Банк ісі | Банк жүйесiнiң теориялық аспектiлерi

 Банк ісі |  Банк жүйесiнiң теориялық аспектiлерi

Кiрiспе
Алғашқы банкирлердiң түсiнiгi бойынша қозғалыссыз жатқан үлкен қаражат байлықтарды жинаудан гөрi, ақша қаражаттарын уақытша қолдануға немесе өз бетiнше сауда және басқа да кәсiпорын аша отырып, айтарлықтай пайда табуды өнiмдiрек көрген. Сонымен бiрге кепiл ретiнде әдетте кемелер және тауарлар, ал кей-кезде үйлер, құнды заттар және тiптi адамдар болған. Ежелгi банктердiң несиелiк операцияларымен бiрге бiрте-бiрте салымшыларға қызмет көрсету бойынша есеп дами бастады.
Қазақстан эконамикасының нарықтық экономикаға өтуi ақшаның, несиенiң және есеп айырудың рөлiнiң көтерiлуiнсiз мүмкiн емес. Нарықтық эканомикада банктiк жүйе үш түрлi рөл атқарады:
Бiрiншiден, дамыған коммерциялық банктер төлемдер жүйесiн басқарады.
Екiншiден, банктер халық жинағын өндiрiстiк, каммерциялық ортаға бағыттайды.
Үшiншiден, банктер экономикалық жүйедегi ақшаның санын реттейдi.
Банктiк жүйе барлық мемлекетерде орталықтандырылған, жеке тұлғаның, тұтастай алғанда мемлекеттiң, достық қарым-қатынастағы елдердiң және халықаралық қаржы-несиелiк институттардың мүделерiн бiрiктiретiн жүйе болып табылады.
Қазiргi кезде Қазақстан халқының банк жүйесiне деген көзқарасы өзгердi, бұл халық ақшасының банктiк жүйеге құйылуының қарқынын күшейттi.
Сонымен қатар, қазiргi уақытта Қазақстаның қаржы жүйесi, соның iшiнде банктiк жүйе айтарлықтай экономиканың реформаланған және нарықтық секторы деп айтуға болады. Сондықтан да банктiк жүйенi толығырақ зерттеу, оның мәселелерiн анықтап және оларды шеше жолдарын ұсыну бүгiнгi күнде маңызды болып отыр.
Менiң бұл тақырыпты таңдауымның негiзгi себебi-жоғарыда келтiрiлген банк жүйесiнiң маңыздылығы болып табылады. Бұл жұмыстың негiзгi мақсаты-банктiк жүйенiң мемлекеттiң экономикасының дамуындағы бар мәндiлiгiн көрсету, банктiк сектордың қызмет етуiндегi мәселелердi көрсету және оларды шешуiнiң және жетiлдiруiнiң жолдарын ұсыну болып табылады.
Курстық жұмыстың бiрiншi тарауын да мен банктiк жүйенiң сипаттамасы, яғни оның мәнi, түсiнiгi, элементтерi және банктiк жүйе қалыптасуының шетелдiк тәжiрибесi туралы жаздым.
Ал екiншi тарауда мен Қазақстан Республикасының банктiк жүиесiнiң қалыптасуына, яғни алғашқы кезде пайда болған банктерге және олардың қалыптасу жолдарына, сонымен қатар қазақстанның нарықтық құрылымдағы банк жүйесiне, яғни жүргiзiлген реформалардың нәтижесiне көңiл бөлдiм. Сонымен қатар, банк жүйесiн реттеуге, яғни қабылданған заңдар бойынша банктердiң мiндеттерiне және ҚР-ң. Банктiк жүйенiң даму проблемалары мен болашағына көңiл бөлдiм.
І–тарау. Банк жүйесiнiң теориялық аспектiлерi
1.1. Банк жүйесiнiң түсiнiгi, элементтерi
Ең алдымен, банк деген ұғым не, ол қалай пайда болды деген сұраққа жауап iздестiрейiк.
«Банк» сөзi «banco” деген ағылшын тiлiмен аударғанда “айырбас орны” дегендi бiлдiредi. Бұл “айырбас орыны” тауарлармен сауда жасалатын алаңдарда құрылады. Банктер пайда болардың алдында ақша-сауда капиталының өкiлдерi саудагерлердiң ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әр түрлi елдiң ақшаларына айырбастауға маманданып отырған. Уақыт өте келе, айырбастаушылар бұл салымдарды, сондай-ақ өздерiнiң ақша қаражаттарын саудаға берiп, пайыз алу үшiн пайдалана бастайды. Сөитiп, айырбастаушылар бiртiндеп банкирлерге айналады. Менiң түсiнiгiмше, банк ұғымы айырбастаушылардың және олардың айырбас орындарымен сипатталады. Өйткенi, алғашқы банктердiң Италияда пайда болу себебi, оның сол уақыттарда дүниежүзiлiк сауда орталығы болғандығын ескерiп, әр елдiң ақшалары мен тауарларының сол елге қарай ағылып, банкирлердiң сауда операцияларына тiкелей қатысуына байланысты тұсiндiрiледi.
Банк арнайы ұйым ретiнде материалды өндiрiс сферанын айтарлықтай ерекшелiктерiн өнiм шығарады, ол жай тауар емес, ақша, төлем қаражаты түрiндегi тауар.
Қызымет көрсету сферасындағы банктiң негiзгi өнiмi өнiмдердi, тұтыну заттарын емес, несиелердi ұсыну болып табылады. Банктiк несиенiң ерекшiлiгi, ол қандай да бiр ақша сапасы ретiндегi ұсыну емес, капитал ретiнде ұсыну. Ал бұл дегенiмiз, несиеге ұсынылған ақша қаражаттары қарыз алушының шаруашылығында айналым жасауды ғана емес, сонымен бiрге өзiнiң алғашқы заңды нүктесiне өсiрiлген қарыз пайызы түрiнде оралуы керек. Банк өндiрiстiк кәсiпорыннан өзiнiң эмитациялау сипатымен ерекшеленедi. Ол тек ғана акцияларды және бағалы қағаздарды шығарып қана қоймай, сонымен бiрге басқа эмитенттердiң бағалы қағаздарын сақтау мен есептеу бойынша операцияларды да жұзеге асырады.
Қызмет көрсету аясындағы банктiң өнеркәсiптiк кәсiпорындардан ерекшелiгi оның несие беруiнен байқалады. Оның негiзгi өнiмi «несие» болғандықтан, банктi «несиелiк мекеме» деп атаған.
Қазiргi түсiнiкте «банк»-бұл ерекше өнiм шығарумен айналыстын кәсiпорын немесе қолма-қол және қолма-қолсыз ақшада төлем айналысын ретттеудi жүзеге асыратын ақша- несие институты болып табылады.
«Қазақстан Республикасының банктер және банктiк қызмет туралы» заңның бiрiншi бабында былай жазылған: «банк-бұл осы жарғыға сай банктiк қызметтi жұзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға».
Банк - банк жүйесiнiң элементi болып табылады. Бұл дегенiмiз ол келесi реттегi мiндеттердi атқарады:
1) жалпының бiр бөлiгi болуға, ойынның жалпы тәртiптерi бойынша қызмет етуге мүмкiндiк беретiн қастетерiн иемдену;
2) жалпы және арнайы заңдар, қауымның заңды нормалары шегiнде қызмет ету;
3) өзiн-өзi реттеуге, дамуға және жақсартуға икемдi болу;
4) банк жүйесiнiң басқа да элементтерiмен қатынасу.
Банк жүйесiне банктерден бөлек басқа да банктiк операцияларды орындайтын, бiрақ банк статусы жоқ кейбiр қаржы институттары, банктiк инфроқұрылымды құрайтын және ақша-несие институттарының iс-әрекетiн қамтамасыз ететiн басқа да ұйымдар жатады.
Банк iсi – қарыз капиталын жинақтау мен оны бөлумен шұғылданатын кәсiпкерлiктiң ерекше түрi. Банктер арқылы ақша айналымы мен несие қатынастарын ұйымдастыру ғана емес, сонгымен қатар, халық шаруашылығын қаржыландыру, сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, ол кейбiр жағдайларда делдалдық келiсiмдер және мүлiктi басқару операциялары жүргiзiледi.
Банктiң атқаратын негiзгi қызметтерiн негiзiнен төмендегiдей топтастыруғы болады:
1) Уақытша бос ақша қаражатын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру.
2) Кәсiпорындарға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен операция жүргiзу.
3) Ақша айналымын реттеу. Банк - әр түрлi шаруашылық субъектiлерiнiң төлем айналымы жүретiн орталық. Банк өзiнiң есеп айырысы жүйесi арқылы клиенттерiне айырбас, капитал және ақша айналымын жүргiзуге мүмкiндiк туғызады.
4) Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентiн тек жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қоймай, сонымен қатар, депозттiк чектердi, вексельдердi шығарумен де несиелейдi.
5) Экономикалық және қаржылық кеңес беру. Орындайтын айырықша қызметтерiне байланысты банктер: эмиссиялық және эмиссиялық емес болып екiге бөлiнедi.
Эмиссиялық банк – айналысқа ақша белгiлерiн эмиссиялауға құқы бар, әдетте орталық банк. Әр мемлекеттерде орталық банк әр түрлi аталады.
Эмиссиялық емес банктер – мемлекеттегi басқа банктердiң барлығының да ақша белгiлерiн шығаруға құқы жоқ банктер. Олар коммерциялық, инвестициялық, инновациялық, ипотекалық және т.с.с. банктер.
Инвестициялық және инновациялық банктердiң екi түрi де ұзақ уақытқа ақша қаражатын шоғырландыруға маманданады, яғни олар облигация, акция және басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша тартып, кейiн ұзақ мерзiмге қарызға бередi. Инвестициялық банктер кәсiпкерлерге қарыз берсе, ал инновациялық банктер технологиялық жаңалықтарды өңдеудi және оны игерудi несиелейдi.
Ипотекалық банктер – жердi және жылжымайтын мүлiктердi кепiлдiкке алып, ұзақ мерзiмге несие бередi. Олар ипотекалық облигация, акция және басқа бағалы қағаздарды сату арқылы ақша жинақтайды.
Банктердi сонымен бiрге шаруашылық сипаты бойынша да бөлуге болады: өндiрiстiк, сауда, ауыл шаруашылық, сыртқы сауда. Территориялық сипаты бойынша: аймақтық және аймақтың, жалпы елдiң қажеттiлiктерiн жүзеге асыратын, халық аралық. Меншiктiк сипаты бойынша; мемлекеттiк, окционерлiк, кооперативтiк, жеке муниципалдық, аралас болып бөлiнедi.
Қазiргi кездегi банк жүйелерiнiң құрылымы қиын. Көрсетiлетiн қызметтердiң сипатты көзқарасынан қарағанда, қазiргi кездегi несие жүйелерiнiң үш маңызды тобы бөлiнген:
- орталық (эмиссиялық) банк;
- коммерциялық банктер;
- арнайы қаржы ұымдары ( сақтандыру, ипотекалық, қор жинау және т.б.).
Орталық банк. Басқаша оны көбiнесе «банктердiң банкi» деп те атайды. Оның ерекшелiгi кәсiпорындармен және халықпен операцияларды жүргiзумен айналыспауынан құралады. Клиент ретiнде екөбiнесе коммерциялық банктер және басқа да кредиттiк ұйымдар шығады. Сонымен бiрге, орталық банктер әр түрлi үкiметтiк ұйымдарға қызмет көрсетумен өте жиi айналысады. Орталық банкттердiң басты қызметi- қаржы жүйесiнде, жалпы елдiң экономикасын да реттейтiн тиiмдi несие-ақша саясатын жүргiзу болып табылады.
Ұлттық банк - заңды тұлға, дербес балансы бар, өзiне тiкелей бағынатын төменгi бөлiмшелермен бiрге тiкелей бағыныстағы бiртұтас орталықтандырылған құрылым, iс-әрекетiн толық шаруашылық есеп негiзiнде жүргiзедi. Әр түрлi салық жинаудан, баж салығын және кеден салығын төлеуден босатылады.
Ұлттық банктiң негiзгi қызметi ұлттық валютаның iшкi және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету. Сондықтан ол:
- ақша айналымы, несие, банктiк есеп айырысу мен валюталық қатынастарын ұйымдастырады;
- ақша, несие және банк жүйелерiнiң тұрақты қызметiн қамтамасыз етедi;
- несие берушiлер мен салымшылардың, сондай-ақ шетел валютасын сатып алу, сату және айырбастау операцияларын жүргiзетiн банктiк және басқа ұйымдардың мұддесiн қорғау және олардың жұмысын бақылау сияқты мемлекеттiк экономикалық саясатын жүргiзедi;
- үкiметтiң және мемлекеттiк органдардың банкi мен агенттiк қызметiн атқару;
- елдiң алтын - валюта қорларын басқару.
Коммерциялық банктер – қарыз капиталы нарығында өзiнiң қызыметiн жүзеге асыратын қөп функционалды ұйымдар болып табылады. Несие беру, депозиттердi қабылдау, әр түрлi есеп жүргiзi сияқты қаржы қызметтерiнiң барлық кешенi әдетте, iрi коммерциялық банктермен жүзеге асады. Қазiргi жағдайларда коммерциялық банктер бүкiл әлемде кредит жүйесiнiң шешушi элементi болып табылады.
Егер банк мемлекеттiк банк болмаса және банкпен мемлекет өзара мiндеттеме алмаған жағдайда банктер мен мемлекет бiр-бiрiнiң мiндеттемелерiне жауапты емес. Мемлекет банктiң мiндеттемелерi бойынша тек мемлекеттiк банктiң жарғылық қорына салған қаражаты шегiнде ғана жауап бередi.
Банктiк заңдарға сәйкес банктер үшiн заңды тұлғалардың жарғылық капиталға қатысуға мынандай қызметтерге тиым салынған және шектелген:
- банктердiң, мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың, инвестициялық қорлардың сақтандыру ұйымдардың, лизинг берушi ұйымдардың жарғылық капиталдарына банктердiң қатысуына;...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!