Ермек Серкебаев Бекмұхамедұлы (1926 - 2013)

 Ермек Серкебаев Бекмұхамедұлы (1926 - 2013)

Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаев (4 шілде 1926, Петропавл - 16 қараша 2013, Алматы) — әйгілі опералық және камералық әнші (баритон), педагог, КСРО халық әртісі (1959), ҚазКСР халық әртісі (1956), профессор (1982), қоғам қайраткері. Социалистік Еңбек Ері (1986).

Өмірбаяны
Әкесі - Бекмұхамед Хусайнұлы Серкебаев (1896-1976), педагог, жазушы, ақын, драматург, Қазақстан Жазушылар одағының алғашқы мүшелерінің бірі, білім беру саласында еңбек етті. Анасы - Зылиха Сабырқызы (1906—1997), бастауыш кластар мұғалімі болды. Ермек Серкебаев үшінші сыныптан бастап оқуын Алматыдағы № 54 мектепте оқиды. 1941—1943 ж. П.И.Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесінде скрипка класы бойынша оқып, отбасының материалдық жағдайына байланысты үш жылдан кейін, оны тастап, Қазақстан радиосына дикторлыққа келеді, оған қоса киностудияның кейбір фильмдерінде осы тұрғыда қызмет атқарды.

Еңбек жолы мен жетістігі
1947 жылы Қазақ опера және балет театрына солист болып кіреді.
1951 жылы Алма-Аты консерваториясын профессор А.М.Кургановтың сыныбында тәмамдап, опера және балет театрына оралады. Студент кезінде Абай атындағы опера және балет театрының шығармашылық ұжымына қызмет істеген. Консерваторияны бітірер жылы Абай рөлін орындайды.
1973 жылы Алматы консерваториясының жеке дауыста ән айту кафедрасының оқытушысы болған.
1982 жылы профессор атанады.
50 астам шетел мемлекеттерінде (Румыния, Пәкістан, Франция, Үндістан, Қытай, Бельгия, Куба, Швейцария, Швеция, Финляндия, т.б.) өнер көрсетті.
7-шақырылған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты.
8-11-шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты.

Репертуары
Орыс және шетелдік, сонымен қатар советтік классикалық опералардың негізгі партиялары:

Қожағұл, Амангелді (М. Төлебаев, «Біржан мен Сара»; М.Төлебаев және Е.Брусиловский, «Амангелді»);
Абай, Серке (А.Жұбанов пен Л.Хамиди, "Абай"; С.Мұхамеджанов, "Айсұлу");
Тарғын, Артем (Е.Брусиловский, "Ер Тарғын", "Дударай");
Онегин, Елецкий (П.Чайковский, "Евгений Онегин", "Пиковая дама");
Петруччио (В.Шебалин, "Укрощение строптивой");
Фигаро (Дж.Россини, "Севильский цирюльник");
Валентин ("Фауст");
қазақтың халық әндері, орыс және шет ел композиторларының шығармалары.

Кинодағы рөлдері
1957 - режиссер Ш.Айманов: "Біздің сүйікті дәрігер" - Тәкен
1959 - КСРО, Орталық телевидение: музыкалық фильм "В этот праздничный вечер"
1961 - режиссер Ш.Айманов: "Ән шақырады" - Досай Нұрланов
1968 - режиссер Ш.Айманов: "Тақиялы періште" - Шыңғыс
1976 - "Медеудегі кездесу"

Марапаттары
Вокалистер конкурсының (Будапешт) лауреаты (1953)
ҚазКСР халық әртісі (1956)
КСРО халық әртісі (1959)
ҚазКСР К.Байсейітова атындағы Мемлекеттік сыйлығының иегері (1972)
КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері (1977)
Октябрь Революциясы ордені (1984)
2 мәрте Ленин ордені
Еңбек Қызыл Ту ордені
Социалистік Еңбек Ері (1986)
Петропавл қаласының Құрметті азаматы (1990)
"Музыка" номинациясы бойынша "Тарлан" сыйлығының лауреаты (2000)
"Жыл адамы" фестивалінің жеңімпазы (2011)


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!