Экономика | Кәсіпорынның инвестициялық саясаты

 Экономика | Кәсіпорынның инвестициялық саясаты

Мазмұны

КІРІСПЕ
І ИНВЕСТИЦИЯ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ..............................................................................................
1.1Инвестицияның түрлері және тікелей инвестицияның талаптары...............................................................................................
1.2 Инвестициялық процесс экономикалық даму факторы ретінде...
1.3 Кәсіпорынның инвестициялық саясатының мақсаты мен оның принциптері..............................................................................................

ІІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАУ ӘДІСТЕРІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ.....................................................
2.1 Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері............
2.2 Кәсіпорынды инвестициялық жоба ретінде қарастыру................
2.3 Инвестицияның табыстылығы мен өзектілігі................................

ІІІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘСІПОРЫННЫҢ МЫСАЛЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ ТАЛДАУ
3.1 Полипропиленді қап өндіруші ЖШС ИТЕКО ПЛЮС..............
3.2 Мемлекеттік реттеу.......................................................................
3.3 Талдау, бағалау................................................................................

Қазақстан экономикасының қазіргі жағдайы негізгі капиталды қайта құру процесінің төменгі деңгейімен сипатталады.Негізгі капиталдың істен шығуы инвестициялық ресурстар ағымымен толықтырылмай, ал өндірістік аппараттардың жаңаруы техникалық-технологиялық және құрылымдық өзгерістерді қамтамасыз етпеуде.
Ал отандық коммерциялық банктердің несиелік портфеліндегі экономиканы несиелеуге бағытталған несиелерінің шамамен 20-30%-ы орта және ұзақ мерзімді несиелер үлесіне тиетін болса, ал қалған 70-80%-ы қасқа мерзімді несиелерді құрайды.Мұнда әлі де болса өз шешімін таппаған мәселелер аз емес.Банктердің қысқа мерзімді несиеге көп көңіл бөлуі, біріншіден, ондағы жинақталатын ресурстардың басым бөлігінің қысқа мерзімде тартылуы; екіншіден, ұзақ мерзімді несиелеудегі орын алар несиелік тәуекелдің болуы және т.б. байланысты.Банктердің ұзақ мерзімді несиелеуге ынталы болмауы банктік несиенің маңызы жоғары.Бұл айтылғандар да бүгінгі күні өз шешімін таба алмай отырған өзекті мәселелерді қозғайды.
Қазіргі таңда экономикалық өсуге қол жеткізу үшін шикізатты пайдалану мен бәсекеге қабілетті өнімдер шығару арасындағы бой алған терең техникалық-технологиялық алшақтықты жоюға ықпал ететін жобаларды іске асыруға бағытталған инаестициялар көлемін ұлғайту қажет. Экономикаға инвестиция тарту өнеркәсіп , ауыл шаруашылығы және өзге де салалардағы инвестициялық жобаларды несиелеудің маңызды көздерінің бірі болып табылады.
Алайда, осы көп қатпарлы мәселенің бірқатар сұрақтары өз шешімін таппады.Инвестициялық жобаларды бағалау және олардың ең тиімдісін таңдау әдістерін Қазақстан экономикасының жағдайына сәйкестендіру , жобаларды қаржыландыру үшін ашылған халықаралық несиелік желілердің қызмет етуін және несиелеу механизімін жетілдіру бүгінгікүннің талабы.
Осындай көптеген мәселенің теориялық әдістемелік сұрақтарының жеткіліксіз жерін өз дипломдық жұмысымда ашып көрсетуге тырыстым.
Дипломдық жұмыстың мақсаты экономикалық өсудің инвестициялық тәуелділігін зерттеу арқылы кәсіпорынды инвестициялық жоба ретінде қарастырып оның тиімділігіне негіздеме беру, жобаларды бағалаудыңхалықаралық әдістемесін Қазақстандық кәсіпорын жағдайына сәйкестендіру болып табылады.
Көзделген мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешуді қажет етеді:
- Әлемдік экономикалық ғылымда орын алған экономикалық өсу қарқынының инвестициялық қызмет белсенділігіне тәуелділігі теориясына баға беру;
- Кәсіпорынның экономикасының өсуіне инвестициялық мультипликативтік және экономикалық белсенділік пен өндіріс көлемі деңгейінің өзгерісінің әсер етуін анықтау;
-Тиімді жобаларды таңдауда жобалық талдау жүргізіудің маңыздылығын анықтау.
Зерттеу объектісіне кәсіпорынның инвестициялық саясатының тиімділігін анықтау және бағалау жатады.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі Жалпылама бағыттар мен зерттеу логикасы жұмыстың ішкі біртұтастығы мен құрылымын анықтайды.Осы диплом жұмысым 60 бет көлемінде баяндалған және ол кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден 5 кесте, 15 суреттен тұрады.
Жұмыстың кіріспесінде тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, зерттеу объектісі мен зерттеу заты, жұмысың тәжірибелік маңызы берілген.
1-тарауда – инвестицияның нарықтық экономикадағы қызмет етуінуң теориялық-әдістемелік негізде,рі зерттеледі.Инвестицияның талаптары көрсетіледі.
2-тарауда – инвестициялық жобалардың тиімділігін, олардың табыстылығын, өзектілігін баяндайды.Сонымен қатар кәсіпорынды инвестициялық жоба ретінде қарастырып , оның инвестициялық саясаты сипатталады.
3-тарауда- Қазақстан мысалындағы полипропиленді қап өндіріетін ЖШС ‘ИТЕКОПЛЮС’ компаниясын инвестициялық жоба ретінде қарастырып оған талдау жасадым.
Қорытынды бөлімінде дмплом жұмысының түйіні көрініс таб
І ИНВЕСТИЦИЯ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ
1.1 ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ТІКЕЛЕЙ ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ТАЛАПТАРЫ
Инвестицияға анықтама берген кезде оның тек мағыналық сипатына ғана көңiл бөлмей, мақсатты түрде бағытталуын да көрсету маңызды. Осы тұрғыдан қарағанда, инвестициялар жалпы ұлттық өнiм өндiрiсiне жұмсалатын табыстардың маңызды бөлiгiн құрайтын жаңа технологияны, материалдарды және басқа да еңбек кұралдарын енгiзумен байланысты өндiрiстi кеңейту және жұмыс жағдайын жақсарту мақсатында жұмсалатын қаражаттардың активтерге салынуы болып табылады.
Бiрақ осы кезге дейiн экономикалық тақырыптағы әдебиеттерде инвестиция деген ұғымға алуан-түрлi түсiнiктер беру орын алып келдi. Көптеген авторлар күрделi қаржы мен инвестициялардың бiр-бiрiнен айырмашылығы жоқ деп көрсетсе, ал кейбiреулерi инвестицияны мақсатты бағытталуына байланыссыз салынған қаражат салымыньң кезкелген түрi деп есептейдi.
Мәселен, Ресей ғалымдары Г.П. Журавлева, И.Ю. Малышева инвестицияны жаңа технологияларды, материалдарды және басқа да кұрал-жабдықтарды өндiрiске енгiзе отырып, өндiрiстi кеңейту және жаңарту iсiне жұмсалатын шығындар деп есептейдi /2, 64 6/. Бұл жерде негiзгi және айналым қорлары аралығындағы айырмашылықтар, сондай-ақ, ғылыми-техникалық прогресс, еңбек ресурстары тағы да басқа факторлар есепке алынбады.Осыған дейін белгілі болғандай инвестиция бүгінгі күнде халықаралық кәсіпкерлік құрамында маңызды рөл атқарады.Тікелей инвестицияның ерекшелігі болып оның басқа кәсіпорындық әдістерге қарағанда өзіндік тұрақтылығында болмақ.Тікелей шетелдік инвестициялар экономикалық реформаға әсер етуде экономикалық басқа нысаналармен салыстырғанда бірсыпыра маңызды, үстемдігі бар: тауар өндіру мен қызметтер атқаруға, күрделі қаржы тауып салудың қайнар көзі, жаңа технологияны пайдаланылған етуде, ноу-хау, басқарудың алдыңғы қатарлы әдістері және маркетингті дамытуға қолайлы.Онымен бірге қарызды өтеуде қаржы жинақтауда керек. Кәсіпорынның капиталы- қосылған құнның бөлігі түріндегі капитализация ретінде түсіндіріледі.Ол екіге бөлінеді:Тікелей инвестициялар- елдің экономикасына инвестордың жеке тәуекелімен салынған шетел капиталы.Портфельдік инвестиция – қаржылық құралдардың тиімді капитал түрінде салынуы.Мысалы акция және облигация сол сияқты бағалы қағаздар. Оспанов М.Т және Мұхамбетов Т.И өзінің жұмыстарында былай деп жазады.Шетелден келетін капитал ағымы 3 канал бойынша жүзеге асырылады: Дамуға ресми көмек; экспорттық кредиттер; кәсіпорынның капиталы.Дамуға ресми көмек ол мемлекеттің құзырына тиелі және 2-ге бөлінеді:техникалық және қаржылықЭкспорттық кредиттер бір немесе бірнеше жобалармен байланысты.Бұл тауарды немесе қызметті экспорттаушы елден сатып алу шартымен берілген кредиттер.Шетелдік инвестициялар- өз еркімен әртүрлі формада бір мемлекеттен екінші мемлекет территориясындағы кәсіпорынға салынған шетел капиталы. Қарастырылған инвестициялардың барлық түрлерiн төмендегi 3- сурет бойынша жүйелеп, топтастырып көрсетуге болады.

1- Кесте
Инвестицияның түрлері
Сонымен қатар, инвестицияларды меншiк нысанына байланысты келесiдей түрде бөлiп қарайды:
- Мемлекеттiк меншiк нысанындағы инвестициялар мемлекеттiк бюджет есебiнен қаржыландыруды сипаттайды, оның жұмсалу бағыты әлеуметтiк сала болып табылады.
- Жекеменшiк капитал нысанындағы инвестициялар кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын ұлттық шаруашылық субъектiлерiнiң өз қаражаттары мен тартылған қаражаттарының жиынтығын сипаттайды.
Мұндай мемлекеттiк және жеке меншiк нысанындағы инвестицияларды бiр ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ