Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорындарындағы қаржылық менеджмент

Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорындарындағы қаржылық менеджмент казакша Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорындарындағы қаржылық менеджмент на казахском языке

1. Кәсіпорындарындағы қаржылық менеджмент

Кәсіпорындағы қаржылық менеджмент тиімділігі көп жағдайда пайдаланылатын ақпараттық болады және анықталады. Өз кезегінде кәсіпорындағы қаржылық менеджменттің ақпараттық базасының қалыптасуы стратегиялық шешімдерді қабылдауға және қаржы қызметін ағымдық тиімді басқаруға бағытталған сәйкесті ақпараттық көрсеткіштерді мақсатты бағытты таңдау процесін білдіреді.
Нақты кәсіпорын үшін, қаржылық менеджменттің ақпараттық көрсеткіштерінің қалыптасу жүйесі оның салалық ерекшеліктерімен, ұйымдастырушылық-құқықтық нысанымен, шаруашылық қызметінің көлемімен және диверсификациялану деңгейімен, басқада жағдайлармен байланысты. Сондықтанда қаржылық менеджменттің ақпараттық базасын құрайтын барылқ көрсеткіштердің жиынтығы ақпарат көздерінің түрлері бойынша топтастырылуы мүмкін және нақты кәсіпорынның тәжірибелік қызметінде әрбір топ бойынша қолданылуын процедуралық дәйектеуді талап етеді.
Бірінші топқа елдің жалпы экономикалық дамуын білдіретін көрсеткіштер жатады. Бұл топтың ақпараттық көрсеткіштерінің жүйесі қаржылық қызметт саласында стратегиялық шешімдерді қабылдаған кезде кәсіпорынның қызмет етуінің сыртқы жағдайын болжау үшін қажет.
Бұл топқа келесі көрсеткіштер жатады.
• Мемлекеттік бюджет табыстарының көлемі
• Мемлекеттік бюджет шығыстарының көлемі
• Бюджет тапшылығының мөлшерінің көлемі
• Ақшы эммисиясының көлемі
• Халық табыстарының көлемі
• Хылықтың банктегі салымы
• Инфляция индексі
• ҚР Ұлттық банкінің есептік ставкасы
Бұл топ көрсеткішетрінің қалыптасуы мемлекеттік статистика мәліметтерінің жарияланымына сүйенеді.
Екінші топқа кәсіпорынның салалық құрылымын сипаттайтын негізгі ақпараттық көрсеткіштер жатады.
Бұл топқа келесі көрсеткіштер жатады:
• өнімге баға индексі
• негізгі қызмет бойынша пайдаға салық салу ставкасы
• активтердің, соның ішінде айналым активтерінің жалпы құны
• пайдаланылған капиталдың, соның ішінде жеке капиталдың жалпы сомасы
• өндірілген (өткізілген) өнім көлемі.
Бұл топқа контрагенттер мен бәсекелестердің қызметін сипаттайтын көрсеткіштерді де жатқызуға болады.
Бұл топ көрсеткіштерінің қалыптасу көздеріне прессаның есептік материалдарының жарияланымы, сәйкесті рейтингтер, ақпараттық қызметтер рыногында ұсынылатын ақылы бизнес-анықтамалар кіреді.
Үшінші топқа қаржылық рыноктың коньюктурасын сипаттайтын көрсеткіштер жатады. Бұл топтың ақпараттық көрсеткіштерінің жүйесі ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар порфелінің қалыптасуы және қысқа мерзімді салымдар мен басқа операцияларды жүзеге асыру саласында басқарушылық шешім қабылдау үшін қызмет етеді.
Бұл топқа келесі көрсеткіштер жатады.
• биржалық және биржадан тыс қор рыногында айналатын негізгі өтімді қор құралдарының (акциялар, облигациялар және т. б.) түрлері;
• қор құралдарының негізгі түрлерінің сұранысы мен ұсынысының өтімді бағалары;
• қор құралдарының негізгі түрлері бойынша мәмлелердің көлемі мен бағалары;
• қор рыногындағы баға динамикасының жанама индексі
• коммерциялық банктердің депозиттік және несие ставкалары
• жекелеген валюталардың ресми бағамдары және т.б.
Төртінші топқа кәсіпорынның басқару және қаржылық есеп мәліметтері бойынша ішкі ақпарат көздерінен қалыптасқан көрсеткіштер жатады.
Бұл топтың көрсеткіштер жүйесін қаржылық менеджментің ақпараттық базасының негізін құрайды. Осы көрсеткіштер жүйесінде талдау, болжау, жоспарлау және кәсіпорынның қаржы қызметінің барлық бағыттары бойынша жедел басқарушылық шешімдер қабылдау жүргізіледі.
Бұл топтың көрсеткіштерінің артықшылығы болып қалыптасуының тұрақтылығы, сенімділігінің жоғары деңгейі (сенімділік қорытылған қаржы көрсеткіштерімен және қаржы есеп беруінің сәйкесті статусымен анықталады) табылады.
Қаржылық есепке алу көрсеткіштері оның негізіне сүйенетін қаржы көрсеткіштеріне және қаржылық есеп беруге бағытталады. Қаржылық есеп берушілік өзінің бағыты бойынша рыноктык қаржы өркениетті инфрақұрылымының қалыптастыруға көмек беруі, кәсіпорын қаржы ресурстарының тиімді көзі рынок болуы тиіс кәсіпорын мен рыноктың өзара әрекет қызметін орындауы қажет.
Кәсіпорынның қаржы есеп берушілік көрсеткіштерінің шеңбері негізінен екі топты, кәсіпорын қызметіне мүддені тікелей және жанама түрлерін қамтиды. Бірінші топқа төмендегілер жатады:
1. кәсіпорын меншік иелері;
2. басқару персоналы және кәсіпорын жұмысшылары;
3. кәсіпорында тікелей жұмыс істемейтін тұлғалар, бірақ тікелей қаржылық мүдделі – инвесторлар, түрлі кредиторлар және кәсіпорынның коммерциялық серіктестері;
4. Қоғамдық өндірісті мемлекеттік реттеу қызметні жүзеге асыратын билік органдары.
Қаржылық есеп берушілік көрсеткіштерінің екінші тобы - кәсіпорын қызметіне мүдделі емес, бірақ келісім шарт бойынша есеп берушілік көрсеткіштерінің бірінші тобының мүдделерін қорғауы тиіс тұлғалар. Бұл аудиторлар, кеңесшілер, қаржы сараптамашылары, пресса, кәсіподақтар, қоғамдастық.
Қазақстан Республикасындағы «Бухгалтерлік есеп туралы» заңға сәйкес қаржылық есеп берушілік үш есеп беруді қамтиды:
1. бухгалтерлік баланс;
2. қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп беру;
3. ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру.
Баланстың екі бөлігі болады: жоғарғы бөлікте активтер тізіледі, ал төменде – міндеттемелер және жеке өзіндік капитал. Активтер категориясына объект жатқызылуы мүмкін, егер де ол үш шартқа жауап берсе: объекттің құндылығы бар, объект өлшенетін құн бойынша сатып алынған, объект кәсіпорынмен бақыланады немесе оның меншігінде болады. Активтер статьялары екі топқа жинақталған: ағымдық активтер, олар қолма-қол қаражатқа айнала алады немесе толығымен бір жылдан аз уақытта пайдаланылуы мүмкін және ұзақ мерзімді активтер. Активтердің статьялары әдетте кемімелі өтімділік тәртібінде орналасады. ¤тімділік – активтердің қолма-қол ақша қаражаттарына қаншалықты айнала алатындығының мөлшері, статьялардың өтімділігі жоғары болған сайын, сәйкесті активтерді қолма-қол ақшаға айналдыру соншама жеңіл болады.
Компанияның қаржылық құрылымы кәсіпорынның қаражаттарының қалыптасу көздері тізілетін кестенің төменгі бөлігінде суреттеледі. Бұл қаржы көздері негізгі екі типке бөлінеді: міндеттемелер және өзіндік капитал. Міндеттемелер кәсіпорынның ресурстарының ішкі көздерін білдіреді. Міндеттемелер статьялары ұқсас түрде екі статьяға жинақталады: ағымдық міндеттемелр, олар бір жылдан кем емес уақытта жабылуы тиіс болады және ұзақ мерзімді міндеттемелер. Кәсіпорын қаражтарының қалыптасуының басқадай көзі өзіндік капитал деп аталады. Компанияға ресурстарды капитал формасында берген инвесторлар, акцияларды алады. Инвесторларымен берілген капиталдың жалпы сомасы акционерлік капитал деп аталады. Капиталдың қалыптасуының екінші көзі пайда болып табылады. Инвесторларға қатысты міндеттемелерді жабуға жіберілмейтін пайданың бөлігі кәсіпорын иелігінде қалады және бөлінбеген пайда деп аталады.
Пайдалар және шығындар туралы есеп беру компанияның қандай пайда алғандығына және ол бір жыл ішінде қандай шығындарға батқандығына куә болады. Пайда және шығындар туралы есеп беру, компаниямен болашақта не болатындығын алдын ала айтатын барометр ретінде болып табылады. Бір жыл ішіндегі цифрлар сізге компанияның қызметі туралы толық түсінікті қалыптастыруға сәл ғана көмек береді. Бірнеше жыл қатарынан көрсеткіштерді салыстыру - одан да барынша маңызды. Әдетте пайда және шығындар есеп беруіенде екі жылға мәлметтер кертіріледі, ал он жылда бір рет жинақты қаржы есеп беруі дайындалады.
Пайда және шығындар туралы есеп беру, компанияның өндірістік қызметінің нәтижелері бойынша қаржылық түйінді қамтиды. Баланстық есеп беруге қарама-қарсы пайда және шығындар туралы есеп беру, белгілі бір уақыт кезеңде немесе нақты есептік жылда жүргізілген қызметті қамтиды. Пайда және шығындар туралы есеп беру, баланстық есеп беруде бейнеленген компанияның өз активтерін қаншалықты табысты пайдаланғандығын көрсетеді; басқаша айтқанда компанияны басқару бойынша менеджерлер тиімділігінің деңгейі бір жыл ішінде алынған немесе шеккен пайда және шығындар мөлшерінде бейнеленеді.
1995 ж. бухгалтерлік есеп берушілінің құрамына «Ақша құралдарының қозғалысы туралы есеп беру» жаңа формасы еңгізілді. Осылайша отандық бухгалтерлік есеп берушіліктің қаржы есептеудің халықаралық стандарттарынан жақындау бағытына қадам жасалды. Осы жаңа есепте көрсетілген ақпарат компанияның қаржылық жағдайын талдау үшін, пайдаланушыға барынша кең мүмкіндіктер жасайды. Ақша ағымының көрсеткішін пайдалану саласы компанияның қаржылық басқару мәселесін қамтиды.
Ақша құралдарының қозғалысы туралы есеп компанияның ақша құралдарында өзгерістерді тудырған басқа оқиғалары және компанияның ақша құралы ағымдары туралы қаржылық түйінді құрайды, бұл бағалы өтімді ресурс қалай пайдаланылады және компания өз ақша құралдарын қалай алғандығын көрсету үшін пайда және шығындар туралы есеп беруден де, баланстық есеп беру ретінде де статьяларды біріктіре жинақтайды.
Жоғарыда айтылған есеп беру мәліметтерін талдаудың 2-ші бөлімі бойынша дебиторлық борышта жабу, қысқа мерзімді міндеттемелерді ұлғайту, сонымен бірге қосымша жабдықтарды алу «АТВ» кәсіпорынның өтімділігіне теріс әсер берді деп қорытынды жасау болады. Кәсіпорын белгілі бір қаржы тәуекелінде және қаржыландырудың сыртқы көздеріне үлкен тәуелділікте болады. Бірақта, басқа да қаржы сипаттамалары және қаржы құралдары қозғалысын болжау, бұл жағдайда тәуекелдің ақталғандығы туралы айтады. Болашақты дәл бағалау үшін баланс болжамы және қаржы нәтижелері туралы есепті кәсіпорынның бизнес жоспарын құрастыру бойынша ұсыныстарға сәйкес құрастырғаны жөн.
Қарастырылған коэффициенттерді талдау кәсіпорынның динамикадағы қаржылық жағдайының жалпы картинасын алуға мүмкіндік береді. Бұл көрсеткіштерді салыстыра отырып кәсіпорын қызметінің түрлі кезеңдері үшін, кәсіпорынның экономикалық жағдайының өзгеру тенденциясын айқындауға және өз уақытында сәйкесті басқарушылық шешімдер қабылдауға болады. Бұл көрсеткіштер несие беру тралы шешімдер қабылдау үшін инвесторлар мен пайдаланылуы мүмкін, сондай-ақ кәсіпорынның баға мөлшеріне ықпал етуі мүмкін.


2 Қаржылық менеджментті жоспарлау мен басқару


Сапалық жоспарлау қажетті қорды тек уақытнан ғана емес, сондай-ақ төменгі баға бойынша алудан көрінеді. Бұл үшін қазіргі уақытта оларды көрсететін табыстан түсімдер немесе акция шығару мен банктік займға ғана қарап отыру болмайтындықтан, түрлі қаржы көздерін жинақтап пайдалану мақсатында қор көздерін қалыптастыратын банкті табу қажет. Соның ішінде, уақытты дұрыс таңдай білу қажет: акция рыногы жанданғанда акция сату қажет, есептік ставка жоғары болғанда қарыз алмау керек және т.б.

Болжау
Қаржылық менеджменттегі болжамдау – объектінің қаржылық жағдайының өзгеруін жасау. Болжау жоспарлауға қарағанда жасаған болжаудың тәжірибеде жүзеге асырудың тікелей көздемейді. Бұл болжамдар белгілі бір өзгерістердің көзделуін байқатады. Жобалаудың ерекшелігі болып қаржылық көрсеткіштердің құрылымы табылады. Жобалау өткенінің болашаққа ауысуы негізінде жүзеге асырылады. Олардың алдын ала көруі негізінде басқару қаржылық менеджердің белгілі бір рыноктың механизмінің сезімталдылығымен интуициясын, сондай-ақ икемді экстренді шешім қабылдауын қалыптастыру талап етіледі.

Ұйымдастыру
Қаржылық менеджменттегі ұйымдастыру қызметі белгілі бір тәртіптер мен жағдайларды қаржылық бағдарламаны бірігіп жүзеге асыратын адамдардың бірлестішін білдіреді. Тәртіптер мен жағдайларға басқару органдарын құру басқару апаратының құрылымын қалыптастыру, басқару бөлімшелері арасындағы өз ара байланыстарды бекіту, нормалар нормативтер және әдістемелер жасау жатады.

Реттеу
Қаржылық менеджменттегі реттеу – берілген параметрлерден ауытқу туындағанда, қаржы жүйесінің тұрақтылығы жағдайына қол жеткізу мүмкін болатын басқару объектісіне әсер етуді айтамыз. Реттеу бекітілген нормалар мен нормативтерден, жоспарлық міндеттерден, графиктерден туындаған ауытқуларды болдырмау бойынша ағымдық шараларды қамтиды.

Ынталандыру
Қаржылық менеджменттегі ынталандыру қаржылық қызмет жұмыскерлердің өздерінің еңбектерінің нәтижелеріне мүдделігінің оятудан көрінеді. Ынталандыру арқылы жұмсалған еңбектің сапасы мен санына байланысты материалдық және рухани құндылықтарды бөлуді басқару жүзеге асырылады.

Үйлестіру
Қаржылық менеджменттегі үйлестіру – барлық мамандардың, басқару апаратының және басқару жүйесі буындарының жұмыстарының келісілгендігін білдіреді. ‡йлестіру басқарудың объектісін, субъектісін, басқару апаратын және жекелеген қызметкердің қарым-қатынасының бірлігін қамтамасыз етеді.

Қаржыларды басқару
Активтерді басқару
Көптеген кәсіпорындардың қорын жұмсап жаратудан келесі негізгі бағыттар бар: шикізат, бөлшек сатып алу, жұмысшылараға және қызметкерлерге еңбекақы беру, коммуналды қызметтерге, салықтарға төлемдер, пайыз төлеу.
Активтердің ұлғайюы. Қолма-қол ақша, сатудан түскен кіріс, запастар, жабдықтар, ғимарат, жер – осының барлығы активтер. Активтерді кез келген ұлғайту қоры пайдалануды білдіреді.
Пассивтердің азаюы. Кәсіпорынның пассивті басқаларға берешек жағдайың барлығы: банктік қарыздар, жеткізушілерге төлем және салықтар. Кәсіпорынмен алынатын қорлар пассивтерді азайта алады, мысалы, банк қарыздарын қайтару.
Меншік иелеріне төлемдер. Жеке кәсіпорындардағы және серіктестіктердегі активтерді ұлғайтудан және пассивтерді азайтудан кейінгі қалғанның барлығы меншік иелерінікі. Корпарацияларда кәсіпорын өзіне пайдаланбайтын капитал, меншік иелеріне дивидент турінде төленеді.

Ағымдағы актвитерді басқару
Ағымдағы активтер ретінде кәсіпорын бір жыл ішінде пайдаланатын активтері түсіндіріледі. Айналым капиталының циклі. Ағымдағы активтер айналым капитал ретінде қолданылады. Айналым капитал ретінде қолданылатын қорлар белгілі бір сатыдан өтеді. ¤тімді активтер дайын өнімге айналатын бастапқы материалдарын сатып алуға пайдаланылады; дибитор шотын құра отырып, өнім несиеге сатылады; дибитор шоты төленеді және өтімді активтерге айнала отырып инкассацияланады.
Айналым капиталын тиімді пайдалану. Айналым капиталының қажеттілігі үшін пайдаланылатын кез келген қорлар, пассивтерді төлеу үшін бағытталуы мүмкін. Сонымен қатар, олар негізгі капиталды сатып алу үшін пайдаланылуы мүмкін немесе меншік иелеріне кіріс ретінде төленуі мүмкін. Айналым капиталын үнемдеу тәсілдерінің бірі, материалдық техникалық ресурстарды басқаруды жетілдіруде көрінеде. Ол келесі тәсілдер арқылы жүзеге асырылады:
• қажетті материалдарды сатып алуды жоспарлау
• қатаң өндірістік жүйелерді енгізу
• жаңа қоймаларды пайдалану
• сұранысты болжауды жетілдіру
• жедел жеткізу......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык Кәсіпорындарындағы қаржылық менеджмент жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Экономика курстық жұмыстар, Кәсіпорындарындағы қаржылық менеджмент, курстык Кәсіпорындарындағы қаржылық менеджмент жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар жобалар Экономи, Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорындарындағы қаржылық менеджмент дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін