Иондық байланыс 2-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

 Иондық байланыс 2-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Химиялық байланыс
Сабақтың тақырыбы: Иондық байланыс 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.4.8 қарама-қарсы зарядталған бөлшектердің электростатикалық тартылыс нәтижесінде иондық байланыстың түзілетіндігін түсіну;
10.1.4.9 иондық байланысы бар қосылыстар үшін «нүктелер мен айқыштар» диаграммасын құру.
Сабақ мақсаттары: - иондардың және олардың зарядтарының түзілу процесін түсіну;
- иондық байланыс қарама-қарсы зарядталған бөлшектердің электростатикалық тартылыс нәтижесінде иондық байланыстың түзілетіндігін түсіну;
- иондық байланысы бар қосылыстар үшін «нүктелер мен айқыштар» диаграммасын құру.

Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу/ greeting
Сынып бойынша тексеру.
Сабақтың басында ой шақыру мақсатында ребус формасындағы активити сабақтың концептың анықтау үшін қолданылады.

Сабақтың басты концептісі «ИОН» болып табылады.
Сабақтың концептісі анықталған кейін, мұғалім сабақтың тақырыбы «Иондық байланыс» екендігін айтады.
Оқушылардың назарына сабақтың мақсаты мен сабақтың барысында қол жеткізетін оқыту мақсаттары ұсынылады.

Фронталды сұрақ:
- келесі формуладағы қосылыстар (Са,CaF2,F2,OF2) қандай химиялық байланыс түріне жатады?
Оқушылар бірден кальций фторидінен басқа қосылыстардағы байланыс түрін сенімді анықтайды. Себебі бұған дейін олар химиялық байланыстың типтерінен ковалентті полярлы, ковалентті полярсыз және металдық байланыстарды оқыған болатын.
Иондық байланыс дегеніміз не? Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, иондық байланыстың не екендігін әр түрлі ойларды ортаға салу арқылы бір шешімге келеді.

Кейін оқушылар сабақтың тақырыбна қатысты негізгі анықтамаларды жазады :
Иондық химиялық байланыс –иондардың электростатикалық тартылуы нәтижесінде пайда болған химиялық байланыстың түрі.
Ио́н (еж.-грек. ἰόν — жүретін) — заттардың бір атомды немесе көпатомды электрлі зарядталған бөлшектері.
Қандай процестердің нәтижесінде атомдардан иондар алынуы мүмкін?

Мұғалім оқушыларға иондардың түзілуін түсіндіреді. Иондар молекуланың құрамындағы атомның бір немесе бірнеше электрондарды беріп немесе қосып алу нәтижесінде түзіледі.

Ионизациялану процесі (иондар түзілу процесі) жоғары температурада, электр өрісінің әсері, иондану сәулелерінің, денені сығу және т.б. нәтижесінде пайда болуы мүмкін.
2Na + Cl2 = 2NaCl
Na0 – 1e → Na+
Cl20 + 2e → 2Cl-
Иондық байланысы бар қосылыстар үшін «нүктелер мен айқыштар» диаграммасын салу (натрий хлориді мысалында).......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 244



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі