Курстық жұмыс: Психология | "Балбөбек" төл бағдарламасы

Курстық жұмыс: Психология | "Балбөбек" төл бағдарламасы казакша Курстық жұмыс: Психология | "Балбөбек" төл бағдарламасы на казахском языке

Мазмұны
Кіріспе 3
 ТАРАУ «Балбөбек» төл бағдарламасы. 8
1.1.«Балбөбек» бағдарламасы мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім берудің жаңарту негізі. 8
1.2 Мектепке дейінгі оқу – тәрбие жұмысын бақылау мен басшылық 8
1.3 «Балбөбек» Халық педагогикасының негізінде. 9
 ТАРАУ Білім мен тәрбие беру жұмыстарының жаңарту жолдары. 12
2.1 Мектепалды даярлық жағдайында тәрбие мен білім беру 12
мазмұнының жаңаруы 12
2.2 Мектепалды даярлық және бастауыш сынып оқушыларының 14
ақыл- ойын дамытудың сабақтастығы. 14
2.3 “Балбөбек” бағдарламасының тәлімдік шуағы. 16
2.4 Мектепалды даярылық ісіне бағдар болар бас қосу. 17
Қорытынды................................................................................................18
Пайдаланылған әдебиеттер ....................................................................20
Қосымшалар...............................................................................................25

Кіріспе
Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2004 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында ұл бәсекелестігі алдымен оның біліктілігі деңгейіне байланысты екендгі, сондықтан 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу, сөйтіп халықаралық деңгейге жету мақсаты қойылып отыр. 12 жылдық білім беру жүйесі бойынша халықаралық тәжірибедегідей, орта білім берудің нәтижеге бағытталған моделіне көшу көзделуде. Ол м 2008-2009 оқу жылынан бастап жүзеге асса, ал оған дайындық қызірден бастап жүруге тиіс екендігі сөзсіз. Дайындықтың мақсатты, жүйелі жүруін қамтамасыз ету үшін институт жанынан «Балалар әлемі» ғылыми-әдістемелік зертханасы ашылды. Зертхана 4 бағытта жұмыс жасайды: «12 жылдық білм беру, оқулық теориясы». «Мектепалды даярлық». Әр бағыт іштей төрт мәселелер төңірегінде жұмыс жасайды. Сол дайындықтың негізгі мақсаттарының бірі мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш мектептің байланысын қамтамасыз етуге жағдай жасау болып табылады. Бұл екі кезеңнің жалғасы олардың байланысымен анақталады, яғни бала мектепке дейінгі соңғы кезеңнен бастауыштың алғашқы кезеңне қалай ететіндігімен анықталады. Бұл өтпелі кезең бала үшін оңай емес. «Осы байланыс қалай жүзеге асуда немесе жүзеге аспак?» - деген сауалдың жауабын іздеудегі проблемалар қандай? Алдымен бұл байланыстың негзі – баланы мектепке психологиялық дайындау болып табылады деп есептеуге болатынын айта кетуіміз керек. Психологтар: «Баланы мектепке психологиялық дайындау мектепке дейінгі және кіші мектеп жасының байланысының феномені» - дейді.
«Баланы мектепке психологиялық дайындау» ұғымының нақты анықтамасы әзір жоқ және мектеп жүйелі оқытуға дайындықтың сенімді, кең ақпаратты өлшемдері де әлі құрылмаған.
Шетелдік психологтар «мектептік кәмелеттікті» баланың мектептегі оқуға қатысуға қаблеттілігі дамыған кезең немесе «мектеп бағдарламасын меңгеруге қажетті білім, дағды, қаблет, мотивация және басқа деңгейлерді игеру»- деп атайды. Бірінші анықтама жалпы йтылса, екіншісінде психологиялық дайындық араласып кеткен. Оқу, жазу, есептеу сияқты білім, дағдының формальды деңгейі мектепке психологиялық дайындаудың белгісі бола алмайды. Оны игергенмен бала бағдарламасын меңгеруге қажетті ақыл-ой қызметінің механиздерін білмеуі мүмкін.
Ал, ресейлік психологтар баланы мектепке психологиялық дайындауды ұжымда мектеп бағдарламасын меңгеруге қажетті психикалық даму деңгейінің болуы деп түсінеді. Яғни оқу бағдарламасы баланың «таяудағы даму зонасына сәйкес» келуі керек.
Кейінгі кезде психологтар Л.а.Венгар мен С.В.Мухинаның көзқарасын қолдауда, «мектепке дейінгі жастағы балада» мектептік» қасиеттер таза күйінде, яғни оқушыға лайықты психолологиялық белгілер болуы мүмкін емес, өйткені олар оқу әрекеті барысында ғана қалыптасады»-дейді. Осыдан келіп, Л.А.Венгер мектептегі оқуға психологиялық дайындық балада «мектептік» қасиеттердің қалыптасуынада деп есептейді. Психологияда осылайша бір ұғымның болмауынан баланы мектепке психологиялық дайындау туралы әртүрлі авторлар (Л.И.Божович, И.В.Дубровина, Н.Г.Салмина, И.Шванцара, т.б.) оның құрылымдарын ұсынады.
Түрлі көзқарастарды қорыта келе, мектептегі оқуға психологиялық дайындықтың компоненттеріне психомоторлық (функционалдық), интеллектуалдық, эмоционалды-еріктік, тұлғалық (соның ішінде мотивациялық), әлеуметтік-психологиялық дайындықты жатқызуға болады деген пікірлер бар екендігін айтуға болады. Осы дайындықтар мектепке дейінгі ересектер тобында белгілі-бір деңгейде қалыптасып келеді де, мектептегі жүйелі оқу әркетіне араласқанда өзінің дамуын жалғастырады. Осы жағдай баланың бірінші сынып оқушысы болып қалыптасуына негіз болады. Сондықтан «психологиялық дайындық және кіші мектеп жасының бірізді байланысының феномені» - деп көрсетіледі. Сонымен осы тұстағы проблемаларға нелерді жатқызамыз? Теорияны практикаға алып келуде қандай қиындықтар бар? Психологтар, практик психологтар мыналарды айтады:
Біріншіден, екі жас кезінде (мектепке дейінгі, кіші мектеп) психологиялық бірлікте қарастыруға ықпал ететін интегративтік сипаттаманың әлі де аз жасалуы (2 жас бір кезеңге – балалық шаққа жатады, сондықтан бірінен бірінеөткендігі кризис, Д.Б.Элькониннің терминологиясымен айтқанда аз. Сол өтпелі кезең болмай, баланың дамуына ыңғайлы, оңтайлы жолмен өту керек. Осы жағдай тәжірибеде дұрыс етіп жытар ма, міне, зерттелетін мәселе-осы). 2 жас кезеңінің байланысы бала дамуында үздіксіз болатын екі жақты процесс екендігі ескерілуі керек.
Екінші мәселе деп психологтар баланың мектепке психологиялық дайындығының бірыңғай тұжырымдамасыныңы болмауын атайды.
Үшінші мектепке дайындықтың психодиагностикасын жүргізудегі мәселелер. Психодиагностика күрделі, көпкомпонентті құрылым, сондықтан әдістемені ғана қолдану мүмкін емес, оның үстіне психологтың (егер білікті маман болса) өз көзқарасы да болады. Сондықтан психолог алдында үлкен таңдау тұрады. Ол оның жоғары оқу орнындағы әзірлігіне, біліміне, дағдысына байланысты.
Төртіншіден баланы мектепке психологиялық дайындау жұмысына психолог қана емес, ата-ана да, тәрбиеші де қатысады (қазір көбіне осы жұмысты соңғылары атқаруда деуге болады). Ал олардың психолог ((мектеп психологы) дайындау керек. Бұл қалай жүзеге асуда, ол қаншалықты компоненті жағдайда өтуде? Бұл да мәселе.
Осы мәселелердің бәрі кадр мәселесіне келіп тіреледі. Жаңа тұрпатты педагог (жолдауда аталғандай) дайындаудың бір қыры осы мәселелерді шешуде деп түсінеміз. Бұл мәселелерді шешуде ЖОО-ң жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттарын талдай қарасақ, мәселелі жағдайларды бұл тұста да кездестіреміз.
Өзіміздің қызметімізде басшылыққа алып жүрген жаңа классификатор бойынша 050101- «мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие», 050102- «бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» және 050103 – «педагогика және психология» мамандықтаның стандарттарында мектепке баланың психологиялық дайындығы маңызды мән беріле (акцент түсіріле) айқын аталмаған. Теориялық мәселелері мен практика байланысының көрініс әлсіз. Студенттер жүйелі түрдегі психологияылқ дайындықтың теориясы мен практикасын ұштастыра біртұтас меңгермейді, Бір курста жас ерекшелік психологиясы, екінші бір курста психодиагностика жұмыстарының негіздері, үшіншіден консультация т.б. оқытылады. Теориялық білім практикалық дағдымен интеграцияланбай қалады. Болашақ маман «Фрагментті» міндеттерді ғана шешеді. Студент күтілетін нәтижеге қол жеткізе алмайды.
Бұл мәселелерді шешу үшін мыналарды ұсынымаыз:
1.Жалпыға міндетті мемлекеттік стандартта (ЖОО) баланы мектепке психологиялық даярлау мәселесі пән ретінде нақты енгізіліп, үш мамандық (050101, 050102, 050105) өз аспектісінде толық, жүйелі, бір-бірімен байланыстылықты қарасытыра алатын, нәтижесінде студеттің психодиагностика жасау дағдысын, машығын қалыптастыруға қол жеткізетін жағдай жасау керек. Сонда ғана халақаралық тәжірибедегі деңгейге қол жеткізуге болады (тек оқу, есеп, жазу мес, жалпы оқу дағдысы мен машығын қалыптастыру).
2.Болашақ маман өз ісіне берілген болуы тиіс. Ол мектеп қабырғасында таңдылап, бейінді оқыту арқылы 10-12 сыныпта (12 жылдық бойынша) мақсатты дайындалу керек. Міне, осы кәсіби бағдар кезінде әр мектеп, балабақша тәрбиешісінен бастауыш сынып мұғалімнің жаңа тұрпатына (яғни жаңа стандартта оқитын) өздері тапсырыс жасап, даярласа, өтпелі кезеңде ақсап қалған мектепке дейініг педагог даярлау ісі жанданар еді. Сонымен қатар ЖОО-ға қабылдау кезіндегі мәліметтер сан жағынан да, сапа жағынан да өзгегер еді.
3.ЖОО стандарттары студентке бакалавр дәредесін, беруге арналған, яғни «мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие», «бастауыш оқыту педагогикасы менәдістемесі бакалавры» дәрежесі беріледі. Одан соң магистратурада оқу мүмкіндігі бар. Міне, осы жағдайды пайдалану үшін әр оқу орнына «бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» магистратурасын ашу мүмкіндігі туып отыр. Мәселе, осы мамандық бойынша доктордың болмауы оған кедергі келтіретіндігінде, яғни бұл да – мәселе. Сондықтан әр пән бойынша педагогика ғылымының кандидаты бар оқу орындарына магистратура ашуға рұқсат берілсе. Ал 12 жылдыққа көшудің басы-мектепке дейінгі және бастауыш буын бойынша қазір ғалымдар өте қажет.
4.Кадр мәселесінен кейінгі мәселе оқулық, құралдарының сапасы болмақ екені аян. Баланы мектепке психологиялық дайындау яғни мектепалды даярлыққа қажетті вариативті оқулықтарға да жол ашу керек деп ойлаймыз.
5.Кадрды қайта даярлау мәселесінде мектепалды даярлық курстарында «Мектепке баланы психологиялық дайындау» тақырыбы теориялық та, практикалық та жағынан терең, нәтижесінде тәрбиеші де, мұғалім де, психолог та бұл мәселемен айналыса алатын дәрежеде даярлануына назар аудару керек.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2007 жылы 1 наурыздағы жолдауы.

Он жетінші бағыт- Бастауыш және орта білім беру, сондай-ақ кадрларды қайта даярлау жүйесін әлемдік стандарттарға жақындату.
Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар денгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек.
Біріншіден, 3 ауысымдық оқытуды жою керек. Таяудағы үш жылдың өзінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде Қазақстанның өңірлерінде 100 жаңа мектеп салу қажет.
Екіншіден, оқытудың, әр оқушының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау керек.
Үшіншіден, он-лайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажет.
Төртіншіден, оқу жоспарларына жаратылыстану ғылымдары бойынша, бірінші кезекте, математика мен ақпараттанудан қосымша
сағаттар немесе пәндер енгізу керек.
Сонымен қатар ғылыми жаратылыстану бейініндегі арнаулы сыныптар жүйесін құруды қарастырған жөн. Үкімет осы бағытқа қажетті инвестициялар тартудың тетіктерін әзірлейтін болсын.
Бесіншіден, мектептерге ағылшын тілінің шетелдік оқытушыларын тарту қажет. Кез келген ортасанатты мектептің балалардың ең жоғары деңгейде шет тілін оқып үйренуіне жағдай жасайтындай дәрежесіне қол жнткізуіміз қажет.
Алтыншыдан, жұмыстың жоғары нәтижелеріне қол жеткізген мектептерге гранттар тағайындау жөнінде мемлекеттік конкурстар жүйесін енгізу туралы ойластырған жөн, айталық, оларды аз қамтылған отбасындағы оқушыларға арналған степендиялардықаржыландыру түрінде беруге болар еді. Бұл олардың одан әрі неғұрлым беделді әрі озық білім беру мекемелерінде білім алуларына жағдай жасайды.
Үздік оқытушылардың жұмысын бағалау мен оларға сыйақы төлеу жүйесін өте мұқият зерделеген жөн.
Онсегізінші бағыт- Оқу орындарын халықаралық стандарттар деңгейінде аттестациялауды енгізу, жоғары тбілім беру саласында нақтылы және инженерлік ғылымдарды басым дамыту.
Біріншіден, Үкімет әрбір жоғары оқу орнындағы білім беру сапасын әділ бағалауға мүмкіндік беретін халықаралық деңгейде аттестациялау жүйесін енгізуге тиіс. Жоғары білім беру ұйымдарын халықаралық аккредитациялау үшін беделді агенттіктерді тарту жөнінде де ойланған жөн.
Екіншіден, ғылымды құрылымдық реформалау шеңберінде бірқатар академиялық ғылыми мекемелерді алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен біріктірген тиімді, мұның өзі білім беру мен ғылыми зерттеу жұмысын ұштастыратын университеттер құруға негіз болар еді.
Үшіншіден, Үкімет оқытудың мамандандырылған бағдарламалары мен нақтылы және инженерлік ғылымдардың ғылыми –қолданбалы орталықтарын дамыту үшін тиісті нормативтік құқықтық база әзірлеуге тиіс.
Төртіншіден, Білім және ғылым министірлігі мен Үкіметтің өзге де тиісті құрылымдары ғылыми-техникалық оқыту бағдарламасын әзірлеп, ақша қаражатын тиімді пайдалану мен ғылыми және қолданбалы зерттеулердің қосарластығын еңсеру арқылы ғылыми, конструкторлықжәне технологиялық жұмыстардың салааралық үйлестірілуін нығайту қағидаттары бойынша оның іске асырылуын бақылауға алуы керек.
Бесіншіден, біздің шетелдердің мемлекеттік даму институттарын белсендірек тартып, сонымен қатар жеке меншік сектор инвестицияларының математикалық және ғылыми білім беру ісіне құйылуын көтермелеп отыруымыз қажет.
Алтыншыдан, біз үшін барынша мүдделілік туғызып отырған білім беру салаларына шетел ғалымдары мен оқытушыларын белсендірек тарту өзіміздің білікті оқытушылар құрамы мен инженер-педагог кадрлардың санын ұлғайту жөніндегі стратегиямыздың құрамдас бөлігі болуы керек.
Жетіншіден, ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағдарланған мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр.
Зерттеудің мақсаттары:
Балабақшадағы тәрбиелеу мен білім беру жұмыстары тұжырымдамаға сәйкес түбегейлі жаңарту.
Зерттеудің міндеттері:
Тұлға ретінде баланың жеке басының іс әрекетін дамыта оқыту теориясы негізінде, белсенді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, тәрбиелеу білім беру жұмыстарын жетілдіру.
Зерттеудің әдістері:
«Балбөбек» бағдарламасы бойынша тәрбие жұмысында жаңа заман мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық санымен психилогия қалыптасқан ертеңгі қоғам иегері, ұлт болашағы – ұрпақ тәрбиесін дұрыс қалыптастыру.Бағдарламаға сәйкес әдіс-тәсілдерді қолдану.
Теориялық қолданылымы: Мектеп жасына дейінгі балалардың дағдылары мен іскерліктері арқылы оның өзбеттілігін, мақсаттылығын, шығармашылығын, логикалық пайымдауын дамытып, балаларға көрнекі-әрекеттік, көрнекі-бейнелілік түрлерін берік қалыптастырып, сөздің логикалық қоры мен ойлауын дамыта отырып, геометриялық материялдармен, конструкторлармен, үлестірме шаблондармен қабілеттерін арттыра түсу.
Практикалық қолданылымы: Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын, логикалык сөздік қорын, ойлауын дамыту құралы ретінде: жұмбақтарды, қызықты есептерді, логикалық жаттығуларды, сан-алуан сөзжұмбақ, анаграмма, метаграмма, ребустарды, логикалық ойындарды пайдалана отырып баланың шығармашылық қабілетін шыңдау.

 ТАРАУ «Балбөбек» төл бағдарламасы.
1.1.«Балбөбек» бағдарламасы мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім берудің жаңарту негізі.
Білім беру жүйесін реформалау, білім мазмұнын жаңарту ісі егеменді еліміздің саяси, әлеуметтік, қоғамдық даму талаптарының туындап отыр.
Бұрынғы одақтық бағдарламаларда баланың жеке тұлға ретінде дамуына нақты әсер ететіндей емес, жалпы ұжымдық мақсатқа жету жолдары ғана көзделген. Әрі баланың өз ой-пікірін, сезімін еркін дамытып, үлкендермен, құбылыстармен қарым-қатынаста болуына, ұлттық сана-сезімінің қалыптасуына ойдағыдай көңіл бөлінбей келгені белгілі.Сондықтан Қазақстан Республикасын «Білім туралы» Заңы, «Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбиенің тұжырымдамалары» басшылыққа алына отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңартуға негізгі тірек бола алатын, қазақ халқын елдік рухани ерекшелігіне бейімделген жаңа «БАЛБӨБЕК» бағдарламасы жасалды.Аталмыш бағдарламаның басты жаңалықтарының бірі-тақырыптық жүйеде топтастырылып, баланың мінез-құлқын ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріне үйлесімді қалыптастыру көзделген имандылық-инабаттылық тәрбиесі бөлімінің енгізілуі, әрі тәрбие жұмысын кешенді ұйымдастыру.
1.2 Мектепке дейінгі оқу – тәрбие жұмысын бақылау мен басшылық
Оқу мен тәрбие егіз. Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибиесінен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын және соған сай мінез құлқын қалыптастыру. Тәрбиенің негізі – ұлттық тәлім – тәрбие.
Ғасырдан астам тарихы бар және әлемдік қоғамдастықта балаларға мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің негізгі нысаны ретінде сыннан өткен балабақша бүгін де үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағының үлгісі болып қалып отыр. Балабақшалардың жүйесін сақтау мен дамыту мектепке дейінгі тәрбие микросаясатының басты басымдылығы.
Мектепке дейінгі және жалпы орта білім берудің бағдарламаларының сабақтастығы мынадай:
1. Болашақ оқушының танымдық белсенділігінің негізі ретінде мектепке дейінгі баланың білуге деген құмарлығын дамыту.
2. Шығармашылық және басқа міндеттерді өз бетінше шешу әдістері, қызметтің әр түрінде, оның ішінде оқу қызметінде табысты болуға мүмкіндік беретін құралдар ретінде бала қабілеттерін дамыту.
3. Баланың санаткерлік және жеке бастың даму бағыттары ретіндегі шығармашылық қиялын қалыптастыру.
4. Оқу қызметінің табыстылығының шарттарының бірі болып абтылатын коммуникативтілікті дамыту.
Сабақтастылықты қамтамасыз ету құралдары үздіксіз білім беру технологиясы болып табылады.
Қазіргі кезде әлемдік қауымдастық Қазақстанды нарықтық экономика елі ретінде танып отыр. Тәуелсізді алған қысқа тарихи кезең ішінде Қазақстан экономикада сілкініс жасады, Әлемдік өркениетпен ықпалдасуда, жаңа прогресшіл технологияларды пайдалануда.
Осыған орай қоғам өмірінің жаңа сапасының негізін құрайтын және елдің экономиялық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің аса маңызды факторлары әрі базасы болып табылатын қоғамдық даму деңгейінің өлшемдері ретінде қазіргі білім беру жүйесінің адам капиталының ролі мен мәні артуда.
Білім беру саласының жәй күйін талдау бір жастан бес жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың ұйымдастырылған бағдарламаларымен нашар қамтылған деп атап көрсеткендей – ақ. Қазіргі жалпы білім беретін мектептегі оқытудың мазмұны фактология қалып отыр, пәндік тәсілге негізделген мемлекеттік стандарттар моральдік тұрғыдан ескірген,- деп жақындаған көпшілік талқысына ұсынған білім министірлігінің Қазақстан республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы жобасында анықтан – анық көрсеткендей біздер балабақша әдіскерлер қарап отырмауымыз керек. Бұл орайда тұжырымдама жобасы біздердің алдымызға мақсат міндеттерқойып отыр: - білім беруді басқаруды одан әрі демократияландыру негізде Қазақстандық білім беру моделінің жұмыс істеуінің заңнамалық, нормативтік, құқықтық базасын жетілдіруді жүктейді.
Білім берудің деңгейлері әрине, тағы да балабақшадан басталмақ. Мақсаты – мектепке дейінгі білім беру, сауықтыру және түзету бағдарламаларымен қамтхуды дәйекті түрде ұлғайту жолымен балалардың білім алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету.
Тәрбие мен оқыту мазмұны бірінші деңгейге қызыметтің өзіндік түрлерін және баланың даму бағытын, оның кейінгі мектеп жағдайына бейімделуін қамтамасыз етуге тиіспіз.
1.3 «Балбөбек» Халық педагогикасының негізінде.
«Балбөбек бағдарламасы» бойынша өткізілген «Қыс қызықтары» деген тақырыптағы сабақтың мақсаты: балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін тиянақтау, әңгіме, жаңылтпаш, өлең-тақпақтар, мақал-мәтелдер айту арқылы сөздік қорын байту, көңіл-күйлерін көтеру. Кеңістікті, уақытты бағдарлай білу, заттардың көлемін ажыратып санау, сандарды ажыратуды есте сақтау. Сурет бойынша әңгіме құру, тілдерін дамыту, ойлау белсенділігін арттыру, ұқыптылыққа, құрдастарының жауаптарын тыңдауғы, қажетіне қарай көмек беруге тәрбиелеу, саусақ бұлшық еттерін жетілдіру, тапсырманы аяғына дейін орындауға тәрбилеу. ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс "Балбөбек" төл бағдарламасы курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар Психология жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс Балбөбек төл бағдарламасы курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар Психология жобалар курстық ж, Курстық жұмыс: Психология | "Балбөбек" төл бағдарламасы дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін