Informational and educational
portal №1 in Qazaqstan.
» » » Өзіне сенімді бала өсірудің 10 жолы

Өзіне сенімді бала өсірудің 10 жолы

Өзіне сенімді бала өсірудің 10 жолы казакша Өзіне сенімді бала өсірудің 10 жолы на казахском языке
Әр бала – өз қабілетімен, дене-бітімі, мінез-құлқы, ішкі дүниесімен ерекше жаратылған жан. Бір үйдің балаларының өзі әртүрлі болады, әр баланы өзіндік болмысымен қабылдай білу, түсіне білу, қабілетіне қарай бағыт-бағдар бере білу өте маңызды. Ата-ананың тәрбиеге деген дұрыс көзқарасыбаласын өзіне сенімді, жетістікті, жан-жақты етсе, жіберген қателері сенімсіздік пен ызақорлыққа, жасықтыққа, өзіне деген салғырттық пен өмірінің мәнсізденуіне әкеп соғуы әбден мүмкін.

Өзіне сенімді бала өсіру үшін мына факторларға көңіл бөлінуі керек:

1. Баланың өз ойын айтуына, ішіндегісін жеткізуіне жағдай жасау.

2. Сөзін бөлмей, көңіл бөле отырып тыңдай білу.

3. Тыңдай салу ғана емес, айтқандарын есту, дұрыс жауап беру.

4. Баладан өз жасына сай әрекеттер күту, мысалы, қонақта 3 сағат қимылдамай отыруын немесе 3 жастағы баланың төкпей-шашпай жеуін талап ету дұрыс емес.

5. Балаға кішкене де болса, жауапкершіліктер жүктеу, орындауына мүмкіндік беру.

6. Баланың ұмтылысын бағалай білу, кейде мақтау, қолпаштау.

7. Баланың үлгерімсіздігі немесе сүрінген жерлерін «сен сондайсың» -деп тұлғалық кемшілігіне айналдырмай, бір саладағы уақытша бір жеңіліс етіп көру және балаға да солай көрсете білу.

8. Мектепте де балаға жеке тұлға ретінде қаралуы, жақсы оқитын балаларды ғана оқшауламай, барлық балаға бірдей ұстаздық етілуі өте маңызды.

9. Баланың қалауын ескеру, кішкентайынан оған таңдау мүмкіндігін беру - келешекте өз пікірінің қалыптасуына себепші болады.

10. Балаға айғайламау, зекімеу, әсте қол көтермеу.

Автор: araylym94 | 52 | 29.01.2019



Загрузка...
Читайте также
БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ БАЙҚАЛМАЙТЫН ҚАТЕЛІК
Әкелерге (папа) пайдалы кеңес жинағы / Аналарға және әйелдерге пайдалы кеңес жинағы
БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ БАЙҚАЛМАЙТЫН ҚАТЕЛІК
Балам мықты, сенімді, ойлы болып өссін десең…
Әкелерге (папа) пайдалы кеңес жинағы / Аналарға және әйелдерге пайдалы кеңес жинағы
Балам мықты, сенімді, ойлы болып өссін десең…
Өзіне сенімді баланы қалай тәрбиелеуге болады?
Әкелерге (папа) пайдалы кеңес жинағы / Аналарға және әйелдерге пайдалы кеңес жинағы
Өзіне сенімді баланы қалай тәрбиелеуге болады?
Бала тәрбиесіне қатысты кеңестер
Әкелерге (папа) пайдалы кеңес жинағы / Аналарға және әйелдерге пайдалы кеңес жинағы
Бала тәрбиесіне қатысты кеңестер
Баланы балабақшаға тез үйретудің 5 жолы
Пайдалы кеңес жинағы
Баланы балабақшаға тез үйретудің 5 жолы
Ұлттық дәстүрлі тәрбиелеу әдістері
Әкелерге (папа) пайдалы кеңес жинағы / Аналарға және әйелдерге пайдалы кеңес жинағы
Ұлттық дәстүрлі тәрбиелеу әдістері
3-6 жастағы балада қандай өзгерістер болады?
Әкелерге (папа) пайдалы кеңес жинағы / Аналарға және әйелдерге пайдалы кеңес жинағы
3-6 жастағы балада қандай өзгерістер болады?
Ата - анаға кеңес
Әкелерге (папа) пайдалы кеңес жинағы / Аналарға және әйелдерге пайдалы кеңес жинағы
Ата - анаға кеңес

Пайдалы кеңес жинағы / Аналарға және әйелдерге пайдалы кеңес жинағы, пайдалы Өзіне сенімді бала өсірудің 10 жолы кеңес кенестер советы на казахском, пайдалы кенестер кыздарга, полезные советы на казахском языке, Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер, кенес кенестер жігіттерге ерлерге, денсаулыкка арналған кенестер, Өзіне сенімді бала өсірудің 10 жолы, пайдалы Өзіне сенімді бала өсірудің 10 жолы кеңес кенестер советы на казахском пайдалы кенестер кыздарга полезные советы на казахском языке Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер кенес кенестер жігіттерге ерлерге денсаулыкка арналған кенестер Өзін, Өзіне сенімді бала өсірудің 10 жолы пайдалы кеңестер пайдалы кеңестер журналы пайдалы кеңестер қыздарға полезные советы на казахском языке Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер жігіттерге ерлерге