Қазақша бата - тілек: Келінге » ZHARAR © 2016 | жас келінге бата беру, келінге бата беру, келін түскенде айтылатын бата, келинге бата беру, бата на казахском языке, келинге осиет создер




  • »

Қазақша бата - тілек: Келінге

Қазақша бата - тілек: Келінге казакша Қазақша бата - тілек: Келінге на казахском языке

Ақылды енелі бол. Абысынға беделді бол. Қайын апаңа жағымды бол. Қайын жұртыңа жұғымды бол. Ардақты аталы бол. Оң ісіңмен баталы бол. Қайын ағаңа қадірлі бол. Ар ісінде сабырлы бол. Байыңа сүйікті бол. Ай, жылында жүкті бол. Қайын сіңліңе сырлас бол. Қайныңа құрдас бол. Малға барсаң көнекті бол. Суға барсаң шелекті бол. Ошаққа барсаң отынды бол. Бауға барсаң желекті бол. Кішіпейіл, сүйкімді бол. Өнерге икемді бол. Жұмысыңда епті бол. Шаңырағыңда көпті бол.

Еліңе елеулі бол,
Халқыңа қалаулы бол,
Ата-енеңе жағымды бол,
Қайынаға, қайныңа қайырымды бол.
Ауылыңа айбарлы бол,
Күйеуіңе жайдарлы бол.
Әумин


Санат: KZ портал » Қазақша Баталар жинағы | | 2 420
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .