Тақырыбы: Қазақ тілі мен түркі тіліндегі жалғауларды мысалдар арқылы салыстыру КІРІСПЕ Бүкіл түркі халықтары грамматикасының атасы саналатын Махмұд Қашқари еңбегін біз де қазақ тілінің тарихи грамматикасына арқау етеміз. Махмұд Қашқари орта ғасырлардағы ғылымның алыб...
Д И П Л О М Ж Ұ М Ы С Ы Қазақ тілінде орын тәртібі жайлы сөз тіркесі МАЗМҰНЫ КІРІСПЕ 1. ОРЫН ТӘРТІБІ АРҚЫЛЫ ЖАСАЛҒАН СӨЗ ТІРКЕСІ 2. ОРЫН ТӘРТІБІ АРҚЫЛЫ ЖАСАЛҒАН ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР 3. ОРЫН ТӘРТІБІ АРҚЫЛЫ ЖАСАЛҒАН К...
Жұмыстың тақырыбы: Қазіргі қазақ повесть-әңгімелеріндегі лиризм Жұмыстың көлемі: бет. Бітіру жұмысының мазмұнын сипаттайтын кілт сөздер: лиризм, психологизм, мінез, диалог, монолог, т.б. Жұмыстың әдістемесі: салыстырмалы талдау әдісі Жұмыстың құрылымы: Кірі...
КІРІСПЕ Қазіргі кездегі психологияда барлық аймақтарда жұмыс сапасының арту мәселсі сөз болып жатқанда, мектептегі келешек ұрпақтың тәрбиеленуі мен білім алу деңгейіне деген жауапкершілік артады. Осы жауапкершілікті қолға алу мақсатында үлгермеушілікті басты мәселелердің бірі деп санауға болады. Үлгермеушілікті жеңу тек ғана педагогтардың мәселесі ғана емес, сонымен қатар психологтардың да өзекті мәселесі болып отыр. Біздің зерттеу жұмысымыз мектептегі оқушылардың үлгермеуіне мұғаліммен қарым-қатынас стилінің әсер етуінің психологиялық ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Қазіргі кезде үлгермейтін оқушылардың көбеюіне байланысты педагогтар мен психологтар арнайы зерттеу жүргізуде. Осы үлгермеушілік мәселесінің туындауына түрлі жағдайлар әсер етеді. Көбінесе үлгермейтін оқушылардың сабақта үлгермеу себебі олардың әлеуметтік жағдайларына да байланысты, яғни отбасылық кейбір мәселелердің болуынанда көрінді. Сонымен қатар, жасөсіпірімдік жастағы оқушылардың сабаққа үлгермеу себебі, олардың кіші мектеп жасындағы оқу материалдарын толығымен меңгермеуінің әсерінен пайда болатыны бәріңізге мәлім. Сондай-ақ үлгермеушілік мәселесін зерттеген отандық психологтар ретінде З.И. Калмыкова, Н.А. Менчинский, Н.Т. Талызина, И.Ю.Кулагина және т.б айтуға болады. Қазақстандық зерттеушілер К.А. Бегалиева, А.Д. Жұмабаева, Л.В. Лысенко, Э.И. Шыныбекова, В.В. Трифонова, А.М. Қарабаева және т.с.с педагог-психологтар осы үлгермеушілік мәселесінің жасөспірімдерде болуын ерекше зерттеген. Жасөспірімдік шақтағы тұлғалық жетілуге байланысты оқушының мұғаліммен қарым-қатынас стилінің әсерінен сабаққа үлгермеуі маңызды педагогикалық-психологиялық мәселе болып табылады. Жалпы білім беретін мектеп жағдайларындағы бұл мәселелердің шешілуі алдыңғы қатарлы тәжірбиелердің кең насихатын мектеп тәжірбиесінде педагогикалық және психологиялық зерттеудің нәтижесін енгізуді болжайды. Мектеп оқушысының үлгермеуіне оқушы мен мұғалімнің өзара қарым-қатынасындағы әлеуметтік рөл үлкен әсер етеді. Осы үлгермеушіліктің алдын-алу тәжірбие жүзінде түрлі әлеуметтік – психологиялық тренингтер өткізу керек. Тренингтерді өткізу арқылы оқушы мен мұғалімнің өзара қарым-қатынасын арттыруға болады. Кейбір ашылмай жүрген оқушылар тренинг барысында топқа үйренеді. Тренингтерді ұйымдастыруда В.А. Сухомлинский, А.А. Леонтьев, Д.Б. Эльконин, В.П. Панюшкин. А.А. Бодалев және т.б өз үлестерін қосты. Дегенмен, жан-жақты тұрғыдан алып қарағанда, үлгермеушілік мәселесі толығымен зерттелген жоқ, әлі де болса зерттелу үстінде. Бұл мәселені зерттеу себебім –үлгермейтін оқушылардың мұғаліммен қарым-қатынас стилінің жағымсыз әсерін болашақта болдырмаудың жолдарын қарастыру. Зерттеудің өзектілігі: Мектептегі үлгермеушілік мәселесі қазіргі таңда барлық білім беретін аймақтарда жұмыс сапасының арту мәселесі жайында сөз болғанда, мектептегі болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алу деңгейінде жоғарғы жауапкершілікпен қарайды. Дамып жетілуі жағынан кешкен балаларға іс жүзінде көмек көрсетудің қажеттілігі айқын көріне түсуде. Үлгермейтін оқушыларды педагогикалық-психологиялық коррекциядан өткізу арқылы арнайы сыныптарды ұйымдастырып, мұғалім мен оқушының арасындағы қарым-қатынасты дамыту барысында сабақтан тыс әлеуметтік-психологиялық тренингтерді өткізу керек.....
КІРІСПЕ Өзектілігі. Қазақстан Республикасы – көпэтносты мемлекет. Кез келген ұлттық мемлекет оны құрған негізгі ұлттың өзге этникалық топтар алдындағы басымдығын таныту құралы емес. Адамзат тарихында мемлекет этностардың бір-бірімен өзара әсерлесу мүмкіндігі көбейген кезде, белгілі бір ұлттың бірегейлігін (аумағын, дінін, тілін, мәдениетін т.б.) аман сақтап, дамыту қажеттігіне орай пайда болған. Қазақстан Республикасы да, ең алдымен, сан ғасырлық тарихы бар қазақ ұлтының бірлігі мен бірегейлігін сақтап, дамытуға қызмет етеді. Мұның өзі өзге этникалық топтар мәдениетіне қысым жасалады деген сөз емес. Керісінше, олардың да төл мәдениеті дамып, әрі Қазақстанның мәдени дамуына бір бұлақ болып қосылып, әрі біздің өзге халықтармен (әлгі этникалық топтардың атамекендерімен) мәдени байланыс жасауымыздың тиімді арнасына айналуы қажет-ақ. Ал енді қоғамдағы әлеуметтік құндылықтар, жеке адамдардың бостандықтары мен құқықтары мәселесіне келсек, біздің еліміздің азаматтарының бәрі этникалық тегіне, дініне, т.б. қарамастан, бәрі де тең құқылы, бәріне де тең мүмкіндіктер берілген. Мұның өзі қазақстандықтарды іштей топтастыруға, ортақ Отанымыздың болашағы мен бүгінгі мүддесі жолында бірігуімізге, сөйтіп, бірте-бірте бірегей қазақстандық ұлтқа айналуымызға ықпал етеді. Қазақстан қазір демократиялық даму жолына түсті. Демократияның ең жоғарғы құндылығы − адам. Қазір өзгерістің бәрі және қол жеткен жетістіктеріміз сол адам үшін, адамның игілігі үшін жасалып жатыр. Сондықтан ұлт саясатындағы маңызды мәселелердің бірі − азаматтық татулық пен ұлтаралық келісімді орнықтыру. Бұл келісім халықтардың экономикалық тиімділігі мен мәдени даму ұлттық ерекшеліктер мен ұлттық мүдделерді, тілдің еркін қолданылуын, ұлттардың бір-біріне деген құрметін қамтамасыз етеді. Әрбір ұлттың өз ерекшелігі бар. Сондықтан ұлттық қарым-қатынасты жан-жақты дамыта отырып, әрбір халықтың өзіне тән тарихи қалыптасқан әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін сақтап, байыта түсуге толық жағдай жасалған. Мұны біздің республикамызды мекендейтін ұлттардың өкілдері күнделікті тұрмыстарында сезіне түсуде. Теориялық маңыздылығы. Қазір әлемнің түкпірінен қырғын оқиға мен келеңсіз жәйт тудырған «өркениеттер қақтығысы» деп те аталып жүрген қақтығыстарды біздің елде болдырмай, алдын алып отырған елдігі сындарлы саясаттан хабар береді. Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынас мәселесі өзара сыйластық, наным мен толеранттылық негізінде болып отырған ұлтаралық және конфессияаралық диалог негізінде құрылған. 1996 жылы желтоқсанда Швейцарияда Қазақстандағы ұлт саясаты туралы дөңгелек үстел болып, онда «ҚР басшылығы елдегі барлық этникалық топтардың мүддесін көздеген оң саясатты іске асыруда, ол халықтар арасындағы татулықты қамтамасыз етіп отыр», − деп атап көрсетіліп, қорытынды жасалған. 2006 жылғы 25-маусымда бекітілген «Азаматтық дамудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы», 2006 жылдың 28-маусымында Үкімет бекіткен «Этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін жетілдірудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы» мемлекетіміздегі ұлттық саясатты жүргізудің ең маңызды құжаттары болып табылады.....
КІРІСПЕ Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі таңда Қазақстанда тұлғаның қалыптасу шарттарында күрделі өзгерістер болып жатыр. Жеке тұлға – бұл адам болмысы, ең негізгісі адами бейнесі басқа биологиялық түрде ажыратылуы. Адам әлеуметтену процесінде жеке тұлға болып қалыптасады және индивид әлеуметтік қатынасқа түскенде жеке тұлға болып қалыптасады. Әлеуметтену индивид әлеуметтік «Мен»-нің қалыптасу процесі. Ол индивидтің барлық формаларды мәдениетті, тәрбие мен оқытуды меңгергенін қарастырады. Бұл процесс тәрбие нәтижесі ретінде болады. Яғни әлеуметтенудің екі жақты бағыттары болады: адамның өзі әлеуметтік дағдыларды игеру үшін барлық күш жігерін салады, және қоғам тәрбиелеу мен оқыту арқылы мәдениетке оны қалыптастырады. Адам дүниеге биологиялық тіршілік иесі ретінде келеді. Оның әлеуметтік тіршілік иесі болуға барлық нышандары болады. Ал тұлға әлеуметтенуіне ықпал ететін бірнеше факторлар бар. Бірінші топ- макрофакторлар (ғарыш, планета, әлем, ел, қоғам, мемлекет). Екінші топ-мезафакторлар (аймақ, қала, ауыл). Аталған факторлардың арқасында әлеуметтік тәрбие жүзеге асады. Бала дүниеге келе салысымен, әлеуметтік қатынастар әлеміне тап болады- бір емес бірнеше роль ойнайтын адамдар арасындағы қатынас әлеміне. Осы рөлдерді меңгере отырып адам әлеуметтенеді, тұлға ретінде қалыптасады. Әлеуметтік қатынастар жүйесіне тек белсенді әрі толыққанды қатыса отырып өмір сүру барысында ойнауға тура келетін әлеуметтік феномен ретінде адам пайда болады. Бала дұрыс дамуы үшін оны қоршаған жағдайлар бұған ықпал етуі қажет, атап айтқанда дұрыс ұйымдастырылған тұрмыстық жағдай, дұрыс тамақтану, қатарластарымен қарым-қатынас, қоршаған орта адамдарының қабылдауы, жақын туыстарының сүйіспеншілігі.. Тұлға жөнінде тұжырым дамудың әлеуметтік факторы жөнінде тұжырымсыз мүмкін емес. Бала дүниеге келе үлкен потенциалдық мүмкіндігі бар индивид ретінде қалыптасады Сол күшті олар қалай жүзеге асыратындығы, ол қандай тұлға болып қалыптасатындығы қоғамдық ортаға, тәрбие мен оқытудың жүйесіне, ересектермен қарым-қатынас жасау ерекшеліктеріне, баланың өз белсенділігіне тәуелді болады. Белгілі психолог Л. И. Божович әсер алуға деген қажеттілік бала психикасының дамуында басты рөл атқаратындығы жайлы болжам жасаған.. Баланың бойында дүниеге деген базалық сенімнің пайда болуы үшін міндетті түрде екі шарт құрайды: аналық мейірім мен оның тұрақтылығы. Өз баласын жақсы көретін кейбір аналар ерке болып кетпей, дербес бала болып өсуі үшін қатаң тәрбиелейді. Мұндай тәрбиенің нәтижесі ретінде бала 7-8 жасқа толғанда жиі жағдайда эмоциялық бұзылыстарға шағымданып, психологиялық, медициналық кеңеске жүгініп жатады. Ана қолдауының жоқтығы ауыр психосоматикалық бұзылыстарға алып келеді. Баланың даму тарихы жөніндегі мәліметтерді ескере отырып, А.Валлонның психикалық даму теориясына назар аударсақ психикалық қалай органикалыққа айналатынын түсіндірген. А. Валлон төрт түрлі ұғымдардың байланысын қарастырады, ол -эмоция, моторика (қозғалыс), социум және еліктеу.....
КІРІСПЕ Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі – шетел азаматтарына қазақ тілін оқытатын оқу орындарында қазақ тілін өзге тіл ретінде игеру деңгейін сертификаттау стандартын бірізділікке салу, яғни коммуникативтік қабілет-құзіретті қалыптастыру дәрежесін объективті түрде өлшей алатын және тілді игеру деңгейін анықтай алатын бақылауды негіздеу. Қазіргі заманғы әдістемеде қазақ тілін өзге тіл ретінде оқыту тәжірибесіне тесттік бақылауды енгізу мен ұйымдастыруда белсенді әрекеттер жүріп жатыр. Соңғы жылдардағы бақылаудың жаңа түрінің негізгі талабының бірі – оқушының мекеніне, уақытына, тілді оқып үйренудің нысаны мен түріне тәуелсіз коммуникативтік қабілет-құзіретінің қалыптасу дәрежесін өлшеу мен сыналушының өзге тілді игерудің нақты деңгейіне жетуіне ықпал ету. Тестілеу тәуелсіз бақылау тәсілі ретінде танылып, мойындалған. АҚШ-та, Голландия, Англия, Дания, Франция, Израил, Финляндия, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия елдерінде кеңінен қолданысқа енді. Соңғы 10 жыл ішінде тілдік тесттер синдикаты жасалды: - ETS, Американың педагогикалық тестілеу қызметі, яғни әлемнің 40-тан астам елдерінде жұмыс істеп, жыл сайын жарты миллионнан аса адамнан ағылшын тілінен TOEFL (Test of English fs f Foreing Language) емтихан қабылдайды; - АҚШ Сыртқы істер министрлігі институты тестілеу қызметі – FSI, шет тілі оқытушыларының Американдық ассоцияциясы жанындағы (ACTFL) тест орталығы; - Европадағы лингвистикалық тестілеу ассоцияциясы (Assocition of Language Testes in Europe, ALTE) және Европалық одақ қолдауымен жұмыс істейтін Халықаралық сертификаттық одағы (International Certificate Conference, ICC); - Кембридж университетінің емтихандық синдикаты; Жоғарыда аталған тест орталықтарының тәжірибесіне көп сүйенуімізге тура келеді. Себебі оларда көптеген жылдар бойы тілдік білімді бағалаудың, бақылаудың – тестілеудің теориясы мен практикасы қалыптасқан [1,12]. Тарихи мәліметтерге көз жүгіртсек, бүгінгі күні тілдік білімді тестілеу оқытудағы қазіргі заманғы көзқарасты – коммуникативтік мақсатты білдіреді. Өткен жылдардағы тесттер – негізінен интуитивті немесе субъективті сипатта болды және оқытушының жеке пікір ойларына да байланысты болды десек қателеспейміз. Интуитивтік кезеңнен кейін тестілеу ғылыми кезеңге көшті десек те болады. Тілшілер бұл кезеңде тілдік білімнің объективтік бағалануының маңыздылығын баса көрсетті. Қазір біз тілдік білімді бағалаудың коммуникативтік кезеңіндеміз. Бұл кезең тілдік тұлғаларды емес, оны қолдана білудің маңыздылығымен ерекшеленеді. Субъективтік, яки интуициялық кезеңде дайындалған тест мазмұны бойынша тіл үйренушілердің сөйлем үлгілерін, грамматикалық үлгілерді, құрылымдарды жаттауына тура келді. Субъективтік кезеңдегі тестілер көптеген жазбаша жұмыстардан құрылатын: диктант, мазмұндама, шығарма, оқылымға негізделген сұрақтарға жауаптар. Ал, бағалау негізінен тілдік білімі (тілдік білім дегеніміз – барлық қазіргі тілдер мен мәдениеттер саласы бойынша ана тілі мен меңгерген тіліндегі қалыптасқан білімі) жақсы деңгейдегілер үшін ғана сәйкес келді.....
КІРІСПЕ Macromedia Authorware ең алдымен қашықтықтан оқытуға электрондық оқулық жасауға арналған. Мұның артықшылығы осында. Сонымен қатар қашықтықтан оқытуға қысқаша тоқтала кетсек. Қашықтықтан оқыту деп – бұл студентттің өзіндік жұмыс жасауына кеңінен мүмкіндік ашатын, мұғалім мен студент кеңістік немесе уақыт аралығында бөлініп тұрсада, телекоммуникациялық құралдардың көмегімен кез келген жағдайда тапсырма алып, оны орындай алатын соңғы үлгідегі технологиялармен қамтамасыз етілген оқыту жүйесін айтады. Қашықтықтан білім берудің негізгі мақсаты – оқушы немесе студен кез келген уақытта ақпараттық кеңістікті еркін пайдалану арқылы жан – жақты білім алу болып табылады. ҚР СТ 34.016-2004 «Қашақтықтан оқытуды техникалық және бағдарламалық құралдары. Жалпы техникалық талаптар» ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетімен 2004 жылғы 10 шілдедегі № 179 бұйрығымен бекітілген. Қашықтықтан оқытудың артықшылықтары төмендегідей болады: • кез келген жерде, кез келген мерзімде оқуға мүмкіндігі бар; • кәсіби қызметпен қатар білім алуға болады; • оқу үрдісінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың жаңа жетістіктерін пайдалана отырып, студенттер мен оқытушылар арасындағы белсенді диалог, оқу ақпаратына мүмкіндік беру; • білім алушының мекен жайына, денсаулық жағдайына, элитарлық және материалдық жағдайына қарамастан тепе-тең дәрежеде білім алуға мүмкіндігі бар... Қашықтықтан оқытудың компонеттері мен әдістемелік тәсілдері оқытуды мүмкіндігінше ыңғайлы және тиімді етуге бағдарланған. Қашықтықтан оқытудың негізгі элементтері мынандай: • оқыту курстары; • тестілеу; • жаңалықтар; • ішкі почта; • форум; • электронды деканат; • есеп берулер; Macromedia Authorware – (оқу курстарында) интерактивті мультимедиялық программаларды жасауға арналған. Authorware пакеті материалдарды сан түрлі формада: мәтін, сурет, бейне және дыбыс түрінде бере отырып пайдаланудыда қоса қамтиды. Authorwareнің құрамына енетін құралдар қазіргі заманғы талаптар тұрғысынан алғандағы мүмкіндіктерді береді. Authorware пакеті материал ұсынудың түрлі формаларын: мәтін, сурет, бейне және дыбыстық сүйемелдеуді пайдалануды есепке алған компактылы мультимедиялық қосымшалар жасауға арналған. Әрине, Сіз бұл аспапты басқа да пакеттредің көмегімен ‹‹әдеттегідей›› электрондық көрмелер (презентация), ұқсас тақырыптар даярлау үшін де пайдалана аласыз. Алайда Authorware ең алдымен, электрондық оқулық жасауға бағытталған. Осыған байланысты, көрме даярлауға арналған пакеттердің мүмкіндігіне қарағанда, мұның мүмкіндіктері анағұрлым кеңірек. Бұған қоса, мұнымен жұмыс істейтін пайдаланушы осы сияқты оқыту жүйесімен жұмыс істей отырып, Authorware туралы толық білім меңгере алады. Authorware пакеті арқылы оқыту курсын Ғаламтор желісі арқылы айқындауға да болады.....
Зерттеудің көкейкестілігі. Біздің елде де қазіргі уақытта футбол өнері күн сайын даму үстінде. Қазақстан күрама командасы Азия құрлығы федерация құрамынан шығып, бүкіл әлем бойынша күштілер саналатын Европа елдерінің федерацияға мүше болып енді. Бұл өзгеріс Елімізде футбол өнерін дамыту, дене-күш, техникалық, тактикалық, психологиялық және функционалды дайындықтарын жетілдірудің жаңа әдістері мен құралдарын пайдалануға септігін тигізуде. Елімізде 90-шы жылдарға қарағанда қазіргі уақытта балалар мен жасөспірімдер арасында футбол өнерінің бұқаралық екі есеге өсіп отыр. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіндегі жаттықтырушыларға талап күшейіп келеді. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде бірінші кезекте шұғылданушылардың дене-күшінің және техниканың дамуына ерекше назар аударылады. Спорттың басқа түрінен өткізілетін жаттығуларда, көбінесе қосымша спорт түрі ретінде футбол ойынын қолданылады. Бұл дегеніміз футбол дененің дамуына ерекше эсер етеді, таңдаған спорт спорт түрі бойынша жақсы дайындыққа септігін тигізеді. Футбол ойыны жалпы дене дайындығының жақсы бір күрал болып қызмет атқарады. Әртүрлі бағытты өзгеортіп жүгіру, түрлі секіру, құрылымы жағынан әртүрлі сипаттағы дененнің қозғалысы, допты алып жүру, қозғалыс жылдамдығы, ерік сапасының дамуы, тактикалық ой - осының барлығы жиылып көптеген ....