👈 қаріп өлшемі 👉

Айналамдағы заттарды санаймын 10 - ға дейін реттік санау

 Айналамдағы заттарды санаймын 10 - ға дейін реттік санау

Сабақтың тақырыбы: Айналамдағы заттарды санаймын. 10 - ға дейін реттік санау
СЫНЫП - ТОП:
ҰОҚ - ның оқытылу мақсаттары 0. 2. 1. 1. 20 көлеміндегі сандарды тура жəне кері санау. 0. 2. 1. 2. Заттарды саны бойынша салыстырып, олардың реттік нөмірін атау.
Күтілетін нəтиже: Барлық тəрбиеленушілер:
- 10 көлеміндегі сандарды тура жəне кері санайды.
Көпшілік тəрбиеленушілер:
- заттарды саны бойынша салыстырып, олардың реттік нөмірін атайды.
Кейбір тəрбиеленушілер:
- заттарды саны бойынша салыстырып, ара - арасынан олардың реттік нөмірін атайды.
Тілдік мақсат: Дағдыларын дамыту: - өзінің сұрақтарын қойғанда жəне педагог пен тəрбиеленушілердің сұрақтарына жауап берген кезде сөйлемде лексика мен терминологияны пайдалана алады. Пəндік лексика жəне терминология: - бірінші, екінші,..., оныншы. Пікір алмасуға арналған сұрақтар: – Кері тəртіппен қалай санау керек екенін түсіндір? – Қалай ойлайсың, реттік санау кезінде сандарды тастап кетуге бола ма? – Сандарды жазудың қандай түрлерін білесің? Жазу: - түрлі түсті қарындаштармен бояу.
Өткен ҰОҚ - дан алған білім: Заттардың сандық ұғымы туралы алғашқы білім, геометриялық фигуралар мен денелердің атауы.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жұмыс түрлері
І. Басталуы 0 – 5 минут.
Ынталандыру.
Педагог балаларды «Мен велосипед тепкенді ұнатамын» деген сұхбатқа тартады.
- Сендерде велосипед бар ма?
- Оны қай жерде тебесіңдер?
- Кіммен бірге?
Өзектендіру.
«Осыншама санды көрсет» Ойын үшін қималы материал - цифрлар, заттардың əртүрлі сандары бейнеленген карточкалар қолданылады. Педагог балаларға цифрлар бейнеленген карточкаларды көрсетеді, ал балалар өздеріндегі осындай заттардың саны бейнеленген карточкаларды тауып, санды атап, өз таңдауын түсіндіреді

Ортасы 6 – 25мин
Мақсат қою (проблемалық жағдай). Əліппе - дəптердегі Балалар реттік санауды үйрену үшін оларды қатарға (10 адам) тұрғызып, санаудың қажетті бағытын көрсетіп, ретімен санауды сұраймын.. Содан кейін жиынтық полотнода осыған ұқсас жағдайды орындайды. Заттарды немесе балаларды оңнан солға қарай жəне кері бағытта санауды ұсынамын. Содан соң 1 - ден 10 - ға дейінгі сандар жазылған карточкаларды шығарып, тура жəне кері тəртіппен хормен сандық санау жүргіземін. Балаларды кейінгі жəне алдыңғы санды анықтауға жаттықтырамын. «Көрші сандар» ойыны əртүрлі ұйымдастырылуы мүмкін: 1 - нұсқа: Бала көршілерін атайды, ал балалар санның өзін көрсетеді. 2 - нұсқа: Бала санды атайды, ал балалар көршілерін көрсетеді. Алдыңғы білімді бекіту. Педагог бейнежазбадағы əнге қосылып айтуларын ұсынады.
(Ө) 3 - тапсырманы орындауды ұсынады, онда фигурадағы торкөздердің санын санап, қажетті түспен бояу керек. Балалар торкөздерді санайды. Санына қарай фигураны
(Ө) 4 - тапсырманы өз бетінше орындауды ұсынады. Осындай тапсырма үнемі кездеседі, балалар оны орындау ережелерімен таныс
III. Рефлексия 26 – 30
Рефлексия.
Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы бағалауды ұсынады. Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайликтің суретін салуға болады. Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады.

Мектеп/МҰ: Мұхит атындағы ОЖББМ
Педагогтің аты - жөні: Жардемова А. .....


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» NIS-тің мың домбырашысы Гиннесс рекордтар кітабын бағындырды 26.05.2022
» Президенттің баспасөз қызметі Тоқаевтың 30 жыл бұрынғы суреттерін көрсетті (фото) 22.05.2022
» Қазақстандағы жеңілдетілген автокөлік несиелері: Автосалондар қосымша қызмет алуға мәжбүрлейді 20.05.2022

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы