3_сынып математика және логика_КТП 2025_2026
3-сыныпқа арналған факультативтік
курстың бағдарламасы
« Математика және логика »
Түсінік хат
Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің Орта білім берудің (бастауыш) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
3 сыныптың «Математика және логика» қосымша курсына аптасына 1 сағаттан,
барлығы 34 сағат бөлінген.
«Математика және логика» қосымша курсының басты мақсаты:
Баланың танымдық қызығушылығын арттыру, функционалдық қасиеттерін дамыту, шығармашылыққа бейім құзыретті тұлғаның дамуына, логикалық ойлауды қалыптастыру болып табылады.
« Математика және логика» қосымша курсының міндеттері:
- Математиканы үйренуге ынтасын арттыру, оқушыларды қызықтыру әрекеттерін қалыптастыру.
- Ойын дәлелді жеткізе білуге жаттықтыру.
- Математикалық сөйлеуді, логикалық ойлауды дамыту.
- Шығармашылық ізденіске жетелеу.
- Кез-келген есепті өз көзқарасы бойынша өзгертіп шығаруға жаттықтыру.
- Талдау, жинақтау, ұқсастықты табу,ерекшелікті ажырату әрекетін дамыту.
- Өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.
«Математика және логика» бағдарламасы тапсырманы әр түрлі тәсілдермен шешуге, логикалық ойлауға, оның тереңдігі мен икемділігін қарқынды дамытуға ықпал етеді. Әртүрлі жолдармен есеп шығарудың негізін әзірлейді, тұлғалық –бағыттық тәсілді жүзеге асыруға ықпал етеді. Түрлі жолдармен есепті шешу оқушының өз бетінше айналысуына қосымша мүмкіндік туғызады,күнделікті өмірдегі кездейсоқ жағдаяттардан жол табу қабілеттерінің дамуын қалыптастыратын әрекеттерді дамыту бағытын ұстанады.
Күтілетін нәтиже:
- Оқу іс-әрекеттерін өз бетімен жоспарлауды, бақылауды орынды қолдануға үйренеді
- Әртүрлі кесте бойынша есеп құрастыруға жаттығады
- Шамаларды салыстыра білуге үйренеді
- Кез-келген есепті өз көзқарасы бойынша шығаруға дағдыланады
- Өз ойын дәлелдей білуге жаттығады
- Проблемалық жағдаятты шеше алады
- Шығармашылықпен жұмыстана бастайды
Уақыт көлемі, сабақтың жиілігі:
«Математика және логика» қосымша курсы бағдарламасы
34 сағатқа (аптасына 1 сағат) есептеліп құрылған.
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар– 3 сынып
« Математика және логика »
Аптасына 1 сағат Жылына 34 сағат
№ | Тақырыбы | Сағат саны | Уақыты |
1 | Сандарды цифрмен жаз | 1 | |
2 | « Апта күндері » өлең жаттау | 1 | |
3 | Логикалық тапсырмалар | 1 | |
4 | Баған бойынша есепте | 1 | |
5 | Кім жүйрік ? | 1 | |
6 | Геометриялық пішіндер. Өлеңдер | 1 | |
7 | Теңдеу құр және оны шеш | 1 | |
8 | Қызықты тапсырмалар | 1 | |
9 | Математикалық жұмбақ санамақтар | 1 | |
10 | Логикалық есептер | 1 | |
11 | Шығармашылық тапсырмалар | 1 | |
12 | Қызықты тапсырмалар | 1 | |
13 | Ауызша есептеу | 1 | |
14 | Өрнектің мәнін тап | 1 | |
15 | Құпия сандар | 1 | |
16 | Өрнек құр,салыстыр | 1 | |
17 | Жақшасыз өрнектер | 1 | |
18 | Салыстыру | 1 | |
19 | 6 санына көбейту және бөлу | 1 | |
20 | Амалдардың орындалу реті | 1 | |
21 | Сандарды орналастыр | 1 | |
22 | Бұрыштың түрлері | 1 | |
23 | Есеп шығару | 1 | |
24 | Есепті екі тәсілмен шығару | 1 | |
25 | Математикалық домино | 1 | |
26 | Санайық,есептейік,ойланайық ! | 1 | |
27 | 10 мен 100сандарына көбейту және бөлу | 1 | |
28 | Кім тапқыр ? | 1 | |
29 | Теңдеуді тексеру | 1 | |
30 | Көлем | 1 | |
31 | Дөнгелек сандарды көбейту, бөлу | 1 | |
32 | Қалдықпен бөлу | 1 | |
33 | Баған түрде есептеу | 1 | |
34 | Ойна да, ойла! | 1 |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру