Ертегі: Һамза Лумза әңгімесі

Ертегі: Һамза Лумза әңгімесі казакша Ертегі: Һамза Лумза әңгімесі на казахском языке

Пайғамбар заманында аға-іні — бір туысқан екі жігіт болды. Біреуінің аты — һамза, біреуінің аты — Лумза. Өздері жалаңаш, кедей: ішер ас, киер киім аз. Бірақ мінездері оңды, қыздан қылықты, екі аяқты адамзаттың жорғасы, намаздан қалмайды. Намазға жұрттан бұрын келеді, жұрттан соң шығады. Егіз қозыдай жарасып, жұрттың көзіне түсігі, аузына ілінді. Сөйтіп жүргенде, ан хазіретіміз бір соғыстан түскен олжа үлестіргенде, екеуіне екі қара қой берді. Мүбарак алақанымен қойдың арқаларынан бір-бір сипап, екі қара қойды үйлеріне алып барды. Қойлар — бұты толған бұлақ болды. Бүгін қырықса, ертең жүні өсіп шыға келеді. Құдайдың құтты күні қырқатұғын болды. Киім, тамаққа мол жарыды. Бұрын жоғында екен, ішіп, жеп, киіп, дәндеген соң: «Барлық жақсы екен ғой, байлық жақсы екен ғой!» - деп баюға құмар болды. Ан хазіретіміздің қыңқылдап, құлағының тынышын кетірді.

— Ағайынды екеуміздің баюымызға бата берсеңіз екен! - деп.

— Қой, балам, осы екі қойдың жүні, сүті сендерді аш қылмайды, жалаңаш қылмайды, осыған қанағат қылыңдар! Бай болған Қарабайдың не болғанын құлақтарың естімеді ме? -деп еді.Ондай-мұндай сөзге тоқтамады:

— Хазірет Оспан да бай, Сәдуақас та бай, Ғаббас та бай. Байлар пәлен құл азат қылады, ашқа - тамақ, жаяуға - ат, жалаңашқа тон береді.

Оның сауабын өзіңіз айтып тауыса алмайсыз. Құдайдың қанша мол жақсылығын бізден қызғанасыз ба? - деген соң, құлағына маза бермеген соң, шын ықыласпен емес, «Жығылған жағыңнан тұрма!»- дегендей:

— Малдың астында қал!- деп, бата беріпті. Сонан соң бұлар дүрілдеп байып, шаһарға түгіл, далаға сыю қайда, жонға шығып кетті, қиыр жайлап, шет қонып, ұзақ мойынға кетіпті. Қайыр, бұлардың байлығы сондай, малының санына жете алмапты. Артқысын санаймын десе, алдыңғы санағанын ұмытып қала берсе керек. «Сан жетпеген!»- деп, сондай малды айтса керек.

Бір күндерде ан хазіретіміз зекетші жіберіпті. Барған зекетшіге зекет беру қайда, Әбу Жаһил Лағын Мухаммед хақында не айтқан болса, Құран сөзіндей жаттап алған екен. Ылғи пайғамбар хақында қиянат, ғайбат сөзді ағасы бастап, інісі қостап:

— «Баяғыда бір-екі қара қой беріп едім»- деп, біздің қыр соңымыздан қалмай-ақ жүр екен ғой! - деп, барған зекетшіні жанымен қайғы қылып жіберіпті.

Зекетші келіп, көрген-білгенін айтқан екен, нанбапты. Нанбаған себебі - мұның алдында бір жұртқа зекетші жіберіп, ол зекетші барған жерін жамандап,қиянаттап келіп, пайғамбар соғыс ашуға моблизация қылып, Халдібін Лулитті әскербасы қылып, аттандырып, бұлар барса, алдыңғы сөз шіп-шикі өтірік шығып, соның хақында:«Жалғаншының сөзіне нанып, арандап қалмаңдар!» - деген аят келіп отыр екен. Ол аят мынау: «Иа ирһалдин әмұна ан хакім пасықпын ба фітбинуан тысибуа маф ғатим иадмен» - деген аят келген.

Зекетшілердің сөзіне нанбай, ан хазіретіміз өзі барыпты. Барса, малдың астында қалған екен. Қойдың жүні тау-тау, төбе-төбе болып және сол пайғамбар барған күні қой қырықтырып науқан болып жатыр екен. Пайғамбар барған соң, «апысы кіріп, күпісі шығып» асып-сасып:

— Уай, тақсыр-ай, Құдай [сізді] де көрсетеді екен-ау! Жақсы келдіңіз! - деп, «жайылып жастық, иіліп төсек» болып, ағайынды екеуі жорғалағанда, Уәли ханның асында жорға бәйгесінің алдында келген Жананның көк ала жорғасы мен ханның сырғанақ боз жорғасы айдалада қалыпты. Ағасы інісіне:

— Тұр, мал ап кел, сой! - дегенде, інісі шыға беріп, ағасына көзін қысыпты. Онысы: «Өзің бері шығып кетші!» - дегені екен. Ағасы:

— Әлгі семізін ап келмей, арығын ап келер, өзім шығайыншы! - деп, жүгіріп шығып, екеуі сыбырласып:

— Аузын ұрып, аяғын сыпырған жарықтықтарды қалай қиып, бас салып соямыз? Жетім күнінде не жемеді дейсің? Бір мысық сойып, палау басайық! - деп, жанға көрсетпей, мысық сойып, палау басты дейді.

Табақты көтеріп пайғамбар алдына ап келіп, қойған заман бір бүртік ет табақта қалмай, мысық тіріліп, шек-қарнын шұбатып, мияулап, жүре бергенде, екеуі жүгіріп шығып, ұялғаннан жүннің арасына кіріп кетіп, қайта жарық жалғанның жүзіне шыға алмай,қара күйе болып кетіпті. Қара күйе өзі екі түрлі болады: себебі сол дейді, солай болғаны үшін. Бұл әңгіменің қиямет қайымғаша айтылып жүруіне мұның хақында Уаейл сүресі келген деседі. [Мағынасы мынадай айтылады...]

«Айналайын, һамза, Лумза, малды үсті-үстіне топырлатып жиды. Санап санына жете алмады ... ойлады: «Сол жиылған мал сол бойымен тұрады. Өзімізге өлу жоқ, ол малға ешқайда кету жоқ» - дейді. Ол мал ол дүние жиюшының өзіне Хұтыма деген тозақтан кейін болмайды. Хұтыма деген тозақ ішіне түсісімен, күйдіріп жібереді екен. «Сондай ол һамза, Лумза да жүннің ішіне кірісімен, күйіп күйе болды!» - дейді. Жалғанда осы һамза, Лумзаны еліктеушілер ақыретте Хұтыма атлы тозаққа кіргенде, түсісімен, күйе болып кетсе керек.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Қазақша Ертегілер жинағы, ертегі Һамза Лумза әңгімесі туралы ертеги казакша сказка на казахском, сказки Һамза Лумза әңгімесі для детей на казахском языке, балаларга Һамза Лумза әңгімесі арналган кызыкты ертегилер, 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер, ертегилер казакша оку, Һамза Лумза әңгімесі, ертегі Һамза Лумза әңгімесі туралы ертеги казакша сказка на казахском сказки Һамза Лумза әңгімесі для детей на казахском языке балаларга Һамза Лумза әңгімесі арналган кызыкты ертегилер 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер ерт, Ертегі: Һамза Лумза әңгімесі ертегі оқу Қазақша Ертегілер жинағы Қазақша Ертегі казакша ертегилер казакша ертеги сказки на казахском языке сказки на казахском языке онлайн