ҚҰРАН ОҚУДЫҢ 10 ПАЙДАСЫ

ҚҰРАН ОҚУДЫҢ 10 ПАЙДАСЫ казакша ҚҰРАН ОҚУДЫҢ 10 ПАЙДАСЫ на казахском языке

1. ҚҰРАН ИМАНДЫ КҮШЕЙТЕДІ.
«Нағыз мүміндер – Алла еске алынса, жүректері қобалжитын, оларға Алланың аяттары оқылса, имандары артып, Раббыларына тәуекел қылатын (жандар)» («Әнфал» сүресі, 2-аят)

2. ҚҰРАН ЖАНЫҢЫЗҒА ТЫНЫШТЫҚ СЫЙЛАЙДЫ.
«Солар – иманға келгендер және Алланың еске салуымен (Құранмен) жүректері тыныштық тауып, орныққандар. Біліңдер! Жүректер Алланың Еске салуымен (Құранмен) тыныштық тауып, орнығады» («Раъд» сүресі, 28-аят).

3. ҚҰРАН ОҚУШЫ ЖАНЫ МЕН ТӘНІНЕ ШИПА ТАБАДЫ.
«Ей, адамдар! Тәңірлеріңнен сендерге насихат, жүректеріңдегі дерттеріңе дауа, мұсылмандарға тура жол және жарылқау ретінде Құран келді». («Юнус» сүресі, 57-аят). «Біз Құраннан имандылар үшін шипа және мейірім түсіреміз» («Исра» сүресі, 82-аят).

4. ҚҰРАН ҚАС ДҰШПАННАН ҚОРҒАЙДЫ.
«Кім таңертең «Аятул Күрсіні» оқыса, кешке дейін шайтаннан қорғалады, ал кім кешке оқыса, таңға дейін қорғалады» (Хаким). «Кім түнде (жатарда) «Бақара» сүресінің ең соңғы екі аятын оқитын болса, ол оған жеткілікті болады» (Бұхари, Муслим).

5. ҚҰРАН ДӘРЕЖЕЛЕРДІ КӨТЕРЕДІ.
«Расында, Алла Тағала осы Кітаппен (амал еткен) қауымның (екі дүниеде де) мерейін өсіріп, ал (амал етпеген) қауымның дәрежесін түсіріп, қор қылады» (Мүслим).

6. ҚҰРАНДЫ ТОЛЫҚ ОҚЫП БІТКЕН АДАМНЫҢ ДҰҒАСЫ ҚАБЫЛ БОЛАДЫ.
«...Ал Құран оқудың соңында жасалған дұға қабыл болады» (Әбу Дәуд).

7. ҚҰРАН ӨЗІН ОҚУШЫҒА КЕШІРІМ ТІЛЕЙДІ.
«Құран оқыңыздар! Расында, Қиямет күні ол өзін оқығанға шапағатшы ретінде келеді» (Муслим).

8. АЛЛА ТАҒАЛА ҚҰРАН ОҚУШЫНЫ ЕСКЕ АЛЫП ҚАНА ҚОЙМАЙ, ОНЫ ТЫҢДАЙДЫ.
«Алла тамаша дауыстыны, ол Құранды ырғағымен оқығанда тыңдағандай, ешкімді тыңдамайды» (Бұхари, Муслим).

9. ҚҰРАН ОҚЫҒАН АДАМҒА ПЕРІШТЕЛЕР ДҰҒА ЖАСАЙДЫ.
«Егер адам Құран оқуды түннің әуелгі бөлігінде аяқтаса, онда періштелер ол үшін таң атқанша дұға етеді, ал егер де ол Құран оқуды түннің ақырғы бөлігінде бітірсе, онда періштелер ол үшін кешке дейін дұғада болады» (Ахмад).

10. ҚҰРАН СІЗДІ ЕҢ ЖАҚСЫ АДАМҒА АЙНАЛДЫРАДЫ!
«Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп, оны үйреткендерің» (Бұхари).




KZ » Қазақша Пайдалы кеңес жинағы, пайдалы кеңестер, пайдалы кеңестер журналы, пайдалы кенестер кыздарга, полезные советы на казахском языке, Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер, жігіттерге ерлерге, денсаулыкка арналған кенестер, пайдалы кеңестер, пайдалы кеңестер журналы, пайдалы кенестер кыздарга, полезные советы на казахском языке, Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер, жігіттерге ерлерге, денсаулыкка арналған кенестер, ҚҰРАН ОҚУДЫҢ 10 ПАЙДАСЫ пайдалы кеңестер пайдалы кеңестер журналы пайдалы кеңестер қыздарға полезные советы на казахском языке Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер жігіттерге ерлерге