң құрылымы, жүйесі
Курстық жұмыс: Қылмыстық құқық | Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың түсінігі
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Қылмыстық құқық | Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың түсінігі
Курстық жұмыс: Қылмыстық құқық | Қылмыс құрамының қылмыстық құқықтағы маңызы
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Қылмыстық құқық | Қылмыс құрамының қылмыстық құқықтағы маңызы
Курстық жұмыс: Қылмыстық құқық | Құқықтық қылмыстың негізгі ұғымдары
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Қылмыстық құқық | Құқықтық қылмыстың негізгі ұғымдары
Курстық жұмыс: Қылмыстық кодекс | Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Қылмыстық кодекс | Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар
Курстық жұмыс: Құқық | Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Құқық | Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері

KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс ҚЫЛМЫСТЫҢ СУБЪЕКТІСІ курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар қылмыстық құқық жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс ҚЫЛМЫСТЫҢ СУБЪЕКТІСІ курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар қылмыстық құқық жобалар курстық жұ, Курстық жұмыс: Қылмыстық құқық | ҚЫЛМЫСТЫҢ СУБЪЕКТІСІ дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін