Журналистика | Қазақ кітабы таралымы мен тарату мәселелері

 Журналистика | Қазақ кітабы таралымы мен тарату мәселелері

Мазмұны

Кіріспе...........................................................................................

І ТАРАУ
Баспа кітап бұқаралық коммуникация құралы

1.1. Қазақ кітабы таралымының аз болу себептері...................
1.2. Тығырықтан шығар жол бар ма?........................................

ІІ ТАРАУ
“Таратпасақ кітап шығарып қажеті не?”
2.1. Қазақ кітабын тарту мәселелері...........................................
2.2. Нарықтық экономика талаптарының орындалуы..............

Қорытынды....................................................................................
Сілтемелер......................................................................................
Пайдаланған әдебиеттер...............................................................

Бітіру жұмысымды Абай атамыздың мына бір өлеңімен бастағанды жөн көрдім:
Пайда ойлама ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Артық білім кітапта,
Ерінбей оқып көруге,- деп өлеңге қосуы тегін емес.
Шынында ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші, ақпаратты сақтаушы, бұқаралық және ақпараттық сипатқа ие құбылыс – кітап. «Кітап - әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі », - деп Максим Горький кітапқа әділ баға берген. Сонымен бірге кітап – аса қуатты тәрбие құралы. Жақсы, өнегелі, ұлағатты кітапты басып шығарып, тарату арқылы біз қоғамымызды да тәрбиелейміз, рухани бай адамдар қатарын да арттырамыз. Осы ретте француз жазушысы әрі философы Вольтер Мари Франсуаның мына бір айтқан нақыл сөзі ойға оралады: «Жазушының оқуға арзитын ғана туындысын басу керек, Бұл аяулы ереже кітаптың санын азайтқанымен, оқушылардың талғамын арттыра түскен болар еді ». Шын мәнінде бұл критериймен кітап басып шығарар болсақ, онда жарық көретін кітаптың саны азайып кетеді – ау деген күмән пайда болары сөзсіз. Бірақ біз кітаптың әсер етуші қуатының мықты екенін әсте естен шығармауымыз керек. Яғни, бізге саннан гөрі сапа қымбат. Бұл дегеніңіз оқырманның талғамы дұрыс қалыптасу деген сөз. Яғни, талғамы жоғары, талабы қатаң оқырман қалыптастыру. Қатаң, жоғары талаптан сапа пайда болады .Сапалы тауар – өтімді тауар.Егер біздің басып шығарып жатқан кітабымыз тауар деп қарастырсақ сол тауардың, яғни өндіріп отырған тауарымыздың өтімді болуына біздер мүдделіміз. Бүгінгі таңда кітап тарату ісі, саудасын дамыту мәселесі өткір тұр. Қазақстандағы кітап саудасының көкейкесті мәселесі көп.
Кітап – білім бұлағы. Рухани қазынаны сақтаушы, жеткізуші. « Артық білім кітапта» деп ғұлама Абай кітапқа жоғары баға береді. «Малқұмар көңіл бек соқыр» бұл да Абай сөзі\1\. Қазақ данасы халқына не дегелі отырғанын түсінікті. Ғылым, ар –инабат мектебі бәрі кітапта. Ендеше малқұмар болма, кітапқұмар бол. Ал біз кітаптың нағыз бағасын біліп жеттік пе?
Бұл сұрақтың жауабын кітап саудасынан да іздеуіміз керек. Кітап саудасы туралы білім жүйесін зерттегенде кітап өнімінің тауарлық құнын ғана емес, тұтыну құнын бірге қарастыру керек. Бұл - киер киім, ішер ас емес, сонда да адам болып өсіп толысуың үшін бірден бір азық. Дәлірек айтқанда, рухани тауар.
Кітапты тауарға айналдырып саудалау оның сонау папирус бумасы, күйдірілген балшыққа, тақтайға не қайың қабығына жазылған түрлерінен басталады. Жоғарыда аталған, бабаларымыз жасаған жазуы бар тас ыдыс құжаттар да су тетігіне түспеген шығар. Қолжазба кітапты көшіретін орын даяр өнімді, яғни қолжазба кітаптарды сататын дүкендер де болған.
Көне гректер кітап сатушыны «библиопол» деп атапты. Осы сөзден француз кітаптанушысысы Г.Пеньо «Библиология жөніндегі түсіндірме сөздік» деген кітабында «библиополистика» атты термин туғызған. Библиополистика - кітап және сату деген екі сөзден құралады\2\. Иә, көріп отырғанымыздай кітап жағдайы тамырын тереңнен алады. Және кітап саудасындағы негізгі тауар кітап екені, ал кітап өзге тауардан өзінің рухани азық беретіндігімен, адам жан дүниесін байытуға орасан ықпал ететіндігімен ерекшелетіндігі аян.
Кітап - ерекше тауар. Адамзат өркениетінің ажырамас бөлігі. Ал, білім алуда, ғылым ізденуде кітап сенімді дос. Сенімді ақпарат көзі.
Кітап басу ісі күрделі – процесс. Осы процестің нәтижесінде дүниеге келетін кітап - болмысы жағынан ерекше тауар. Бұндай тауарға қойылатын талап ерекше болса керек. Жарық көрген кітап міндетті түрде таратылуы тиіс\3\. Дана халқымыздың «ағын су арнасын табар» деген нақыл сөзі бар, ал осы қисын тұрғысынан керек, жарық көрген кітап оқырманына жету.
«Қазақ кітабы таралымы мен тарату мәселері» деген тақырыпты таңдау себебім, мұхиттың толқынындай мың құбылған өмірімізде, өмір сүріп отырған кеңістікте, уақытта, қоғамда адамзат өркениетінің белгісі-кітапты дүниеге әкелу, одан кейін таратылу мәселесі көкейтесті болып отыр. Осы ретте елбасымыздың айтқан мына бір сөзі ойға оралады «Кітап таралымын нарықтың өзі реттеуі қажет. Кітап неге барлығы екі-ақ мың дана мен таралуы тиіс? Біздің еліміз сияқты кітаппен сусындатып калған байтақ елге әлбетте, бұл аздық етеді. Қазақ мектептерінің саны жыл санап өсіп келеді, жоғары білім беретін оқу орындарынынң қатары да артып келеді. Қаншама кітапхана қалпына келтіріліп, жаңадан қаншасы ашылды. Егер әр балабақша, мектеп, жоғарғы оқу орны, кітапхана әр жаңа кітаптан бір-бір данадан алатын болса қазақ кітабының таралымы бір-ақ күнде көкке шырқатпай ма? Ол үшін шығарған оқырманға ұсынып отырған кітабының көркемдік құндылығы мен сапасы өз дәрежесінде болуы керек. Мәселен, баспагерлердің өздері бас қосып, кітап тарату ісімен шұғылданатын орталықтандырылған бір бірлестік неге құрмасқа? Іс көзін осылай заман талабына сай үйлестіре білсек қана ол оңға басады. (Қазақ әдебиеті, ҚР президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен сұхбат, 26.03.2006,2-бет). Мұндағы елбасының қозғап отырған мәселесі уақыт талабына сай. Олай дейтін себебім, бүгінгі таңда кітап тарату ісі ұйымдастыруды қажет етеді. Бұған қоса бүгінгі таңда шығып жатқан кітаптардың таралымын ескерсек, онда аталмыш салаға қолдау қажеттігі айқын болады. Елбасымыздың «Кітап саудасын нарықтың өзі реттеу керек,»-деп отырғаны біз өмір сүріп отырған нарықтық экономика жағдайына бейімделу мәселесі. Бұл дегеніміз баспалар кітап таратуда маркетингілік құралдарды, жарнаманы мейлінше ұтымды пайдалану. Мұндағы негізгі мақсат - кітаптың оқырманға барар жолын жеңілдету, ыңғайлы ету. Кітап саудасы - кітаптың автор мен оқырман арасын үйлестіретін жол\4\. Осы жолда менің ойымша түрлі кітап көрмелерін ұйымдастыру керек. Және де түрлі көшпелі көрмелер мен көшпелі дүкендер ұйымдастырылса абзал болар еді. Бұған қоса Еуропа мемлекеттерінде жыл сайын өтіп тұратын өте беделді, даңқы әлемге әйгілі кітап көрмелері біздің елімізде де өтіп тұрса, мемлекетіміздң кітап саудасы саласында беделі арта түседі. Халықаралық бедел дегенде, елбасының үстіміздегі халыққа жолдауында алдыңғы қатарлы елу ел қатарына қосылу туралы айтқан сөзі ойға оралады. Бүгінгі таңда өнім өндірушілер қатаң бәсекелестік аясында жұмыс істеуде. Бұл түсінікті де, өйткені кімнің өндірген өнім сапалы болса, соның тауары өтімді. Ал өндірген өнімді тиімді өткізе білу- нарықтық экономиканың негізгі талаптарының бірі.

I ТАРАУ. Баспа кітап бұқаралық коммуникация құралы.
1.1 Қазақ кітабы таралымының аз болу себептері.

Тоқсаныншы жылдардың басында социалистік жүйенің жойылуымен жаңа нарықтық экономикаға негізделген демократиялық қоғам құру мәселесі бірінші орында тұрды. Алайда нарыққа өту оңай бола қойған жоқ. Бұл кезеңде көптеген баспалар шығынға ұшырап, жабылу қаупіне душар болды. Өйткені кешегі социалистік қоғам кезінде баспа ісі коммунистік партияның қатаң бақылауында болып, қаржы жағынан түгелімен мемлекетке бағынды. Баспа басылымдарын шығару, тарату жұмыстарының бәрі де мемлекет тарапынан жүргізілді. Осындай тәуелділікке үйренген редакциялар демократиялық қоғамда өздерінің тұрақтылығын жоғалтып, жағдайларын нашарлатып алды/5/.
Кітаптың баға жетпес рухани байлық екені даусыз. Белгілі француз ойшыл жазушысы Дидро: “Кітап оқуда тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік” – деген. Бұдан кітаптың қасиеттерін айтып жату артық болар. Рухани азықтың қайнар көзі саналған кітаптың қазіргі қалпы қандай? Бүгінгі ұрпақ оның қадір- қасиетін біле ме деген сауалдар санамызды сарғайтады/6/.
Кез-келген баспаның нарық экономикасына бейімделуінің бірден-бір тетігі кітап тарату ісін дұрыс жолға қою болып табылады. Бұрын жоспарлы экономика жағдайында кітап нарығының инфрақұрылымы мемлекеттік көтерме кітап базалары – кітап саудасы мекемелері мен кітап дүкендерінен құралды. Сұраныс, ұсыныс, еркін бәсекелестік сияқты нарыққа қатысты ұғымдар ол кезде мүлдем болған жоқ. Кітап саудасы мемлекет монополиясында болғандықтан, бәсекелестік пен тұтынушы сұранысын қанағаттандыру мәселелері туған жоқ, баспалар тақырыптық жоспарлары бойынша тапсырыстар қабылдап, басылымды шығару және таратуды ұзақ уақытқа жоспарлауды жүргізді; кітапқа тұрақты баға мен кітап тауарларын тасымалдау мен жеткізуге тұрақты тарифтер орнатылды; кітапты таратудың жазылу формасын көп қолданып, аннотация бойынша жұмыс істеу байқалды. Ал, нарықтық экономика жағдайында еркін бәсекелестік, тұтынушылар мен қарым-қатынасты оперативтілік, кітап нарығының тауарларының көбеюі, төлемдердің тұрақсыздығы, пошталық және транспорттық тарифтер жүйесінің әр түрлілігі мен тәртіпсіздігі байқалып, тақырыптық жоспарлар мен тапсырысты жүйелі жинау, кітап саудасы саясатын ұзақ уақытқа жоспарлау, жазылу сияқты критерийлер мүлде жойылды\7\.
Қазақстандағы кітап ісінің нарық экономикасына бейімделе бастағанына да он жылдан аса уақыт болды. Кеңес дәуіріндегі “Қазақкітап” мемлекеттік сауда мекемесінің қызметі бүкіл республика көлемін қамтыса қазіргі ұсақ серіктестіктердің шамасы оған жете бермейді. Кітап бизнесінің жандануына әкелетін ең басты тетік кітап тарату мәселесін қолға енді ала бастаған көптеген баспалар мен фирмалар бұл істі заман ағымына сай жаңғырту үстінде. Бірақ, бар мүмкіндікті пайдаланып жатыр дей алмаймыз. Бүгінгінімізді саралап, ертеңімізді ойымызда таразылайтын журналистиканың бұл саласының қазіргі кездегі жағдайы қуанарлықтай емес /8/.
Дара сауда саттық – кіші және үлкен тәуелсіз дүкендер - баспагерлерден кітапты жеңілдіктермен сатып алады. Жеңілдік көлемі кітаптың сату бағасының 40 пайыздайын құрайды, ал сұраныс көбейіп жатса жеңілдік те 46-47 пайызға дейін өседі. Ал, көтеме саудамен айналысушы фирмалардың табиғатының өзі оларды кітаптарды үлкен мөлшермен сатып алуына мәжбүрлейді. Бұл кітаптар ұзақ уақыт сақталуға арналады. Мұндай фирмалар сатып алу барысында әдеттегіге қарағанда ең жоғарғы жеңілдік дегеннен 2-3 пайызға артық жеңілдікке ие болады. Көптеген көтерме саудамен айналысатын фирмалар республика бойынша транспорттық қызметтерін ұйымдастырып қойған. Соның арқасында олар кез-келген жердегі дүкенге аз ғана уақыт ішінде кітапты жеткізе алады. Ал, егер олар кітапты баспаның өзінен алып жіберетін болса, бұл 2-3 аптадай уақытты алар еді. Яғни, мұндай фирмалар дара кітап сатып алушылардың қажетін де өтей алады.
Кітап саудасын жақсарту мақсатында 1 жылда 4-5 рет конференциялар ұйымдастырылып тұрса? Баспаның перифериялық қызметкерлері жиналатын бұл конференция баспаның тақырыптық жоспарына және сату маусымдарына байланысты ұйымдастырылса, жаңа кітаптарды ұсынғанда маркетинг жөніндегі директор, баспа редакторлары және жетекшілері қатысады. Әр кітапты өз редакторлары таныстырады, оған сипаттаама береді. Ал, оны барлық талқылауға барлық қызметкерлер, сонымен қатар сауда-саттық мамандары қатысуы тиіс. Сауда-саттық мамандарына катологтар тапсырылады. Каталог - ібарлық маркетингтік бөлімдер үшін басты сауда құралы болып табылады. Әрі мамандарды маркетингтік қолдау әдістермен, яғни кооперативтік жарнамалармен, сауда орындарында жарнама әдістерімен (плакаттар, дүкен сөрелеріндегі кітаптардың макет үлгілерімен кітап клубтарының басылымды алу жолдарымен, басылымның жарық көргеннен кейінгі авторлық түріне жоспарлармен) таныстырады.
Конференциядан тарасқанда сауда-саттық мамандар үш мәселені атқаруға тапсырма алады. Ең бірінші, міндетті түрде жаңа басылымдардың сатылуына белгіленген квотаның орындалуын талап ету. Екіншісі - ассортименттің инвентаризациясын жүргізу және кітап дүкендері иелерін өз қорларын осы басылымдарымен толықтыра түсуіне итермелеу. Үшінші міндет - баспагер мен аймақтар арасындағы қарым-қатынасты қолдап отыру, кооперативтік жарнаманы ұйымдастыру, басылымды алға жылжытуда арнайы жарнамалық компаниялар өткізу. Ал, баспа қызметкерінің өз тұтынушысының барлық сұрақтарына жауап бере алуы өз алдына міндет екені сөзсіз \9\.
Кітап сатуда кері әсерін тигізетін нәрсе - кітаптарды қайтадан қайтарып беру болып табылады. Қайтарылып берілмейтін кітаптар өте аз, тіпті бестселлердің өзі кейде баспаға қайтарылып жатады. Ал, бұл деген баспаның пайдасының және автордың пайдасының азаюына әкеліп соқтырады. Бұрындары барлық дерлік баспагерлер кітап сатып алушы мамандарға өз өнімдерін қайтарып берер болса, сатып алу бағасын толық қайтаруға кепілдік беретін. Бірақ қайтарылып берілетін кітаптың санының көбейіп кеткені соншалық, кейбір баспагерлер енді айыппұл сала бастады. Яғни, кітап сатушы кітапты қайтарып берсе, ол бастапқы сатып алған ақшасын түгелдей қайтарып ала алмайды. Оның белгілі бір мөлшері ұсталынып қалады.
Кітап сатудың жаңа әдістеріне келсек, олар: бірінші, автоматтық түрдегі кітап тарату. Баспаның сауда - саттық қызметкері өз контрагентіне өзі алдын - ала дайындап қойған тапсырысты ұсынады. Бұл жерде қай кітаптарға және қандай мөлшерде аталған дүкен қажет етеді деген мәселені көрсетеді. Егер тапсырыс қабылданса, онда тапсырыс алушы көрсетілген сұраныстың он пайызын өзгерте алады. Яғни, қағазда 100 кітап атауы көрсетілсе, тапсырыс алушы он кітапты өзгертуге құқылы. Бұл жүйемен көбіне аса үлкен емес дүкендер жұмыс істейді. Екінші, ертеректе шыққан басылымдарды сату. Бұл әдіске сай дүкендер баспалардың беклисстеріне сұранысқа көбірек ие кітаптарын таңдап және сатып алуына мүмкіндік алады. Егер дүкендер өз қоймаларында осы кітаптардың қорларын сатып отырса, ол қосымша жаңа жеңілдіктерге ие болады. Бірақ бұл тізімдегі кітаптардың дені әдеби емес кітаптар. Тек санаулы ғана дүкендер қалың мұқабалы әдеби кітаптарды сақтайды. Бірақ мұндай кітаптармен салыстырғанда жұқа мұқабалы дәл осы кітап арзаныраққа түседі. Сондықтан оған сұраныс күштірек болады. Үшінші, телефон арқылы сауда. Кітап саудасындағы болашағы зор әдіс-телефон арқылы сауданы ұйымтастыру болып табылады. Егер кітап сатушы өнімін сату үшін командировкаға шықса, оған кететін қаржы көп болар еді. Соған байланысты баспалар шалғайдағы өз тұтынушыларымен арзаныраққа түсетін байланысты іздейді. Ал телефон арқылы бірден бірнеше мәселені шешуге болады. Әрі ол басқа әдістермен салыстырғанда он есе арзанға түседі. Төртінші, компьютер арқылы кітап сату. Компьютердің бар мүмкіндігін пайдалану арқылы кітап сату ісін баспалар бүгінде алға жылжытып отыр. Кітап сатумен айналысатын баспа бөлімдері бір компьютерлік желіге байланысқан. Осылайша шалғайдағы сату бөлімдерінің жағдайымен танысып отыр\10\.
Басқа елдердегі кітап бағаларымен салыстыра қарасақ, Қытайда кітап өте арзан тұрады екен. Мүмкін бұл мемлекеттің өз ішкі саясаты шығар. Нақты бағасына келсек, Қытайда бір кітаптың бағасы бәтеңкенің бағасынан 25 есе арзан. Бір жағынан кітап арзан болғандықтан мүмкін оның тұтынушылары да көп шығар. Токиода бір кітап 500 иен тұрады екен. 150 иен бір долларға тең. Яғни, бір кітап 3-3,5 доллар тұрады. С.Ф.Добкиннің «Основы издательского дела и книгопечатания» еңбегінде: «Кітап сататын осындай мекемелер баспалардың өз жоспарларын құруда үлкен роль атқарады». Кітап сатушы адамдар күнделікті миллиондаған кітап сатып алушылармен әңгімелесіп, соған сәйкес кітапқа деген сұранысты, тұтынушылардың қандай кітапқа қызығушылығы жоғары деген мәселелерді анықтайды. Олардың бәрін жинақтай келе, ортақ бір қорытынды шығарады. Осы қорытындыны баспаларға тапсырады. Сонымен қатар, сол баспаларға қандай тақырыпта кітаптар шығаруды және қандай кітаптарды қайта басып шығаруды айтып отырады»\11\ - делінген.
Қазақстандағы баспагерлер үшін бүгінде өнім шығарудың екі түрі қалыптасқан: біріншісі, мемлекеттік тапсырыс, екіншісі, «еркін», яғни әр баспа өз ақшасына керек деп тапқан кітаптарды шығарады. Бірінші түрдегі тапсырыс берушілер - Білім және Ғылым министрлігі, Ақпарат министрлігі, Мәдениет министрлігі болып отыр. Олар оқулықтар мен ең керекті деп тапқан кітаптарға тапсырыс жасап, соған қаржы бөледі.
Ал «еркін» сауда ең үлкен, тұрақты, бірақ қауіпті. Енді кітап дүкендеріне сатылуға кітаптар қалай келеді, соған келсек, Қазақстандағы көптеген қалалар Ресейлік кітаптар Алматы арқылы жеткізілмейді. Мысалы: Қостанайға - Челябинскден, Атырауға - Астраханнан, Петропавлға - Омскден, Павлодар, Көкшетау, Семей, Өскеменге - Новосибирскден, Астанаға - Екатеринбургтен келеді.
Ал, Алматылық компанияларға Москва және Новосибирскден жеткізіледі. Мысалы, «Экономик,С» кітап сатушы фирмасы іскер, оқулықтар және компьютер туралы әдебиеттерді 35-ден астам Ресейлік баспалардан алады.
Екінші жолы баспалардың өздері кітап дүкендермен келісім-шартқа отырады. Мысалы, «Білім» баспасы Қазақстан қалаларының ірі кітап дүкендерімен келісім-шартқа отырған. Аталған баспа директоры Жарылқасын Нұсқабаевтың айтуына қарағанда кітаптардың аз таралыммен шығуының басты екі себебі бар. Біріншісі, кітап өніміне қажетті шикізат-қағазды Ресейден алады. Бағасы өте қымбат болғандықтан, сапасы жоғары, түрлі-түсті, суретті Ресей кітаптары оқырманның көзін бірден тартары сөзсіз. Соған байланысты біздің кітаптардың сатылуы аз болып отыр. Екінші себеп: қазақ оқырманының басым бөлігі-ауыл тұрғындары. Олар тұрмыс тіршілігіне сай тек балаларына қажет оқулықтарды ғана сатып алады. Ал, зиялы қауым, қалталы адамдар дүкендерде қаптап тұрған орыс тіліндегі кітаптарды қымбатта болса алып жатады. Ресейде БАҚ - тан қосымша құн салығы алынып тасталған. Сондықтан, Ресей баспа өнімдері көп таралыммен шығады. Бүгінгі таңда бізде кітап сатудың «жаңа жолы» қалыптасқан десе болады. Ол - автордың өз кітабын өзі сатуы. Көбіне авторлар кітаптарын ауылдарға әкеліп тастайды. Оларды мұғалімдерге, оқушыларға, яғни мектептерге күштеп сатады. Осыдан бір нәрсені байқауға болады: қазіргі уақытта кітаптың өзі емес, оған берілетін ақша алдыңғы орында тұрған сияқты. Әйтпесе, бір ауылға әкеп тарата салса, кітап бүкіл Қазақстанға тарамай, бір жерде ғана қалып қояды.
Халық арасында сауалнама жүргізу барысында (50 адам сұрастырылған) тек 50 пайыздайы ғана кітап сатып алуға бір пайыз ақшасын бөлетіндігі анықталды.
Қазақстандағы бүгінгі кітап саудасы қалаларда ғана жақсы дамыған. Ауылдық жерлер туралы сөз етуде мүмкін емес. Ең көп сұранысқа ие кітаптар - орыс тілді басылымдар, жеке ғылым ретінде библиополистика саласы туралы қазір тәуелсіз еліміз, дегенмен мемлекеттік тілдегі кітаптар мәжбүрлеудің ғана арқасында сатылады. Болашақта библиополистиканың қарқынды түрде дамуы үшін үлкен еңбек етуі керек.

1.2. Тығырықтан шығар жол бар ма?

Соңғы жылдары маркетингке деген қызығушылық кітап саласынан-баспагерлер мен сатушылардан да байқала бастады.
Кітап тарату жолдары - соңғы жылдары маркетинг тәжірибесін дамытудағы маңызды әрі тез өзгерістер орын алған сала. Кітап сату жүйесінің өсуі, жаңа тәуелсіз кітап дүкендерін ашу, кітап таратудың дәстүрлі емес әдістерін жүзеге асыру (Мәселен, Интернет-дүкен), поштамен сатудың өсуі, қызығушылық бойынша кітап клубтарын тарату, сатудың арнайы түрлерін қарастыратын баспалар бөлімінің пайда болуы...Бұлардың барлығы оқырманға кітап жеткізу әдістерін түрлендіруге ғана емес, сонымен қатар кітап нарығының потенциалын көтеруге де мүмкіндік береді.
Пошта бойынша сату - тез дамыған сала. Бұған қызығушылық танытқан баспагерлер де көп. Олардың арасында өз бизнестерін пошталық таратуға толықтай негізделген де бар. Дегенмен, тікелей пошталық таратумен айналысатын компаниялар қызметі өте қымбат, өйткені жекелеген жоспарлау мен әр операцияны мұқият бақылауды қажет етеді. Ерекше көңіл бөлетін нәрсе-тізімдегі тапсырыс бойынша әдебиеттерді іріктеу және кітаптарды ұқыпты орау. Электронды төнкеріс кітап ісіндегі жағдайға да әсер ете бастады.
Баспагерлер мен кітап сатушылар мына бір мәселені шешуге тырысуда: сатудың тағы бір арнайы жолы – кітап таратуды арнайы каталогтарды пайдалана отырып, оқырманды оның кітаптарымен байланыстыру\12\.
Журналдық өнім зерттеулері көрсеткендей, көптеген оқырманды олардың өмірлерінің жекелеген аспектілерін, қызығушылықтарын дөп басатын басылымдар қызықтырады. “Барлығы үшін және барлығы туралы” деп, көп нәрсені қамтуды мақсат еткен каталогтар журналдардан гөрі белгілі бір бағытқа маманданған немесе әр сала бойынша шығарылатын басылымдар көбірек өтімді болып табылады.
Кітап маркетингінде кітаптардың түрлері және жанрлары бойынша жіктеудің маңызы зор. Сонымен қатар, оқырман қызығушылығын жүйелеу де маңызды болып табылуда. Жекелеген тұтынушыларға оларға керекті кітаптар жөнінде хабарлайтын байланыс түрін табу да аса маңызды салаларды кітап ісінде оңтайлы тәсіл жарнамада, мұқабаны жасауда, супермұқабадағы мәтінді жазуда, кітап каталогын басылым туралы мәлімет енгізуде кеңінен қолданылады.
Оңтайлы тәсіл, бірінші кезекте, кітаптың арнайы белгілері – аты, формасы, мұқабасы, супермұқабасы көркемдеп безендіру, ондағы мәтіндер, бағасы және каталогтегі аннотация осы аталған бөлшектердің барлығының бір-бірімен үйлесімділікте болуын қадағалау керек. Ереже бойынша, баспагерлер бұл проблеманы өтімділікті дамытатын және тұрақтандыратын материалды дайындаудан бұрын шешеді.
Кітаптың арнайы белгілері және жарнама компаниясы бойынша зерттеулер жүргізгенде зерттеушілерге мынадай мәселелер қою керек....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі