Баланы тәрбиелеудің 4 сатысы

Баланы тәрбиелеудің 4 сатысы

✅ Бала тәрбиесі сан мыңдаған кезеңнен тұрады. Соның ең маңызды төрт кезеңін назарларыңызға ұсынамыз.

✅ Бірінші кезең – бес жасқа дейінгі кезең. Бес жасқа дейін белсенділік, танымдық және өмірге қызығушылық секілді қасиеттер орнығады. Тыйым салып жазғырудан гөрі бұл кезеңде баланы алдаусырату керек. Балаға жаза берудің бірден-бір себебі – олардың есесін қайтара алмауында. Егер сәбиіңіз қауіпті бір нәрсе жасар болса, қорыққан кейіп жасап, қорыққан дауыс шығарыңыз. Бала ол тілді өте жақсы түсінеді. Баланы бес жасқа дейін басып тастар болсақ, онда біз баланың белсенділігін, өмірге деген қызығушылығын, интелллектісін және иммунитетін де басып аламыз. Балаңызды уайымсыз бойұсынуға үйретіңіз.

✅ Екінші кезең – бес жас пен он жас аралығы. Бұл – бағыну мен өмір заңдарын үйрену кезеңі. Бұл кезеңде баланың ақыл-парасаты мен логикасы белсенді түрде дамиды. Бала айналасындағы адамдардың жасаған істеріне қалай қарайтынын саралайтын кезеңде және ол да жағымсыз көзқарасты мейлінше байқамауы керек. Бұл кезде баланы білім алу, тапсырма беру және осыларды талап етуден қорықпаңыз. Егер бес жастан кейін де баланы еркелете берер болсаңыз, балаңыз ұшқалақ, жұмысқа қабілетсіз әрі рухани жұтаң болып өседі.

✅ Үшінші кезең – он жас пен он бес жас аралығы. Он жастан соң балаңызбен әр мәселе жөнінде кеңесіңіз. Өздігінен шешім қабылдауға мүмкіндік беріңіз. Егер оның шешімі ұнамаса, тікелей тыйымнан гөрі, оның соңы жақсы болмайтынын айтып түсіндіріңіз. Бұл кезде дербестік пен сананың тәуелсіздігі дамиды. Балаға кішкентай сәби секілді қарар болсаңыз, бала өмірге төселмеген болып кетеді, өзге жолдастарының қасында тәуелді болып қалады.

✅ Соңғы кезең – он бес жастан кейінгі кезең. Он бес жастан соң сыйластықпен қарым-қатынас жасаңыз. Баланы бұл шақта тәрбиелеу – кеш. Бұл кезде сіз еңбегіңіздің жемісін ғана көре аласыз


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі