Қиял-ғажайып ертегі: Молда, ұста, тігінші

Қиял-ғажайып ертегі: Молда, ұста, тігінші

Бір молда, бір ұста, бір тігінші—үшеуі жолдас болып келе жатып, баратын жеріне жете алмай, түн болып кеткен соң бір жерге қона кетіпті. Артып келе жатқан нәрсесі бар екен, үшеуі де ұйықтаса біреу әкетіп қалар деп, кезекпен қарауыл қойыпты. Ең алдымен ұстаны қарауыл қойыпты. Ұста жалғыз өзі зерігіп, ұйқысы келген соң бір үлкен ағашты кесіп алып, адамның дене (мүсінін) айнытпай жасап шығарыпты. Сосын тігіншіні оятып, өзі ұйқыға кірісіпті. Тігінші ағаштан істеген адамды көріп «менің өнерім бұдан кем бе» деп, дереу әдемі киім тігіп, ағашқа кигізеді. Ағашта тек жан жоқ болғаны болмаса, адамнан айнымайды. Тігінші молданы оятып, өзі ұйқыға кіріседі. Молда ағаш адамды көріп таң қалады. «Бұлар өнерін көрсетіпті, енді мен қайтем» деп қайғырыпты молда.

Сосын «енді осы ағашқа жан бітірсең екен» деп Құдайға жалынып жылапты. Құдай көз жасын қабыл алып, ағашқа жан бітіп, бір сұлу қыз болыпты. Сұлулығы соншалық, бетіне қарасаң көзіңнің жүзі таяды екен.

Таңертең ұста мен тігінші оянып, бір сұлу қызды көреді. Екеуі бұған жан біткеніне таң қалады. Үшеуі қызды бірінен бірі қызғанады. Біреуі «мен алам, еңбек менікі» дейді. Екіншісі «жоқ, мен алам, еңбек менікі» дейді. Ең соңында молда өршеленіп «Жоқ, мен алам, мен болмасам, оған жанды кім салады?»—дейді. Үшеуі келісе алмай жүгінуге бір қазыға барады. Қазы қыздың бет-ажарына бір қарап шығып үрейленгендей: «Ойбай, мынау менің қызым, бұдан үш жыл бұрын жоғалтқанмын. Сендер мұны қайдан алдыңдар?»—деп ақырады. Бұл бітімге көнбей төртеуі ханға келіп жүгініпті.

—Мынау менің баламның қалыңдығы ғой. Бұдан бес жыл бұрын жоғалған. Сендер мұны қайдан алдыңдар, өзіме беріңдер,—деп хан ашуланыпты.

Әділдік таба алмаған үшеуі қосылыпты: «Берген жаныңды қайтып ал!»—деп молда Құдайға жалыныпты. Гүлдей жайнап тұрған қыз жанынан айрылып солған бәйшешектей, емендей қатып, ағаш қалпына келіпті. Тігінші өзі тіккен киімді алып қойыпты.

—Мә, балаңның қалыңдығы болса сен-ақ ал!—деп ұста ағашты патшаның алдына атып ұрыпты.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу
Пікірлер 2
  1. Оқырман Мирас
    Оқырман Мирас 06.09.2022 11:03
    1 + 1 -
    Сакакссаскскссксклвдщв8пшащвщвщвщшвоаоа ??котайшвща
  2. Оқырман Айша
    Оқырман Айша 20.01.2021 12:09
    1 + 1 -
    Өте керемет жазылған