Зейнетақы қорындағы ақшаны пайдалану: қайда, қашан, қалай?
Қазақстан үкіметі зейнетақы жинағының бір бөлігін үй жағдайын жақсарту, емделу немесе инвестициялық компанияларға беру мүмкіндігін қарастырып, шара қабылдап жатыр. Осыған орай 2021 жылы 21 қаңтарда зейнетақы төлемін тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін пайдалану ережесі бекітілді. Ал 23 қаңтар күні Бірыңғай жинақтаушы зейнеатақы қоры мен “Отбасы банкі” акционерлік қоғамы Еnpf-otbasy.kz сайтын ашты.

2020 жылдан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей декларация енгізіледі. Бұл дегеніміз, біз оңайлатылған немесе кеңейтілген түрде табыс туралы бастапқы (кіріс) декларациясын тапсырамыз және осыған байланысты салық төлейміз.