География | Каспий теңізіне жалпы сипаттама

 География | Каспий теңізіне жалпы сипаттама

Мазмұны

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
І Каспий теңізіне жалпы сипаттама .
1.1. Каспий теңізінің рельефі.
1.2. Геологиялық құрылысы мен пайдалы қазбалары.
1.3. Гидрологиялық режимі.
ІІ Деңгейінің ауытқуы.
2.1. Флорасы мен фаунасы.
2.2. Шаруашылық маңызы.
2.3. Зерттелу тарихы.
ІІІ Каспий маңы артезиан алабы.
3.1. Каспий маңы ойпаты.
3.2. Каспий маңы синеклизасы.
3.3. Каспий теңізінің экологиялық жағдайы.

ІІІ. Қорытынды.
ІV. Қолданылған әдебиеттер .....


КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ РЕЛЬЕФІ - түптік рельефімен гидралогиялық ерекшеліктеріне қарай солттустік каспий, орталық каспий және оңтүстік каспийге бөлінеді Солттүстік бөлігінің ауданы 80 мың км2 , тереңдігі 4-8 м. Теңіз түбінің рельефі белесті келген аккумуляциялық жазық қайырлар және аралдар тізбегінен қалыптасқан. Солттүстік орталығы бөлігінен Маңғыстау шоңғалы арқылы бөлінген орталық Каспийдің ауданы 138 мың км2 ; мұнда теңіздің түптік шұңғымасы (дербент шұңғымасының ең терең жері 788 м ), шельфі және құрлықтық беткейі айқын байқалады. Құрлықтық беткейінде су астылық жылжымалар , коньондар және ежелгі аңғарлар көп. Оңтүстік каспий орталығы бөлігінен Апшерон шоңғалы арқылы бөлінген. Оңтүстік Каспий табаны абиссальды жазық (ені 30 км.) болып келетін шұңғыма (тереңдігі 1025 м.) мен шельфтен тұрады.

ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРЫ – Каспий теңізінің солтүстік бөлігі Шығыс- Европа платформасының құрамына кіретін Каспий маңы синеклизасының оңтүстік шетін қамтиды, ал Маңғыстау шоңғалы теңіздің батысындағы су астына шөккен Карпинск бұйраты мен шығысындағы Маңғыстау сілемдерінің жалғасы болып табылады. Орталық бөлігінің түбі гетерогенді құрылымнан тұрады. Оның шығысы - эпиргерциндік Тұран платформасының су түбіне шөккен аймағы, ал Дербент шұңғымасы мен батысындағы теңіз түптік шельфі мен материктік беткейі – Үлкен Кавказ геосинклиникалық шеткі иілісі. Апшерон шоңғалы теңіз түбіне шөккен Үлкен Кавказбек Копетдаг тауларын қосатын жақпарлы құрылымның бір тармағы. Оңтүстік Каспий ең байырғы теңіз шұңғымасы.
Каспий теңізінде мұнай мен газдың мол қоры бар. Мұнайлы-газды Маңғыстау және Апшерон шоңғалдары, теңіздің Дағыстан және Түркіменстан жағалаулары жатады. Қара –Бұаз көл шығынағында мирабилиттің (химиялық шикі зат ) мол қоры бар.

КЛИМАТЫ - ауаның қысқы азия максимумы мен жазғы азор максимумының және оңтүстік азия минимумының тармақтары басып өтеді .Осыған байланысты ауа райы антициклонды болып қысы суық , жазы құрғақ, жауын-шашыны аз континенттік климат қалыптасқан. Климатында циклонды ауа-райының тигізетін әсері шамалы. Солттустік орталық бөліктерінде жел қазан -сәуір айларында шығыстан , мамыр- қыркүйекте солтүстік батыстан соғады. Оңтүстігінде муссондық желдер байқалады. Жылы айларының орташа температурасы 24-260С, абсалюттік максимумы (440) шығысында байқалады.
Қысқы айлары -10-120С. Каспий теңізінің айдынында жылына орта есепппен 200мм, ал батыс жағалауында 1700 мм жауын-шашын түседі. Буланудың орташа жылдық көрсеткіші 1000 мм, ал Апшерон түбегінде 1400 мм-ге жетеді.

ГИДРОЛОГИЯЛЫҚ РЕЖИМІ - өзен аңғарлары мен желге байланысты судың циклондық араласуы байқалады. Су массасы батыс жағамен солтүстіктен, оңтүстікке қарай қозғалады да, Апшерон түбегіне жеткен кезде екі тармаққа бөлінеді. Оның біріншісі бағытын жалғастыра береді, ал екіншісі шығысқа бұрылып шығыс жағасындағы солтүстікке бағыт талғап ағысқа қосылады. Судың осындай циклонды циркуляциясын каспий теңізінің оңтүстік бөлігінен де байқауға болады. Солтүстік каспийде желдердің әсіріне байланысты пайда болатын бірнеше тұрақсыз ағыстар бар. Жел теңіз толқынын туғызады. Олардың биіктігі Апшерон шоңғалында 11м-ге жетеді. Жаз айларында судың беткі қабатының орташа температурасы 24-260С, оңтүстігінде 290С, Красноводск шығанағында 320 С, Шығыс жағалауында июль-август айларының кейбір күндерінде судың беткі қабатын күшті жел ығыстырып кетеді де астыңғы қабаттан көтерілген суық су температураны 10-120С-қа дейін төмендетеді.

ДЕҢГЕЙІНІҢ АУЫТҚУЫ- Каспий теңізі деңгейінің маусымдық және қысқа мерзімді ауытқуы теңіз суының шалқып шегінуіне байланысты болады. Теңіз деңгейі солтүстік бөлігінде 2-2,5м-ге көтеріліп, 2м-ге төмендейді. Су балансының өзгеруіне байланысты Каспий теңіз деңгейінің көпжылдық және ғасырлық ауытқулар болады. Геологиялық, геоморфологиялық, археологиялық және тарихи деректерге қарағанда Каспий теңізінің ең жоңғары деңгейі б.з. алғашқы ширегінде және 19 ғасырдың басында байқалған.

ФЛОРАСЫ МЕН ФАУНАСЫ – Каспий теңізі флора мен фаунаға кедей. Өсімдіктердің 500 , балық пен жануарлардың 854 түрлері бар Өсімдіктер арасында көк жасыл және диатомды балдырлардың түрлері көп. Соңғы кезде қызыл және қоңыр балдырлардың түрлері көп. Соңғы кезде қызыл және қоңыр балдырларда өсе бастады.
Өсімдіктерінің 600 түрі, балдырлардың жасыл, қызыл және қоныр түрлері өседі. Балық пен теңіз жануарларының 854 түрі кездеседі. Каспий теңізінен дүние жүзінде ауланатын бағалы бекіре тұқымдас балықтарының ( бекіре , шоқыр, көксерке ) 82 проценті ауланады. Каспийде өсетін ит балығының маңызы зор.
ШАРУАШЫЛЫҚ МАҢЫЗЫ – Каспий теңізі ежелден құнды балық түрлеріне бай. Бекіре тұқымдас балықтар (Дүние жүзі өнімінің 82% -і осында ауланады.), майшабақтар, тұщы су балықтары, итбалық ауланады. Соңғы кезде Каспий теңізі деңгейінің төмендеуіне Еділ бойының гидротехникалық құрылыстардың салынуына, теңізге өндірістен шыққан лас суларының құйылуына, теңізден мұнай өндіруіне байланысты ауланатын балықтардың мөлшері азаюда. Егер 1936 жылғы 500 мың тонна балық ауланса, 1956 жылы 491 мың тоннадан аспады. Әсіресе бекіре тұқымдас балықтар мен майшабақтардың өнімі кеміп кетті. Қазір оларды өсіру жұмыстары жүргізілуде. Каспий теңізінде теңіз-жол транспорты да дамыған. Мұнай, ағаш, астық, мақта, күріш, сульфат сиақты жүктер тасымалданады.
Каспий теңізі мұнай өндіретін ірі аудан қатарына жатады. Теңізден натрий сульфаты, миробилит және псолит тұздары өндіріледі. Ақтау қаласында теңіз суын тұшытатын атом қондырғысы жұмыс істейді. Теңіз транспорты жақсы дамыған. Тіркі тілдес елдердің шаруашылығына қажетті жүктер теңіз жағалауына орналасқан Баку, Түркменбасшы , Атырау, Актау , Баутутино, Ералиев порттары арқылы тасымалданады.

ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ – Каспий теңізін зерттеу 9-10шы ғасырдан басталған алайда жүйелі ғылыми зерттеуді Петр І ұсынысы бойынша 1714-1715 жылдарында А.Бекович- Черкасский бастады. Ол Кааспий теңізінің шығыс жағалауын зерттеді. 18 ғасырдың 20-шы жылдарындағы И.Ф. Соймоновтың гидрографиялық зерттеулерін 18-ғасырдың 2-жартысында, 19- ғасырдың басында Колодкин алғаш рет Каспий теңізінің жағалауын компастың қағаз бетіне түсірді.1904-1915ж Н.М Книповичтің басқарылуымен гидрологиялық және гидробиологиялық экпедициялар ұйымдастырды. Каспий теңізінің зерттеу жұмыстары Октябрь ревалюциясынан кейін кең өріс алды.
Каспий теңізіне көптеген өзендер келіп құғанымен, одан бірде-бір өзен ағып шықпайды. Соңғы жылдары Каспий теңізін оған құятын өзендер суымен ағып келген өндіріс қалдықтары қатты ластауда. Каспий теңізінің түбі мен Каспий маңының ойпатынан мұнай мен газ өндіріледі. «Теңіз»мұнай кен орнынан өндірілетін мұнайдың құрамында 20 процентке дейін күкіртті газ бар. Күкіртті газ қоршаған ортаға қатты залалын тигізеді. Сонымен қатар бұл ауданның экологиялық жағдайы Каспий теңізінің деңгейінің көтерілуіне және жағалаулық теңіз эко жүйесінің антропогенді әсерге ұшырауына байланысты болады. Ғалымдардың болжамдары бойынша теңіз деңгейінің көтерілуі жағалаулық сызықтың 2400-2700км ұзарып су астында қалған жерлерге тағыда 1,2-2,2 млн.га қосылуына әкелуі мүмкін.
Су астында қалып қалу қалпы әсіресе Ксапийдің солтүстік және солтүстік-шығыз жағалауындағы мұнай кен орындарына төніп тұр. Су астына қалу қалпы төніп отырған 43 мұнай кен орындарының 32-сі Атырау, ал 11-і Маңғыстау облысында орналасқан.
Каспий теңізі дүние жүзіндегі бекіре тәрізді балықтардың ең ірі мекен ету ортасы болып табылады. Сондықтан Каспий мәселесі тек мемлекет аралық қана емес, ғаламдық мәселе болып табылады. Каспийдәң биологиялық алуан түрлілігін сақтау бүкіл әлемдік қауымдастықтың жұмысы. 1995 жылы Тегеранда Каспий маңындағы мемлекеттердің өкілдерінің кездесуі өтті. Бұл кездесудің мақсаты Каспий аймағының экологиялық тұрақтылығы мен оның ресурстарын пайдалануды басқару концепциясын жасау болып табылады, бірақ кезкелген экологиялық бағдарламаның іс жүзінде асуына, оның ірі мұнай – газды аймақ ретінде маңызының артуы күрделендіреді.
Теңіз суының деңгейі соңғы жылдары көтеріліп, Каспий маңы ойпатында орналасқан елді мекендерді (Қаламқас Қаражанбас) су басу қаупі тұр.
Көктем айларында тасып жағалауға жайылған сумен бірге мұнай қалдықтары теңізге шайылып төгілуде Мұның өзі теңіз суының ластануына негізгі себеп болып отыр. Каспийден ауланатын балықтардан ауланатын ауру белгілері табылған, оның себебін ғалымдар балықтар қоректенетін микро организмдердің улануына байланысты екенін анықтады.
Каспий теңізі жағалауына орналасқан көптеген өнеркәсіп орындары өндіріске пайдаланған техникалық суды тазартудан өткізбей теңізге ағызып, суын ластауда. Мысалы: Ақтау қаласындағы Каспий аймақтық тау –кен металлургия комбинатының өндіріске пайдаланған суы мен бірге аққан қалдық заттар әсерінен Қощқар – ата көлі тіршілгі жоқ өлі көлге айналған. Каспий теңізінің экологиялық проблемалары Қазақстанға ғана емес, Ресей, Түркіменстан, Азербайджан, Иран мемлекеттерінің ортақ проблемаларына айналып отыр. Олар бірігіп бұл проблеманы шешудің жолдарын қарастыруда.
КАСПИЙ МАҢЫ АРТЕЗИАН АЛАБЫ- Каспий теңізінің солтүстігінде Ресей және Қазақстандағы ең терең геологиялық ойысты алып жатқан сулы алап, солтүстік-батыста Ергени , Еділ бойы және Ставраполь дөңдері , Солтүстікке Жалпы Сырт, Шығыста Орал тауы мен Мұғалжарға, Оңтүстікке Үстірт пен Каспий теңізіне дейін созылған; жалпы ауданы 700 мың км2 кең аймақты қамтиды. КАСПИЙ МАҢЫ АРТЕЗИАН АЛАБЫНЫҢ геологиялық ішкі құрамы ішкі құрамы өте күрделі, әлі түгел зероттеле қоймаған. Кембрий дәуірінен бастап қазіргі кездегі шөгінділерге дейін үздіксіз жиналып қалыптасқан тым қалың қабатты (15-19км), жер қыртыстары балшық, құм және әк тастары мен қатар тұзды шөгінділерден де құралғандықтан, бұл арада күмбезді құрылымдар көп. Құм және құм тасты шөгінділерде қалыптасқан артезиандық сулы қабаттардың тереңдігі оның орталығында 15-18 км-ге дейін жетеді. Бұл қабаттардағы судың сапасы да әр түрлі жер бетіне жақын тереңдікке және кейбір жоғарғы қабаттарды минералдығы 1-2 г/л-ден аспайтын тұщы болса тереңде 350-400 г/л-ге жететін, тіпті одан да ащы тұзға өте қанық тұздық қабат. Бұл сулар халық шаруашылығында кеңінен қолдануда. Көрсетілген сулы қабаттардан келешекте тәулігіне ( ғылыми болжамдар бойынша 10 млн. м3) немесе секундына 120 м3 тұщы су алып пайдалануға болады. Ал қазіргі кезде пайдаланылып жүрген су мөлшері тәулігіне 250-260 мың м3 тұщы су алып пайдалануға болады. Басқа сулы қабаттарда, әсіресе тым тереңде жатқан кейбір жерлердің шапшымалы, ащы, тұздық суларында йод (5-25мг/л), калий (1000-5000 мг/л), стронций (500-1000 мг/л) т.б өндіріске қажетті микроэлементтер көп кездеседі.
КАСПИЙ МАҢЫ ОЙПАТЫ – Каспий теңізін солтүстіген қоршап жатқан ойпат.Батысы – Волга маңы және Ергени қыраттары, солтүстігінде – Жалпы Сырт, шығысы – Орал алды және үстірт 200 мың км2 жерді алып жатыр. КАСПИЙ МАҢЫ ОЙПАТЫ- біркелкі тегіс, теңізге қарай еңкіштене келген жазық. Индер таулары , Үлкен Богдо , Кіші Богдо т.б. қырататры да бар. Ең биік жері – 149 м. Оңтүстік жағы теңіз деңгейінен 28 м төмен жатыр. Бірнеше тектоникалық құрылымдардан, Ергени дөңі, Ноғай, Терек қазан шұңқырларынан тұрады. Антропогендік дәуірде Каспий маңы ойпатынан бірнеше дүркін теңіз басты. Климаты құрғақ континеттік, жазы ыстық, қысы суық. Жылдық жауын шашын мөлшері 150-350 мм, көпшілігі жаздың алғашқы жартысында түседі. Ылғалдың булануы 100 мм-дей. Каспий маңы ойпатынан Волга, Жайық, Терек, Кума өзендері кесіп өтіп, Каспий теңізіне құяды. Каспий маңы ойпаты шөлейт зонада орналасқан ашық түсті қызыл қоңыр, сор және сортаң топырақ кең тараған. Көбіне жусаи, бұйырғын аралас шайыр шөптер өседі. Ақбөкен, түлкі, қасқыр, саршұнақ, қосаяқ, аламан өзен жайылымындарында құстың алуан түрлері кездеседі.
КАСПИЙ МАҢЫ СИНЕКЛИЗАСЫ – Шығыс Европа платформасының оңтүстік шығыс шетінде Волга, Жайық, Жем өзендерінің алқабында , Каспий теңізінің солтүстік шетін қамти орналасқан жазық ойыс. Батыс шегі Волганың оң жағасымен, Оңтүстік шегі Каспий жағалауына Жем өзенінің сол жағасымен Мұғалжар бөктерінен, шығыста Орал тауының етегінен өтеді.Солтүстікте Волна-Орал және Воронеж антеклизаларымен көптеген флексуралар арқылы шектеседі. Пландағы пішіні эллипске ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!