География | Арал теңізі

 География | Арал теңізі

Мазмұны
Кіріспе
І Тарау
1. Арал теңізінің зерттелуі
1.1 Арал теңізінің зерттелу тарихы
1.2 Арал маңы табиғи ресурстарын және оны тиімді пайдалану жолдары

ІІ Тарау
2. Арал теңізінің экологиялық мәселелері
2.1 Арал теңізінің экологиялық мәселесі
2.2 Арал теңіз мәселесі жөніндегі іс-шаралар
Қорытынды
Қосымша
Пайдаланылған әдебиеттер

І Тарау
1. Арал теңізінің зерттелуі
1.1 Арал теңізінің зерттелу тарихы
Қазақстанның Оңтүстік аймағында жатқан Арал теңізі көлемі жағынан екінші орынды иеленеді. Арал теңізі Тұран ойпатының тектоникалық қазан шұңқырында жатыр. Ол дүниежүзілік мұхит деңгейінен 53 м биіктікте орналасқан. 1950 жылы жалпы ауданы 64,5 мың шаршы километр, ұзындығы 428 километр, жағалаулары көбінесе ойпатты, жазық, құмды болып келеді.
Арал теңізі туралы Аль-Бируни, Ибн-Хордадбек Ибн –Русте т.б. ойшылдар өз еңбектерінде жазған.
ХҮІІІ-ғасырда Арал теңізіне патщшалық Ресей көңіл аудара бастады. Ароал теңізі мен оған құятын Әмудария мен смырдария өңірлерінің төменгі ағыстары туралы 1848-1849 жылы орыс ғылымы Бутоков А.И. Экспедициясы толы физикалық- географиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді. Н.А. Северцев (1857-1858 ж) Арал теңізінің Сырдарияның төменгі ағысын және Қаратау жоталарын зерттеді. Ол бұл өлкенің картасын жасады және оның жер бедерін, табиғаитын климатын, өсімдіктерін суреттеп жазды.
Ол зерттеуде табиғат компоненттерінің сабақтары туралы идеялар көтеріп, геологиядағы экологиялық бағытқа жол ашты. Арал теңізі алқабындағы судың 85 процентін ауыл шаруашылығы пайдаланады.
Арал теңізі бетінің ауданы 1960 жылы 66,1 мың км-ден 1993 жылы 33,3 мың шаршы километрге азайған. Арал теңізі суының көлемі 1993 жылы 278 текше метрге азайған. Арал теңізі көлемі жағынан түркі тілдес елдер ішінде екінші, ал дүние жүзінде төртінші орында.
Арал теңізі көне заманнан бері әлемнің көптеген саяхатшылары ғалымдарының назарын өзіне аударып келеді. Арал туралы алғашқы деректер ежелгі грек ғалымдарының еңбектерінде ұшырасады. Грек ғалымы Птолемей теңізінің географиялық орнын дұрыс анықтап жазған. Арал теңізінің суын, табиғатын жан—жақты зерттеуде орыс ғалымдарының сіңірген еңбегі зор. Академик Л.С.Бергтің1908 жылы «Арал теңізі деген үлкен еңбегі жарық көрді. Арал теңізінің түбі тегіс, тұнба шөгінділі».
Арал теңізінің аймағының климаты қатаң контингентті, құрғақ жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 100 мм. Жылдың булану мөлшері түскен жауын-шашыннан бірнеше есе көп.
Теңіз бетіндегі ауаның жаз айындағы орташа температурасы: +24 0С+2+ 0С, қыста -7 0С,-13 0С-қа дейін төмендейді. Қыста теңіз бетіне мұз қатады. Суының тұздылығы 14 пайзы. Соңғы жылдары теңіз суының қатты тартылып тайыздануына байланысты тұздылығы қалыпты мөлшерден артқан. Яғни бүгінде қос өзен атырабында біршама әлеуметтік және эклономикалық проблемалардың туындағаны, ал оның басты себебі регионның табиғатында қалыптасқан экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы екені ашық айтылып жүр.
1915 жылы қос өзен атырабына сапар шеккен Явардия капитаны Бекович-Черкасский сондай-ақ саяхатшы- климатолог А.И. Воейков Оңтүстіктегі құрғақшылықтың басты себепшісі Арал теңізі деп есептеп, осы бір орасан үлкен су қоймасын біржола құртуды ұсынгады. Ал география ғылымының докторы С.БЮ. теллер «Арал теңізінің проблемалары» атты мақаласында «бекерден- бекер теңізге құйып жатқан суды пайдалан отырып, 4 млн гектар жерді суаруға, 4 млрд сомның өнімін алуға болады» деп жазады. Арал теңізінің «табиғат қателігі ретінде есептеп, оның болашағына сенімсіздікпен қарайтын көзқарастар көпшілік арасында қалыптасқан қоғамдық пікір туғызады. Жекеленген ғалымдардың тиіп-қашты пікірі болмаса, соңғы он-онбес жыл ішінде Аралдың пайдасына бірде-бір жанашыр, жылы сөз естіген жоқ. Теңз жайын толғаған көркем шығарма немесе нақты ғылыми зерттеулер тиісті орындардың назарынан тысқары қалды. География ғалымдарының докторы А.И. Симонов пен география ғылымдарының кандидаты И. П. Гоптареваның есебі бойынша Арал теңізінің жойылуы нәтижеде реогондағы 5 млн гектар жер біржола жарамсыздыққа ұшырайды екен.
Арал теңізінің Қазақстан территриядағы жұмыс жүйесін теңізді өкшелей қуу принципі бойынша жүргізуге регионның табиғат жағдайы да сұранып тұр. Бұл тұста Арал теңізінің деңгейі бір көтеріліп, бір төмендеп отырғанын тарихи фактілерде де, көнекөз қариялардың әігімелері де растайды.
Арал өңіріндегі ерте темір дәуірінің сақтанған археологиялық ескерткіштердің жинақталуы. Арал өңіріне Әмудария мен сырдарияның Арал теңізіне құятын төменгі ағысының аралығы жатады. 1937 жылы бастап Хорезм археолог- этнограф экспедициясы Сжетский, С.П. Толстов, М.А. Итина, О.Л. Вишневская т.б. зерттулер жүргізілді. Арал өңірінде сақ тайпалаларының 4 түрлі өмір сүргені белгілі болды. 1) жаңадария бойында- пасиактар; 2) қуаңдарияда бойында- Тохарлар; 3) сырдария мен қуаңдария аралығында- аугасилер; 4) әңкәрдария бойында –сакравактар Стробон бұл аймақтардың массагеттердің батпақты суы мол, аралды жер екенін айта келіп, онда апасиактар өмір сүргенін жазған. Арал өңіріндегі ертеректе болған шірік рабат, Бәбіш Молла, Баланды, жетіасар, Алтын асар көне қалалары орындарынан сақ тайпаларының мол ескерткіштері табылды. Бұл қала-жархит жобалары бір-біріне ұқсас. Халқы мал шаруа, мен, егін егумен, аң аулаумен айналысқан. Қазба жұмыс кезінде дәнд дақылдар, арпа, тары қалдықтары, үккіш, қол диірмен т.б. құрал-саймандар табылды. Мал сүйектерінің 47 пайызы ірі қара сүйектері болуы, оның ішінде түйе, жылқы сүйектерінің мол кездесуі жартылай көшпелі өмірдің басым болғанын аңғартады Қол өнер, зергерлік жақсы дамыған. Шірік Рабат қаласы төңірегіндегі обаларды зерттеу барысында алынған бұйымдардың Арал өңірі тұрақ-жайларындағы бұйымдарға ұқсастығы дәлелденді. Жерлеу тәсілдерінің өзіндік ерекшелігі бар. Бейіттер күмбез тәріздес, аумағы 38,5 м биіктігі 8 м, көлемі 47х29х9, 5 см, 53х31х11 см шикі кірпіштен өрілген Антропологиялық зерттеулер сақ тайпаларының бет пішінінде б.з.б. 7-5-7-да ейропалық, ал б.з.б4-2 ғасырдан бастап монғолдың белгілері күшейе бастағанын көрсетті.
Арал өңірі ескерткіштері жаңа тас дәуірі мен соңғы темір дәуірі аралығында бұл аймақта мал шаруашылығы мен суармалы егіншілікпен айналатын, әскери өнері жақсы дамыған тайпалардың өмір сүргенін көрсетті. Олар көрші елдердің және шығыстан келген тайпалардың әсерінен саяси- әлеуметтік, экономикалық мәдени және антропологиялық жағынпан өзгерістерге ұшырап отырған.
Арал теңізін Сырдария мен Амудария өзінен бөліп қарауға болмайды. Өйткені Аралды адамдар қателігінің құрбандығы десек, сол қателіктер алаңы-Орта Азиядағы Қос өзеннің бойы, өзіндік қайталанбас мінезі, мың жылдық тарихы бар ұлы өзен-Сыр ел жайлы ойланған сәтте өкейде тарих сабағы тұруы тиіс. Өйткені өзен бойында белең алған өзгерістердің себеп-салдарын дер кезінде тауып төніп келген қауіптің алдын алсақ, сырдан су іштеін он екі миллион адамның болашағына нұқсан келуі әбден мүмкін. Ал тарих тереңіне үңілер болсақ, бір кездері Сырдария аунай ағып Варахшы атты көлдер жүйесіне құйыпты. Хиуа тарихшысы Әбілғазы жер дүмпуінен Варихш көлдер жүйесі Аралға ауып теңізге айналды, деген болжам айтады.
1.2 Арал маңы табиғат ресурстарын және оны тиімді пайдалану жолдары
Теңізде балықтың 30-дан аса түрі бар. Кәсіптік маңызы бар бекіре, сазан, қаяз, шабақ ақмарқа сияқты балықтар ауланады.
Соңғы уақытқа дейін аралдан болықшылар жылына 200 мың тонна балық аулап келеді. Аралға құятын Амудария мен сырдария өзенінің суын егістікке орынсыз пайдалану, ысырап ету салдарынан теңіз суы тартылып, айдыны тарылып барады.
Теңіздің Солтүстіктегі Барсакелмес аралында «барса келмес» қорығы құрылған. Қорық аймағындағы бөкен, құлан, жайран, қырғауыл т.б. аң, құс түрлері қорғауға алынған. Қазіргі теңіз деңгейінің күрт төмен түсуіне байланысты олар басқа жаққа көшірілді.
Қазіргі кезде Шығыс, Аралдың қазақстанның бөлігінде (қызылорда облысы) қорғалатын табиғи аумақтар өте аз. Ең алғаш қорғалатын табиғи аумақтар (Қ.Т.А.) ұйымдастыру, 1929 жылы Барсакелмес аралына терісі бағалы аңдар –балпақ пен зорманды әкеліп жерсіндірумен, өсіру және оны аулау жұмыстарымен байланысты болады. Сондай-ақ, мұнда сұр кекіліктер, қырғауылдар, ор қоян, қарақұйрықтар, ақбөкендер сияқты бағалы хайуантатар жіберілген. 1939 жылы осы аңшылық шаруашылықтың негізінде жоғарыда айтылғандай Барсакелмес қорығы ұйымдастырылды. Облыс байлығында 1 қорық, 2 қорғалым жұмыс істеп келеді. Ландштафтарды қорғаудың ең жоғары формасы- қорықтар ұйымдастыру.
Әлемдік ұстанымдарға сәйкес биологилық түрлілікті сақтаудың ең тиімді әдісі ерекше қорғалатын аумақ статусын беру. Ал, қорғалымдар құру сыр өңірінде ХХ ғасырдың 70-80 жылдары ғана қолға алына бастады. Көптеген жылдар бойы табиғи қорғалымдар мемлекеттік статус алмай қазақстанның табиғат қорғау қоғамының құрамында болды.
Жалпы басқа елдердегідей қазақ халқында табиғатты, әсіресе оның жеке нысандарын қорғау идеялары ертеден қалыптасып, ұрпақтан- ұрпаққа мұра болып беріліп келеді. Мұндай идеялардың туындауы қазақ халықының әлімсақтан табиғатпен етене байланысып келуінде. Қазақ халқының еңбектеген баладан ақ шашты ата-әжеге дейін табиғат құрылыстарына ерекше көңіл бөліп, соның сырын ұғына білген. Мұндағы жылдар болғы адамдардың табиғатпен болатынын, бірі бұзылса бүкіл жүйенің биосферадағы әр заттың бір-бірімен байланыста, қарым-қатынаста болатындығын ырғақтығы бұзылатынын білуге көмектеседі. Халық табиғаттағы кейбір жануарлар мен құстарды да, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлейді. Сол арқылы адам баласына бақыт пен байлық, құт-береке келеді деп көрсетті. Мысалы аққуды атпайды, жылқыны, қойды, түйені басынан ұрмайды, малды аяқпен теппейді немесе далада өсіп тұрған жалғыз ағашқа, бұтаға тиіспеген.
Қазақ халқы сонымен бірге тек өсімдіктер мен жануарлар сияқты түрі нәрселерге ғана емес, өлі табиғаттың кйбір ерекше жаратылыс нысандары да қасиетті, киелі жерлер деп білген. Мысалы, киелі бұлақтар, тау-тастар. Сыр өңірінде мұндай жерлер көп кездеседі. (Құттықожа бұғазы, Талдысу, қатын қамал, қорасан, қорқыт ата мазары, жеті әулие, т.б.).
Орыс шаруашылығының, бай-көпестерінің қазақстан жерінде жер ауып келуі, жергілікті халықтың мал жайылымдардың шұрайлы жерлерін тартып алуы өлкенің табиғат қорғау тархында жаңа кезеңнің қалыптасуын көрсетеді. Қызылорда қаласының тұсындағы Александровск, Жөлек, Қазалы уездеріне қарасты жерлердің көпшілігі орыс көпестерінің қолына көшті. Оның айғағы қазіргі көптеген жергілікті топонимдер.
Бұл қорықтарды ұйымдастырудың экологиялық негізі маңыздылығы еш күмән клтірмейді. Себебі республика көлемінде немесе жалпы табиғат қорғауды ұйымдастыру жұмыстарында шөл даланың ландштафтын сақтау өте аз қарастырылған, ал осы ландштафтың өз дәрежесінде көрсете алатын бірде-бір қорық жоқ. Сондықтан шөл даланың табиғатын, фаунасы мен флорасын қоса ландштафтық эталон ретінде сақтап қалатын қорық ұйымдастыру өте қажет-ақ.
Әсіресе, Қазақстанда шөл мен шөлейттің түрлік құрамы өте жоғары, әрі ерекше өзіне ғана тән. Орман экожүйесінің ең бағалысы да басымырағы өзен арналық тоғайлар мен шқөл ормандары болып табылады.
ІІ Тарау.
2.1 Арал теңізінің экологияльқ мәселелері
60 жылдардан бастап Арал теңізінің ауданы кеми бастайды. Суды ауыл шаруашылық дақылдарын суару үшін қолдану Тянь-Шань тауларымен ағып келетін табиғи су ағысын 90%-дан астам қысқартып жіберді. Теңіз ауданы 2,6 млн. га-ға кеміп, өзінің 60% көлемін жоғалтты. Судың деңгейі 12-ден 2 м-ге түсіп кетті, тұздылығы 2 еседен астам артты. Күн сайын 200 тонна тұз бен құм желмен 300 км ара қашықтыққа таралады. Шөлдену, топырақтың тұздануы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!