Мен жастарға сенемін - Мағжан Жұмабаев

Мен жастарға сенемін - Мағжан Жұмабаев

Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күштi қанатты.
Мен жастарға сенемiн!
Көздерiнде от ойнар,
Сөздерiнде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемiн!
Жас қырандар – балапан,
Жайып қанат ұмтылған.
Көздегенi көк аспан.
Мен жастарға сенемiн!
Жұмсақ мiнез жiбектер.
Сүттей таза жүректер.
Қасиеттi тiлектер –
Мен жастарға сенемiн!
Тау суындай гүрiлдер,
Айбынды алаш елiм дер,
Алтын Арқа жерiм дер,
Мен жастарға сенемiн!
Қажу бар ма тұлпарға,
Талу бар ма сұңқарға,
Иман күштi оларда,
Мен жастарға сенемiн!...
Алаш айбынды ұраны,
Қасиеттi құраны,
Алаштың олар құрбаны,
Мен жастарға сенемiн!
Мен сенемiн жастарға.
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бiр таңда,
Мен жастарға сенемiн!


Басты кейіпкер – АІВА нұсқасы бойынша «Үздік боксшы - 2014» атанған, әлем чемпионы Данияр Елеусінов. Данияр өзін сомдайды, яғни өзінің адамгершілік қағидаларын нық ұстанатын, өмір қиындықтарынан қабырғасы қайыспай өткен, қарапайым әрі жігерлі жігіт.

Берік Сабыржановтың орындауында Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін!» өлеңі оқылып тұрады. Ел тарихындағы тығырыққа тірелген тұста айтылған ақын сөздерінің жаңғырығы біздің заманға жетіп тұрғандай.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу
Пікірлер 9
  1. Оқырман ERS
    Оқырман ERS 31.10.2023 08:50
    0 + 0 -
    Мағжан атамыз өлеңді күшті жазып кеткен сол үшін жастарға сенім артамыз деп сенім артқан.
  2. Бачок
    Бачок 11.03.2022 21:33
    2 + 0 -
    Маған бұл өлең ұнады Мағжан Жұмабаевтің өлеңдері рухани және мәдени ескерткіштерді ұлғайтуды мен жастарға сенемін
  3. Женисхан Сатбаев
    1 + 0 -
    Керемет жазылған
  4. Азамат Асемгалиев
    2 + 0 -
    Керемет соз жоқ
  5. Ербол Кренкул
    Ербол Кренкул 03.04.2016 12:16
    0 + 0 -
    Жаксы
  6. Акшолпан Кенжебек
    0 + 1 -
    Кушшшти
  7. Нурай Темирбекова
    1 + 0 -
    Жақсы екен
  8. Арулан Шахатов
    Арулан Шахатов 11.11.2015 16:28
    1 + 0 -
    Жаксы!рахмет!!!
  9. Алемай Тенизбаева
    0 + 0 -
    Керемет!

Ілмектер: мағжан жұмабаев Мен жастарға сенемін өлең олен стих, стихи магжан жумабаев на казахском языке, мағжан жұмабаев Қазақша өлең, казакша олен магжан жумабаев, мағжан жұмабаев казакша олен, мағжан жұмабаев өлеңдері, магжан жумабаев олендери на казахском языке, магжан жумабаев стихи, магжан жумабаев стихи на казахском языке, магжан жумабаев олендери, мағжан жұмабаев Мен жастарға сенемін видео өлең олен магжан жумабаев стихи на казахском, мағжан жұмабаев өлең олен стих, мен жастарга сенемин олен, мен жастарга сенемин магжан жумабаев, мағжан жұмабаев мен жастарға сенемін өлеңі, магжан жумабаев олендери мен жастарга сенемин