Қаржы | Ақша айналымының ұйымдастыру принципі

 Қаржы | Ақша айналымының ұйымдастыру принципі

Мазмұны

Кіріспе...................................................................................................................3

1. Ақша айналымы
1.1. Ақша айналымы және оның құрылымы .................................................... 6
1.2. Тауар айналысының ақша айналысымен өзара байланысы...................... 9

2. Ақша айналымының ұйымдастырудың принциптері
2.1. Қолма-қол ақша айналысы. ..........................................................................19
2.2. Ақша айналысының заңы............................................................................. 21
2.3. Ақша айналысын басқарудың және реттеудің өлшемдері. ......................25

Қорытынды ..........................................................................................................30
Пайдаланған әдебиеттер тізімі...........................................................................3

1. Ақша айналымы.

1.1. Ақша айналымы және оның құрылымы.

Экономика тиімді басқарылғанда ғана ақша айналымын дұрыс ұйымдастыруға болады. Ақша айналымы экономикаға оң әсерін де, теріс әсерін де тигізуге ықтимал. Шаруашылық жүргізудің тәжірибесі мемлекеттің бірыңғай эмиссия, несие, есеп айырысу орталығы болып табылатын банктің ( ҚР Ұлттық банк) ақша айналымын шоғырландырып басқаруының мақсатқа лайықтығын дәлелдеп береді. Ол елдегі ақша айналымы мен ақша айналысына жауапты ұйым.
Ақша айналымы мынадай принциптердің негізінде ұйымдастырылады:
- барлық ұйымдар мен мекемелер, шаруашылық органдары өз ақшаларын банктерде сақтауы керек;
- шаруашылық органдарының арасындағы ақшалай есеп айырысу, әдетте, қолма-қол ақшасыз аударымдар мен өзара талаптарды шегеру жолымен жүзеге асырылады;
- есеп айырысу құжаттары тек банктер мен байланыс органдары арқылы өтетін төлемдер үшін пайдаланады әрі олар айналыстың несие құралы бола алмайды;
- төлемдер тек төлеушінің келісімімен ғана жүзеге асырылады. Бұл келісімшарт тәртіптерінің сақталуына тиімді бақылауды ұйымдастыруда маңызды рол атқарады.
Мынаны айрықша айта кету керек, ақша өзінің айналысында қолма
қол ақшасыз айналысқа және осыған керсінше қолма-қол ақшасыз айналыстан қолма-қол ақша айналысына ұдайы өтіп отырады. Мәселен, банкке қолма-қол ақшамен берілетін сауда ұйымдарының түсімі олардың есеп айырысу шарттарында қолма-қол ақшасыз ақшалай қаражатқа айналады, олар осылайша өз жабдықтаушыларына ақша сомасын аудара алады. Соңғысы (жабдықтаушылар) өз шоттарына кеп тұскен бұл ақша сомасын жұмысшылар мен қызметкерлердің қолма-қол ақшасы мен еңбекақысын төлеу үшін пайдаланады.
Ақша банк кассасынан шаруашылық органдарының кассасына, шаруашылық органдардың кассаларынан халыққа, халықтан сауда-саттық, тұрмыстық, көліктік кассаларға және мекемелерден банк кассасына түсіп, ұдайы ауыспалы айналым жасап, қозғалыс үстінде болады. Мұның бәрі ақша айналымының бірыңғай болатынын көрсетеді. Бірыңғай ақша қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар да және қолма-қол ақшамен есеп айырысуда пайдаланады.
КСРО тұсында «ақша айналымы» және «аұша айналысы» ұғымдарының арасында нақты шекара болды.
Ақша айналысы тек қолма-қол ақшаның қозғалысын ғана қамтиды,
ал ақша айналымына қолма-қол ақша қозғалысы да, қолма-қол ақшасыз айналымы да кіреді. Ақша айналымы ақша айналысына қарағанда сыйымдылығы жоғары, яғни мағынасы кең ұғым болды.
КСРО-ның құлауына байланысты бағаның еркіне жіберілуі, орталықтандырылған басқарудан нарықтық қатынасқа көшу барысында ақша айналымы мен ақша айналысы арасындағы айырмашылық жойылып, қолма-қол ақша қозғалысын және қолма-қол ақшасыз айналымды бір-бірінен ажырату мүмкін болмай қалды.
Бұл қолма-қол ақша қозғалысы мен қолма-қол ақшасыз айналымның бірдей күшке ие болғанын білдіреді, ал ақшаның бір формадан басқа формаға ауысуы шаруашылық органдардың, кәсіпкерлердің және жеке тұлғалардың нақты қажеттіліктеріне қарай орын алды.
Осы заманғы нарықтық жағдайда «ақша айналымы» мен «ақша айналысы» ұғымдары бір-бірімен осылайша теңеседі. Ақша айналысы – бұл елдегі тауарлық және тауарлық емес сипаттарына қызмет ететін қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз формаларындағы ақша қозғалысы болып табылады.
Ақша айналысы екі формада алға шығады: қолма-қол ақша айналысы және қолма-қол ақшасыз айналыс. Қолма-қол ақшасыз айналыстың артықшылықты жақтары көп, өйткені қолма-қол ақша айналысының қолма-қол ақшаны шығарумен, тасымалдаумен, сақтаумен байланысты шығындары болады, оның үстіне, қолма-қол ақшаның тоналу қаупін де естен шығармаған дұрыс. Ақшаны қолма-қол ақша формасынан қолма-қол ақшасыз формаға немесе осыған керсінше қолма-қол ақшасыз формадан қолма-қол ақша формасына ауыстыру (құю) тұрғысынан келгенде бұл арада ешқандай проблема болмайды, өйткені тауар өндірісі мен тауар айналысы ақша айналысының объективі негізі болып табылады.
Алайда ақша айналысы тек тауар айналысының қайталанушысы ғана емес. Бұл екі процесс біршама оқшау жүзеге асады. Тауарлардың алмасуына ықпал ететін ақша айналыстан шықпайды, осы айналыстың ішінде ұдайы болады, ал тауарлар сатылғаннан кейін айналыстан шығып, тұтынылады. Мұнда тауар айналысы бастапқы , ал ақша айналысы екінші сипатта болды. Тауар айналысы ақша айналысын тудырады.
Ақша айналыста жүріп, бірде айналыс құралының (қолма-қол ақша) қызметін, бірде төлем құралының (қолма –қол ақшасыз) қызметін кезек (ауысуын) орындайды. Олай болатын болса, ақша айналымы барлық ақша қатынастарын бейнелеуші болып табылады, яғни ол айналыс құралы ретінде және төлем құралы ретінде ақша қызметтерін танытады.
Қолма-қол ақша мен қолма-қол ақшасыз айналымдары ішкі төлем айналымын шетелдік валюталардың еркін еніп кетуіне тосқауыл қойылғанда ғана біртұтастығын сақтай алады.
Қолма-қол ақшасыз айналыс ақша айналымының бір бөлігі болып табылады әрі қолма-қол ақшаны пайдаланбай, яғни есеп айырысудың бірінен екіншісіне ақша аудару немесе борыштарды өзара шегеру жолымен жүзеге асырылатын төлемдердің жиынтығын білдіреді.
Қолма-қол ақшасыз айналым екі түрге бөлінеді: тауарлық айналым және тауарға қатыссыз айналым. Негізі артықшылықты айналымға тауарлық айналым жатады, ол қоғамдық жиынтық өнімнің өндірілуі мен сатылу процесін тікелей бейнелейді.
Айналымның тауарлық қолма-қол ақшасыз айналыс құрамына тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін халықтың, кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің қолма-қол ақшасыз аударымдар жолымен жүзеге асырылатын төлемдері кіреді.

1.2. Тауар айналысының ақша айналысымен өзара байланысы.

Тауарға қатыссыз қолма-қол ақшасыз айналымда кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, сондай-ақ халықтың ұлттық табысты қалыптастыру, бөлу және қайта бөлу, амортизациялық аударымды қайта бөлу процесіндегі төлемдері, айналымдағы қаражат пен пайда, банктің несиелеуі, сақтандыру және басқа да тауарға қатысы жоқ төлемдер көрініс табады.
Тауарға қатысы жоқ қолма-қол ақшасыз төлемдерге жататындар: еңбекақыдан ұсталатын салық төлемі; тұрғын үй, коммуналдық, тұрмыстық, пошталық және т.б. қызмет төлемдері; несиені өтеудің төлемі және қолма-қол ақшасыз есеп айырсу арқылы жүзеге асырылатын басқа да төлемдер.
Ақша айналысын оңтайлы ұйымдастырып, оны нығайту үшін және ақша айналымын жылдамдату үшін әрі көлік (тасымалдау) шығындарын азайту үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың салаларын одан әрі ұлғайтып, жетілдіруіміз қажет. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жолымен кәсіпорындар мен ұйымдар арасында, олар мен олардан саты бойынша жоғары тұрған ұйымдардың арасында, олар мен мемлекеттік және қаржы-несие мекемелердің арасында есеп айырысулар жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда халықпен есеп айырысуда қолма-қол ақшаның қолданылу салалары кеміп келеді. Еңбекақы беру, коммуналдық, пошталық төлемдер және басқа да шығындардың көп бөлігі қалаларда банктердегі салым ақшадан пошта бөлімдерінен, пластикалық карточкалармен аудару арқылы қолма-қол ақшасыз жүзеге асырылады, сондай-ақ сатып алынған тауарлардың төлемдері дүкендерде чектер мен пластикалық карточкалар арқылы төленеді. Осы шаралардың барлығы қолма-қол ақшаның пайдаланатын салаларын кемітуге, қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың үлесін арттыруға мүмкіндік береді.
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың артықшылықтары мынады:
- ол банк жүйелерінің несиелік ресурстарын арттыруға несие қатынасын дамытуға мүмкіндік береді;
- ол айналымға аса қажаетті қолма-қол ақша сомасын тұтынылуын кемітеді;
- ол трансакциялық шығындарын (банкноттар мен тиындарды басып шығару, сақтау, тасымалдау, санау түріндегі айналыс шығындары.) кемуіне мүмкіндік тудырады;
- ол банктердің дәлдікті қажет ететін жұмыснда есеп айырысуларды
және қаржат айналымын шапшаңдатады;
- қолма-қол ақшасыз есеп айырысу процесінде шаруашылық органдардың төлем қабілеті артады әрі келісімшарт міндеттемелерін орындауға мүмкіндік алады. Нәтижесінде олардың қаржылық жағдайлары тұрақталып, жұмыстарын тиімділігі мен пайдалығы жоғарлайды.
Мынаны айта кету керек, қолма-қол ақшасыз айналыстың аталған барлық артықшылықтары есеп айырысулар үнемі жүзеге асырылғанда ғана нақты шындыққа айналады. Есеп айырысулар үнемі жүзеге асуы үшін қолма-қол ақшасыз айналымды ұйымдастыруда белгілі бір принциптері сақталуы керек.
Оған мыналарды жатқызуға болады:
- төлеушілердің банктерде және қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың түрлерін таңдаудағы еркіндік принципі. Бұл принцип әлеуетті клиентке қызмет көрсету мәдениетті жоғары әрі есеп айырысу операцияларын жылдам және дәл орындай алатын банктерді таңдауға, сондай-ақ келісімшарттардың орындалуын қамтамасыз ететін қолма-қол ақшасыз есеп айырсудың мақсатқа лайықты түрлерін таңдауға мүмкіндік береді.
- төлеушінің төлем келісімін міндетті түрде болу принципі яғни төлдеушінің төлеуге келісім бергені немесе бермегені туралы ақпарат міндетті түрде болу керек. Мұның мағынасы мынадай: шот иесінің шоттағы қаражатын банк төлемдерінің белгіленген кезігіне қарай әрі шотта қалған қаражатын шегінде төлем үшін жүзеге асырады. Соңғысы (шот иесінің шоттағы қаражатының шегінде төлемнің жүзеге асырылуы) төлемнің қамтамасыз етілу принципін немесе төлеушінің өтімділік принципін білдіреді.
- Төлемнің мерзімділік принципі. Бұл принциптің экономикалық мағынасы мынадай: ақшалай қаражатты алушы қаражаттың келісімшартта көрсетілген мерзімде өзінің шотына аударылуына мүдделі. Төлемді уақытылы алудың маңызы өте зор.
- Барлық қатысушылардың келісімшарт қатынастарының сақталуына мүліктік жауапкершілік пен есеп айырысу ережесінсіз бақылауды жүзеге асыру принципі.
Есеп айрысудың барлық принциптері бір-бірімен өзара тығыз байланысты болғандықтан бұлардың біреуінің бұзылуы екіншісінің бұзылуына әкеп соқтырады. Барлық қолма-қол ақөшасыз есеп айырысулар шаруашылық органдардың, кәсіпкерлердің бір шоттан екіншісіне ақша аудару туралы немесе өзара тараптарды шегеру туралы банкке берген тапсырмаларын білдіретін есеп айырысу құжаттар негізінде жүргізіледі. Есеп айрысу құжаттарының қозғалысы мен құжат айналымын бір-бірінен бөліп қарастыру қажет. Есеп айрысу құжаттарының қозғалысы – бұл құжаттардың есеп айырысудың басынан бастап аяғына дейін қозғалыс тармақтары бойынша дәйекті жүйелі өтуі. Ал, құжат айналымы есеп айырысу құжаттарының қозғалысына қажетті уақытпен қоса есеп айрысуға қатысты әр түрлі операциялардың жүзеге асырылатын уақытты да қамтиды. Есеп айрысу құжаттарына төлем тапсырмалары мен айырысу чектері жатады.
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жеке және заңды тұлғалармен оларға тиісті шот ашқан банк арқылы жүргізіледі. Ол шоттар мынадай болады: есеп айырысатын, ағымдағы, депозиттік және валюталық. Шот жай және контокоррентік ағымдағы болуы да мүмкін. Есеп айырысу шоты, депозит шоты және валюта шоты мешік түрлеріне қарамастан барлық заңды тұлғаларға ашылады. Ағымдағы, депозит және валюта шоттары коммерциялық қызметпен айналыспайтын заңды және жеке тұлғаларға ашылады.
Есеп айырысу қызметі үшін банк пен клиент расында банктік шот келісімшарты- екі жақты дербес азаматтық-құқықтық келісімшарт бекітіледі. Банктер мен басқа несие мекемелері өзара есеп айырысу үшін бір-бірінде корреспонденттік шот ашады әрі бір банк (корреспондент) басқа банктің (респондент) депозиттерін ұстауға және мұның соңғысына төлем мен басқа операциялар бойынша қызмет көрсетуге тиісті бекітілген келісімшарт негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемелерінде де шот аша алады. Мұнда белгілі бір мерзімде аса ірі ақша сомасын аудару бойынша банкаралық есеп айырысу жалпы негізде және нақты уақыт аралығында жүзеге асырылады. Аударылатын аса ірі ақшаның сомасын Ұлттық банк анықтайды. Басқадай төлемдер (мерзімді емес және ұсақ сомалар) бойынша банк аралық есеп айырысулар клиринг негізінде екі және көп жақты шегеру арқылы жүзеге асырылуы ықтимал. Соңғысы есеп айырысуға дейінгі төлем хабарламаларын тапсыру, салыстыру және бекіту процесін, сондай-ақ талаптар, міндеттемелер және түпкілікті қалдықты анықтау жөніндегі өзара есеп айырысулар бойынша операцияларды білдіреді. Клиринг- бұл заңды және жеке тұлғалардың тауарлар мен қызметтер үшін талаптар мен міндеттемелердің өзара шегеруіне негізделген қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың тәсілі.
Корреспонденттік қатынаста мынадай операциялар орындалуы мүмкін:
а) клиентке қызмет көрсетуге негізделген әрі банк- корреспонденттегі шот бойынша төлемдерді жүргізуді білдіретін .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!