Қазақстан Республикасы

 Қазақстан Республикасы

Қазақстан — көп ұлтты мемлекет. Қазақстанда 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері өмір сүреді. Солардың отанына айналған біздің кең байтақ еліміз қашан да өзге ұлт өкілдерін құрметтеп, оларды бауырына басуға дайын. Қазақстан халықтарының өсіп-өну процесін бақылап, зерттеу демограф ғалымдардың еншісінде.

Қазақстандағы соңғы санақтың өткеніне де бес жыл өтті. Бұл жылдардағы экономикалық-әлеуметтік салалардағы өзгерістер ғылымның зерттейтін обьектісіне елеулі өзгерістер енгізетіндей болды. Сондықтан да өз басым Қазақстанның ұлттық құрамындағы жағдайдың өзгерістер барысын ұдайы қадағалап, сараптап, ғылыми ақыл таразысынан өткізіп отырамын дейді белгілі демограф-ғалым Мақаш Тәтімов. Биылғы зерттеу жұмысы да сол үйреншікті жұмыстың бір саласы. Егер оның нәтижесі қандай деген сұраққа жауап берер болсақ, ол «көңіл көншітпейді» деген сөз болып шығады. Бір этноста болмашы өсу болса, келесісінде азаю орын алған, нәтижесі бізді қанағаттандырмайтын жағдай. Сондықтан мемлекеттік деңгейде бір шұғыл шара қолданбасақ демографиялық жағдай көңіл қуантардай болады деу бос сөз болып шығады. Әлі күнге дейін табиғи өсімнің азаюы түйінді мәселе қалпында қалып отыр. Балалар тууының азаюы халықтың қалыпты өсімін тежеуішке айналған. Тұрғындардың орта жасының өсіміне орай бала мен ана өлімі азайса да өлім көбейген. Бұл нәтижелер Қазақстанда этнодемографиялық жағдайдың мол өзгерістері жалғасып жатыр дегенімізбен ақырындап болса да нағыз еуроазиялық мемлекетке айналып барамыз. Бізде де еуропалық этностар тууды дәстүрлі түрде шектеуіне байланысты олардың елден кетуі азайғанымен саны кеміп барады. Бұл шамамен 35 мың адам немесе үлкен бір майданда кездесетін шығын. Елімізден негізінен еңбекке жарамды жастар кетіп, кәрілер қалуда. Бұл республика тұрғындарының орта жасын ұлғайтып, өлімді көбейтуде, тууды азайтуда. Тұрғындардың шығыстық саналатын бөлігінде де аймағымыз үшін дәстүрлі болып саналатын көп балалы отбасыларының саны азайып кетті. Олар да еуропалықтар соңынан ергендер. Бұлардың қай-қайсысы да еліміз үшін ойласарлық жағдай.

Осынау тұйықтан шығудың жолы туралы әңгіме қозғасақ, әрине, ол жоқ емес, бар. Ең алдымен жас шаңырақты бала тууға бір-екі емес, көбею шарттарына сай ең кемі үш сәбилі болуына ынталандыру керек. Таяуда парламент мінберінен сөйлеген Тәтімов мырза жастарға тұрғын үй несиесінберу мәселесіне өзгерістер енгізу керектігі жайлы ой тастады және ол несиені баланың дүниеге келуіне орай, мәселен, үйлерде бала туу аз ғой. Менің бүл пікірімді парламент те, үкімет те мақұлдады. Дегенмен, екіншісі ұсыныстарды толық күйінде қабылдамады. Демографиялық жағдайды түзеудің екінші бір жолы-елімізде жасанды түсікке (аборт), ең болмағанда біріншісін түсікке айналдыруға тиым салу. Өйткені алғашқы баланы түсік ету, ананы енді сәби көтермеуге соқтыратын жолдарының бірі екені белгілі ғой. Бүдан бұрынғы зерттеулерімізге қарасақ, тоқсаныншы жылдардың орта шенінде жасанды түсік тірі туған балалардың санынан асып жығылған екен. Халық арасында үгіт-насихат жүмыстары жүргізілуіне қарамастан қазір де жағдай оңып түрған жоқ, жылына 150 мыңдай түсік тасталынады екен. Адамзаттың және діни көзқарастардың барлығы қолдан жасалған түсікті күнә дейді. Демек, қоғамдық санаға осы жағынан да қозғау салу қажет.

Исламның жасанды түсікке қалай қарайтындығы жайлы мәселеге көңіл аударсақ, шарана қимылдаған сәтінен Алланың бергені саналады да оны түсіру кәдімгі ересек адамды өлтіргенмен тең. Бала туу мөлшерін көрсететін арнайы коэффициент 1999 жылы 1,76-ға түсіп, яғни шартты шектен құлдырап кеткен болатынбыз. Сол тұста туудың азаюы мен өлімнің өсуін қағазға сызықтармен түсіргенде (схема) «қақпан» бейнесі шыққан! Шошынасың! 1999 жылы сол «қақпан» шаппалары түйісіп, қабысып қала жаздады. Мұны көру сұмдық еді. Қазір сол қақпан шаппалары бір бірінен ептеп те бола ажырасып, ашылып барады, өлім азайып, туу көбейе бастады. Дегенмен, көп балалы болудан кетіп, еуропалық дәстүрге келе жатқанын да қосу керек.

Енді біз келесі сұраққа шығамыз, яғни баяғы азиялық дәстүрдің, көп балалы болуға көшудің жолын табамыз ба деген сауалға жауап іздейміз. Меніңше, біз: «Көп балалық, қош!» дейтін секілдіміз. Нарықтық қатынас кезіне көп баланы өсіріп тәрбиелеу мәселелері қиындай түседі. Әр отбасында үш бала болса да жетеді. Ол үшін де кәдімгі қарапайым отбасында қалыпты түрмыстық жағдайдың болуын қамтамасыз етуге тиіспіз. Жалпы алғанда Қазақстан тұрғындарының шектен шығып бара жатқан жер шарында тұрғыны аз ел болып қала алмайды.

Ал енді этносарлық түсіністік демографиялық жағдайға әсер ете ме дейтін сұраққа келетін болсақ, жауап дайын-әлбетте! Мысалға аралас некені алуға болады. Шығыстық көзқарас пен батыстық пікір түйісіп ортасынан жаңа бір шамамен айтсақ еуразиялық байлам шығады. Бұл нағыз алтын көпір. Оның демографиялық түйінді шешуге оң әсері болары сөзсіз. Қазақстандағы орыс отбасы мен Ресейдегі орыс шаңырағын мысалға алайық. Ресейдегі отбасында бала аз, біздегіде көп. Немістерге байланысты да осыны айтуға болады. Көрші: «көпбалалы көршім ешкімнен кем емес қой» деп ойлайды да жақсылыққа қадам жасайды.

Қазақстан Еуразия суперконтинентіндей этнодемократияның айнасы. Мұнда демографиялық көзқарастың барлығы дерлік шоғырланған. Этносаралық түсіністіктің қазақстандық моделі түптің түбінде бүкіләлемдік үлгіге алынуы да мүмкін. Бұл жайлы әсіре сыпайылық сақтамай-ақ, мақтанышпен айтып өз еліңнің болмысымен, ертеңімен ғана емес бүгінгімен марқаюыңа болады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі