Тілдер күні | Балабақша (Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз!)

 Тілдер күні | Балабақша (Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз!)

Тақырыбы: Тіл тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз!
Мақсаты: Балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге,мәртебесін көтеруге баулып,танымдылық қабілетін арттыру.Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: плакаттар, слайд
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, көркем әдебиет,ән-күй
Әдіс-тәсілдер:аралас, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы: Балалар әнмен екеу-екеу болып топқа кіреді.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін ерекше күн екен.Біздің сабағымызға көптеген қонақтаркеліп отыр.Олай болса,балалар,қонақтармен амандасып алайық.
Арайлап таң атты,
Алтын шуақ таратты.
Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң, апайлар!
Балалар біз бәріміз бір үйдің балаларындай тату-тәтті доспыз.Қане,бір-бірімізге деген достығымызды нығайту үшін жақсы тілектер айтайықшы.
Балалар: Күніміз жарық болсын. Аспанымыз ашық болсын. Деніміз сау болсын. Еліміз тыныш болсын. Досымыз көп болсын. Балабақшамыз жайнап тұрсын. Нанымыз көп болсын.
Тәрбиеші: Ия,балалар,осындай жақсы көңіл-күйімізбен орындарымызға жайғасайық.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар,балалар.Олай болса ерекше күн деп есептеп,тақырыбымызды «Тіл-тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз»,-деп бастайық. Мақсатым балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге, мәртебесін көтеруге баулып,танымдылық қабілетін арттыру.Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу.
 
І Ғажайып сәт.
Есік қағылып,ішке шет мемлекеттен қонақ келді.Ол біздің елімізге ұшақпен жетіпті.Оның арманы біздің еліміз туралы көп білгісі келеді екен.
-Сәлеметсіңдер ме балалар?
-Балалар,бұл қай мемлекет?
-Қазақстан Республикасы
-Бұл мемлекеттің бас қаласы қай қала?
-Астана қаласы
-Мен сендердің мемлекеттерің туралы толығырақ білсем деп отырмын.Сендер маған көмектесесіңдер ме?
-Ия, көмектесеміз.
-ҚР Елбасы кім?
-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
-ҚРның мемлекеттік тілі қай тіл?
-Қазақ тілі
Тәрбиеші: Қәне,балалар,біз қонағымызға мемлекетіміздің әнұранын айтып берейік.
Балалар әнұранды орындайды.
-Ана тілі туралы қандай тақпақ білесіңдер?

Дилбек:Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың елдігің.
Севинч:Ана тілім
Жүрегісің анамның
Жүрек – ана
Мен өзіңмен жаралдым.
Өсірген ой – білімді
Сүйем туған тілімді
Мақсат етем әр сөздің
Мәнін терең білуді.
Айнура:Ақыл – ойындананың,
Анатілденаламыз.
Анатілімардақты,
Ақсүтіндейанамның.
Феруза:Ана тілім – қазақ тілім туған тіл,
Қасиетті тіліміздің бәрін біл.
Ана тілді құрметтеңдер адамдар,
Заманға сай өзге тілдің бәрін біл.

Зилола:Қазақстан халқының,
Қазақ тілі тірегі.
Ана тілде айтылар,
Әнұраны жүрегі
 
- Жарайсыңдар,балалар,рахмет сендерге.Мен сендерден көп нәрсе біліп алдым,көп нәрсе біледі екенсіңдер.Енді маған рұқсат мен кетейін.Сау болыңдар!

ІІ Тәрбиеші: «Мақал-сөздің мәйегі» демекші туған тілімізге қатысты тіл өнеріне байланысты мақал мәтелдер айтайық.
Ақилжон:Тілтасжарады,
Тасжармаса бас жарады.
Билол:Ойнап сөйлесең де
Ойлап сөйле.
Зилола:Сөз сүйектен өтеді,
Таяқ еттен өтеді.
Жасур:Өнер алды — қызыл тіл.
Бехруз:Жақсы сөз – жарым ырыс.

ІІІ Тәрбиеші: Халқымыз қашанда тіл өнеріне,шешендікке зор мән берген. Атақты билер,ақындар мен жыраулар ұйқастыра өлеңдетіп жырлаған. Қазақ халқының атақты үш биі тіл туралы сөз айтқан.

Төле би:
Әр бір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық.
Өсер бабаң, байтақ далаң тұрғанда
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
Қазыбек би:
Жетер енді әркімге бір ермейік,
Қазақ болсаң құлашты бір сермейік.
Қанға сіңген ана тілін халқым – ау,
Шұбарлауға ешқандай жол бермейік.
Әйтеке би:
Қазақ, қазақ болғалы,
Тіл үшін күрес көргені.
Көргені көп тілімнің,
Мүмкін емес өлмегі.
 
Тәрбиеші:Рахмет,балалар,енді барлығымыз орнымыздан тұрып, сергіту сәтін жасайық.
Сергіту сәті.
ІV Жұмбақ шешу

Тілден ұшып, құлаққа қонады.(Сөз)
Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса, аттама (Кітап)
Жағалай-жағалай тас қойдым,
Жирен атты бос қойдым. (Тіл,тіс)
Оттан да ыстық, ол не..? (Отан)
 
Көкпеңбек еді көктемде,
Қызарады күзге жеткенде (алма)
 
Жерге тырс тырс тамады,
Сайға қарай ағады,
Шешуін кім тамады? (Жаңбыр.)
Жазда жатсаң көлеңкесіне алады,
Қыста жақсаң жаның рахат табады.(Ағаш)
 
V Құрастыру ойыны.
Қорытынды.Сұрақ-жауап
Тәрбиеші:Балалар,бүгін бәрің сабаққа жақсы қатыстыңдар. Рахмет сендерге. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» деп айтқаныдай сендер осы ана тіліміздің мәртебесін биікке ұшыратын сұңқары, бәйгенің алдын бермес тұлпары болуларыңа тілектеспін.
Балалар:
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі