Әйел бақыты

Әйел бақыты

"Әйел бақыты" – сүюді сүйетін сүйкімді гүл. "Әйел бақыты" – құмыраның сиқырлы да сыры мол тұрғыны. Сиқырлы деуіміз бекер емес. Өйткені, бұл гүл ерте замандардан бері әйелдерді жалғыздықтан арылтып, бақытты отбасылы өмірге жетелейтін болған екен. Және мұндай оқиғалар тарихта аз болмаған көрінеді. Мыңдаған әйелдер өздерінің үйлеріне "Әйел бақыты" гүлін қойғаннан кейін, өз жартыларын, көп жылдар бойы күткен махаббатын кезіктірген. Сондай-ақ, бұл гүл сөнген сезімдер мен махаббатты оятуда да едәуір еңбек сіңіре алады. Гүлдің көмегімен ерлі-зайыптылар татуласып, бақыт құшағына енеді. Мамандар, жоғарыда аталған мәселелер өміріңізге көлеңке түсіріп жүрсе, әйел бақытын аңсасаңыз, "Әйел бақытымен" дос болыңыз, деп кеңес береді. Айтпақшы, сиқырлы гүлдің тосын сыйлары мұнымен бітпейді. Оның ең күшті құдіреті – әйел затына "ана" атануға себепкер бола алатындығы дер едік.

"Әйел бақытыңыз" жақсы өсіп, әдемі болып гүлдесін десеңіз, мына ережелерді жадыңызда ұстаңыз:

1. Гүлді тура күн көзіне қаратып қоюшы болмаңыз, оның ең жақсы көретін жері – көлеңке немесе жасанды жарықтандыратын орындар;

2. Бірқалыпты суғарып, су бүркіп тұрыңыз, өйткені, гүл дымқыл ауаны жақсы көреді.

3. Құмыраның түпқоймасына 1-2 сағаттан артық су құйып қоймаңыз.

4. Гүліңіздің өсу қарқыны жақсы болса, әр көктем сайын, оны үлкен құмыраға ауыстырып тұру қажет. Гүл бостандықта, тамыры кең жайылғанда ғана жақсы өседі.

5. "Әйел бақыты" өсіп тұрған бөлменің температурасы 18-23 ˚С болуын қадағалаңыз, ол осындай температурада жақсы, сапалы өседі, гүлдері де әдемілене түседі.

6. Егер гүл қаулап өсіп, жылына бір рет гүлдеп тұратын болса, сіз оған жақсы қарап жүрсіз және отбасыңызда бәрі жақсы деген сөзді білдіреді. Мұндай гүлді бөлісу керек. Оның бір бұтағын құрбыңызға немесе жақын танысыңызға беріп, жақсылық жасаңыз. Біреуге "Әйел бақытын" сыйлау арқылы өз бақытыңызды кеңейтесіз.

7. Егер гүлдің жапырақтары құрғап, қурап, қарая бастаса, күтіміңізді арттырыңыз немесе отбасыңыздағы жағдайды жақсартуға күш салыңыз

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!