Психология | БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАСЫНДАЃЫ БАЛАЛАРДЫ МЕКТЕПКЕ БЕЙIМДЕУДIЊ ПСИХОЛОГИЯЛЫЌ НЕГIЗI

 Психология | БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАСЫНДАЃЫ БАЛАЛАРДЫ МЕКТЕПКЕ БЕЙIМДЕУДIЊ ПСИХОЛОГИЯЛЫЌ НЕГIЗI

Мазмұны
КIРIСПЕ………………………………….………………………………
1.Бастауыш мектеп кезењіндегі баланыњ психикалыќ даму даѓдарыстары мен оѓан дайындыѓы…………….…….……….
2. Баланыњ мектепке адаптациялану мєселесін теориялыќ зерттеу……………………………………………………………
3.Бастауыш мектеп оқушыларының адаптациялануының кµрсеткіш дењгейлері………………………..…………………
Қорытындысы………………………………………… ..

КIРIСПЕ
Ж±мыстыњ өзектілігі. Ќазаќстан Республикасы Президентініњ аќпан айында µткен халыќќа жолдауында еліміздіњ болашаѓы жас ±рпаќтыњ білімділігі мен сауаттылыѓы екендігін баса айта отырып, олардыњ оќу-білім алуына мемлекет, ќоѓам тарапынан ерекше кµњіл бµлініп, оларѓа жан-жаќты жаѓдай жасалу керектілігі – мемлекет алдындаѓы негізгі міндет пен µзекті мєселе болып ќала беретіндігін айтып µткен болатын. Сондыќтан б±л міндетті шешуде балалармен ж±мыс ж‰ргізетін єрбір ересек адам ат салысуы тиіс.
Әрбір қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, сол қоғамға адамның кез-келген єректке сондай-аќ кезкелген жања ортаѓа єлеуметтенуі мен бейімделуімен байланысты. Адам белгілі бір қоғамның мүшесі, єрбір ќоѓам м‰шесі бола отырып, ‰немі айналасындаѓылармен ќарым-ќатынасќа т‰седі, ол қандай болмасын бір іспен айналысады, оның азды-көпті тәжірибесі, білімі, өзіне тән өзгешеліктері болады. Осы айтылғандардың жиынтығы оны «жеке адам» етеді.
Жеке адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Жеке адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Осыған орай, қоғамның жаңа талап-тілектері мен әлеуметтік сүранысын қамтамасыз ету мақсатында қоғамға бейімделе алатын, тәуелсіз жеке адамды, дербес шешім қабылдауға бейім ұрпақты тәрбиелеу – бүгінгі күнде аса маңызды мәселе болып отыр.
Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептердің дамуында жағымды өзгерістер және оқыту мен тәрбиелеу ісінің ұтымды жақтарын анықталып жатқанымен, мектепке келген оқушыларының бейімділігі мен соѓан сєйкес мектептегі оќу мен тєрбиені мењгеруге оныњ єсеріне терең үңіле бермейміз.
Бастауыш мектеп оқушыларының мектепке бейімделуін жүзеге асыру – тәлім-тәрбие берудегі күрделі психологиялық әрекет болып табылады. Оқушының мектепке бейімделуі оқу үрдісін тиімді ұйымдастырумен, іс-әрекеттің субъектісінің сапалық ерекшеліктерімен, сабақ кезінде және сабақтан тыс кездерінде диагностикалық және түзету-дамыту жұмыстарды ұтымды қолданумен байланысты.
Қазіргі кездегі мектептердегі білімдер жүйесінен бір дағдарыс кезеңдерін көруге болады. Мүның мәні – оқыту әдіс-тәсілдерінің жеткіліксіздігі емес, немесе мектеп өмірін басқаша ұйымдастыру емес. Бүгінгі күннің негізгі талабы – мектеп жасына дейінгі баланыњ мектептегі оќу-тєрбие істеріне бейімділігіне орай, іс-шаралар ж‰ргізу, білімді адамды әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, жоғары таныммен тікелей қатынас жасай алатын, жаңаша ойлай алатын интеллектуал адамға айналдыру.
Балаларды кез-келген іс-єрекетке сондай-аќ кез-келген қоғамға тез бейімделе алуын дамыту қажет. Осының негізінде ұрпақты тәрбиелеп оқыту психологиялық маңызды мәселелерінің бірі деп білеміз. Сондыќтан психология түрғысынан бастауыш мектеп оқушысыныњ мектептегі бейімділігіндегі жеке даралыќ µзгешеліктерді аныќтай отырып, соѓан орай оќу-тєрбие ж±мыстарын тиімді ж‰зеге асыру аса маңызды сүрақтардың бірі.
Әрбір жеке адамның қоғамға бейімделуінің жоғарғы жетістігі тек сол адамның ғана жеке басының даму көрсеткіші емес, бұл қоғам дамуына да, өркендеуіне де едеуір әсер етеді.
Біз зерттеу жұмысымызда бастауыш мектеп кезеңін алып отырған себебіміз, µйткені мектеп жасына дейінгі бала енді мектеп оќушысына айналады, негізгі іс-єрекеті µзгереді, єлеуметтік ортасы толыѓымен жањарады, олармен ќатынас ќ±ратын ересектер сипаты мен талаптары да басќаша ќ±рылады. Олай болса, айтылѓан µзгерістік ќ±былысќа баланыњ ќаншалыќты бейімділігі мен жеке даралыќ µзгешеліктеріне орай басынан µткізу к‰йін ѓылыми т±рѓыда зерттеу – біздіњ зерттеу ж±мысымыздыњ мектеп µмірінде аса мањыздылыѓын дєлеледей т‰седі.
Бастауыш мектеп оқушыларының мектепке бейімделуінің дамуы оқу барысын дүрыс ұйымдастыру мен бейімділікке баланыњ жеке даралыќ µзгешелігініњ єсерін д±рыс т‰сінуге байланысты. Мектеп мұғалімдері балаларға сабақ берумен бірге олардың мектепке келгеннен кейінгі µзініњ мінез-ќ±лќына байланысты ортаѓа ќалай бейімделіп жатќандыѓын ескере отырып, көңіл-к‰йіне, сабақты үлгере алуына аса көңіл болгендері дүрыс. Оларда үлкендерге бағдарлану, яғни оларға еліктеу, үлкендерді үлгі түту ерекшеліктері баланыњ мектепке бейімділігін ескеру педагог үшін күшті дамыту қүралы болып табылады.
Зерттеудің өзектілігі бастауыш мектеп оќушыларыныњ єлеуметтік ортаѓа, іс-єрекеттіњ жања т‰ріне, ќарым-ќатынастыњ басќаша сипатына кµшуге бейімделе алатын жеке адамды дамыту қажеттілігінен туындап отыр. Зерттеу жұмысы жеке адамның бейімделу мүмкіншілігінің дамуы – интелектуалды, жеке адамдық, әлеуметтік-психологиялық дамуын, бейімделу деңгейлерін қарастыруды өзіне мақсат етіп қойды.
Зерттеудің мақсаты. Бастауыш мектеп оқушыларының мектепке бейімделуіне байланысты, олардыњ жеке даралыќ µзгешеліктерін аныќтау. Соның негізінде баланыњ мектептегі оќуѓа бейімдеудіњ психологиялық ерекшеліктерін көрсету.
Зерттеу объектісі. Бастауыш мектеп оќушылары.
Зерттеу пәні. Бастауыш мектеп оқушыларының мектепке бейімделуіндегі µзгешеліктер.
Зерттеудің негізгі жорамалы. Бастауыш мектеп оқушысының мектепке бейімделігі олардыњ жеке т±лѓалыќ ќасиеттеріне байланысты кµрінеді.
Зерттеу әдістері мен әдістемелері. Зеттеуге қойылған мақсаттарды шешу мен болжамдарды тексеруде бір-бірін толықтырушы және бірін-бірі тексерушы әдістер қолданылады: бейімделу мәселесі бойынша еліміздегі әдебиеттерге теориялық талдау жасау әдісі, мектептегі оќуѓа даярлыѓын анықтау үшін Керн-Йирасек тесті, бастауыш мектеп оќушыларыныњ жеке даралыќ ќасиеттерін зерттеуге арналѓан темперамент типтерін аныќтау тесті, балалардың бір-біріне қарым-қатынасын анықтау үшін социометрия, єњгіме әдістері қолданылды.
1.Бастауыш мектеп кезењіндегі баланыњ психикалыќ даму даѓдарыстары мен оѓан дайындыѓы.
Соњѓы жылдардаѓы халыќќа білім беру ісіне байланысты жања µзгерістер мектеп µмірінде т‰бегейлі µзгерістерді тудырып отыр. Он екі жылдыќ оќу ж‰йесі, кєсіптік білім беру саласы, сондай-аќ мектеп алдындаѓы дайындыќ мєселесі – жасµпірімдердіњ жан-жаќты білімді, сауатты, ±лы т±лѓа, ќоѓам жањартушысы ретінде ќалыптастыруыныњ бірден-бір жолы болып табылады.
Білім беру саласындаѓы осындай жања µзгерістерге байланысты ќазіргі кезде бастауыш мектеп шағы бала өмірінің алты жастан он бір-он екі жасқа дейінгі кезеңін қамтиды. (мектептің I-IV сыныптары). Балалар мектепке алты жастан баратын, ол бастауыш оқу ұзақтығы біздің елдегіден бөлек елдерде бастауыш мектеп шағының, әрине, басқаша хронологиялық шектері болады. Баланың өмірінің ерекше кезеңі ретінде ол салыстырмалы түрде жуырда ғана айқындалды. Мәселен, бұл кезеңді мектепте мүлдем оқымаған бала бастан өткізбейді. Ол бастауыш мектеп білім алуының алғашқы және соңғы сатысындағы балаларда да болған жоқ. Бастауыш мектеп жасының пайда болуы экономикалық жағынан дамыған елдерде жалпыға бірдей міндетті толық емес және толық орта білім беру жүйесінің шығуымен байланысты.
Орта білім берудің әлеуметтік міндеттері мен мазмұны әлі түпкілікті қалыптасқан жоқ. Сондықтан мектептегі бүкіл балалық шақтың бір бөлігі ретіндегі бастауыш мектеп шағының хронологиялық шектері және психологиялық ерекшеліктерін де түпкілікті және өзгермейтін деп есептеуге болмайды. Ғылыми козқараспен қарағанда, әзірше салыстырмалы түрде тұрақты, осы жасқа неғүрлым тән белгілер туралы сөз болуы мүмкін. Баланың психологиялық дамуындағы оның ролі балабақшадан бастап орта білім беру аяқталғанға дейінгі балаларға қоғамдық тәрбие берудің тарихи қалыптасқан жүйесіндегі бастауыш оқытудың мақсаттары мен мазмұнының өзгеруіне байланысты.
Жеті жастан он жасқа дейінгі кезеңге неғұрлым тән негізгі белгі мынада: бұл жаста мектеп жасына дейінгі бала мектеп оқушысына айналады. Бұл бала өз бойында мектеп жасына дейінгі балалық шақтың белгілерін оқушының ерекшеліктерімен ұштастыратын өтпелі кезең. Бұл белгілер оның мінез-құлқында, санасында күрделі, ал кейде қайшылықты үйлесім түрінде қатар жүреді. Кез келген өтпелі күй сияқты бұл шақ көзі ашылмаған даму мүмкіндіктеріне бай, оларды дер кезінде байқап, қолдап отыру маңызды. Адамның көптеген психикалық қасиеттерінің негіздері тап осы бастауыш мектеп жасында қалыптасады және әдетке айналады.
Сондықтан ғалымдардың ерекше назары қазір бастауыш сынып оқушыларын дамытудың резервтерін анықтауға бағытталған. Бұл резервтерді пайдалану балаларды одан ары оқу және еңбек қызметіне неғ±рлым табысты дайындауға мүмкіндік береді.
Баланың мектепке баруына байланысты болатын психологиялық өзгеріс. Атап көрсетілгендей, баланың психикалық дамуының әрбір кезеңі оның іс-әрекетінің негізгі, жетекші түрімен сипатталады. Мысалы: мектеп жасына дейінгі балалық шақта ойын іс-әрекеті жетекші болады. Бұл жастағы балалар үйретіп, тіпті шамашарқынша еңбек етіп жүрсе де, оларың бүкіл болмысын анықтайтын шынайы стихия әр түрлі ойындар болып табылады. Ойын үстінде қоғамдық баға беруге тырысушылық пайда болады, қиял және символиканы пайдалана білуі дамиды. Осының бәрі баланың мектепке даярлығын сипаттайтын негізгі сәттер болып табылады.
Жеті жасар бала мектеп табылдырығынан аттасымен-ақ оқушы болады. Оның өмірінде ойын әлі маңызды орын алғанымен осы уақыттан бастап ол біртіндеп басымдылық ролін жоғалта бастайды. Бастауыш мектеп оқушысының жетекші іс-әрекеті оның мінез-құлық мотивтерін елеулі түрде өзгертетін, оның танымдық және адамгершілік күштерін дамытудың жаңа көздерін ашатын оқу болады. Мүндай қайта өзгеріс процесінің бірнеше кезеңдері бар.
Әсіресе баланың мектеп өмірінің жаңа жағдайларына алғаш енуінде айқын аңғарылады. Балалардың көпшілігі бұған психологиялық жағынан даярланған. Олар бұл жерде үймен немесе балабақшамен салыстырғанда, әдеттен тыс бірдеңелер кездестіруді күте отырып, мектепке қуана барады. Баланың бұл ішкі позициясы екі жағдайда маңызѓа ие. Алдымен мектеп өмірінің жаңалығын алдын ала сезіну және қалау баланың сыныптағы мінез-құлық ережелеріне, жолдастарымен ерекше қарым-қатынас нормаларына, күн тәртібіне қатысты мұғалімнің талаптарын жылдам қабылдауға көмектеседі. Бұл талаптарды бала қоғамдық маңызды және орындамауға болмайтын талаптар деп қабылдайды. Тәжірибелі ұстаздарға белгілі психологиялық жағынан расталған мынадай қағида бар: баланың сыныпқа келген алғашқы күнінен-ақ оған оқушының сабақтағы, үйдегі және қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелерін айқын да нақты мағынада түсіндіру керек. Балаға оның жаңа көзқарасының, міндеттерінің және правосының бұрынғы ол әдеттенген жағдайлардан айырмашылығын дереу түсіндіру маңызды. Жаңа ережелер мен нормаларды сөзсіз орындауды талап ету - бірінші сынып оқушысына орынсыз қаталдық жасау емес, мектепке баруға даярланған балалардың өз түсініктеріне сәйкес олардың тіршілігін ұйымдастыруға қажетті шарт. Бұл талаптар орнықсыз әрі екі үшты болса, балалар өз өмірінің жаңа кезеңінің өзіндік ерекшеліктерін сезбейді, бұл олардың мектепке деген ықыласын жоюы мүмкін.
Баланың ішкі позициясының екінші жағы оның білім мен іскерлікті игеру процестерінде ортақ дұрыс қарым-қатынасына байланысты. Бір кездерде шын мәнінде ойын кезінде өзі қалаған адам (ұшқыш, аспаз, ж‰ргізуші) болуы үшін, оқудың қажет екендігі туралы пікірге, оның мектепке дейін-ақ бойы үйрене бастайды. Ол кезде бала келешекте қажет болатын білімдердің нақтылы құрамын, әрине сезбейді. Оның білімге деген пайдақорлық-прагматикалық көзқарасы әлі болмайды. Ол жалпы білімге, қоғамдық мәнді және құнды деп ойлайтын білімдерге ұмтылады. Баланың айналасындағыларды білуге құмарлығы, теориялық ықыласы осыдан көрінеді. Оқудың негізгі алғы шарты ретіндегі бұл ықылас баланың бойында оның кең өріс алған ойын әрекетін қамтитын мектепке дейінгі өмірінің барлық сәттерінде қалыптасады.
2.Баланыњ мектепке адаптациялану мєселесін
теориялыќ зерттеу
Мектептегі оқуға баланың адаптациялану мєселесі алты жєне жеті жастағы баланың мектепке бейімделуі және дезадаптациялануына теориялыќ талдау жасау арќылы ашылады.
Мектепке адаптациялану - баланың жүйелі мектептегі ұйымдасқан оқу іс-єрекетіне өту кезіндегі танымдық, мотивациялық және эмоциялық еріктік сферасындағы қайта құрылымдыќ µзгерістерге бейімділігімен сипатталынады.
Әлеуметтік сыртқы жағдайлардың жағымды сәйкестіктері адаптациялануға, жағымсыздары дезадаптацияға әкеп соғады. Мектептегі жүйелі оқудың негізгі ерекшеліктеріне мыналар жатады:
1. Баланың мектепке келуі - қоғамдың мәнді жєне қоғам бағалайтын іс-әрекетін жүзеге асыру басталады.
2. Жүйелі мектептегі оќудыњ бір ерекшелігі – барлықтарына ортақ бірнеше ережелерді мiндеттi түрде орындауды талап етеді, ал бұған мектепке келген балалардың барлығы тәуелді болады.
Мектепке келу баладан ойлаудың дамуының қандайда бір деңгейін, қарым-қатынас дағдыларын, мінез-құлқын ерікті реттей алуын талап етеді. Мектептегі адаптациялану деңгейін бағалау төмендегідей блоктардан т±рады:
1. Интеллектуалдың даму көрсеткіші – жоғары психикалық функциялардың даму деңгейінен т±рады: мәлімет, оқуға қабілет баланың ақыл-ой іс-әрекетінің өзіндік реттеу қабілеті;
2. Эмоциялардың даму көрсеткіштері – баланың эмоционалдық-экспрессивтік даму деңгейін, олардың жеке тұлғалық өсуін көрсету;
3. Коммуникациялық дағдыларының қалыптасу көркеткіштері (7жастағы дағдарыстардағы психологиялық қайта құрылуын ескере отырып, өзін-өзі бағалау және тартымдық деңгейін анықтау);
4. Мектеп жасындағы даму кезеңдегі баланың мектептік сауаттылық деңгейі;
Г. М. Чуткинаның зерттеу нәтижелерінен – жоғарыдағы әрбір көрсеткіштерінің даму деңгейлерінде болатын мектепке әлеуметтік-психологиялық адаптациялануындағы 3 деңгейін көрсетуге болады.
I. Адаптацияланудың жоғарғы деңгейі.
1-сынып оқушысы мектепке жағымды қатынас құрады, қойылған талаптарды адекватты қабылдайды, оқу материалдарын жеңіл меңгереді, бағдарлама материалдарын игере алады және толық меңгереді, күрделі тапсырмаларды шеше алады, бұйрықтарды, мұғалімның айтқанын зейін қойып тыңдайды, берілген тапсырмаларды сыртқы бақылаусыз орындайды, оқу жұмыстарын өз бетінше орындауға үлкен қызығушылық көрсетеді, (үнемі барлық сабақтарды орындайды); қоғамдық жұмыстарды еркімен, ұқыпты орындайды, сыныпта жағымды, статусты орынға ие. Жоғарыда көрсетілген барлық көрсеткіштердің даму деңгейі жоғарыға сәйкес келеді.
Адаптациялануы жоғарғы деңгейдегі балаѓа сипаттама беретін болсаќ, балалар мектепке даяр, 7 жастағы дағдарысты басынан өткізген бала сипаттамасымен сәйкес келеді, себебі, еріктің, оқу мотивациясыныњ, мектепке жағымды қатынасыныњ, коммуникативті дағдының дамығандығы көрінеді.
II. Адаптацияланудың орта деңгейі.
1-сынып оқушысы мектепке жағымды қатынас құрады, мектеп балаларѓа жағымсыз әсер тудырмайды, оқу материалын түсінеді, егер мұғалім оқу материалын тиянақты және көркем түсіндірсе, оқу бағдарламасының негізгі мазм±нын меңгереді, типтік міндеттерді өз бетінше шешеді; тапсырмаларды, ересектердің бұйрықтарын орындау кезінде зейіні т±рақты, дегенмен оны бақылап отыру қажет. Қоғамдық жұмыстарды өз еркімен орындайды, көптеген сыныптастарымен достас болады.
III. Адаптацияланудың төмен деңгейі.
1-сынып оқушысы мектепте теріс және индифферентті қатынас құрады, сырқаттанып қалу арызы жиірек болып т±рады, көңіл-күйінің жоқтығы басым келеді, тәртіп б±зушылық байқалады, мұғалімнің түсіндірген материалдарының кейбір бөліктерін ғана менгереді. Оқулықпен өз бетінше жұмыс істеуге қиналады, өз бетінше тапсырмаларды орындау барысында қызығушылық пен белсенділік танытпайды, сабаққа үнемі дайындалмайды, тек жүйелі ескертіп, ересектер мен мұғалімдер үнемі бақылау жасап отыруы қажет. Үзақ демалыстан кейін жұмысқа қабілеттілік пен зейінділік сақталғанда үлгі бойынша жаңа тапсырманы түсіну және орындау үшін мұғалім және ата-аналардың едәуір көмегін қажет етеді. Қоғамдық жұмыстарды бақылау негізінде айрықша қалауды орындайды, енжар, жақсы достары жоқ, сыныптастарының кейбірінің ғана аты-жөнын біледі.
Ал бұл, яѓни мектепке адаптациялануыныњ тµменгі дењгейіндегі кµрсеткіш – мектеп дезадаптациясының көрсеткіші болып табылады. Бүндай жағдайда жас ерекшелігін көрсету қиын. Себебі, баланың психикалық және соматикалық саулығының бұзылғандығы туралы сµз болып т±р. Бұл жалпылау процесінің дамуының адаптация көрсеткіші - психикалық....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі