Informational and educational
portal №1 in Qazaqstan.
» » » Курстық жұмыс: Құқық | ҚЫЛМЫCТЫҚ ПPОЦECКE ҚAТЫCУШЫ PEТІНДE ЖӘБІPЛEНУШІ

Курстық жұмыс: Құқық | ҚЫЛМЫCТЫҚ ПPОЦECКE ҚAТЫCУШЫ PEТІНДE ЖӘБІPЛEНУШІ

Курстық жұмыс: Құқық | ҚЫЛМЫCТЫҚ ПPОЦECКE ҚAТЫCУШЫ PEТІНДE ЖӘБІPЛEНУШІ казакша Курстық жұмыс: Құқық | ҚЫЛМЫCТЫҚ ПPОЦECКE ҚAТЫCУШЫ PEТІНДE ЖӘБІPЛEНУШІ на казахском языке
Мазмұны

КІPІCПE 7

ҚЫЛМЫCТЫҚ ПPОЦECКE ҚAТЫCУШЫЛAP, ОЛAPДЫҢ ҰҒЫМЫ МEН ЖІКТEЛУІ 13
Қылмыcтық пpоцecкe қaтыcушылapдың түcінігі мeн
олapдың жіктeлуі 13
Қылмыcтық пpоцecкe қaтыcушылapдың қaуіпcіздігін қaмтaмacыз eту шapaлapы 17
Қылмыcтық іc бойыншa іc жүpгізугe қaтыcудың мүмкіндігін жоққa шығapaтын жaғдaйлap.Қapcылық білдіpу 20
ЖӘБІPЛEНУШІНІҢ ҚЫЛМЫCТЫҚ ПPОЦECТEГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖAҒДAЙЫ 25
ЖӘБІPЛEНУШІМEН ТAТУЛACУЫНA БAЙЛAНЫCТЫ ҚЫЛМЫCТЫҚ ЖAУAПТЫЛЫҚТAН БОCAТУДЫҢ ТҮCІНІГІ, CИПAТТAМACЫ МEН EPEКШEЛІКТEPІ 31
Жәбіpлeнушімeн тaтулacуынa бaйлaныcты қылмыcтық жaуaптылықтaн боcaтудың түcінігі 31
Жәбіpлeнушімeн тaтулacуынa бaйлaныcты қылмыcтық жaуaптылықтaн боcaту ноpмacын қолдaнудa aзaмaттapдың Конcтитуциялық құқықтapының caқтaлуы 41

ҚОPЫТЫНДЫ 57
ҚОЛДAНЫЛҒAН ӘДEБИEТТEP ТІЗІМ


1 ҚЫЛМЫCТЫҚ ПPОЦECКE ҚAТЫCУШЫЛAP,ОЛAPДЫҢ ҰҒЫМЫ МEН ЖІКТEЛУІ

1.1 Қылмыcтық пpоцecкe қaтыcушылapдың түcінігі мeн олapдың жіктeлуі
Киізден жасалатын киімдер
1. Байпақ. 2. Кебенек. 3. Киіз етік. 4. Киіз қалпақ. 5. Пима.
Теріден жасалатын киімдер
Сырт киімдер: Аба; Бота ішік; Жарғақ; Тайжақы; Тақыр шалбар; Тон.
Бас киімдер: Бөрік; Құлақшын; Малақай; Тақия; Тымақ.
Аяқ киімдер: Кебіс; Мәсі; Мықшима; Саптама етік; Шарық (Шо-қай); Шоңқайма.
Жүннен жасалатын киімдер
Жабағы күпі; Жадағай шапан; Жүн қолғап; Жүн шұлық; Мойынша; Түйежүн далбағай; Түйе жүн кеудеше; Шекпен; Шидем шекпен.
Киімге байланысты ырымдар
Жас қыздың басына ақ, қара орамал тартпайды. Ақ – жаулықтың, қара – қайғының белгісі.
Жаңа түскен келін киім-кешегін қысқартса, нәрестесі кем туады немесе ол түсік тастайды.
Нәрестенің иткөйлегін далаға тастамайды. Олай жасаса, сәбиге сырқат жұғады. Сәбидің бақыты иткөйлегін кигеннен басталады.
Сыңар аяқ киім киген баланың әйелі ұры болады.
Киімнің түймесін айқастырып салса, қуанышты хабар келеді. Ілулі тұрған киімнің түймесін салмайды.
Аяқ киімді оң аяқтан бастап киеді, сол аяқтан шешеді.
Қонаққа келген сәбиге көгендік береді немесе киім алып береді.
Шалбарды отырып, оң аяқтан киеді, сол аяқтан шешеді.
Киім сатып алғанға: «Киімің күй-рек, жаның берік болсын!» деген тілек айтады.
Аяқкиімді төңкеріп қоюға, теріс киюге болмайды. Олай жасаса, адамның жолы болмайды.
Қазақ аяқкиімнің табанына қара-майды. Оның баспайтын жері жоқ. Сондықтан да былғаныштан көз ұшынады. Тақия – Шығыс халықтарына тән бас киімнің түрі. Жеңіл, дөңгелектеп тігілетін бас киім. Ұлттық өрнегіне, тігілуіне қарай әртүрлі болады. Тақияны тіккенде бір түсті матадан (сәтен, шұға, барқыт т.б.) таңдаса, төбесі төрт сай немесе дөңгелек, үшкіл төбелі етіп тігіледі. Ерлерге арналған тақиның кестелісі де, кесетесізі де кездеседі. Жиегі қолмен немесе машинамен сырылады. Қыздарға арналған тақиялар әртүрлі жіптермен кестеленіп, моншақ, асыл тастармен безендіріледі.
Сәукеле – қызды ұзатқанда киетін бас киім. Сәукелені қыз ұзатылғанда күйеу еліне киіп бару үшін тіктіреді.Сәукеле арнайы басылған ақ киізден немесе арасына қыл салынып сырған матадан жасалып, сырты қымбат матамен (барқыт, атлас, шұға) қапталып, шетін құндыз, кәмшәт терісімен айналдыра тігіледі.
Сәукеленің төбесіне, өн бойына алтын, күміс, маржаннан әшекей тағылып, алтын жібек жіппен кестеленеді. Сәукеленің төбесіне жібектен желек тағылып, оған үкі қадайды.
Тымақ – аңның немесе малдың терісінен тігілетін қыстық бас киім. Тымақты ішік сияқты тігілген терісіне байланысты: түлкі тымақ, елтірі тымақ деп аталады. Тымақ төрт сайлы, биік төбелі, суықтан қорғайтындай етіп тігіледі. Тымақтың екі құлағы және мойынды жауып тұратын артқы етегі болады.
Кимешек – әйелдердің бас киімі. Кимешек ақ матадан немесе ақ жібектен тігіледі. Ол басты, кеудені, иық пен арқаны жауып тұрады. Кимешектің кеуде жағын, бет жаулықтарын көмкеріп кестелейді.
Бөрік – қазақтың ертеден келе жатқан бас киімі. Бөрік қыстық бөрік (жүн немесе мақта салып тігіледі), жаздық бөрік болып екіге бөлінеді. Бөрікті қыздар да, ер адамдар да киеді. Аңның терісімен немесе қымбат матамен тысталады. Аңның терісіне қарап оларды құндыз бөрік, кәмшәт бөрік, түлкі бөрік деп атайды. Қыздар киетін бөріктің төбесі төрт сайлы болып келеді және үкі тағылады, асыл тастармен көмкеріліп, күміс теңгелерден салпыншақ тағылады. Қазақта әшекейлі, үкілі бөрікті сал-серілер де киген.
Етік – ертеде илеген теріден, бертінде былғарыдан киген. Былғарыдан тігілген етіктің қонышы ұзын болып келеді.
Былғары етік қара, сары, қызыл түсті бояулармен боялады. Қыз-келіншектер қызыл түсті былғарыдан ою-өрнектеп тіктірген етік киген. Оны «сапиян етік» деп атайды. Ал мырза сал-сері жігіттер қара түсті былғарыдан, оюлатып етік киюді әдет еткен, оны «саптама етік» деп атаған.
Мәсі – аяқ киімнің бір түрі. Оның етіктен айырмасы – өкшесі болмайды, сыртынан кебіс киеді. Мәсіні ерлер де, әйелдер де киеді. Мәсіні жұмсақ былғарыдан немесе құрымнан тігеді.
Кебіс – мәсінің сыртынан киюге арналып, былғарыдан тігілген аяқ киім. Оның басын жұмсақ былғарыдан, табанын қатты ұлтаннан биік етіп тігеді. Кебісті оюлап әшекейлеп тігеді.
Саптама етік – қазақтың ұлттық қысқы аяқ киімдерінің бірі. Оны ерлер киеді, кең қонышы тізені жауып тұрады. Саптама етікті қыста киетін болғандықтан, оны сапалы былғарыдан тігеді, ішінен киіз байпақ киеді.
Байпақ – жылы аяқ киім. Киізден жасалады, саптама етіктің ішінен киіледі. Байпақтың қонышы етіктің қонышынан ұзын болады, тізені жауып тұруы керек. Тізе басары былғарыдан, барқытпен, басқа да матамен көмкеріледі.
Шапан – қазақ үшін өте сыйлы киім. Оны қалың матадан қазақтың ою-өрнегін салып, астарлап сырып тігеді. Шапандар әртүрлі тігіледі: сырмалы шапан, қаптал шапан, қыз-келіншектерге арналған қималы шапан. Шапанды ерлер де, әйелдер де, балалар да киеді. Қазақ халқында сыйлы қонаққа шапан жабу дәстүрі әлі жалғасып келеді.
Ішік – аң терісінен немесе мал терісінен матамен қапталып тігілетін қыстық сырт киім. Ішік тон сияқты ұзын тігіліп, сәнді мол жаға салынады.Тігілген терісіне байланысты ішіктің әртүрлі атауы болады: бұлғын ішік, құндыз ішік, қасқыр ішік, түлкі ішік.
Тон – қойдың терісінен жүн жағы ішіне қаратылып тігіледі, әрі жылы, әрі жұмысқа өте ыңғайлы киімнің түрі. Тон тігіп кию ежелгі қазақ салты болған. Тонға мол жаға салынып, екі өңірі, жеңінің ұшы, етегі түсті матамен немесе елтірімен көмкерілген.
Шекпен – қазақтың ұлттық сырт киімінің бір түрі. Ол қойдың немесе түйенің жүнінен тоқылып, көбінесе, шапанға ұқсас үлгімен тігіледі. Шекпеннің арасына жүн немесе мақта салып тігілген түрі жеңіл пальто немесе қаптал шапан орнына киіледі.
Қамзол – жеңсіз жеңіл киім. Жас ерекшелігіне қарай: бір түсті едәуір қалың матадан, жібектен, мақпалдан, атластан тігіледі. Қыздарға арналған қамзолдың өңіріне кесте тігіліп, ою-өрнек салынады. Қамзолдың етегі кең болып келеді. Қазақ халқына кең тараған ұлттық киім.
Көйлек, жейде – әйелдердің киімі. Қос етек көйлекке екі, үш етекті қоса тігеді. Кең етекті көйлекке ештеңе қоспай тігеді. Тік етек пен кең етек көйлекті әжелер, бүрмелі көйлекті жас қыздар мен жас келіншектер киеді. Етегінің қатпарына сай, жеңіне де қатпар түсіріледі.
Белбеу – киім сыртынан бел бууға арналған, бір ұшы айылбасты былғары (1,5-2 м), қайыс немесе (2-3 м) шүберек. Шүберекте айылбас болмайды. «Бел» және «Бау» сөздерінен қосылып, фонетикалық өзгеріске ұшыраған. Былғары сыртына кейде алтын, күміс әшекей орнатылады.
Биялай – қолға киетін киім. Иленген қой терісінен, былғарыдан тігіледі немесе жүннен тоқылады. Бармақтан басқа төрт саусағы біріктіріліп, кейде қажетіне қарай сұқ саусағын даралап та жасайды. Биялайды кей жерлерде қолғап деп те атайды. Ол бес саусақты болады.
Жорықта, алыс сапарда басқа жастанатын еш нәрсе болмаса, етігін жастанған. Халық нанымында: «Етік жолға бастайды, шалбар (жастансаң) сорға бастайды», Ұлтарақты етікке салмай тұрып, алдыңғы, жол бағытына қараған басын тіліп, «жолын ашу» ырымын жасайды.
Екіқабат әйел «ұл табамын» десе, еркектің қару-жарағын, шалбарын ырымдан басына жастанып жатады. Қыз тапқысы келсе – қызыл ала шыт, әйелдің көйлегін, жүзік, сырға, алқа тәрізді әшекейлерді жастанған.
Шалбар мен етікті тұрып киюге болмайды. Соғыс кезінде ғана солай жасауға болады.
Әйел босанып жатқанда жеңіл болсын деп, қыздың көйлегінің шетін жыртып «жол ашу» ырымын жасайды, немесе ұлдың шалбарының балағын тіліп қояды.
Баскиімді кез келген жерге тастамайды, аяққа баспайды, астыға басып отырмайды, аяққа кимейді. Олай жасаса, бастан бақ таяды, бас ауруына тап болады.
Ер адам әйелдің киімін кимейді, жаулығын басына салмайды. Олай жасаса, еркектігінен айрылады.
Емшектегі баласы бар әйел жа-лаңбас бала емізбейді. Жалаңбас отырса, шайтан қайызғағын сәбидің аузына салып жібереді.
Баскиімді айырбастамайды. Олай жасаса, басындағы бағы кетеді. Бас киімін сатуға да болмайды.
Бөтен адамға баскиімін бермейді. Олай жасаса, адам басы кемиді. Баскиімін сыйлауға да болмайды.
Ұлттық киімдердің түрлері Бас киімдерXIX ғасыр мен XX ғасырдың бас кезіндегі қазақтың ұлттық киімдеріне зерттеу жүргізген И.В.Захарова мен Р.Р.Ходжаева ер адамдардың бас киімдерін 6 топқа бөледі. Олар мынандай:
1. Дөңгелек, жеңіл, өзін сырып, кестелеп матадан тіккен және қалпақ, тымақ астынан киетін кішігірім бас- киім – тақия.
2. Матадан тігілген кішкентай, етегі терімен көмкерілген баскиім – төбетей.
3. Киізден тігілген баскиім – қал-пақ.
4. Қалың матадан тігілген башлық (күләпара).
5. Тері қапталған жылы баскиім – бөрік.
6. Аң терісінен жасалып, суықта киетін баскиім – тымақ.
Ерлердің бас киімдері
Тақия – шағын сәтен, шұға, барқыт тәрізді маталардан тігіледі. Ол зерлі, үкілі, оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа тәрізді бірнеше түрге бөлінеді. Қытайдағы Шыңжан қазақтарының найман тайпасындағы қызай руында «Қызай тақия» бар.
Қалпақ – ақ киізден, қалың матадан жасалады. Ол биік төбелі болып келеді. Қойдың ақ жүнінен, қозының ақ күзем жүнінен, ешкінің ақ түбітін қосып басқан шымыр киізден тігеді.
Мұрақ – екі жағы қошқар мүйізді, лауазымды адамдар киетін қалпақ. Оны сән – салтанатқа киеді.
Тымақ – аңның, малдың терісінен тігілген қысқы баскиімдердің жылысы. Биік төбелі, маңдайы, екі құлағы бар, артқы етегі желке, жотаны жауып тұрады.
Вл. Плотников 1859 – 1862 жылдары тымақтың 15 түрі туралы жазған. Олардың бізге жеткен кейбір түрлері мынандай: жаба салма тымақ; қайыр-ма тымақ; дөңгелек төбелі тымақ; шошақ төбе тымақ; жекей тымақ.
Құлақшын – бағалы аң терілері мен бұзау, құлын, қозы – лақтың бұйра терісінен (елтірі) тігіп, киеді. Қысқы баскиім.
Малақай – аң терісі мен елтіріден арасына жүн, мақта салып, сырып тігеді, оны кейінгі кезде қыздар да суыққа киіп жүр.
Бөрік. Оны ерлер мен бірге қыздар да киеді. Сырты мақпал, пүліш, бар-қыт тәрізді қымбат маталардан жа-салатын баскиім. Жиегіне қымбат бағалы аң, мал терісі ұсталатын бөрік-тің жазғы, қысқы түрлері бар. Төбесі көбінесе, төрт сай немесе алты сай болады. Қыздар киетін бөрік дөңге-лек төбелі конус тәрізді биіктеу. Сал-серілер бөріктеріне үкі таққан.
Жалбағай, башлық, далбай, күләпара. Бұлар қазіргі кезде ұшы-распайды. Оларды тымақ тәрізді етіп қалың не жұқа ақ киізден тіккен. Бір-біріне ұқсас баскиімдер. «Күлә» парсы тілінен аударғанда баскиім деген мағынаға ие. Матадан астар салынып тігілетіні – күләпара, қысқа киетін түрі – жалбағай. Жалбағайды тымақ сыртынан да киген. Түйе жүн далбағайды ертеде түріктер «башлық» деп атаған.
Әйелдердің бас киімдері
Қазақ әйелдері жасы мен отбасы жағдайына байланысты өзіндік ерекшелігі бар баскиімдер киген. Олар-дың жазғы, қысқы түрлері болады. Әйелдердің негізгі баскиімдері: бергек, бөрік, жаулық, желек, жырға, кимешек, күндік, орамал, қарқара, сәукеле, тақия, шәлі (жібек, шілтер, оюлы ж.т.б.).
Тақия. Оны қымбат матадан тіккен. Бұл ерлер тақиясынан басты ерекшелігі. Қыздардың тақиясы міндетті түрде үстіндегі қамзолға, бешпентке сәйкес келуге тиісті. Етегі, жоғары бөлігі алтын немесе күміс паршамен оюланып, сәнді жіптермен тақияға зер төгіледі. Қазақтың «үкі-дей үлбіреген», «тотыдай таранған» деп қыздарды әспеттеуі содан шық-қан тәрізді.
Қыздар кепеші. Қабырғасы биік, төбесі дөңгелек, ою-өрнектермен, мон-шақ, асыл тастармен безендірілген сәнді баскиім.
Сораба. Тақия тәріздес. Артында салпыншағы бар. Қыздар тіл-көзден аман болсын деп, оларға ырымдап кигізеді.
Жырға. Асыл тастармен, ақық моншақпен көмкерілген сәнді баскиім.
Бөрік. Аң терісінен тігіледі, жиегіне жұрын жүргізіледі. Жұрындалған терісіне сәйкес бөріктің мынандай түрлері бар: алтай қызыл бөрік, қам-қа бөрік, қазақы бөрік, қарқаралы бөрік, құлын бөрік, құндыз бөрік, құ-райыш бөрік, құс бөрік, мари бөрік, нар өркеш бөрік, ноғай бөрік, оқалы бөрік, сәукеле бөрік, шеркеш бөрік, шоқты бөрік, шоппаш бөрік т.б.
Қарқара. Биік төбелі, милығына айнала құндыз тұтады. Маңдай тұсын жоғарыдан төмен қарай үш-кілдеп жырға тігеді. Оған құтанға, тырнаға ұқсас сұңғақ, сымбатты құс – қарқараның қауырсыны қадалады. Бұл қыз баланы пәле-жаладан сақтап жүрсін деген ырым бойынша жасалады.
Кимешек. Жас келіншектерден бастап егде әйелдерге дейін киетін дәстүрлі ұлттық баскиім. Ақ матадан, жібек матадан тігіп, әртүрлі әшекеймен безендіріледі. Қазақтың салт-дәтүріне сәйкес жас келіншек балалы болғаннан кейін кимешек киюге тиіс. Төменгі бөлігі – кимешек, жоғарғы бөлігіне жаулық оралады. Кимешек кеудені, иықты, жонды жауып тұрады, бет-әлпеті көрінетін жері ойық келеді.
Шылауыш немесе жаулық. Ақ түсті матадан немесе жібектен тігіл-ген жаулықты егде әйелдер басына орап киеді. Жаулық әр руға байланысты әрқилы аталады. Шығыс Қазақстанда матаның көлеміне қарай оны шаршы деп, Жетісу, Алтай өңірінде шылауыш деп атап, аналарды
«ақ жаулықты аналар» деп ардақ-тайды.
Орамал. Ол пішіміне сәйкес шаршы, қиықша болып бөлінеді. Орамалды (парсы, араб, румал) жаулық деп те атаған. Арзанқол матадан да, қымбат матадан да жасайды.
Жібектен шашақтап тоқылғаны – «бөртпе».
Жібектен, матадан шашақталмай, қалыңдау келген түрі – салы.
Торғын тектес, үлпілдек, жұмсақ матадан немесе ешкі түбітінен жа-салған түрі –шәлі.
Түйе, ешкі түбітінен тоқылғаны – бөкебай.
Ақ матадан тігілгені – шаршы шыт.
Қасаба. Ол қыз тақиясының бір түрі. Үшкірлеу төбесіне бір шоқ қау-ырсын қадайды, маңдай тұсына түгелдей алтын, күміс әшекейлер тағады. Қыздар үйлену тойында қасабаны сәукеле орнына да киген. Кү-рең, көгілдір түсті жібек, ши барқыт, пүліш, дүрия, шұға, парша сияқты маталардан тігеді.
Сәукеле. Қалыңдықтың ұзатылу тойында киетін сәнді баскиімі.
Зере. Өзі ұзын, іші қуыс, сәукеле-мен бірге киетін бас киім. Ертеде бір қабат киім сыртынан киетін сауытты да «Зере» деп атаған.
Баскиім әшекейлері
Жыға – түріктерге парсы тілінен енген сөз. Ол «Баскиімге қадайтын құс қауырсыны немесе әшекей» деген мағынаны білдіреді. Дулығаның артынан (мойынды қылыш кеспес үшін) қаптап қоятын зат, баскиімнің артқы жағы.
Қазақта жыға мынандай үш түрлі мағынада:
1. Құс қауырсыны. 2. Алтынды, асыл тасты баскиім әшекейі. 3. Бас киімнің өзі.
Жырға – 1. Асылтас, моншақтар тізіп, көз салпыншақты етіп жасал-ған әйелдердің баскиімі. 2. Ертедегі қазақ әйелдерінің баскиім әшекейі.
Көз отаға – ер адамның бас киіміне қадайтын меруерт асыл тас. Оны бұрындары лауазымды адамдар ғана таққан.
Қолазы – сал-серілердің бөркіне қадайтын үкі қауырсынын ораған әшкей. Оны қозалы үкі деп те атайды.
Маңдайша – сәукеленің маңдайы-на тағатын асыл тасты күміс әшекей.
Сәукеленің сырғасы – салпын-шағы мол, өзі ұзын да ауыр, салтанатты кездерде ғана байлайтын әше-кей (сырға).
Талмоншақ – тақияға, сырт киімге бірнеше қатар етіп тағылатын моншақ.
Тана – дөңгелек пішінді асыл тасты күмістен не таза күмістің өзінен жасалған түйме тәрізді зат. Оны танакөз деп те атайды. Қыздар тақиясына, бөркіне, омырауына, жағасына тағады.
Төбелдірік – сәукеленің төбесін-дегі тәж тәрізді әшекей бергек.
Былқылдақ – үлкен моншақ, маржан. Оны әйелдердің баскиіміне та-ғады.
Есектас – көз тимесін деп жас ба-лалардың бөркіне тағатын жонынан қырланған көк тас, әшекей.
Шеттік – кимешек жағына қадай-тын күміс.
Шоқ – алтын әшекей, асыл тас. Оны баскиімге тағады.
Шырмауық – ілгекті оқа, әше-кей, металл ілгекті баскиім әшекейі.
Шытыра – асыл тасты не тассыз күміс әшекей.
Оны баскиімге, омырауға, аяқ киімге қадайды.
Көркіне қарай киімі
Қай әйелге қандай киім қажет?......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: nurgul95 | 31 | 18.01.2019



Загрузка...
Читайте также
Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Жaңa Aқбұлaқ iшкi caудa объeктici зepтхaнacы жaғдaйындa cиыp eтiнiң ceзiмдiк жәнe биохимиялық көpceткiштepiн aнықтaу
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Жaңa Aқбұлaқ iшкi caудa объeктici зepтхaнacы жaғдaйындa cиыp eтiнiң ceзiмдiк жәнe биохимиялық көpceткiштepiн aнықтaу
Дипломдық жұмыс:  Ветеринария | Құлын caльмонeллeзін пaтоморфологиялық диaгноcтикaлaу
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Құлын caльмонeллeзін пaтоморфологиялық диaгноcтикaлaу
Дипломдық жұмыс: Экономика | Еңбек өнімділігін арттыру мәселелері  (Алматы облысы материалдары бойынша)
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Экономика | Еңбек өнімділігін арттыру мәселелері (Алматы облысы материалдары бойынша)
Курстық жұмыс: Экономика | Aлмaты қaлaсы iшкi сaудa объeктiлepiнe сaтуғa түскeн жылқы eтiн сaлыстыpмaлы түpдe  вeтepинapиялық - сaнитapиялық бaғaлaу
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Aлмaты қaлaсы iшкi сaудa объeктiлepiнe сaтуғa түскeн жылқы eтiн сaлыстыpмaлы түpдe вeтepинapиялық - сaнитapиялық бaғaлaу
Дипломдық жұмыс: Биотехнология | Aлтын Оpдa iшкi сaудa объeктiсiндe шошқa  eтiн оpгaнолeптикaлық жәнe биохимиялық көpсeткiштepi бойыншa вeтсaнбaғaлaу
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Биотехнология | Aлтын Оpдa iшкi сaудa объeктiсiндe шошқa eтiн оpгaнолeптикaлық жәнe биохимиялық көpсeткiштepi бойыншa вeтсaнбaғaлaу
Дипломдық жұмыс:  Агpаpлық теxника  | жеке шаpyа қoжалығында  каpтoп жyy және тypаy теxнoлoгиялық пpoцесiн жетiлдipy
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Агpаpлық теxника | жеке шаpyа қoжалығында каpтoп жyy және тypаy теxнoлoгиялық пpoцесiн жетiлдipy
Дипломдық жұмыс: Аспап жасау | Цифрлык фиксатордын орналасуын жане контроллердин нысан уакытын жобалау
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Аспап жасау | Цифрлык фиксатордын орналасуын жане контроллердин нысан уакытын жобалау
Презентация (слайд): Құқық | Құқықтық тәрбие және  құқықтық жігерлік
Қазақша Презентация (слайд) жинағы
Презентация (слайд): Құқық | Құқықтық тәрбие және құқықтық жігерлік

KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык ҚЫЛМЫCТЫҚ ПPОЦECКE ҚAТЫCУШЫ PEТІНДE ЖӘБІPЛEНУШІ жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Кукык курстық жұмыстар, ҚЫЛМЫCТЫҚ ПPОЦECКE ҚAТЫCУШЫ PEТІНДE ЖӘБІPЛEНУШІ, курстык ҚЫЛМЫCТЫҚ ПPОЦECКE ҚAТЫCУШЫ PEТІНДE ЖӘБІPЛEНУШІ жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар жобал, Курстық жұмыс: Құқық | ҚЫЛМЫCТЫҚ ПPОЦECКE ҚAТЫCУШЫ PEТІНДE ЖӘБІPЛEНУШІ дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін