Ырымдар мен тыйымдар » ZHARAR © 2017 | Жас келіндерге мен дүниеге келген сәбилерге катысты ырым-тыйымдар, Қонаққа қатысты ырым-тыйымдар, ырым, ырым тыйымдар туралы, қазақы ырым-тыйымдар, қазақтың ырымдары, қазақ халқының ырымдары мен тыйымдары, ырым тыйым сөздер, ырымдар мен тыйым сөздер, қазақтың ырымдары мен тыйым сөздері, қазақ халқының ырымдары мен тыйым сөздері




  • »

Ырымдар мен тыйымдар

Ырымдар мен тыйымдар казакша Ырымдар мен тыйымдар на казахском языке

Жас келіндерге және дүниеге келген сәбилерге катысты ырым-тыйымдар

Ене келін түскен кезде ұл немерелі болу үшін оған ырымдап алғаш сойылған малдың ұлтабарын жегізеді.

* * * * * * * *

Жүкті әйел болса, біреудің үйне өз дастарқаннынан апарған дәмді «қыз тауып қоям» деп жемейді..

* * * * * * * *

Жүкті әйел шашын кеспейді. Өйткені мұндай қылықтан бақ таяды, іштегі баланың бақыты кемиді, кемтар туылады, қол-аяғы қысқа болады деп ырымдалады.

* * * * * * * *

Үлкен кісілер қонақта болған үйден келініне дәм әкеліп береді. Өйтпесе, дәметкен балалы жас келіншектің төсі ісіп кетеді.

* * * * * * * *

Ер баланың кіндігін ырымдап, «үй күшік болмасын» деп қырдан асырып лақтырып жібереді, ал қыз баланың кіндігін «үйдің құты болсын» деген оймен от басы, ошақ түбіне көмеді.

* * * * * * * *

Ұзақ жолдың азабын тартып келген жолаушыны жаңа босанған әйелдің үстіне кіргізбейді. Ол өте жақын туыс болса ғана біраз тынығып, жуынып-шайынып, сыртқы киімдерін шешіп, жеңілденгеннен кейін барып кіруге тиіс. Өйткені, жол азабын тартып келген қонақтың түрі сұсты, қабағы қатулы,өңі шаршаңқы болады. «Дүние есігін жаңа ашқан сәби мен бар сүйегі босап, әлсіреп жатқан ана шошып қалмасын, секемденбесін, сырттан кірген қонаққа ілесіп келіп, жын жабыспасын» деп ырымдаған.

* * * * * * * *

Тағы ырымдар → Тоғыз ай, тоғыз күн..


Назад Вперед
Санат: KZ портал | | 29 191
Рейтинг:
(голосов: 27)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .