» » » Қазақша ертегі: Ит достығы

Қазақша ертегі: Ит достығы

Қазақша ертегі: Ит достығы казакша Қазақша ертегі: Ит достығы на казахском языке
Бұрынғы уақытта дәулеті асқан, судай тасқан, көңілі жай, төрт түлікке сай бір бай болыпты.
Ол байдың Төрткөз, Мойнақ деген екі төбеті бар екен. Бір күні түс мезгілінде екі төбет өз қызығы өзіне, өз тұрмысы өзіне болып, тамағы тоқ, күн шуақта, үйдің есігінің алдында, бір-біріне қарама-қарсы жатып, өзара әңгімеге кірісіпті. Бұлар жақсылық пен жамандық жөнінде сөйлесіп, өз әлдерінше олардың қандай болатындықтарын тексеріп, оны бітірместен жомарттық жөнінде сөйлесіп, оны бітірместен сараңдық жөнінде сөз қозғап, бірінің басын, бірінің аяғын шатып, ақырында ырылдасып, ақыры әңгіме арнасы араздық пен татулыққа түседі.
Сол уақытта тілмарсыған Мойнақ:
— Достым, Төрткөз, осы мен ойлап тұрсам, дүниеде татулықтан жақсы нәрсе бар ма? Осы екеуіміздің төбелеспей жүретін күніміз болар ма? Біз жоқ нәрсеге ырылдасып, жоқ нәрсеге таласамыз, бірімізге-біріміз жылы шырайымызды көрсетпейміз, бір ойнап-күліп жүрмейміз. Күнде талас, күнде төбелес, осыменен күніміз өтіп барады. Кейде таласқанымыздан екеуіміз де тамақтан айырылып, оны Құтпан тартып әкетеді, бізден басқа Жолдыаяқ, Құтпан, Бөрібасар – бәрі де ынтымақшыл, бірінің аузынан бірі жырып жейді. Біз екеуіміз де солар сияқты ынтымақты болып, әр нәрсеге таласпай, бөліп ішіп, шын досжарлыққа көңілімізді берсек қайтеді? Біріміздің қабағымызға біріміз қарап, күннің қалай өткенін білмей қалатын болсақ қайтеді? Осы сөзімізге не айтасың? – дейді.
Сол уақытта Төрткөз аяқты көсіліп, құйрықты бұлғаңдатып, қабақты ашып, Мойнақтың сөзін құптады:
— Достым, Мойнақ, мұның әбден құптарлық сөз. Бұны мен де ойлаушы едім. Осы екеуімізге не жетпейді, тамағымыз тоқ, қайғы дегенді білмейміз, солай бола тұра түкке тұрмайтын бір нәрсеге таласып, жұлысып-ақ жатқанымыз. Расында, осы қылығымызды тасталық, – деп сөзін аяқтайды.
Мұның сөзіне Мойнақ та маңызданып, көз тігіп, құйрықты қысып:
«Ал, ендеше, дос болайық» деген сөз көмейіне бір келіп, бір қайтып тұрғанда:
— Дос болғанның белгісі, міне, – деп, Төрткөз Мойнақтың мойнынан құшақтай алады. Екеуі бірін-бірі құшақтап, аймалап, беттеріне беттерін тигізіп:
— «Екеуіміздің достығымызды ешкім айыра алмас, тау күйіп, тас жанса да, аштан өлсек те тамақ жағына таласпаспыз, – деп серттеседі. Достық құшақтарын айырыса алмай тұрғанда, ас үйден лақтырған бір майлы омыртқа екеуінің қасына келіп, топ ете қалады. Майлы сүйекті көргенде, көздері жайнап, естері шығып, екеуі де құшақтарын жазып, алға ұмтылысады. Тырнақтарымен сүйекті басысып, бірінен-бірі қызғанып, ырылдаса-ырылдаса барып, жұлқыласып, таласа бастайды. Бірін-бірі тістеп, тартқан зардабынан жүндері дода-дода болып, аспанға ұшады. Дауыстарын есітіп, Жолдыаяқ, Құтпан, Бөрібасарлар келіп, таласқан омыртқаларын Бөрібасар алып қашып кетеді. Шуылдаған қой үркіп, қойдың шетінде жатқан қойшылар келіп, иттерді сойылдап жүріп, зорға айырады.



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!

Автор: Kazbek | 3 977 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Иттің достығы)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Иттің достығы)
Өлең: Абай Құнанбаев (Өкінішті көп өмір кеткен өтіп)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Абай Құнанбаев (Өкінішті көп өмір кеткен өтіп)
Өмір алма кезек
Пайдалы кеңес жинағы
Өмір алма кезек
Тақпақ: Дос
Тақпақтар жинағы
Тақпақ: Дос
Ертегі: Ай мен күн
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Ай мен күн
Ертегі: Жақсылық пен жамандық
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Жақсылық пен жамандық
Ертегі: Жамандық неден болады
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Жамандық неден болады
Ертегі: Екі иттің достығы
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Екі иттің достығы
Ертегі: Түлкі мен қасқыр
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Түлкі мен қасқыр
Ертегі: Қыз бен тазша
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Қыз бен тазша
Ертегі: Иттің сынағы
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Иттің сынағы
Қазақша ертегі: Ай мен күн
Қазақ халық ертегілер жинағы
Қазақша ертегі: Ай мен күн
Қазақша әңгіме: Ыбырай Алтынсарин (Білгеннің пайдасы)
Әңгімелер жинағы
Қазақша әңгіме: Ыбырай Алтынсарин (Білгеннің пайдасы)
Қазақша ертегі: Жақсылық пен жамандық
Қазақ халық ертегілер жинағы
Қазақша ертегі: Жақсылық пен жамандық
Қазақша өлең: Асқар Тоқмағамбетов (Мысық пен төбет)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Асқар Тоқмағамбетов (Мысық пен төбет)
Қазақша Махаббат хикаясы: Боташым...
Махаббат хикаялары жинағы
Қазақша Махаббат хикаясы: Боташым...

KZ / Қазақ халық ертегілер жинағы, сказки на казахском языке для детей, қазақша ертегілер жинағы оқу, казакша ертегилер балаларга, сказки на казахском языке для детей скачать, Ит достығы ертегісі, ит достыгы ертеги сказка, сказки на казахском языке для детей қазақша ертегілер жинағы оқу казакша ертегилер балаларга сказки на казахском языке для детей скачать Ит достығы ертегісі ит достыгы ертеги сказка, Қазақша ертегі: Ит достығы ертегі оқу Қазақша Ертегілер жинағы Қазақша Ертегі казакша ертегилер казакша ертеги сказки на казахском языке сказки на казахском языке онлайн