Әмір Қуат

  Әмір Қуат

Әмір Қуат – ғылым қайраткері, кәсіпкер, музыкант

Табиғаты шығармашылыққа жақын, ерте жасынан таланты мен музыка, ғылымға деген қызығушылығын көрсеткен. 6 музыкалық аспапта еркін ойнайды, өлең мен музыка жазады. Дегенмен ең басты қызығушылығы ғылым болып табылады. Әмір өлім мен жарақат алу санын төмендетуге бағытталған «БИОВ» қауіпсіздік техникасының авторлық жүйесін басынан бастап жасаған өз саласындағы аз адамның бірі. Елімізде өндіріс пен жұмыс орындарында жарақат алу мәселесі өте өзекті екені құпия емес. Әмір қауіпсіздік техникасы мәселесін қолайлы жағдай мен қауіпсіз жұмыс аймағын жасап қана қоймай, адамды өз-өзінен қорғау керек деп санайтын бірден-бір адам деп айтсақ қате болмас, себебі ең тәжірибелі, ең мінсіз және қауіпсіздік мәселесіне ең мұқият қарайтын жұмысшының өзі де қателесуі мүмкін. Бірақ сол қатені қай уақытта жіберетінін ешкім білмейді, Әмір Қуаттың ғылыми-зерттеу жұмысының мәні де осында.

Ғылыми қызметін 14 жастан, адам ағзасының биологиялық әлеуеті мен оларға гелиофизикалық факторлардың әсер етуін өткенді шолу арқылы болған оқиғалармен сәйкестендіре отырып зерттеуден бастаған. Зерттеулер нәтижесінде адам орны толмас қате жіберген кездегі заңдылықтарды тауып, оларды ғылыми жұмысында көрсеткен және түрлі қалалық, облыстық, республикалық конференцияларда таныстырып, бірінші орындарға ие болған. 2008-2016 жылдар аралығында Қазақстан Республикасында болған 1,2 млн өлім жағдайларын зерттеу салдарынан тамаша нәтижелер алынып, олар жүйенің жетілдірілуі мен тиімділігін арттыруға бағытталып, кейін «БИОВ» қауіпсіздік техникасы авторлық жүйесінде қолданылған.

Жүйе мемлекетаралық авиация комитеті, «KEGOC», «ERG», Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ұшу қауіпсіздігін бақылау бас басқармасы, Қазақстан Республикасының Таэквондо Федерациясы секілді ұйымдарда қолданыс тауып, тіпті Бейжің олимпиадасында ҚР құрамасының қоржынына қола медаль түсіруге көмектескен және т.б.

Ұшу қауіпсіздігі, қауіпсіздік техникасы, адами фактор, жедел хирургия, медицинадағы шұғыл жағдай саласындағы көптеген жарияланымдар мен мақалалардың авторы. 2010 жылы Санкт-Петербург қаласында өткен өнеркәсіп қауіпсіздігі жөніндегі 8 халықаралық форумда Қазақстан Республикасы атынан сенімділікпен қатысқан аз адамдардың бірі, ол жерде оның әзірлемесіне ТНК-ВР компаниясы қызығушылық танытып, форум төрағасы, Америка химиктер қоғамының еңбек қорғау және қауіпсіздік департаментінің бастығы Нил Лангерман атап өткен. Үнемі олимпиада ойындарында әр спортшының биологиялық әлеуетін есептеп, кеңес беріп, спортшыларымызға, жаттықтырушы және медицина штабына, құрамамызға көмектесуге тырысып жүреді, себебі жоғарыда айтылған әдістеме ағзаның энергиялық ресурсын сақтап, оны допинг қолданбай тиімді пайдалануға және спортшыларды жарақаттанудан сақтауға көмектеседі. Берілген әдістемені тұрақты негізде қолдану үшін АҚШ пен Италиядан шақыру келген, бірақ Әмір бұл әзірлеме туған елінің игілігіне қызмет етуі керек деп шешті. Қазіргі уақытта 0,4 кВ трансформаторлармен салыстырғанда техникалық шығындар дәрежесін 625 есе төмендетуге мүмкіндік беретін құрғақ модулдік трансформатор өнертабысына патент алған және ауыз суды сақтау және оны тұрмыстық саланың технологиялық процестерінде тұтынуды азайтудың жаңа технологиясын жасаумен айналысады. Ол су тұтыну және қоршаған ортада ақпасу мен эмиссиялардың пайда болуын 200 есе төмендетеді.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?