БАЛАНЫЗҒА ТІС ШЫҒА БАСТАДЫМА

БАЛАНЫЗҒА ТІС ШЫҒА БАСТАДЫМА

Сәбиге алғаш тіс шықан кез. Баласы бар аналардың бұл сәт есінде болар. Немесе мұндай кезең сізді де күтіп тұрса керек. Осындай кезеңді қиындықсыз өткеру үшін және баланың тісі шыққанда бірден көмектесетін халықтық әдісті назарларыңызға ұсынамыз!

Сәбиге ең алғаш тіс шыққанда анасының таза саусағын құмарлана шайнағаны да жеткілікті.

Осы сәтте саусақпен баланың қызыл иегін уқалау әдісін қолданып көріңіз. Саусағыңызға шүберек орап алып, содаға немесе бура ерітіндісіне (1стакан суға бір қасық) малып қызыл иекті сүртіңіз.

Мұзды пайдалану

Шүберекке азғантай мұз тілімін орап сонымен сүртсе, ол қызыл иектегі қысымды және ауруды басуға көмектеседі. Бірақ мұздың өзі қызыл иекке тимей тұруын, сонымен қатар ,мұз бір орында тұрмай үнемі қызыл иекте қозғалуын қадағалап тұрған абзал.

Түкті сүлгі

Алдын ала салқындатылған түкті сүлгіні балаға шайнау үшін беруге болады. Немесе тістің шығуы үшін балаға арнайы шегіргүл тамырынан жасалған дөңгелек берген дұрыс( олар дәріxанада сатылады)

Тіс шыққанда баланың қызыл иегін балмен майлау әдісі

Бірақ ол үшін баланың оған аллергиясының жоқтығына көз жеткізу керек. Балды аз –аздан жағып, сүртіп отыру қажет. Әйтпесе бала тілімен балды жалап қоюуы әбден мүмкін, ал одан ешқандай әсер болмай қалады.

Ұйықтар алдында балаға бір қасық бал берініз .(әрине, аллергиясы жоқ болса) Бұл баланы тыныштандырып,ұйқысын женілдетеді. Тіс шыққанда көмектесетін тағы бір әдіс: Баланың қызыл иегіне сода қоспасын жағу Бір стакан суға бір қасық та жетеді.. Түймедақ қабынуға қарсы жақсы дәрі-дәрмек болып табылады. Оны бірнеше тәсілмен қабылдауға болады. Ауруды басу үшін балаға бір немеме екі қасық тұймедақ шайын беру керек. Қайнатылған шөптен жылы компресс жасап тіс шыққалы жатқан ұрттың бөлігіне тартса пайдасы зор. Сонымен бірге , ұрт терісін түймедақ майымен сүртудің де зияны жоқ.

Тыныштандыратын шай

Тыныштандыратын әсері болғандықтан шай анаға да, балаға да пайдалы, және сәбидің ауруын жеңілдетеді. Жаужапырақтан, түймедақтан, көкжалбыз және лаванда гүлінен бірдей мөлшерде алыпғ гүлдер жинағына қайнаған суды құйып, 15 минут бұқтырып қойыныз, содан сон, гүлдерді тұнбадан сүзіп алыныз. Ал шайды қалаған мөлшерде іше беруге болады, ол бала мен ана денсаулығына қауіпсіз.

Қалампыр майы

Сәбидің қызыл иегі қабынғанда ауыруды басатын қасиеті бар. Таза май қызыл иекті күйдіріп жіберуі мүмкін, сондықтан, оны 1,5:1 мөлшермен алып,езіп зәйтүн немесе бадам майымен араластырып пайдаланған жөн.

Біз ұсынған ақпарат кәдеңізге жарар деген ниеттеміз! Балаңыздың денсаулығы - сіздің қолыңызда!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі