Ертегі: Білмес

Ертегі: Білмес казакша Ертегі: Білмес на казахском языке

Өткен заманда қазақтың Бетбақ даласында, ішетін суы жоқ, жейтін шөбі жоқ далада кемпір-шал бір ұл, бір қызымен өмір сүріпті. Қызының аты - Қадиша, ұлының аты - Жолтабар. Қадиша Жолтабардан жеті жас үлкен болыпты. Жолтабардың жасы жетіге келгенде, Қадиша дүниеден ғайып болыпты. Қайда кеткенін ешкім білмепті. Кемпір-шал әрі іздепті, бері іздепті, зорығыпты, бірақ таба алмапты. Кемпір-шал бас көтерген қызынан айырылып жүдепті, көзден сорасы ағыпты. Жолтабардың қайырын Құдайдан сұрап отырыпты. Бір күні көшеді, бір жақынынан түйе сұрап алады, ел қарасына жеткісі келеді.

Жолтабарды жүктің үстіне салады, өздері жаяу жүреді. Ерте көшеді, жас баланың ұйқысы келіп, Жолтабар жүктің үстінде ұйықтап қалады. Күн жаңа шығып келеді. Кемпір-шал кедейліктің әңгімесін соғып, қартайғанша Құдайдан еш нәрсе сұрап ала алмағанын, қызынан айырылып қалғандарына мұңайысып келеді екен. Шағылдың жайы белгілі: ойлы-қырлы болып келеді. Қабақтары қыртыстанып жарқабақтар тұр. Қарындары ашқан, ішерге ас болмауы себепті түйені жүгімен отқа қойып, кемпір-шал желкек теруге кетеді. Сары інген жарқабақтағы май қаңбақты алып жеуге ұмтылғанда, Жолтабар жүктен ығысып түседі. Сары түйенің қалқасында әке-шешесін көрмеген Жолтабар шырт ұйқыдан оянып, былшықты көзімен беті бұрылған жаққа жылап жүгіре береді. Желкектің соңына түскен кемпір-шал оны сезбейді. Сары інген аяныш көзбен Жолтабардың артынан қарап-қарап қояды, бірақ әке-шешең анда деп айтуға тіл жоқ. Екі көзі мөлдіреп қала береді. Бір нәрседен сезіктенген бала келген жақ күншығыс болар деп, шығыс жаққа жүгіре береді.

Күннің көзі де шатынай шығып еді, бір нәрсенің боларын білген ғой, ызылдап жел де соға бастады. Әуелі жай басталғанмен, баланың бағытсыз кетіп бара жатқанын сезгендей, соған бір арамдық ойлағандай, бұлттарды бірінен соң бірін қуалай, еспе жел есе соқты.

Баладан да айырылғанын сезбей қалған кемпір-шал күннің көтеріліп, біраз уақыт болғанын сезбей қалады.

— Жаяу жүрсек қайтеді, түйенің де белі талған, қарны тойған болар. Жолтабар да оянған болар, мен желкектен бір қап толтырдым, – деді кемпір. «Е, жарайды, болса болсын», – деді шал.

Сары інгенге келді, сары інген ыңырсып, Жолтабардың кеткен жағына қарап, кемпір-шалға сездірейін деп еді, Жолтабардан айырыламыз деген ойы жоқ кемпір-шал оны елемей:

— Жолтабарды тұрғызшы, жел күшейіп барады-ау, – деді шал. Кемпір Жолтабарды жүктен қарап еді, таба алмады. Өз көзіне өзі нанбай, түйені шөгеріп қарады, бірақ еш нәрсе көрінбеді. Оны шалға айтуға есі кетіп, тілі күрмеліп қалды. Шал да бір заттың болғанын сезіп, екі көзінен сорасы ағып, кемпірге келіп, Жолтабардың жоғын сезді. Естерінен айырылған кемпір-шал не істерін білмей, тұнжырасып, тіл қатпастан отырып қалды.

Бірақ отыра беруден пайда болмайтынын сезгендей, екеуі баланың ізін кесті, сары інген бала жүрген жаққа жүрді. Ықтын жерден ізін тапты, бытқыл жерден де ізін тауып жүріп келеді, бірақ қоқтыдан баланың ізі шағылға шығып, кемпір-шал ізден айырылды, абдырады, састы. Түйені жетелеп қара қоқты жерден із кезуге кетті. Бірнеше күн жүрсе де Жолтабарды іздеп таба алмай, аштықтан, балаларының қайғы-қасіретінен екі қарт жол жүрістен қаза тапты, сары інген жүгін арқалап жайылып жүрді. Соңынан сары інгенді иесі тауып алған шығар.

Жолтабар сол жүргеннен он күндей жол жүріпті. Бірнеше шағылдан, қоңырдан, былқылдан өтіп, қарасын көрген ауылға қонып, құдығын көрген ауылға түстеніп жүре беріпті. Әке-шешеден айырылған бала берсе, біреудің қалғанын, бермесе, суын ішіп жүріп отырып, бір иесіз далада бір үйдің үстінен шықты. Ол үйдің кімнің үйі екенін білмесе де бір жұтым суын ішу үшін амалсыздан кіреді. Үйде жоғалған апасы Қадиша және күңірең көзді, ұзын тұмсық, қу жақ, екі көзі жапалақтың көзіндей кемпір отыр екен. Апасын танып, әке-шешені көптен көре алмай аңсаған бала не істерін білмей, қуанғанынан сөйлей алмай қалды. Абайсызда кіріп келген балаға кемпір де не дерін білмейді. Апасы Қадиша Жолтабарды танығанымен, жалмауыздың тырнағынан шығып, еш нәрсе айта алмайды. Қадишаның екі көзінен сағынған жалғыз бауырын көрген соң, жас сорғалап аға берді. Бір кезде кемпір:

— Шырағым, жоғары шық, енді менің балам боласың, шөлдеп келсең, мына суды іше ғой, – деп, бір аяқ сары қымызды бере қояды. Жолтабар қымызды жұтып жібергенде, маңдайынан тері бұрқ ете түседі. Апасымен танысайын десе де апасы Қадиша тіл қатпады. Сондықтан бұл апасымен оңаша сөйлесу үшін өз жұмысын айтып, жүрмекші болады.

— Шеше, мен ата-анамнан, туысқан дегенде жалғыз апамнан айырылып, соларды табуға жорыққа шығып жүрген адаммын. Рақмет, сау болыңыз, мен кетемін, – деді Жолтабар.

— Жоқ, шырағым, сен кете алмайсың, мен дүниеде жалмауыз атанған кемпірмін, менен қашсаң да құтыла алмайсың, енді сен менің баламсың, – деді жалмауыз кемпір. Не істерін білмей, кейінгі жағдайын ойлаған Жолтабар апасына сөйлесіп кетуді қажет деп тауып:

— Жарайды, мен сізге бала болдым, байқамай қақпаныңа түскен екенмін, – деді. Біраз күн өтті, апасымен бір де сөйлесе алмады. Бір күні жалмауыз кемпір сыртқа шығып келіп, әлде жалмауыздық істейін деді ме, әйтеуір, бір жаққа жүрмекші болып, Жолтабарға мынаны айтты:

— Балам, мен бір айдан соң келемін. Менің келер қарсыма бір қойдың етін пісіріп қой, сонда менің жақсы ұлым боласың, – деп, киініп шығып кетті.

Жалмауыз кетісімен апасы Қадишамен шешіле әңгімелесіп, қуаныштың шегі болмады. Жолтабар Қадишаның жалмауыз кемпірдің қолына қалай түскенін сұрап, түгел білді. Енді қашып кету, не жалмауыз кемпірді өлтіру жағдайын ойлады. Бір кезде апасы:

— Жолтабаржан-ау, ол жалмауыз кемпірдің бір айда келем дегені - кешке келем дегені. Беріп кеткен кілтімен сарайын ашып, ас асалық, егер келгенде, ас әзір болмаса, сені жеп қояды,– деді Қадиша. Екеуі біраз кеңесіп, асты әзірледі, ата-анадан айырылғанға екі жас оқтын-оқтын жылап та алады.

Бір кезде жалмауыз кемпір келіп, асын ішіп, балаға риза болды. Қадишаның оны Жолтабарға айтқанын сезбеді. Екінші күні тағы кетпекші болып:

— Балам, мен енді жеті күнде келем, маған деп бір жылқының етін асып әзірлеп қой, сарайдың кілті - мынау, – деп, кілтін беріп, үйден шығып кетті.

Үйде апасымен қалған Жолтабар Қадишамен кеңесіп, барлық жай-күйін біледі. Сонда апасына:

— Мен осы кемпірді өлтірем, оның зорлығына шыдай алмаймын, алтын сандығындағы тұқымды уатамын, қолыма алмасты ұстап, жанталасып кіргенде, есіктен аңдып тұрып өлтіремін, кескілеп, – деді Жолтабар ашулы дауыспен.

— Жоқ, Жолтабар, жалмауызды өлтіргенмен, оның бір ала биесі бар, ол келеді де екеуімізді де өлтіреді, – деді Қадиша.

— Жоқ, апа, онан қорқуға болмайды, оның айласын өзім табамын, – деді Жолтабар.

Жолтабар алтын сандықты бұзып, тұқымды алып уатып, қолына алтын алмасты ұстап, жалмауыз кемпірді күтті, есік алдына қылыштан тұзақ құрды. Тұқымның уатылғанын сезіп, жанды жеріне тигесін, ебін тауып жалмауыз кемпір үйіне жүгіріп келіп кіре бергенде, екі көзінен от жарқ ете түсті. Ар жағында не болғанын кемпірдің өзі де білмей қалды. Бұл Жолтабардың алмасы еді. Қанішер жалмауызды ер Жолтабар осылай өлтіреді. Отардағы ала бие бұл оқиғаны сезіп, Жолтабарды жоқ қылмақшы болып жорыққа шықты.

Ертемен ата-анасынан айырылғаннан бүгін ғана тыныш ұйықтап ер Жолтабар тұрды. Ертеңгі асын ішіп болғаннан кейін Жолтабардың өмірінен қорыққан Қадиша:

— Енді не істейміз, қазір ала бие келеді, бізді жоқ қылады, таптайды, – деді ол.

— Онан саспалық, қорықпалық, оның айласын өзім табам,– деді Жолтабар. Біраздан кейін Жолтабар мынадай айла тапты, «бие келе ауыз үйге килігер, сол кезде ауыз үйдің үстінде көрінбей жатып, оның үстіне мініп алайын, апамның өмірін сақтайын, өзім биенің үстінен түспейін» деп ойлады.

Бір кезде далаға шықса, күнбатыс жақтан қара бұлттай түнеріп, боранды дауылдай шаңдатып келе жатқан ала биенің айбарын сезді. Апасын үйде отырғызып, өзі жаңағы айтылған орынға жата кетті. Бұрқырап, сарқырап, қара бурадай күркілдеп, аузынан ақ көбігі төгіліп ала бие келді. Келді де ауыз үйге килікті. Сол ала биенің үстіне ер Жолтабар ырғып мініп алды. Бие әрі тулады, бері тулады, аунады, басын кері соғып Жолтабарды тістегісі келді, бірақ шоқтықтан Жолтабар айырылмады. Енді беті ауған жаққа шапты, көзі еш нәрсе көрмеді, бірақ Жолтабар жалдан айырылмады, қағылған темірдей қадалып қалды. Бір кезде бие:

— Е, енді мен шаршадым, сен маған енді қожа бол, мен саған бағындым, алмаспен соғып бетімді жараладың. Енді саған істер менің амалым жоқ, – деді Жолтабарға. Екеуі келісімге келіп, ала бие Жолтабардың амалсыздан аты болды.

— Енді маған рұқсат ет, мына менің он бес тал қылымды ал, егер мен керек болсам, осының біреуін отқа салып күйдірсең, мен дереу келемін, – деді ала бие.

Ала бие өз бағытына кетті де ер Жолтабар өз бағытына кетті. Бірнеше күн жүріп, бәйшешек атқан бақшаға келді де алма ағашының көлеңкесіне жата кетті. Жолтабардың маңдайында бір тал алтын шашы бар еді. Бас киімін басына жастанған күйінде шаршап келген Жолтабар қатты ұйқыға кетті, күннің атқанын да, батқанын да білмеді. Қаннен-қаперсіз жата берді.

Бұл бақша сол елді билеп отырған ханның бақшасы еді. Оның үш қызы бар. Үлкені - Сара, ортаншысы - Қаным, кішісі - Шара еді. Ішіндегі сұлуы да, көркемі де Шара еді. Мөлдіреген қарақаттай қара көзді, қара қасты, ақша бет, бетінен қаны тамған, алма мойын, нәзік белді, жіңішке келген Шара сұлу еді. Осы үшеуі бақшаны аралап жүріп, Шараны үйге жіберіп, ыдыс алдырып, үш қыз әкесіне үш алма беріп жібереді. Әкесі қыздарының ержеткенін біліп, еліне жарлық салып, елдің жігіттерін жинап, қыздарын сүйгеніне бермекші болды. Шара Жолтабардың қасына барып, елеусіз бұл кім деп сезіктенсе де шашының алтын жалын көріп, Жолтабардың қасында бірталай отырып, «күйеуге тисем, осыған тиемін, бір ерекшелігі бар адам, онысы болмаса да, жарлы да болса, менің теңім» деп ойлады да «әкем жарлық салды ғой, сонда менің іздеп табатын теңім - осы» деп ойлады.

Екі апасынан соң қайтқан Шара терең ойға кетіп, төмен қарап, үйіне қарай аяндай берді.

У-шу болған қала. Біреу келіп, біреу кетіп жатыр. Жібек пен мақпалға оралған ханның үш қызы тұр. Екі төренің баласына ханның қыздары тиді. Шара әлі үнсіз тұр. Қайғыға батқан адамдай тұнжырап, Шара үйіне қайтты. Жолтабардың келмесіне көзі жеткен Шара бақшаға барып, «не болса да көрермін, сүйген теңім - сен» деп, Жолтабарға тиеді. Жолтабар жарлы, сөйлемейді, ешбір адамға тіл қатпайды. Шараның Жолтабарға, «тілі жоқ», қаңғыған балаға, тигені туралы хан хабар алып, өзінен-өзі күйініп, Шараны көрмеймін деп ант етеді. Шара Жолтабардың қасында. Бірнеше күн өтті, екеуі үй болды, бірақ Жолтабар ешкімге де тіл қатпады. Шара да жүдейді, ата-анасының түрлі сөзін есітеді. Еншісіне бір бұзаулы сиыр мен бір жыртық-жыртық қараша үй алады. Қалай да тұрмыс етеді. Бір күні хан ауырып, еміне құланның өкпе-бауырын іздетеді. Құланның өкпе-бауырын әкелуге екі күйеуі кетеді. Жолтабарды халық «Білмес» деп атады. Білмес Шараға ханнан ат сұрап әкелуге, өзінің құланның өкпе-бауырын тауып әкелетінін ыммен түсіндірді. Шара ата-анасына барып айтады. Шараға ата-анасы:

— Сол сұмырайдың соны тауып әкелу қолынан келе ме, оның тауып әкелгені ем болмас, – деді.

Шара жылап қоймаған соң, хан бір қотыр тайды береді. Білмес қотыр тайға мініп алып, жүрмеген соң, кері қарап отырып, бөксесіне біз тығып жүргізеді. Төбе астына түсіп, қылды жағып, ала бие келіп, жаңа киімді киіп алып, екінші түрлі кісі болып алып, құлан суға келетін жерге келеді. Құланды көргенде ала бие:

— Ана - су ішіп жатқан құландар. Оны былай ұста: мен қамыстың арасына барып тұрайын, сен менің екі аяғымның арасында тұрып біреуін ат, онда түсіре алмасаң, онда енді ұстай алмайсың, – деді.

Іс осылайша болды, атып түсірді, сойып, өкпе-бауырын алып жатқанда, екі күйеу келеді, бірақ Білместі танымайды. Бір кесек етін беруді сұрайды, өйткені олар өкпе-бауырын әкелуді ұмытып кеткен. Білмес былай дейді:

— Сұрасаңдар, әншейін берейін, тек сендердің жауырындарыңа темірден таңба басамын, соған риза болсаңдар, – дейді.

Бұлар риза болады. Білмес таңбасын басып, құланның санынан екі кесім ет береді. Білмес ала биені қыр астынан қоя беріп, баяғы қотыр тайға мініп келеді.

Хан Білместің әкелген өкпе-бауырын баста жемесе де соңынан жеп, ауруынан жазылады, бірақ Білместі бұрынғыша кем ұстады.

Бір күні бір елде той болып, хан күйеулерімен кетпекші болады Шара Білмеске қотыр тайды сұрап алып береді. Білмес қотыр таймен қыр астына түсіп, ала биені шақырып алып, жаңа киімдерін киіп, тойға кетеді. Оны ешкім сезбейді. Білмес жолда хандарға жолығып, жолдағы өзектен олар асып жүгіріп шыққанда, Білмес ала биемен алақтатып шығады. Тойда ат шабыс болып, ала бие бірінші бәйгені алады. Хан Білмеске, оның ала биесіне назары түсіп, баласының тойына Білместі шақырады, ханға Білмес бір елдің батыры, мырзасы болып көрінеді. Білмес келуге уәдесін беріп кетеді. Кешке үйіне қотыр таймен келіп, ертең той болады деген күні түнде Шараға саудырап сөйлеп қоя береді.

«Білмес» деп ат қойылып, енді ол шын білмес болды деп жүрген Шара Білмес сөйлеп, жай-күйін айтқанда, жүрегі жарылып, не істерін білмеді. Сөзінің қорытындысында мынаны айтады:

— Ертең ханның тойы болады, соған сен де бар. Екі апаңнан жоғары отыр. Сонда мен өзім туралы мәселені хан алдында шешемін, – деді.

Той болды. Шара айтқан уәдені орындады. Білмес ала биемен келгенде, хан өзі шығып, аттан түсіріп алады. Тойда ел-жұртты сұраса келгенде, өзінің «Білмес» дейтін күйеуі екенін айтады. Хан шалқасынан түсіп: «Олай болса, менің тағымды ал, мен білмедім», – деді. Сонда Жолтабар айтады:

— Жоқ, маған хандық керек емес. Менің тілегім мынау: есіктегі құлдарыңды босат, менің таңба басқан екі кісім бар, соларды маған құл етуге рұқсат бер, – дейді. Ханның екі күйеуінде құлан басында басқан таңба кетпеген екен.

Сол екеуін құл етіп, малдарын ел-жұртқа бөліп беріпті, апасын іздеп тауып, мұрат-мақсатына жетті.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Қазақша Ертегілер жинағы, ертегі Білмес туралы ертеги казакша сказка на казахском, сказки Білмес для детей на казахском языке, балаларга Білмес арналган кызыкты ертегилер, 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер, ертегилер Білмес казакша оку, Білмес, ертегі Білмес туралы ертеги казакша сказка на казахском сказки Білмес для детей на казахском языке балаларга Білмес арналган кызыкты ертегилер 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер ертегилер Білмес казакша оку Білмес, Ертегі: Білмес ертегі оқу Қазақша Ертегілер жинағы Қазақша Ертегі казакша ертегилер казакша ертеги сказки на казахском языке сказки на казахском языке онлайн