Informational and educational
portal №1 in Qazaqstan.
» » » Курстық жұмыс: Педагогика | Қазіргі мектептегі әлеуметтік педагогикалық жағдай

Курстық жұмыс: Педагогика | Қазіргі мектептегі әлеуметтік педагогикалық жағдай

Курстық жұмыс: Педагогика | Қазіргі мектептегі әлеуметтік педагогикалық жағдай казакша Курстық жұмыс: Педагогика | Қазіргі мектептегі әлеуметтік педагогикалық жағдай на казахском языке
Мазмұны

Кіріспе………………………………………………………...2-4 бет

1. Мектеп - әлеуметтік педагогиканың ашық педагогикалық жүйесі……………………………...................................5-6 бет

1.1 Мектептің педагогикалық жүйесі және оны басқару нысаны.............................................................................5-7 бет

1.2 Әлеуметтік педагогикадағы мектепті басқарудың негізгі функциялары.................................................................8-11 бет

2. Қазіргі мектептегі әлеуметтік – педагогикалық жағдай және оны дамытудың басым бағыттары............................12-13 бет

2.1 Мектептегі білім беру жүйесіне әлеуметтік – педагогикалық талдау..................................................14-15бет

2.2 Мектеп басшысының басқару мәдениеті мен функциялық міндеттері.....................................................................16-17 бет

2.3 Мектепті басқарудағы ұйымдастырушылық қызмет..........................................................................18-19 бет

Қорытынды...........................................................................20-21 бет

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................22 бет


XXI ғасырдағы мектептін басты жетістіктері:
1. Жаппай сауат аштырып, орта білім алуға, жоғары білім алуға қол жеткізді.
2. Материалдық – техникалық базасы жылдан – жылға нығайды.
3. Жеке пәндер болмаса, негізгі пәндердің бәрінен мамандар жеткілікті, әрі жоғары білімдері болды.
4. Орта мектептен жан – жақты кең көлемде білім берді.
5. Ең қиын кездердің өздерінде мектеп реформалары міндетті түрде жүргізілді.
6. Бағдарламалар, оқулықтар тұрақты болғаннан кейін тәжірибе жинақтау жеңіл болды.
“XXI ғасыр – қазақ халқының гүлдену дәуірі” ,- деп Президентіміздің өзі көрсеткеніндей, ол біздің халқымыздың зор рухани түлеуінің дәуірі болуға тиіс. Елімізді 2030 – шы жылы барысқа айналдыратын күш – бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар мен 15 – 20 жас аралығындағы жастар,- деп Елбасымыз тегіннен – тегін айтқан жоқ. Ал, бүгіңгі күні жан – жақты терең білімді, саяси экономикалық сауатты қалыптастыратын, бұл – мектеп. Біздің Қазақстан Республикасында қазақ тілінде оқытатын мектептің ең басты міндеті - өз ұлтының тарихы мен мәдениетін, тілі мен дінін қастерлейтін және оны жалпы адамзаттық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін елжанды тұлға тәрбиелеу. Ұстаздар білім беру мен тәрбие жұмысын әрбір бүлдіршін өзінің қазақстандық екенін, Қазақстанда туылғанын мақтаныш ете алатындай жағдайда ұйымдастыра білуі қажет. Бүгіңгі қазақ мектебіне жоғары білімді, білікті басшы адамға тән парасаттылық, кемеңгерлік мінезі бар жетекші тұлға керек. Бұдан біз әлеуметтік педагогикадағы мектептің өте сан жетпес маңыздылыққа ие екенін көре аламыз. Мектеп - әлеуметтік педагогиканың негізгі бастамасы, яғни баланың жеті жастан бастап оның бойында әлеуметтік педагогиканың басты принциптер мен міндеттерін жүзеге асыруына мектеп басты септігін тигізеді.
Мектеп – ертеңгі болашақта балалардың өсіп – жетілуіне, өз жолдарын таңдауға, өз мақсатары мен армандарын жүзеге асыруға басты негіз болды. Жалпы халық мұқтажын қанағаттандыру жағынан келгенде, мемлекеттік мектептерге деген сұраныс басым. Елдің басым бөлігі ғана емес, ертең де, одан кейін де балаларын бюджет есебінен оқытатын мемлекеттік мектептерге апарары хақ. Әрине, ұлт болашағын ойлайтын білікті, білімді азаматтар тәрбиелеу тұрғысынан келгенде мемлекеттік мектеп пен ақылы мектеп арасында мүдделестік сипаттың бары рас. Ал өмір сүру, бір қоғамда қатар ғұмыр қашанда дамудың кепілі ғой. Жақсы бәсекелестік екеніне де тиімді. Бүгіңгі күні XXI ғасыр мектебі уақыттың күллі жаңалықтармен түбегейлі қаруланып, жасақталған, компьютерленген, ұлттық ой мен сананы әлемдік өркениетпен әдемі сабақтастыра білер, ұрпақ жанын ізгілікке, батырлыққа, адамгершілікке баулайтын қасиетті орда, әрі әлеуметтік педагогиканың ашық- жүйесі болып табылады.
1. Мектеп әлеуметтік педагогиканың ашық педагогикалық жүйесі.

1.1 Мектептің педагогикалық жүйесі және оны басқару нысаны.

Педагогикалық жүйе дербес дамитын және тұтас басқарылатын бірнеше компоненттерден құралады. Педагогикалық жүйені басқару бір жағынан оның жекелеген тұтастығын сақтаса, екінші жағынан оның жекелеген компоненттеріне ықпал жасауға, өзгертуге мүмкіндік береді. Осылайша педагогикалық жүйенің қызметі қатаң белгіленген уақыт шегінде орындалуы тиіс қоғамның қажеттілігін орындауға бағытталады. Жүйенің мақсаты оның мазмұнын айқындайды, ол мазмұн көп түрлі және оны іске асыру әдістері де сан – алуан. Басқа жүйелер сияқты педагогикалық жүйе де алынған нәтижелердің деңгейімен сипатталады.
Педагогикалық құбылыстың диалектикалық табиғатын таныта отырып, педагогикалық жүйенің компоненттері, оның оңтайлы қызмет етуіне қажетті және жеткілікті болуы тиіс. Осы негізде мектеп жүйе құраушы факторлардың жиынтығы болып табылады. Жүйені құраушы фактор мақсат пен нәтиже факторларынан көрінеді. Қызмет ету шарттары - әлеуметтік педагогикалық және уақытша шарттарды, ал құрылымдық компоненттер – басқарушы және басқарылушы жүйені, педагогикалық әрекеттің мазмұны, құралы, формалары мен әдістерінен түзіледі. Қызметтік компоненттер – педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарластыру, ұйымдастыру, бақылау, қадағалау және түзетуді құрайды.
Мектептегі педагогикалық жүйені басқару нысаны ретінде ұштастыру, білім беруді басқару, қызмет басқаруды басшылар, мұғалімдер мен оқушылардың бірдей дәрежеде мақсат қойып, нәтижеге қол жеткізуге ұмтылуын, педагогикалық және оқушылар ұжымын қалыптастыруға қолайлы жағдай жасайды, оқу – тәрбие жұмыстарының түрлі құралдары мен әдістерін таңдап, пайдалануды білдіреді. Бұндай жағдай педагогикалық жүйенің мақсаттылығын сақтауға және оны құрайтын компоненттерді жақсартуға оң ықпал жасайды.
Жүйе құраушы маңызды факторлардың бірі, педагогикалық жүйенің қызметінің бастау көзі – оқушы тұлғасының үйлесімді дамуы, оның өзін - өзі айқындауына бағытталған мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен әрекетінің мақсаты болып табылады. Мектептің мақсаты – тұлға қасиетінің ақыл – ой, адамгершілік, эстетикалық еңбек, экологиялық, құқықтық және басқа да базаның мәдениетін қалыптастыру. Жалпы мақсаттар оқу тәрбие процесінің жекелеген бағыттары бойынша нақтыланады. Басқарудың тиімділігін арттырудың ең басты белгісі мектеп басшылығының, мұғалімдердің, оқушылардың өзін - өзі басқару органдарының жекелеген мақсаттарды белгілей алуы және белгілі бір уақыт кезеңінде оны жалпы мақсатпен үйлестіріп, реттеп отыру.
Педагогикалық жүйенің қызмет етуінің әлеуметтік – педагогикалық шарттары деп оның ахуалы мен дамуының тұрақты жағдайын айтамыз. Мектепті басқарудың шарттары жалпы және арнайы деп екі топқа бөлінеді. Жалпы шарттарға әлеуметтік, экономикалық, мәдени, ұлттық, географиялық шарттарды жатқызуға болады. Ал арнайы шарттар – оқушылардың әлеуметтік – демографиялық құрамы, мектептің орналасқан жері, яғни қалалық, аудандық, мектептің материалдық мүмкіндігі, қоршаған ортаның тәрбиелік мүмкіндігі сияқты компоненттерден құралады. Педагогикалық процестің тиімділігінің, маңызды көрсеткіші педагогикалық және оқушылар ұжымдарындағы моральдық психологиялық ахуалдың сипаты, оқушылар ата – аналарының педагогикалық деңгейі болмақ.
Педагогикалық жүйенің уақыттық сипаты балалардың дербес – психологиялық дамуы және жас ерекшеліктеріне сәйкес өзара тығыз байланысты үш кезеңнен тұрады. Ол жалпы ұзақтығы он бір жылды құрайтын жалпы білім беретін мектептің үш сатысын, яғни 1- 4 бастауыш, 5 – 9 негізгі орта, 10 – 11 сыныптар жоғарыны құрайды. Жалпы білім берудің әр сатысы өзіндік міндеттерді шешуге бағытталғанмен, ол бала тұлғасын дамыту – деп аталатын ортақ міндетке жұмылдырылады. Оқытудың бір сатысынан екінші сатысынан өту дербестігі тұлғалық дамуда елеулі секіріс болып табылады. Жүйе құраушы факторлар, әлеуметтік – педагогикалық және уақыттық шарттар құрылымдық бақылау менфункциялық компоненттердің ерекшеліктерін айқындайды. Кез келген әлеуметтік жүйеде басқарудың жеке немесе ұжымдық субьектісі шешуші рөл атқарады. Мектептің педагогикалық жүйесінің құрылымдық компононтттері айқындалатын нағыз педагогикалық ұжым және оның басшысын немесе жүйені басқарушының әрекеті болмақ. Практикалық істерді талдау және арнайы зерттеулер педагогикалық ұжымның алға қойған мақсатына өз функцияларын кеңейту арқылы ғана емес, сонымен бірге ол функциялардың мүмкіндігін сарқа пайдаланып, оларды үйлестіру арқылы жетуге болатындығын көрсетеді. Осыдан келіп басқару жүйесінің деңгейі проблемасы туындайды. Көптеген мектептердің басқару жүйесінің құрылымы басқарудың төрт деңгейінен тұрады.
Бірінші деңгей – ұжым сайлаған немесе мемлекеттік орган тағайындаған мектеп директоры, мектеп кеңесі, оқушылар комитеті, қоғамдық бірлестік басшылары.
Екінші деңгей – мектеп директорының орыбасарлары, мектеп психологиясы, әлеуметтік педагог, аға тәлімгер, мектеп директорының әкімшілік – шаруашылық істері бойынша көмекшісі, сонымен бірге өзін - өзі басқарушы бірлестіктер мен органдар.
Үшінші деңгей – оқушылар мен ата – аналарға, балалар бірлестіктері, сабақтан тыс үйірмелерге қатысты басқару қызметін атқаратын мұғалімдер, тәрбиешілер, сынып жетекшілері.
Төртінші деңгей – сыныптық және жалпы мемлекеттік оқушылардың өзін - өзі басқару жүйесіне басшылық жасайтын оқушылар. Бұл деңгей мұғалім мен оқушы қарым – қатынасының сипатын айқындайды. Оқушы ол қарым – қатынастың обьектісі болуымен бірге өз дамуының субьектісі болады. Бұл келтірілген өзара қарым – қатынастар тізбегінен аңғаратымыз, әрбір төмеңгі деңгейдегі басқару обьектісі бір мезгілде өзінен жоғары деңгейдегі басқарудың обьектісі болады. Басқару жүйесінде оқушылар ұжымы негізгі орын алады, оны да жалпы мемлекеттік ұжым және сыныптық ұжым деп басқарудың екі деңгейіне топтастыруға болады. Ал көлбеу бағыттағы басқару жүйесі оқушылардың қоғамдық ұйымдары, спорт секциялары, шығармашылық бірлестіктер, үйірмелер деп жіктеледі. Басқару жүйесі оқушылар қатысатын іс - әрекеттің біртұтастығын, яғни оқу, іздеушілік, спорт, көркем – эстетикалық, қоғамдық пайдалы еңбек танытады. Тұтас педагогикалық процестің мекеменің, мектеп, лицейдің алдына қойған мақсатымен айқындалады. Ал педагогикалық және оқушылар ұжымының оқу – тәрбие процесі мазмұнының өзгеруі мемлекеттік білім стандарттары негізінде реттеледі.
Қазіргі қоғамға тән білім беру процесін ізгілендіру, дербестендіру және дифференциялау, мәдениеттанушылық сипат беру бағыттарын іске асыру балалар мен жасөспірімдерді оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен түрлерін пайдаланудың ерекшеліктерін анықтайды. Бұл бағытта ұжымдық және топтық жұмыс түрлерімен бірге дербес жұмыс түрлеріне де баса мән беріледі. Педагогикалық әрекеттегі басқару жүйесінің ықпал жасау әдістері де айқын болуы тиіс. Оның тиімділігі - қолданған әдістің нақты педагогикалық жағдайға сәйкестілігіне байланысты. Тұтас педагогикалық процестің ұйымдастыру әдістері жүйенің ұйымдық, функционалдылық және ақпараттық бірлігін тоқтатуы тиіс. Сондықтан мұғалім сендіру, жаттығу, бақылау және өзін - өзі бақылау, ынталандыру сияқты тәсілдермен бірге ақпарат жинау және оны талдау, дербес дамудың диагностикасын жасау, түзету және тағы басқа сияқты әдістерді де игеруі тиіс.
Сонымен, аталған жүйке құраушы факторлар педагогикалық процесті ұйымдастырудың ішкі құрылымының өте күрделі екендігін танытады. Сонымен бірге әрбір компонентті алға қойған мақсатқа, қалыптасқан нақты жағдайға байланысты дер кезінде реттеп отыруды қажет етеді.
Аталған компоненттер өз бетінше өмір сүрмейді, олар мұғалім әрекетімен тығыз байланысты болады да педагогикалық жүйенің функционалдылық компоненттерін құрайды. Функциялық комноненттердің негізіне педагог әрекетінің процесінде туындаған тұрақты базалық құрылымдық компоненттер түзеді. Ал функциялық компоненттер педагогикалық процестің қозғалысын, өзгерісін танытып, оның даму қисынын айқындайды.
Әлеуметтік педагогикалық талдаудың мектепті басқару функциясы ретіндегі негізгі қызметі Ю. А. Копержевскийдің пікірінше педагогикалық процестің даму тенденциялары мен жағдайын зерттеу, оның нәтижелерін обьективті бағалап, соның негізінде басқарылатын жүйелі жақсарту туралы ұсыныстар дайындау болмақ. Бұл функия – басқару циклінің құрылымдағы ең күрделісі, өйткені, талдау зерттеу обьектісін бөлшектеуді, оның әрқайсысының орны мен рөлін бағалауды, жеке бөліктен тұтас обьектіні тани алуды, жүйе құраушы факторлердің байланысын анықтауды қамтыды. Мектепті басқарудың қызметі ретінде әлеуметтік талдаудың жүйелігі мектеп педагогикасы үшін өз маңызын тигізеді, әрі жүзеге асырады.

1.2 Әлеуметтік педагогикадағы мектепті басқарудың негізгі функциялары.

Әлеуметтік педагогика ғылым мен тәжірибеде тұтас педагогикалық процесті басқару ғылыми тұрғыдан қарастырып, оған қатаң ғылыми негізделген сипат беруге деген ұмтылыс күшейе түсуде. Шындығында басқару тек техникалық және өндірістік процестерге ғана емес, сонымен бірге педагогика сияқты күрделі әлеуметтік жүйе үшін де қажет.
Жалпы басқару дегенді – шешім қабылдауға бағытталған, белгіленген мақсатқа сәйкес басқару нысанын ұйымдастыру, қадағалау, реттеу, алынған шынайы ақпарат негізінде талдау жасап, нәтижесінің қорытындысын шығару әрекеті деп түсіндіруге болады. Басқару нысаны биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелер болуы мүмкін. Әлеуметтік жүйенің бірі ауыл, аудан, облыс, мемлекет көлемін қамтитын білім бері жүйесі деп білеміз. Білім жүйесі ретінде ҚР Білім және Ғылым министрлігі, облыстық білім департаменттері, аудандық білім бөлімдерін айтамыз. Ал орта мектеп күрделі қозғалыстағы әлеуметтік педагогиканың жүйесі ретінде мектепшілік басқарудың нысаны болады. Мектепті басқару немесе оның компоненттері туралы айтқанда олардың жалпы жүйесі – орта мектептегі басқарудың бөліктері болып табылады. Ол бөліктерге тұтас педагогикалық, сынып сабақ жүйесі, мектеп тәрбие жұмысының жүйесі, оқушыларға эстететикалық тәрбие, кәсіптік бағдар беру жүйесі және тағы басқалары жатады.
Мектепшілік басқару дегеніміз – біртұтас педагогикалық процеске қатыстылардың барынша жоғары нәтижеге жетуге көздеген мақсатты, сапалы өзара әрекеттесуі. Біртұтас әлеуметтік педагогикалық процеске қатысушылардың өзара әрекеті мынадай бірізді, өзара байланысты әрекеттер мен қызметтердің тізбегінен тұрады, олар: педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу және түзету. Мектепшілік басқарудың дәстүрлі ұғымдарын жаңа ұғымдар алмастыруда. Мысалы, ықпал ету ұғымының орнына өзара әрекеттесу, ынтымақтасу, рефлексивті басқару ұғымдары қолданылуда. Сол сияқты мектепті басқару теориясы мектепшілік менеджмент теориясымен толығуда. Қазіргі заманның білім жүйесінің басты ерекшеліктерінің бірі – мемлекеттік басқарудан мемлекеттік – қоғамдық басқаруға өту. Білім беруді мемлекеттік – қоғамдық басқарудың негізігі идеясы – білім проблемаларын шешуде мемлекет пен жұртшылықтың күш – қуатын біріктіру, мұғалімдер, оқушылар мен ата- аналарға оқу процесінің мазмұны мен түрін ұйымдастыру әдістерін және білім беру мекемелерін таңдауға барынша кең құқық пен еркіндік беру. Мемлекеттік басқару органдарымен қатар қоғамдық басқару органдары да құрылады. Оның құрамына мұғалімдер мен оқушылар ұжымы, ата – аналар мен жұртшылық өкілдері енеді. Олардың басқаруға қатысатындары мектеп ұжымында ғылыми ізденіс атмосферасын және қолайлы психологиялық климат қалыптастыруға алғышарт қалайды. Білім беруді басқарудың қоғамдық сипатының нақты көрінісі – мектеп кеңесі сияқты ұжымдық басқару органдарының қызметінен танылады. Мектептің ең жоғарғы басқару органы ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: nurgul95 | 51 | 13.01.2019



Загрузка...

KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык Қазіргі мектептегі әлеуметтік педагогикалық жағдай жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Педагогика курстық жұмыстар, Қазіргі мектептегі әлеуметтік педагогикалық жағдай, курстык Қазіргі мектептегі әлеуметтік педагогикалық жағдай жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар жо, Курстық жұмыс: Педагогика | Қазіргі мектептегі әлеуметтік педагогикалық жағдай дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін