Директор сөзі (Білім күнімен құттықтау сөздер)

директор құттықтау сөздері, директор сөзі, білім күні, білім күні алғашқы қоңырау, 1 қыркүйек білім күні, 1 қыркүйек білім күніне құттықтау, 1 кыркуйек билим куни кутты болсын, 1 кыркуйек билим куни куттыктау тилек

Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата-аналар және қонақтар!

Сіздерді дәстүрлі Білім күнімен, жаңа оқу жылының басталу мерекесімен құттықтаймын.
Адам өміріндегі сарқылмас қазына-ол білім. Адам баласы барлық арман, мақсаттарына тек білім арқылы ғана жете алады. Бүгін барлық білім беру мекемелері есіктерін айқара ашып, білім нәрімен сусындауға келген Отанымыздың жастарын, бүлдіршіндерін құшақ жая қарсы алуда.
Бүгінгі оқушы- білім бәсекесіне төтеп бере алатын, санасы ашық, халқымыздың рухани-адамгершілік құндылықтарын бойына сіңірген, үштілді еркін меңгерген тұлға болуы керек.
Осы мақсатқа жету жолында Лицей ұжымы қажырлы еңбек етуде. Оның дәлелі- өткен оқу жылының қорытындылары.


Пайдалы сілтемелер:



Таяуда өткен Облыстық Тамыз конференциясында лицейіміз облыс бойынша инновациялық мектептер арасында үздік 10 мектеп қатарына кіріп, марапатталды.
Қалалық тамыз конференциясында да өткен оқу жылының қорытындысы бойынша арнайы марапатқа ие болдық. Бұл, әрине ұлағатты ұстаздардың және ата-аналар мен оқушылар, Сіздердің арқаларыңыз деп білемін.
Биылғы оқу жылы да өзінің ерекшеліктерімен басталмақшы.
Атап айтсақ, биыл жаңарған білім мазмұнына 4, 9, 10 сыныптар көшіп отыр. 1,2,5,7 сыныптар жаңарған білім мазмұнын одан әрі жалғастырады. Үкімет тарапынан қаржыландырудың арқасында осы сынып оқушылары толығымен жаңа оқулықтармен қамтамасыз етілуде.
Жаңа оқу жылына Абай атындағы №2 лицей педагогикалық ұжымы толығымен дайын. Жаз бойы мұғалімдер арнайы курстардан өтіп, білімдерін көтерді. Жаңадан математика, ағылшын, информатика, физика пәндері бойынша мұғалімдер келіп, қосылды. Лицейімізге жаңа кабинеттер мен интерактивті қондырғылар келді.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру қарқындап келеді. Елбасының тапсырмасы бойынша оқушылардың АйТи құзыреттілігін дамыту ерекше маңызға ие болып тұр. Осы мақсатта арнайы Робототехника, Болашақ инженерлер курстары жұмысын жалғастырып, АйТи кабинеті, STEM орталығы жұмыс істемек.
Бұл оқушылар, мұғалімдер және ата-аналарға цифрлық білім ресурстарын үйде де, мектепте де қолжетімді ету мақсатында жасалып жатқан шаралар.
Құрметті қауым!
Бүгін тарыдай болып 1-ші сыныпқа оқушы атанып, мектеп табалдырығын аттауға 100-ден аса бүлдіршіндер келіп отыр.
Аса қымбатты 1-ші сынып оқушылары! Біз сендердің келгендеріне өте қатты қуанып тұрмыз. Қане баршамыз 1 сынып оқушыларын қошеметтейік! (Қол соғу) Сендер мектепте қызыққа толы өмір кешесіңдер, жан жақты білім аласыңдар, көп достар табасыңдар. Алғашқы қадамдарың құтты болсын. Мектепте тек қана жақсы және үздік бағалар алатын болыңдар.
Құрметті ата-аналар!
Білім саласында болып жатқан жахандандыру үрдісіне Сіздердің қатысуларыңыз ерекше маңыздылыққа ие болып тұр. Оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруде Сіздердің қолдауларыңыз, әрдайым назарларыңыз, оқу –тәрбие үрдісіне қатысуларыңыз маңызды шарт. Мына білім бәсекесі заманында бірлескен енбегіміз баларымызды білім шыңына жетелесін.

Құрметті ұстаздар!
Жас ұрпақты тәрбиелеу жолында қажырлы, өлшеусіз еңбектеріңіз әркез жемісті бола берсін! Шығармашылық игі бастамаларыңызға, педагогикалық ізденістеріңізге жаңа серпін, толағай табыстар тілеймін!
Ал оқушыларымызға осы тамаша заманның керемет мүмкіндіктерін пайдаланып, ілім-білім жинауға қашанда асығыңдар! Озық ойлы, өрісі кең, өрелі азамат болуға әркез ұмтылыңыздар!

Мереке құтты болсын!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?