Владимир Акулов

 Владимир Акулов

Владимир Акулов – аграрлық қызметкер

Акулов Владимир Иосифович Семей зоотехникалық-ветеринарлық институтты аяқтағаннан кейін «Краснопартизанский» совхозының аға мал дәрігерінің міндетін атқаруға кірісті. 1982 жылдан бастап бас мал дәрігері болып жұмыс істеді, одан кейін Ленин атындағы колхоздың төрағасы болды.

1996 жылдан бастап «Қамысты» ШҚ басшысы, «Қамысты-2» ЖШС директоры болып табылады.
Аянбай еңбек еткен ұзақ жылдар ішінде, ауыл шаруашылығының құлауынан өтіп, посткеңестік уақытында қайта қалпына келтіру қиындықтарын көрді, Владимира Иосифовичтің басқаруымен қалыптасқан шаруақожалық асыл тұқымды мал асырау саласында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді, селекциялық жұмыстардың қорытындысы ретінде – «Алтын белгі» алтын медалін алды - 2010 жылы сүтті қызыл ала малды өсіру бойынша ең үздік шаруашылық.

Шығыс-Қазақстан облысы бойынша ең жоғарғы суын және салмақ өсімін алуы, шаруашылықты электронды басқаруы, заманауи, жоғары технологиялы сүт-тауарларының фермасы мен сиыр сауу орындары бар кешендерді салуы, агрономиядағы озық инновациялық амалдарды қолдану арқылы жемшөп базасында өсірілген құрама жем зауыдының жұмысын жүргізуі, егін шаруашылығында жаңа техникларды пайдалануы, қызметтің басқа да салаларындағы қызметі шаруа қожалығына және жауапкершілігі шектеулі серіктестікке абырой мен танымалдылық әкелді.

«Общество Всеобщего труда» бағдарламалық мақаланы жүзеге асыру аясында. Бұл шаруа қожалықта кәсіби мамандардың еңбегі жоғары бағаланады, жыл сайын малшылар мен диқаншылардың арасында қорытынды шығарып, Владимир Иосифович жеңімпаздарды жеке марапаттайды, бұдан бөлек құнда қызметкерлерге ІҚМ төлдерін, сауықтыру орындарына жолдаман сыйға береді. Мектеп оқушыларына тұрақты негізне ауылшаруашылығы қалыптасуының жұмыс орындары бойынша экскурсиялар жүргізіледі.

В.И. Акулов балалар мен жастардың тәрбиесіне ерекше назар аударады, мектептегі және ауыл ішіндегі іс-шараларға белсенді қатысады, оларды тек рухани емес сонымен қатар материалдық тұрғыдан қолдап отырады. Шаруашылықтың еңбек ұжымының жұмысында жазғы каникулдық мерзімде кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның шешімі бойынша ұлдар мен қыздар әке-шешелерімен бірге егін алқаптарында және фермаларда, асханаларда және басқа да құрылымдарда ата-аналарынан үлгі ала отырып жұмыс істейді, еңбектің алғашқы дағдыларына қол жеткізеді, мамандықтардың ерекшеліктерін көреді және сезінеді. Өз еңбектері үшін жасөспірімдер лайықты еңбек ақыларын алады және отбасылық бюджетті толықтыруға мүмкіндік алады.Білім күніне арналған 1 қыркүйекте өтетін салтанатты жиында ең үздіктеріне қосымша сыйақылар беріледі.

Қазақстандық патриоттыққа баулу, Камышинка және Пруггерово ауылдарындағы жалпы білім беретін мектептердегі оқушылардың ой-өрісін дамыту үшін Өскемен, семей қалаларына музейлер мен көрмелерді көрсету арқылы экскурсиялар ұйымдастырылады, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне бару үшін билеттер сатылып алынды.
Жас мамандард орнықтыру үшін ауылды барлық инженерлік желілері бар жаңадан жоспарланған үйлерден тұрғызылған көшелер салынып жатыр. Ауыл шаруашылығы құрылымын бірқатар механизаторлар кадрларымен толықтыру үшін Шемонаиха колледжімен жұмыс жүргізіледі, осы базада жұмыс істеп жатқан мамандардың біліктіліктері арттырылады.

Владимир Иосифович ауылдың әлеуметтік саласына да ерекше назар аударады, спортшы-жаттықтырушыларға, дәрігерлік амбулатория мамандарына, шаруашылық балансында тұрған ауылдық Мәдениет үйінің мамандарына қосымша төлемдер жүргізіледі, бұл жерлерде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі және материалдық-техникалық база тұрақты жаңартылып тұрады.
Тұрғындар мен аудан қонақтарының арасында шағын зообақ ерекше танымал, онда сирек кездесетін жануарлар – қодастар, экзотикалық құстар – тауыстар, қырғауылдар, сонымен қатар ауданда ерекше популяцияға ие болған – маралдар, аюлар, қасқырлар, суырлар мекендейді және үй-шаруашылығындағы жануарлар да бар.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?