Ертегі: Адам мен арыстан

Ертегі: Адам мен арыстан казакша Ертегі: Адам мен арыстан на казахском языке

Бір аңшы болыпты. Өмір бойы аң аулап, күн көріпті. Аң мен құсқа ау құрады екен.

Бірде ауын құрып жүріп, қалың арасынан арыстанға кезігіп қалады. Сонда арыстан:

— Ей, адам, сен көптен бері кездеспей жүр едің, – дейді тесіле қарап.

— Құлақ сал сөзіме. Сенің істеп жүргеніңнің бәрі қиянат! Тіпті менің сыртымнан кіжінетін көрінесің. Ал енді мықты болсаң, күшіңді көрсетші!

Арыстанның айбарынан сескенген адам оны дәріптей:

— О, айбарлы арыстан, сенен күшім артық деп мақтанбаймын! Ал сен шынымен күшті болсаң, дәлелдеші...

— Қандай дәлел керек саған? – дейді арыстан мақтанып. Адам қулығын асыра түскісі келеді:

— Анау жолда бір нәрсе жатыр. Соның астынан өтіп көрші. Арыстан да мұны сезгендей:

— Адам айлакер деуші еді, қулығыңды біліп тұрмын, – дейді сақтанып.

— Алдымен өзің өт, сонан кейін байқайын.

Адам өзі құрып қойған аудың астынан жып етіп өте шығады. Сонан соң арыстан келеді де қарғып өту үшін бар пәрменімен секіреді. Сөйтіп торға шырмалып қалады.

Адам шырмалып жатқан арыстанның кеудесіне мінеді де:

— Міне, менің күшім, енді көзің жетті ме? – деп сұрайды.

— Сендім, көрдім!.. Енді саған тиіспеймін, – деп жалбарыныпты арыстан. Сөйтіп айласын асырған адам арыстанды босатып жіберіпті. Арыстан адамның ерлігін орманға жайыпты. Ормандағы жыртқыш аңдардың бәрі адамның күшінен сескеніп жүретін болыпты.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Қазақша Ертегілер жинағы, ертегі Адам мен арыстан туралы ертеги казакша сказка на казахском, сказки Адам мен арыстан для детей на казахском языке, балаларга арналган кызыкты ертегилер, 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер Адам мен арыстан, ертегилер Адам мен арыстан казакша оку, Адам мен арыстан, ертегі Адам мен арыстан туралы ертеги казакша сказка на казахском сказки Адам мен арыстан для детей на казахском языке балаларга арналган кызыкты ертегилер 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер Адам мен арыстан ертегилер Адам, Ертегі: Адам мен арыстан ертегі оқу Қазақша Ертегілер жинағы Қазақша Ертегі казакша ертегилер казакша ертеги сказки на казахском языке сказки на казахском языке онлайн