Информатика | Есептің қойылымы

Информатика | Есептің қойылымы


Есепті шығару алгоритмі

Delphi ортасы – бағдарламалаушының жоғары әрі тиімді жұмысын қамтамасыз ететін күрделі механизм. Ол визуалды түрде бір уақытта бірнеше ашылған терезелермен жұмыс атқарады. Терезелер экранда толық немесе бөлшектелген түрде бір-бірін жаба отырып жылжи алады. Бұл Word текстік процессор немесе Excel кестелік процессор ортасының қатаңдығына үйренген қолданушының дискомфорт сезімін оятуы мүмкін.
Delphi-дің бірінші нұсқасы 1994 жылы жарыққа шығып, кейінгі жылдары оның бірте-бірте кеңейтілген 2, 3, 4, 5, 6, 7-нұсқалары жарық көрді. Алтыншы және жетінші нұсқалардың бір-бірінен айырмашылығ жоқ деуге болады. Екеуі де Windows 32 операциялық жүйесінің негізінде дайындалған.
Delphi – дің негізгі ерекшелігі онда қосымша құруда компоненттік және обьектілік тәсілдер пайдаланылады. Компонеттік тәсілдің мәнісі жеңіл: әр қосымша арнайы іс-әрекеттерді орындайтын компоненттерден жинақталады. Ол жеткіліксіз болса, обьектіні өңдеуге арналған үстеме бағдарлама құрылады. Компоненттер визуальды компоненттер кітапханасында (VCL – Visual Component Library) жинақталған. Компонеттер панелінде түрлі клаистарға тиісті стандартты компоненттер өте көп. Пайдаланушы жаңа компонент дайындап, оны осы панельге қосуына болады.
Delphi – де программа дайындау, программа мәзірін құру, анимация, мультимедиа үрдістерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу, және тағы басқа іс-әрекеттерді орындауға болады. Delphi көптеген есептерді шешуге мүмкіндік береді. Оның ішінде:
• Әртүрлі бағыттағы аяқталған қосымшаларды Windows үшін құру;
• Кез-келген тілде кез-келген қосымшалар үшін профессионалды көрінетәін интерфейсті тез құру. Интерфейс Windows – тың барлық талаптарын қанағаттандырады. Және қолданушы компьютерінде орнатылған жүйеге автоматты түрде ыңғайланады. Өйткені, Windows-тың көптеген функциялварын, кітапханаларын қолданады;
• Бағдарламалаудың басқа түрлерінде қолдануға болатын функция, форма, компоненттердің динамикалық біріктірілетін кітапханасын (DDL) құру;
• Кез-келген типтегі жергілікті және жойылған мәліметтер базасымен жұмыс істеудің қуатты жүйесін құру;
• Кестелері, графиктері бар күрделі есеп берулерді құру және баспаға шығару;
• Қосымшалардан Windows арқылы жұмыс істеуге болатын өз қосымшалары үшін анықтамалық жүйелерді (hlp файлдары) құру;
• Windows-тың барлық талаптарын және спецификасын ескеретін Windows-тың қосымшалары үшін орнатудың профессионалды бағдарламаларын құру;
Көптеген операторлардың жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты, бірақ, мұнда программалауды үйрену үшін обьект, оқиға, қасиет, әдіс, класс ұғымдарымен екін танысып, компоненттерджі пайдалану, және түрлі компонеттердің жазылцу түрлерін білу қажет.

Delphi программалу ортасы
1. Delphi 7-нің негізгі терезесі.
2. Форма (Form 1).
3. Обьект инспекторы терезесі (Object Inspecteor).
4. Модуль терезесі (программалық код терезесі).
5. Негізгі мәзір.
6. Аспаптар панелі.
7. Компоненттер палитрасы.

Бұл күндері мәліметтер базасымен жұмыс джасайтын көптеген мамандар мәліметтер базасын құрудың негізгі үш тәсілін ұсынып отыр: иерархиялық, желілік және реляциялық.
Мәліметтер базасындағы ақпараттармен жұмыс жасағанжджағы иерархиялық модель ыңғайлы, бірақ қиын логикалық байланыстармен жұмыс жасағанда бұл модель әлсіз.
Желілік модельде деректер ерікті граф түріндке ұйымдастырылады. Желілік моодельдің кемшіліг болып құрылымның қаттылығ және оны ұйымдастырудың қиындығы болып табылады. Сонымен қатар, иерархиялық және желілік молдельдердің кемшіліктерінің бірі болып деректер құрылымының деректер базасын жобалау кезінде берілуі және деректерге қатынауы барысында өзгертуге келмейді.
Обьект бағытталған модельде мәліметтер базасының жазбасы обьект түрінде беріледі. Обьект бағытталған модель желілік және реляциялық модель ерекшеліктерін қамтып, күрделі мәліметтер базасын құруда пайдаланылады.

BDE Administrator
Delphi қолданбасы деректер базасына қатынауды BDE (Borland DataBase Engine – Borland фирмасының деректер базасының процессоры) арқылы жүзеге асырады. BDE өзінен деректерге қатынайтын динамикалық кітапханалар және драйвер жиынтығын құрайды. BDE деректер базасымен жұмыс істейтін барлық компьютерлерге орнатылуы тиіс. Деректер базасына BDE арқылы жіберілген сұраныс, қолданушы сұратқан деректерді алады.
Жергілікті деректер базасы және онымен жұмыс істейтін қолданба бір компьютерде орналасады. Бұл жағдайда ақпараттық жүйе жергілікті сәулетке ие .

Дербес сәулет

ҚОЛДАНБА→ BDE ↔ ДЕРЕКТЕР БАЗАСЫ

Деректер базасымен жұмыс, ережеге сай, бірқоланушылық режимде жұмыс істейді. STANDARD драпйверлер үшін, әдетте Paradox деректер базасы, мінездемелер псевдонимі жиынтығы минималды болады: Type – драйвер аты және PATH - деректер базасына жол. PATH параметрін басқанда, сіз көп нүктелі батырманы көресіз. Оны басқанда Windows – тың жаңа каталогты таңдау стандартты диалогы ашылады, ол арқылы біз керекті каталогты таңдап аламыз.
STANDARD типті драйверлерді тек Paradox, Dbase, FoxPro кестелері үшін қолдануға болады.
Жергілікті деректер базасына қатынау ұшін BDE деректер базасынан процессоры стандартты драйверлерді қолданады. Олар Paradox , Dbase, FoxPro және текстік файлдармен жұмыс жасайды. Жергілікті деректе базасын қолданғанда, желіде деректер базасына көп қолданушылық қатынауды ұйымдастыруға болады. Бұл жағдайда деректер базасының файлдары және осымен жұмыс істейтін қолданбалар желінің серверінде орналасады. Сондаәрбір қолданушы өз компьютерінен серверде орналасқан қолданбаны қосқанда өз компьютерінде қолданьбаның көшірмесі іске қосылады.
Мәліметтер базасының кестесін құру

Деректе базасын құрайтын кестелер қатты дискідегі каталогта тұрады. Кестелер файлдарда сақталып, бөлек құжаттарға немесе, электрондық кестелерге ұқсас. Кестелерді көшіруге, орнын ауыстыруға болады. Бірақ құжаттарға қарағанда, деректер базасының кестелеріі көп қолданбалы қатынау режимін қолдайды. Яғни бәірнеше қолданбалармен бір мезгілде жұмыс жасауға болады. Бір кесте үшін (деректер, кілттер, индекстер, т.б) бірнеше файлдар жасалады. Осылардың ішінде негізгісі болып кестенің атымен аталатын деректер файлы болып есептеледі. Кестені таңдағанда, әсіресе оның негізгі файлы таңдалады. Мысалы: Dbase кестесі үшін кеңейтіндісі DBF болатын файл. Ал, Paradox кестесі үшін DB кеңейтіндісі болып табылады. Деректер базасының әрбір кестесі жолдан және бағаннан тұрады. Бір типті обьектілердің ақпараттық жүйелер деректерін сақтауға негізделген.
Өріс мүмкін болатын типтің деректерін қамтиды. Кестенің негізін оның өрісінің сипаты құрайды. Әрбір кестенің кем дегенде бір өрісі болуы тиіс. Кестенің құрылымдық түсінігі өте кең, және оның құрамына:
• өріс сипаты
• кілт
• индекс
• өрістің мәтініне шек қою
• кестелер арасындағы біртұтастықты сақтау
• парольдер
кіреді.
Кестені құрғанда кестенің аты және құрылымы беріледі. Кестенің атын өзгерткенде кесте және оның файлдарды жаңа атқа ие болады. Бұл үшін деректер базасының кестелерімен жұмыс істейтін арнайы программалар қолданылады. Мысалы, Database немесе Data Pump. Дискіден кестені жойғанда оның балық файлдары да жойылады.
Ал енді мәліметтер базасымен жұмыс жасамас бұрын біз оның каталогын құрып алайық. Ол каталог бізде С:/Program Files/Borland/Delphi 6/Projects/ Рита практика. Деректер базасын құру DatabaseDesktor (DBD) утилит көмегімен іске асырылады. DBD утилит көмегімен кестені құруға және оның құылымын өзгертуге, оның біріншілік кілттерін және индекстерін, жазбалар құру және өзгертулер жасауға болады.
Жаңа кестені құру келесі команда бойынша іске асады:
Пуск/Программы/Borland/Delphi 6/ DatabaseDesktor. DBD кірген мезетте жұмыс істейтін каталогты таңдап алу қажет. Ол үшін DBD менюінде File/Working Directory және көрсетілген терезеден С:/Program Files/Borland/Delphi 6/Projects/ Рита практика каталогына сілтеме жасаймыз. DBD кестесін құру үшін File/New/Table. DBD Create Table терезесін шығарады. Оның форматын таңдап алу қажет.
ОК-ді басып, біз осы форматты аламыз.
Құрылып жатқан кестенің әрбір өрісіне бір жазба сәйкес келеді. Field Name бағанына өріс атын, Type – символ, өрісте сақталынатын мәліметтердің типін анықтайды. Size бағанына – сан қойылады. Өрістің ұзындығын анықтайды, Key – «*» символы, егер бұл өріс бойынша бііншілік кілт қою керек болса.

Кестенің қасиетн беру

Validity Checks – бұл қасиет кестенің мәндерәінің дұрыстығын тексереді. Бұл бөлімнің оң жақ терезесі төмендегі кестеде көрсетілген өрістің типіне қарай өзгеріп отыруы мүмкін.

Validity Checks қасиеттері
Required Field Бұл индикатода әрбір жазбада керекті жолдар белгіленуі керек.
Minimum Мәннің минимумы. Бұл қасиет сандық өріске берілуі тиімді.
Maximum Мәннің максимумы. Бұл қасиет сандық өріске берілуі тиімді.
Default Бұл қасиетті сандық және логикалық өрістерге, ал кейбір жағдайларда символдыққа қолдану тиімді.
Picture Енгізілетін мәннің түрін көрсетуге болады. Мысалы, телефон номерінің шаблоны (## - ## - ##).
Assist Бұл батырма Picture түрін құруға көмектесетін диалогтық терезені шақырады.

Table Lookup – бұл бөлім берілген кестенің өрісін басқа көрсетіліп отырған кестенің өрісімен байланысын көрсетеді. Table Lookup-ті таңдағаннан кейін Define – акнықтау батырмасы шығады. Бұл батырманы басқанда көру диалогтық терезесі ашылады. Бұл терезеде драйверлер мен псевдонимдерді қолдануға болады.
Secondary Index – бұл бөлім ары қарай жұмыс барысына керекті екінші индекс құруға мүмкіндік береді.
Жаңа индекс құру үшін Define – анықтау батырмасын басу қажет. Бұл батырманы басқанда көру диалогтық терезесі ашылады. Оның сол жақ терезесінде Ғields қатынау өрістерінің тізімі көрсетілген. Ал оң жақ терезесінде Indexed fields екінші индекс болатын өрістер көрсетіледі.
Index Options радиобатырма панелі келесідей қасиеттерді құруға мүмкіндік береді.
Index Options радиобатырма панелі

Unique Бұл опция екінші индекс болатын өріс болдырмайды, егер кестеде бір-біріне ұқсас өрістер болса.
Descending Бұл опция кестені кемуі бойынша реттейді.
Case Sensitive Бұл опция енгізілген символардың регистріне назар аударады.
Maintained Егер бұл опция тұрса онда кестеде өзгерістерден кейін индекс ауысып тұрады.

Referential Integrity – бұл бөлім әртүрлі кестелердің арасында бүтін сілтеме байланыстарды қамтамасыз ету үшін қолданылады. Егер екі кестенің арасында сілтеме байланыс көрсетілсе, оның біреуі бас, ал басқасы – қосымша кестелер. Онда қосымша кестеде бачс кестеден алатын мәннің өрісі көрсетіледі. Сонымен қатар, бас кестедегі кілттік өрістің өзгерістеріне қосымша кестенің өзгеруін қамтамасыз ететін операция көрсетуге болады. Мұндай бүтін сілтеме деңгейі барлық кестелерге тән емес. Бірақ Paradox 7 – де барлығы қарастырылған.
Update rule- радиобатырмалар тобы егер бас кестеде кілттік өрісті өшіргенде қосымша кестеде болатын өзгерістерді анықтайды. Егер Prohibit-ті таңдасақ, онда DatabaseDesktor мұндай операцияны болдырмайды. Егер де Cascade опциясы тұрса, онда кілттік өрісі бар бас кестеде өзгеріс болса, онда қосымша кестеде де өзгеріс болады. Егер сіз бас кестеден кілттік өрісі бар жазбаны өшірсеңіз, онда қосымша кестеде сол кілттік өрісі бар жазба автоматты түрде өшеді.
Strict Referential – индикаторын орнатқанда Paradox-тың алғашқы версияларына (соның ішінде Paradox for DOS) кестелердің ашылуына және бұзылуына жол бермейді.
Барлық операциялар біткеннен кейін құрылған сілиеме атын беруі керек.
Password Security бөлімі Paradox –та құрылған кестелерге және оның әр өріс жазбасына пароль қоюға мүмкіндік береді. Бұл үшін Define батырмасын басу керек. Сорнда диалогтық терезе ашылады. Диалогтық терезеде басты парольді (Master Password терезесі) қоюға және сол парольді мақұлдауға мүмкіндік аламыз. Егер Auxiliary Password (қосымша парольдар) батырмасын бассақ, қосымша парольдарды тағайындауға және өрістерге қатынаудың ережесін көрсетуге болады.
Current Password (ағымдағы пароль) терезесінде сіз парольді көрсетесіз (ол сіз кірген парольге ұқсас болуға тиісті емес), бұл пароль арқылы сіз қатынау ережесін құрасыз. Table Rights (кестеге қатынау құқығы) радиобатырмалар тобында кестеге жалпы қатынау құқығын анықтауға болады.

Table Rights радиобатырмалар

All Барлық операциялар қабылданады, кестені өшіру, құрылымын өзгерту, парольдерді өзгерту және өшіру.
Insert Delete Кестелерге жазуға барлық операциялар қолданылады (редактрлеу, қою, өшіру), бірақ кестенің құрамын өзгертуге және жоюға тыйым салынады..
Data Entry Мәліметтерді редактрлеуге және жазбаларды қоюға болады, бірақ оларды өшіруге және кестенің құрылымын өзгертуге, өшіруге тыйым салынады.
Update Кестені көруге және кілті жоқ өрістерді өзгертуге болады.
Read Only Кестені көруге болады.

Table Language – бұл бөлім ВDE Administrator арқылы кестенің тілін көрсетуге (егер көрсетілмесе) немесе анықтауға (Modify батырмасы) мүмкіндік береді.
Dependent Tables – бұл бөлім Referential Integrity сілтемелі деңгейіндегі кестелерді көруге мүмкіндік береді.
Барлық керекті құрылымдық мәліметтер кестеге енгізілгеннен кейін Save As батырмасын басу керек. Сол кезде Windows – тағы стандартты сақтау терезесі шығады. Кәдімгі терезеден айырмашылығы Alias тізімінің болуында. Бұл тізімде әртүрлі мәліметтер базасының псевдонимдері бар. Сіз тізімнен керекті псевдонимді таңдап, кестені сақтайсыз.

Paradox форматының кестелері

Delphi-дің өзіндік кестелік форматы жоқ. Бірақ ол Paradox кестелерімен жұмыс істей береді. Осы кестелердің әрқайсысының өзіндіек ерекшеліктері бар.
Paradox кестесі деректер базасын құруға және онымен жұмыс істегенде ыңғайлы болып табылады.
Оның негізгі артықшылықтарын атап өтейік:
• Деректердің тұтастығын
• Әртүрлі типті деректерді ұсынуға арналған өрістік типті
• Енгізілген деректерді тексеруді
• Кестенің парольдік қорғанысын
қамтамасыз етеді.

Paradox 7 кестесінің өрістік типі тізімі

Тип Белгіленуі Мәннің мазмұны
Alpha A Символдар қатары. Ұзындығы 255 символ.
Number N Жүзбелі нүкте саны.
Money $ Ақшалық қосынды.
Short S Бүтін сан. Диапазон – 32768…32767
Longinteger I Бүтін сан. Диапазон – 2 147 483 648…2 7 483 647
BCD # Екілік –ондық жүйедегі сан.
Date D Күн.
Time T Уақыт.
Timestampt @ Күн мен уақыт.
Memo M Символдар қатары. Ұзындығы шенелмеген.
Formatted F Символдық қатар. Memo-дан айырмашылығы, қатар құрамында форматталған текст болады.
Graphic G Графиктік көрініс. Форматтары P, PCX, TIF, GIF.
OLE O OLE технологиясын қамтитын деректер форматы.
Logical L Логикалық мән.
Autoincrement + Автоинкрементті өріс.
Binary B Байттар тізбегі. Ұзындығы шенелмеген.
Bytes Y Байттық тізбек. Ұзындығы 255 символдван аспайды.

Ескерту:

DatabaseDesktor программалық ортасында жұмыс істегенде Graphic, Binary, Memo және OLE өрістік типінің мәні көрсетілмейді.
Paradox кестесінде өріс аты әріптен басталып, әріптер мен сандар құрылуы тиіс. Өріс атының максимал ұзындығы 25 символдан аспауы керек. Өрістің атын бергенде пробел, "#","$" символдарын қолдануға болады. Бірақ, ".", "!", "|"символдарын қолдануға болмайды. Себебі. Бұл символдар басқа мақсаттарда қолданылады.
Paradox кестесінің кемшілігі болып, кестелік деректерді сақтайтын типтік файлдардың көптігі болып саналады. Бір каталогтан келесі каталогқа қандай да бір кестенің орнын ауыстырғанда немесе көшіргенде осы кестені қамтитын барлық файлдарды көшіру немесе орнын ауыстыру керек.
Paradox кестесінің файлдарын келесі кеңейтінділері бар:
• DB – деректі кесте
• MB - BLOB – деректер
• PX – негізгі индекс
• XG* және YG* - екінші индекстер
• VAL – деректердің және сілтетемлік тұтастықты тексеретін параметрлер
• TV және FAM - DatabaseDesktor программасына кестені шығару форматы.

Alpha Number Money Short Longinteger BCD Date Time Timestampt Formatted P PCX TIF GIF OLE Logical Autoincrement Bytes ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді