Фирма теориясы және оның нарықтық экономикадағы рөлі

Фирма – нарықтық экономика құрылымының ең серпінді құрамдас бөлігі. Барлық технология, өндіріс құралдары, еңбек заты және кәсіби тәжірибе шеңберіндегі ғылыми-техникалық жетістіктер өз көріністерін фирмада табады. Фирмада өндірістің және нарықтың заңдар нақты нысанға ие болады.
Нарықтық орта жағдайында және фирманың толық экономикалық, құқықтық өзінше еркіндік алуы, оған көптеген қосымша міндеттер жүктейді. Сөйтіп фирманың айналысатын қызмет шеңбері кәдімгідей ұлғаяды.
Мемлекеттік экономика жағдайында негізгі буынның іс-әрекеті тек қана өндірістік қызметпен тұйықталды. Фирма өзінің экономикалық және элеуметтік қызметін жалпы мемлекеттік шаруашылық механизмі арқылы жүзеге асырады.
Аралас әрі әлеуметтік бағытталған нарықтық экономика жағдайында мемлекет фирмаға иелік құқ бере отырып, оның өз мүлкін, өндірген өнімін және тапқан табыстарын пайдалану мен жаратуды, фирма шығындары арқылы әлеуметтік шаралардың бір бөлігін жүктейді.
Сондықтан барлық фирмадар меншік түріне байланыссыз-ақ экономикалық қызметті ғана емес, әлеуметтік қызметті де атқаруға міндетті.
Қоғомдық санада кәсіпкер – бұл тек адам, индивидум деген пікір берік орныққан. Нарық қатынастарының құрылу және даму практикасы мемлекет қоғамдық мүдделер үшін белсенді кәсіпкерлік қызметпен айналыса алатынын көрсетті. Мемлекет қызметтің кәсіпкерлік саласына неғұрлым ерте қосылса, соғұрлым өтпелі экономиканың ұзақтығы қысқа, мемлекеттік кәсіпкерлік қызметтің әріден ойластырылған дағдарысқа қарсы және инфляцияға қарсы бағдарына бола нарық экономикасы тиімді дамиды, соғұрлым мемлекетте халықаралық инвестициялық ахуал өте жақсы, соғұрлым әлемдік экономикада осы мемлекеттің мәртебесі биік болады.
Кәсіпкерлік қызметтің дамуы экономиканың негізгі мемлекеттік меншігі болып табылады.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекет меншігінің үлесі көп емес, бірақ нақ осы ұлттық экономиканың дамуы үшін қажетті қызметтер мен тауарлар шығарушы өздерінің меншікті фирмадарының болуына және бір уақытта мемлекет бюджетін толықтыру үшін қажет ақшалай қаражат табуына мүмкіндік береді. ....
Рефераттар
Толық

Фирманың баға жасау стратегиялары

Баға стратегиясын жасаған кезде микро және макро-ортаны талдап, ондағы факторлар өзгерістерінің тенденциясын анықтау керек.
Жалпы баға үш тәсіл арқылы анықталады:
1. Баға тауар өндіру және қызмет көрсетуге байланысты шығындарды жабуы қажет;
2. Кәсіпорын тек шыгындарды ғана жаппай, сонымен қатар белгілі бір пайда алуы тиіс, ол өз кезегінде тауарға деген сұранысқа байланысты;
3. Нарықта бәсекелестер әрекет етеді. Сондықтан, тұтынушы төлеуге әзір баға бәсекелестер ұсынысына байланысты.
Сөйтіп, баға жайында шешім қабылдау шығындарға, тұтынушылар сұранысы мен ұсынысына, бәсекелестердің мінез-қүлқына байланысты. Соған қарай шығындарға, сұраныс пен бәсекеғе негізделген стратегияларды бөліп көрсетуге болады.
Көптеген отандық кәсіпорындар бағаны тікелей есептеу арқылы (шығындық тәсілмен) шығарады, оның мөлшері барлық шығындарға пайда мөлшерін қосу негізінде анықталады. Бұл тәсілдің мынадай түрлері болады:
1. "Шығынға үстеме қосу" әдісі. Бұл жағдайда өнімнің өзіндік құнына стандартты үстеме қосылады. Мысалы, өнім бірлігінің өзіндік құны 20 теңге, ал фирма 1 млн. теңгеден гүратын сату көлеміне 20% пайда алуды көздесе, тауардың үстеме бағасы 24 теңге болады. Делдалдарға мұндай бағаны ұсынған өндіруші әрбір өнім бірлігінен 4 теңге пайда алады. Өз кезегінде делдалдар тауарды тұтынушыға сатқанда өз үстемелерін қосады.
Бұл әдісті қолдану белгіленген баға қажетті сату көлемін қамтамасыз еткен жағдайда ғана қонымды. Өндірістік шығындарға негізделген мұндай әдіс делдал үшін де, тұтынушы үшін де әділ болып саналады. Осы әдіс күні бүгінге дейін ең танымал, себебі, шығындарды анықтау сұранысты анықтаумен салыстырғанда әлдеқайда жеңілдеу.
Бұл әдіс өндірістің жалпы және шекті шығындарын анықтау сияқты екі амалға негізделуі мүмкін. Көптеген кәсіпорындар баға белгілеген кезде жалпы шығындарды қолданады, оның құрамына өзгермелі шығындар және белгілі бір тауар өндіру үшін қажет барлық тұрақты шығындар кіреді.
Шетелдерде көбіне тұрақты және өзгермелі шығындарды толығымен өтеуге негізделген шығынды жабу сомасы қолданылады.
2. Пайда алуға негізделген баға белгілеу. Мұндай әдіс шығынсыздықты болдырмау қағидасына негізделген. Бұл жағдайда фирманы шығынға үшыратпайтындай және белгілі бір пайда мөлшерін алатындай баға анықталады. Осы әдісті "General Motors" компаниясы қолданады, ол инвестицияға 15-20% пайда деңгейін белгілейді.
Осы әдісті қолдану әр түрлі сату көлемі кезіндегі жалпы шығындар мен пайданы бейнелейтін шығынсыздық графигін құруды көздейді. Бұл жағдайда шығынсыздық шегі жиынтық шығындар мен жиынтық табыс қисықтарының қиылысу нүктесінде анықталады. Мысалы, шығынсыздық шегіне жету үшін компания бір бұйымды 24 теңге бағамен сатса, 30 мың бұйым бірлігін сатуға тиіс, сондағы түсім жиынтық шығындарды жабады. 20% мақсатты пайда алу үшін, өндіріске 1 млн. теңге қаржы жұмсаған /инвестициялағанда/ компания 45 мыңнан өнім бірлігін сатуы қажет. Дегенмен, мұндай жағдайда көп нәрсе сұраныстың бағалық икемділігіне байланысты болады. Сондықтан, маркетологтар шығынсыздық шегін, ықтимал сұраныс деңгейін және әр түрлі бағалардағы пайданы анықтауы қажет. Бірақ, бағаның өсуі сату көлемінің азаюына әкеледі, шығынсыздық шегіне жету үшін тұрақты және өзгермелі шығындарды үнемдеу есебінен өзіндік құнды төмендету жолдарын іздеу керек.
Сұранысқа негізделген баға тағайындау әдістерін кең қолдану кәсіпорынға бағаларды үнемі өзгертіп отыру және қажетті пайда алу мүмкіндігін береді.....
Рефераттар
Толық

Фирманың баға саясаты баға белгілеу кезеңдері әдістері стратегиялары


1. Өмірде баға белгілеудің мынадай мақсаттары қойылады:
• Нарықта қалуды қамтамасыз ету;
• Пайданы мейлінше молайту;
• Нарық үлесін жаулап алу;
• Тауар сапасы бойынша берілген нарықта жетекші орынды алу.
Көтерме саудамен айналысатын ірі саудагерлерді, фирманың өндірістік мүмкіндіктерін пайдалану, тауар имиджін жасауда баға белгілеудің мақсаттары болуы мүмкін.
Қазақстанның нарықтық қатынастарға өткен бастапқы кезеңінде көптеген фирмалардың баға белгілеудегі басты мақсаты –нарықта сақталып қалуды қамтамасыз ету болса, қазіргі жағдайда күнделікті ағымдағы пайданы мейлінше молайту мен нарық үлесін жаулап алу алға шықты.
Кәсіпорындардың экономикалық жағдайы жақсарса, баға белгілеудің де мақсаттары өзгереді.Ағымдағы пайданы молайту жаңа, беделді, стандартты емес тауарлар өткізілген кезде ғана баға белгілеудің мақсаты бола алады.
Егер нарықта бәсеке деңгейі едәуір жоғары болса, көбіне баға белгілеудің мақсаты –нарық үлесін жаулап алу деп қабылданады.Мұндай жағдайда бәсекелестік бағаларға ерекше көңіл бөлінеді.Бірақ, нарық жағдайларына үнемі бейімделіп отыру баға дифференциясының болмауына әкеледі.
Фирма белгілі бір көрсеткіштері бойынша нарық лидері болғысы келеді, бұл оның шығындарын азайтып, пайда алуға көмектеседі.Өнім сапасын жоғарылату көптеген шығындарды талап етеді, әйтсе де бұл шығынның орны тұтынушы сапалы, озық тауарды жоғары бағамен сатып алуға әзір болғандықтан, тез толады.
2. Фирма басшылары бағаны есептеудің әдістерін таңдап, ең жоғары және төмен бағаның ықтималды деңгейін бекітеді.Бағалық стратегия шығынға, сұранысқа, бәсекеге, тауардың өмірлік цикл кезеңіне негізделіп, айқындалуы мүмкін.
Нарық түрін бағалау фирма стратегиясын жасаудағы нақты бір әдісті таңдауының маңызды шарты болып табылады.нағыз бәсеке нарығы (полиполия) белгілі бір өнімді сатып алатын және сататын көптеген сатып алушылар мен сатушылардан тұрады.Мұндай нарықта ешбір сатушы, не болмаса сатып алушы күнделікті ағымдағы бағалар деңгейіне көп әсер ете алмайды.Сатушы нарықтық бағадан жоғары баға қоя алмайды, өйткені сатып алушы бұл тауарды төмендеу бағамен басқа бір сатушыдан сатып алуы мүмкін.Мұндай нарықта бәсекелестік баға белгілеу стратегиясын қолданған дұрыс болады.
Қазіргі экономикалық теорияда қарастырылатын бағаның формуласы жетілген бәсеке жағдайында бір жағынан шекті пайдалылық, екінші жағынан шекті шығындарға сәйкес келіп, сұраныс пенұсыныс қисықтарының қиылысу нүктесінде орналасады. ....
Рефераттар
Толық

Фирманың жарнамалық қызметін ұйымдастыру

Нарық қатынастары шаруашылық қарым – қатынаста жүріп жатқан субъектілерінен экономикалық үрдістерді игеруді, ол үшін оларды терең және жан – жақты талдауды талап етеді. Осы талдау негізінде бпр ресурстарды тиімді пайдаланып, тұтынушылардың қажеттілікткрін сапалы және жоғары деңгейде, неғұрлым толық қанағаттандыруды белгілейді. Нарықта қалыптасқан қатаң бәсекелестік күресінде жеңіп шығу үшін бұл аса қажетті іс. Соның негізінде фирманы дәл басқару бағыттары және ұтымды шаруашылық бизнес шешімдері іздестіріледі. Ал ол талдауды жүргізу үшін кең көлемде және неғұрлым толық коммерциялық ақпарат қажет болады. Бұл жиналған ақпарат нарықта әрекет жасап жүрген фирмалар және келешекте олардың қатарына жаңадан қосылатын кәсіпорындар, олардың өнімдерінің өзгерістері туралы тағы басқа сол сияқты болжамдық талдау үшін қолданылады. Осы аса маңызды да күрделі іс маркетингсіз орындалуы мүмкін емес. Сондықтан фирманы басқару жүйесінде, оның әрекетін ұтымды реттеу ісінде қазіргі кезде маркетинг жетекші рөл атқарады.
«Маркетинг» ұғымы ағылшынның “market” – нарық(рынок) сөзінен шыққан, ал “ing” жалғауы нарық жасаушы немесе нарық аумағындағы қызмет дегенді сипаттайды. Алайда бұл ұғымның мәні одан да кең және ауқымды. Сондықтан мұның көптеген (2 мыңнан астам) анықтамалары бар. Солардың ішінен маркетинг саласындағы белгілі маман Филип Котлердің берген анықтамасын айта кетуге болады. Ол бойынша маркетинг – айырбас арқылы мұқтаждық пен қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған адам қызметінің түрі.
Маркетингтің негізгі мақсаты: нарықтық экономикалық және шаруашылық коньюктураны зерттеу, тұтынушылардың нақты сұранысын анықтау мен оларды материалдық тұрғыдан ынталандыру, басқару саласына қатысты қабылданатын шешімдермен қамтамасыз ету, кәсіпорындардың жұмыс бағдарламаларының дұрыстығын дәлелдеу.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық өмірінде болып жатқан өзгерістер шаруашылық іскерліктің жаңа жолдарын іздеумен ғана шектелмей, республика кәсіпорындары алдына жаңа экономикалық шарттарда өміршеңдікті қамтамасыз ету үшін маңызды мәселелрдің бір қатарын жолға қояды.
«Экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің барынша жоғары қарқынына қол жеткізу – негізгі міндетіміз болып қала береді» деп Президентіміз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында айтқан болатын, сонымен қатар біздің ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігіне оны әлемдік экономикаға интеграцияланған жағдайға қол жеткізу үшін біз кәсіпорындарымыздың жұмысын шетелдік стандарттарға сай ұйымдастыру үшін жаңа технологияларды қолдануымыз қажет Соның бірі кәсіпорындағы маркетингтік тәжірибелерді қолдану. Қазіргі қалаптасқан жағдайда бұл өте көкейкесті мәселелердің бірі болып саналуда. Осы мәселенің бастысы курстық жұмыстың мақсатын анықтаған болатын.....
Рефераттар
Толық

ФОТОСИНТЕЗ

(Фото... және синтез) – жоғары сатыдағы жасыл өсімдіктердің, балдырлардың, фотосинтездеуші хлорофилл және басқа дафотосинтездік пигменттер арқылы күн сәулесі энергиясын сіңіруі нәтижесінде қарапайым қосылыстардан (көмірқышқыл газы, су) өздерінің және басқа организмдердің тіршілігіне қажетті күрделі органикалық заттар түзуі. Фотосинтез нәтижесінде жер жүзіндегі өсімдіктер жыл сайын 100 млрд т-дан астам органикалық заттар түзеді (мұның жартысынан көбін теңіз, мұхит өсімдіктері түзеді) және бұлкезде олар 200 млрд-тай СО2 сіңіреді, оттегін бқледі.
Фотосинтезді алғаш зерттеушілер Швейцария ғалымдары Ж.Сенебье, Н.Соссюр және неміс химигі Ю.Майер болды. 19 ғ-ң 2-жартысында К.А.Тимирязев күн сәулесі энергиясы фотосинтез процесінде хлорофилл арқылы сіңірілетінін анықтады. 20 ғ-ң басында фотосинтездің физиологиясы мен экологиясына арналған маңызды зерттеулер жүргізіледі (В.В.Сапожников, С.П.Костычев, В.Н.Любименко, А.А.Ничипорович т.б.). 20 ғ-ң орта кезінен бастап фотосинтезді зерттеуде жаңа әдістер (газ анализі,радиоизотопты әдіс спектроскопмя. Электрондық микроскоп т.б.) дамыды.
Жоғары сатыдағы жасыл өсімдіктер, балдырлар (көп клеткалы жасыл, қоңыр, қызыл, сондай-ақ бір клеткалы эвглена, динофлагеллят, диатом балдырлар) фотосинтезінде сутек доноры және шығарылатын оттек көзі су, ал сутек атомның негізгі акцепторы және көміртек көзі – көмірқышқыл газ. Фотосинтезге тек СО2 мен Н2О пайдаланылса углевод түзіледі. Фотосинтез процесіне өсімдік углевод түзумен қатар құрамында азоты және күкірті бар аминқышқылдарын, белок, молекуласы құрамында азот болатын хлорофилл де түзеді. Бұл жағдайда көмірқышқыл газбен қатар сутек атомының акцепторы және азот, күкірт көзі нитрат және сульфат болады. Фотосинтездеуші бактериялар молекула оттекті пайдаланбайды, оны бөліп шығармайды (бұлардың көбі анаэробтар). Бұл бактериялар су орнына донор ретінде электрондарды не органикалық емес қосылыстарды (күкіртті сутек, тиосульфат, газ тәрізді сутекті) немесе органикалық заттарды (сүт қышқылы, изопропил спиртін) пайдаланады.
Фотосинтез аппаратының негізі – клетка ішіндегі органелла-хлоропластар (көк жапырақ клеткасында 20-100 болады). Балдырлардың көпшілігінде фотосинтездік аппарат – клетка ішіндегі арнайы органелла-хроматофорлар, ал фотосинтездеуші бактериялар мен көк-жасыл балдырларда тилакоидтер. ....
Рефераттар
Толық

Фотосинтездің жарық сатысы

Фотосинтездің жарык сатысы фотоеинтездік жүйелер құрамындағы пигменттердің жарық квантын (фотон) сіңіруінен басталады. Жоғарыда көрсетілгендей жеке пигменттердің сіңіретін сәулелері спектрдің әр түрлі аймақтарына тура келеді. Бұл ерекшеліктер олардың молекулаларындағы электрондардың орналасу реттеріне байланысты.
Пигменттің фотонды сініруінен оның молекуласындағы электрондардың орналасуы өзгеріл "ырықтанған" күйге ауысады. Мысалы, қызыл сәуле квантын сіңірген хлорофилл молекуласы қозған синтгменттік - S* күйге көшеді. Энергиясы молырақ көк сәуле кванты сіңгенде электрон одан да жоғары қозған деңгейге (орбиталь) — S,* көтеріледі. Хлорофилдің қозған — энергетикалық деңгейі жоғарылаған молекуласы бірнеше жолмен бұрынғы қалпына қайтып келеді. Осы күйдегі энергияның біраз бөлігін жылу түрінде бөліп шығарып хлорофилл молекуласы ұзын толқынды жарық квантын сәулелендіруі мүмкін. Бұл құбылыс флуоресценсия деп аталады. Энергияның ендігі бөлігі молекула синглеттік қозған күйден тұрақтылау трипеттік — Т күйге ауысқанда бөлінеді. Осы күйдегі молекула одан да ұзын толқынды жарық квантын сәулелендіріп (фосфоресцвисия) негізгі күйіне қайтып келеді. ....
Рефераттар
Толық

Фотоэффект заңдары

1887 жылы Генрих Герц жарықтың әсерінен кез келген дененің бетінен электрондардың шығуы мүмкін екенін ашты. Бұл құбылысты фотоэлектрлік эффект, немесе фотоэффект деп атайды, ал фотоэффект нәтижесінде босатылған электрондар фотоэлектрондар деп аталады.

Фотоэффект заңдары
Зерттеулердің анықтауынша:
• Фотоэлектрлік токтың күші оны тудыратын электромагниттік сәулеленудің қуатына пропорционал.
• Фотоэлектрондарды максималды кинетикалық энергиясы түскен жарықтың түскен жиілігіне пропорционалды өседі және жарық қуатына тәуелді емес.
• Егер жарықтың жиілігі алынған дене үшін белгілі бір жиіліктен төмен болса (фотоэффектінің қызыл шекарасы), фотоэффект байқалмайды.
Осы тәжірибелік нәтижелерді фотоэффект заңдары дейді.
Фотоэффект заңдары электромагниттік сәулеленудің зат электрондарымен әсерлесу механизміне ешбір түрде сәйкес бола алмайды.
Электромагниттік сәулелену зат бетіне түскенде, заттың үстінгі қабатындағы электрондардың бәрі бірдей мәжбүрленген тербелісті бастау керек. Оң зарядталған атом ядросы тартылысынан босау үшін қажетті энергиясы біраз уақыт болған соң ғана жиып алады. Сонымен фототоктың пайда болуы жарықтандыру басталған мезеттен біраз кешігуі керек. Тәжірибеде фототоктың ешкандай кешігуі байқалмайды.
Классикалық теория бұған қоса фотоэффектінің қызыл шекарасы болуы және фотоэлектрондардың сәулелену қуатынан, яғни электромагниттік толқынның өріс амплитудасының тәуелсіздігін түсіндіре алады.

Электромагниттік толқынның (жарықтың) элементар бөлшегі- фотон (грекше phos, photas- жарық). Фотон зарядсыз (нейтрал) бөлшек. Ол вакуумде c=3·10м/с жылдамдықпен тарайды. Оның энергиясы (ε) жиілігімен (ν) анықталады: ε=hν/c, оның тыныштықтағы массасы m=0. Фотон электромагниттік әсерлесуді тасымалдайтын бөлшек. Зарядталған бөлшектердің фотондарды шығаруы немесе сіңіруі барлық электромагниттік процестердің негізі болып табылады. Фотон туралы ұғым кванттық теория мен салыстырмалы теорияның даму барысында пайда болды. 1905 жылы А.Эйнштейн фотоэффект құбылысының заңдылықтарын түсіндіру үшін 1900 жылы неміс физигі М.Планк ашқан жарық кванттары туралы ұғымды пайдаланды. Жарықтың фотондардан (кванттардан) тұратындығы люминесценциялық құбылыстар мен фотохимиялық реакциялар арқылы дәлелденді. “Фотон” терминін ғылымға 1929 жылы америка ғалымы Г.Льюис енгізді. Фотон бозондарға жатады. Оның меншікті импульс моментінің (спинінің) қозғалыс бағытына проекциялары S=±1. ....
Рефераттар
Толық

Франция

 Жерінің ауданы - 551 мың км2
 Халқы – 60,2 млн адам
 Астанасы – Париж
 Мемлекеттік құрылымы - республика
 Мемлекет басшысы – президент
 Үкімет басшысы – премьер-министр
 Заң шығарушы органы – екі палаталы парламент
 Мемлекеттік тілі – француз тілі
 Ақша бірлігі – еуро
Экономикалық – географиялық жағдайы және құрамы .Франция – Батыс Еуропадағы ең ірі мемлекет,жерінің ауданы жағынан ол Ұлыбританиядан екі есе үлкен .Францияның құрамына Корсика аралы, Жерорта теңізі мен Бискай шығанағындағы ұсақ аралдар енеді . Француз одағы деп аталатын бірлестікке бес шалғай департамент (Кариб теңізі алабындағы Гваделупа, Мартиника,Оңтүстік Америкадағы Гвиана ,Үнді мұхитындағы Реюньон, Атлант мұхитындағы Сен – Пьер мен Микелон) және т.б. жатады.Жалпы ауданы 127 мың км2 болатын бұл иелікте 1,5 млн адам тұрады.Француздар өз елін «гексагон» (алтыбұрыш) деп атайды.Еуропаның батысында орналасқан елдің негізгі аумағының құрылықтағы шекаралары солтүстікте Бельгия мен Люксембург, шығыста Германия мен Швейцария ,ал оңтүстік – шығыста Италия және Монакомен,оңтүстік – батыста Испания және Андоррамен шектеседі.Еуропалық Одаққа енетін дамыған мемлекеттердің аралығында орналасуы Францияның еуропалық біртұтас қарым – қатынастарының дамуына оң әсер етеді.Францияның теңіздік шекаралары Жерорта теңізі, Бискай шығанағы және Ла-Манш бұғазы бөліп тұр . Жағалауларында кеме тоқтайтын қолайлы қойнаулардың болуы Францияның ежелден – ақ теңіз көлігінің дамуына және Еуропа ғана емес, басқа дүние бөліктерінде орналасқан елдермен де сыртқы сауда экономикалық қатынастар орнатуына алғышарт болды.Франция мемлекеттік құрылымы жөнінен унитарлы республика болып табылады, әкімшілік – аумақтық бөлінісі жағынан 96 департаменттен тұрады.1958 жылы генерал Шарль де Голль елде мемлекетті басқарудың жаңа үлгісі – Бесінші республиканы орнатты. Франция республикада президенттің айрықша зор өкілеттілігі бар,ол елдің сыртқы саясатына қатысты мәселерді шешеді .Президент тағайындаған премьер – министр үкіметті басқарып, елдің ішкі жағдайына толығымен жауап береді.Елдегі заң шығарушы орган – екі палатадан сенат және ұлттық жиналыс тұратын парламент....
Рефераттар
Толық

Франция мемлекетінің бизнеспен қарым қатынасының эволюциялық құрылуы

Әлем мемлекеттері экономикасының даму кілті ретінде бизнеспен қарым-қатынасты күшейтуге бағытталып жатыр. Жеке меншік сектор үлесі күннен күнге көбейуде, ал жеке бизнес тұрақты табыс көзіне айналған.
Көпшілік үшін Франция – бұл ең алдымен атақты тарихы мен бай мәдени дәстүрі бар мемлекет. Алайда, осы сән мен романтика ошғында да іскерлік өмір қайнап тұр. Оны құраушы негіздерінің бірі – шағын және орта бизнес болып табылады. Европаның бұл ірі державасында мемлекет пен бизнес арасындағы қарым-қатынас бүгінгі күні күшее түсуде.
Президент бағыттаған Қазақстанның 50 бәсекелестікке қабілетті елдің қатарына қосылуы бағытында үлкен шаралар жасалып жатыр. Алға қойылған мақсаттар да әлі көп. Осы мақсаттарға жету жолында Қазақстан экономикасы нық басқан, тәжірибелі елдердің қате-жетістіктерін зерттеу керек. Соның ішінде Францияның бизнеске көрсетілетін қолдауы: салық, қаржы, ұйымдастыру саясатындағы үлгітұтарлық жеңілдік-көмектері бар. Осы рефераттың мазмұны Франция мемлекетінің шағын және орта бизнесті қолдау шараларын көрсетуге бағытталған. ....
Рефераттар
Толық

Францияның мемлекеттік бюджеті

Францияның қаржы жүйесі өзінің көп салалығымен ерекшеленіп: жалпы бюджет, қазынашылықтың арнайы шоттары, біріккен бюджеттер, арнайы қорлар, жергілікті қаржылар және мемлекеттік кәсіпорын қаржыларынан тұрады.
Мемлекеттік бюджетке жалпы ел қаржыларының 47%, жергілікті бюджетке 9%, әлеуметтік сақтандыру қорына- 4% үлесі тиеді.
Мемлекттік бюджет- бұл мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясаттарын сипаттайтын қаржы жүйесінің негізгі саласы. Франциядағы мемлекеттік қаржылардың айрықша бөлігінің бірі-біріккен бюджеттер.
Бұлар қаржы автономиясын қолдана отырып, сауда- өнеркәсіптік операцияларымен айналысатын және де өзднрі заңды тұлға болып саналмайтын ұйымдар үшін енгізілген. Қазірде біріккен 7 бюджет бар- 1 әскери және 6 азаматтық. Олардың ішінде- пошта бюджеті, телеграф пен телефон бюджеті, әлеуметтік ауыл шаруашылық жәрдемақылар бюджеті, ұлттық баспахана, т.б. тұрады.
Бірікккен бюджет құрамында: ағымдағы іс- қызметтерге байланысты табыстар мен шығыстар, инвестициялық шығыстар мен оларды жабуға бөлінген арнайы ресурстар. Біріккен бюджеттер сальдосы жалпы бюджетте көрсетіледі, егер біріккен бюджеттердің қаражаттары жеткіліксіз болса субсидиялар жалпы бюджеттен бөлінеді.
Мемлекеттік бюджет кірістері салықтардан, мемлекеттік кәсіпорын қаражаттарынан, займдардан және т.б. түсімдерден тұрады. Бюджет табысының негізгі көзі болып салықтар саналады, барлық түсімдердің 90% салықтардан құралады.
Салықтар арқылы ұттық табыстың 50% қайта бөлінеді.
Бюджеттің кірістері мен шығыстары екі бөлікке бөлінеді:
1) Қорытынды сипаттағы операциялар; (қайтарымсыз қаржыландыру).
2) уақытша сипаттағы операциялар. (несиелік операциялар).
Франциядағы мемлекеттік қаржылардың дамуы басқа елдердегідей бюджет шығындарының өсіп отыруымен сипатталуда. Ұлттық табыстағы мемлекеттік шығындар үлесі жылдан жылға өсуде. Бүгінгі таңда бұл үлес 50% құрайды.
Экномика шығындары өсіп келеді. Бюджет шығындарының ішіндегі үлесі 25-35%. Экономиканы реттеу шығындарының құрамына өнеркәсіп пен қызмет көрсету саласының шығындары, транспорт пен байланыс, ауыл шаруашылығы кіреді. Мемлекеттің экономикаға араласуы ұлттық шаруашылықтың бәсеке қабілеттілігін жоғарылату мақсатында жүзеге асырылады. Көбінесе қомақты қаражаттар субсидия түрінде мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыруға жұмсалады. Машина жасау өнеркәсібі, әуе қатынасы құрылысы, мұнай өңдеу сияқты салалардағы мемлекеттік тапсырыс әрдайым өсіп отыр. ....
Рефераттар
Толық

Франчайзингтің мәні және экономикадағы рөлі

Қазақстанның нарықтық экономика жағдайына өтуіне байланысты, шағын және орта кәсіпкерлікті жүргізудің әдісі ретінде біздің нарыққа - франчайзинг термині енді. Бұл тақырыпты таңдғаған себебім, еліміздің экономикасындағы елеулі құбылыстардың бірі болып отыр. Франчайзинг – белгілі бір бизнесті жүргізуге арналған фирманың ұзақ мерзімдік келісім-шарттық қатынастары. Ол кәсіпкер өз тауарларын сату құқығын немесе лицензиясын шектеулі сауда кәсіпорындарына тік кооперация арқылы ұсынатын өткізу жүйесі. Экономиканың қазіргі заманғы жағдайы мен оның интернацианалдандыруы бизнестің біріккен нысанын қалыптасуының ұйымдық-экономикалық негізін әзірлеу қажеттілігімен шарттастырылады. Атап айтсам, бұл тенденция өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің төмендеуі жағдайында, әр өндіруші тұтынушы назарын өздерінің өнімдеріне аударту арқылы қызмет атқарушы кәсіпорындарға тән сипат алуда. Осындай себептерге байланысты, бизнесті ұцымдастырудың франчайзингтік нысанының қалыптасуы мен дамуы ұйымдық-экономикалық тетіктерін дайындаудың басым бағыты болып саналады. Мұндай қажеттілік елдегі кәсіпкерлік қызмет жағдайларымен байланысты. Қазіргі таңда көптеген адамдардың арман-мақсаты франчайзингтің арқасында шынайлыққа айналуда.
Бүгінгі франчайзинг - өздерінің арман -мақсаттарына берілген және оны іске асыруда франчайзинг иесінің атауымен, өзінің меншікті бизнесін құштарлы түрде бастаушы дербес тұлғаларға кең мүмкіншілік беретін жан-жақты реттелген өнеркәсіп. Франчайзинг құбылыс ретінде өз істеріне берілген, жігерлі және талантты адамдар үшін ерекше шектеусіз мүмкіншіліктерді ұсынады. Бизнесті ұйымдастырудың франчайзингтік нысаны қарапайым әрі тиімді. Оның негізгі мәні - бір компанияның немесе франчайзердің өзінің тауарлық белгісін, атауын (бренд) белгілі бір анықталған шартта басқа бір кәсіпорынға немесе франчайзиға қолдану құқығын ұсыну.
Франчайзинг – жеңілдік, кәсіпкерлік , жалғасымды іскерлік ынтымақтастық нысанындағы үрдісте, ірі компания, жеке дара кәсіпкерге немесе кәсіпкерлер тобында өнімді өндіруге , тауарлар сауда –саттығында және осы компанияның сауда маркасымен белгілі бір шектелген аумақта өзара шартпен анықталған бір мерзімде және белгілі бір шарттағы қызеттерін ұсынады. Франчайзинг - бизнесті жүргізудің ең тиімді түрі. Қазіргі таңда шағын және орта бизнесті дамытуда франчайзингтің орны үлкен болып табылады. Бұл құбылыс экономиканың көтерілу деңгейіне де өз үлесін қосады. Дамыған мемлекеттердің экономикасындағы кәсіпкерліктің қарқынды дамуында франчайзингтің рөлі жоғары. Сол себепті , мен осы тақырыпта ғылыми баяндама жазуға бет алдым ....
Рефераттар
Толық

ФудМасте компаниясы туралы

Маркетингілік зерттеу-фирма алдындағы маркетингілік жағдайға байланысты қажетті деректер тобын жүйелі түрде анықтап, оларды жинау, талдау және алынған нәтижелер туралы есеп беру.
Фирма маркетингілік зерттеу туралы тапсырысты бірнеше түрде беруіне болады. Майда фирма осындай зерттеуді жоспарлумен жүргізуді жергілікті коледждің мұғалімдері студенттеріне тапсыруы мүмкін немесе арнайы мекемені жалдауы мүмкін. Көптеген ірі компаниялардың 73% астам маркетингілік зерттеу бөлімдері бар. Мұндай бөлімде бірден бастап бірнеше ондаған қызметкерлержұмыс істеуі мүмкін. Маркетингілік зерттеу қызметін басқарушысы, әдетте, маркетингілік вице президентке бағынып, зерттеуді басқарып, әкімдік консультант және фирманың мүддесін көздейтін қорғаушы функцияларын атқарады. Бөлім қызметкерлері зерттеу жоспарын дайындаушылардан, статистиктерден, социологтардан, психологтардан, модалирлеу мамандарына құралады. Маркетингілік зерттеушілер өз әрекеттерінің өрісін үздіксіз кеңейтуде (№1- кесте ). Олардың зерттеу жүргізген он түрлі мәселелеріне мыналар жатады нарық сипаттамаларын зерттеу, нарықтық потенсиялдық мүмкіншіліктрін өлшеу, фирмалардың нарықтағы үлестері, өткізуді талдау,кәсіпкерліктің активті тенденциясын зерттеу, қысқаша уақытқа болжам жасау, баға саясатын зерттеу.....
Рефераттар
Толық

Функционалды стильдердің жіктелуі

Функционалды стиль – бұл адамдар қызметімен қарым-қатынасының белгілі бір аясына қызмет ететін, тарихи қалыптасқан әдеби тілдің бір түрі. Стиль туралы ұғым антикалық поэзия мен риторикада пайда болды.
Стильдің жіктелуінуң негізінде экстралингвистикалық факторлар жатыр: тілді қолдану аясы және оған негізделген тақырып пен қарым-қытынас мақсаты. Тілдің қолданылу аясы қоғамдық сана сезім түріне сәйкес келетін адамдардың қызмет түріне байланысты болып келеді. Дәстүрлі және қоғамдық маңызы бар қызмет салаларына іскери, ғылыми, қоғамдық саяси және көркем өнер жатады. Осыған сәйкес нақты стильдер ажыратылады: ғылыми стиль, ресми-іскери стиль, публисцистикалық стиль, көркем әдебиет стилі. Бұларға күнделікті тұрмыста қолданылытын тұрмыстық ауызекі стилі қарама-қарсы қойылады.
Тілді қолдану аясы айтылымның тақырыбы мен мазмұнына әсер етеді. Олардың әрқайсысының өзекті мәселелері болады. Мысалы ғылым саласында әлемді ғылым тұрғысынан тану мәселелері қарастырылады, ал тұрмыстық салада күнделікті тұрмыс мәселесі қарастырылады. Дегенмен әр түрлі салада бір мәселе қарастырылуы да мүмкін, бірақ талқылау мақсаттары әр түрлі болады, соның нәтижесінде айтылым мазмұндарында өзгешеліктер пайда болады. Мысалы, Үлкен Кеңес энциклопедиясындағы «Сел» ұғымын ашу мен А.С.Пушкиннің шығармасындағы «Селдің» бейнеленуін салыстырсақ ерекшеліктерді бірден байқауға болады ....
Рефераттар
Толық

Функционализм бағытының алғы шарты

Психологияда функциялық бағыт алғашында бірден табысты түрде де дамыған жоқ, механикалық структурализмді ығыстырып шығарып, ол енді өзі жеке дара бірнеше мектептер мен бағыттарға ыдырап кетті. Функционализмнің ықпалы АҚШ-ғы бихе-виоризм мен Германияда дамыған –ХХ ғасырдағы аса танымал мек
тептердің бірі-гештальт-психология концепцияларынан, ал кейін біздің ғасырымыздың ірі психологы Ж.Пиаженің еңбектерінен көрініс тапты.
Психиканы функциялық жолмен түсіндірудің қиындығы біріншіден, осы бағытқа қатысты әдістемелік нақты бағдар-бағытты болдырмаудан туды. Психиканы функциялық жүйелер деп талдау ең алдымен функцияның табиғатын нақты материалистік тұрғыда түсінуді талап етеді. Функцияны айқын түсіндіру Аристотельде де болған жоқ, ол оны (форма), (жан) немесе (энтелехия) ұғымдары мәнінің мысалдары мен ұқсастықтары арқылы ашып бере алмады. Функционалистер өздерінің бастау түсініктерін Аристотельдің діни-идеалистік пайымдауларынан алды. Сондықтан олар психиканың белсенділігі мен функциялық бағытын субъекті санасынан шыққан сияқты қабылдап, психиканы сыртқы дүниеден бөліп тастады, оны материалдық мәнінен айырды.
Бихевиористтік революцияның басталуына барлық кездесана құбылыстарын зерттеуге көмекші болған интроспекция әдісінен бас тарту түрткі болады. Вюрцбургшілер мен структуралисттердің татысы тұйыққа тірелгендіктен, өзін-өзі бақылау арқылы психиканың дәлелді көрінісін жасай алмайтындықтары анық болады. Бақылаушының ішкі назарына психикалық процестердің механизмі ғана ілікпей қалған жоқ, сана құбылысының өзін қатаң тіркеуден өткізу мүмкін болмай қалды. Бихевиоризмнің пайда болуы үшін, зоопсихология және балалар психологиясы сияқты салалардың дамуы қатты әсе етті. Шынында оларға бақылау жасау мүмкін емес еді.....
Рефераттар
Толық

Функцияның нүктедегі үзіліссіздігі

Анықтама-1. Егер f(x)=f(x0) (1) шарты орындалса, f(x) функциясы x0 нүктесінде үзіліссіз деп аталады. Бұның мағынасы:
1. f функциясының х0 нүктемінде анықталғандығы қажет.
2. f функциясы белгілі бір >0 саны үшін (x0- x0+ ), (x0- x0), (x0, x0+ ) жиындарының бірінде анықталуы қажет.
3. х нүктесі х0-ге сол жағынан да ақырсыз жақындағанда f(x) f(x0)-ге ақырсыз жақындау керек.
х-х0=һ=∆x сандары функцияның аргументінің х0 нүктесіндегі өсімшесі деп, ал оған сәйкес: ∆y=f(x)-f(x0)=f(x0+h)-f(x0)=f(x0+∆x)-f(x0) саны функцияның өсімшесі деп аталады.
«Өсімше» терминін қолданып, үзіліссіздіктің анықтамасын былай айтуға болады:
Анықтама-2. Егер тәуелсіз айнымалының х0 нүктесіндегі өсімшесі нольге ұмтылғанда оған сәйкес f функциясының өсімшесі нольге ұмтылса, онда f функциясы х0 нүктемінде үзіліссіз деп аталады.
Шектің анықтамасын тікелей қолдансақ, онда үзіліссіздіктің келесі екі анықтамасына келеміз.
Анықтама-3. (үзіліссіздіктің “ ” тіліндегі анықтамасы). Егер кез-келген саны бойынша саны табылып, х-тің теңсіздігін қанағаттандыратын барлық мәндерінде теңсіздігі орындалса, онда f функциясы х0 нүктесінде үзіліссіз деп атлады.....
Рефераттар
Толық

Фурье қатарына жіктеу

Анықтама : Егер сегменетте интегралданушы f(х) және (х) функциялар көбейтіндісінен алынған интеграл нөлге тең болса , оларға өзара ортогональ сызық қиялар делінеді.
(1)
Мысал:
(2)

2. Периоды 2l- ге тең болған функцияны Фурье қатарына жіктеу.
Егер болса оның фурье қатарына жіктеуі жалпы түрде былай жазылады:
(3)
Енді а0, ап және вп коефиценттерін f(х) арқылы табайық

(3) ні аралығында интегралдасақ
(4)
(3) ні cos kx –қа көбейтіп [-n,n] аралығында интегралдаймыз.
(2) формулаға сәйкес
ді табамыз
Сонда пак= (5) болады
Осы жолмен (3)ті sin kx қа көбейтіп [-n, n] интегралды интервалдасақ табамыз
Қортынды :Егер а ( ч+2т)=f(x) болса ол[-n,n] сегментте Фурье қатарына жіктеледі.. Қатардың а0,ак, вк коэфиценттері мына формулр ррқылы есептеледі.
Ескерту: 1 Егер f(-х)=-(х) болса а0=0; ак=0 болып вк ны есептеу керек. Яғни f(x) тек синустар бойынша фурье қатарына жіктеледі .

Ескерту: 2 Егер f(-х)=-(х) болса вк=0 болып а0, ак -ларды есептеу керек. ....
Рефераттар
Толық

Хабарландыру

Мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорынның, жеке адамдардың ұжым мүшелеріне, жалпы жұртшылыққа алдағы уақытта өткізілетін жұмыстар мен істерді жариялайтын құжатты - хабарландыру дейді.

Хабарландыру мынандай жағдайларда жазылады.
* Ұйым мүшелеріне, жалпы жұртшылыққа қандайда бір кеш өтетінін хабарлау үшін.

Мысалы:

ХАБАРЛАНДЫРУ
1995 жылы 14 желтоқсанда "Үш арыс" атты әдеби кеш өтеді. Кеш ҚазМБА-ның үлкен акт залында өтеді. Кеш сағат 16.00-де басталады.
Әдеби кешке академик З.Қабдолов, профессор Т.Кәкішев, профессор Р.Бердібаевтар қатысады.

Қазақ тілі кафедрасының «Халықтықтық педагогика»
тәрбие секциясы.
* Қазіргі нарық заманында баспасөз беттерінде жұмысқа шақыру, бос қызмет орындарына конкурс жариялау үшін де хабарландырулар.
Мысалы:
ХАБАРЛАНДЫРУ
«Шымкентсыра» АҚ бас инженердің орнына конкурс бойынша қызметкер қабылдайды. 19.01.2001 жылы Сайрам көшесі «Шымкентсыра» зауыты, сағат 11.00-де басталады.
Хабарланып отырған мәселенің (жиналыс) мәжіліс, кездесу т.б. айы, күні, болатын уақыты, орны, қаралатын мәселелері, ол туралы хабар жасаушының, баяндамашының аты-жөні, атағы, қызметі көрсетіледі.
* Хабарландыру мақсатына қарай көлемі, көркемделуі әртұрлі болады. ....
Рефераттар
Толық

Хаббл эффектісі

Галактикалардың негізгі сипаттамалары. В. Гершель XVIII ғасырда аспандағы бақыланатын мыңдаған тұман тәрізді дақтарды (тұмандықтарды) ашып, оларды каталогқа тіркеді. Кейініректе олардың көбінесе спиральды тұрпаты бар екені аңғарылды.
Американ астрономы Э.Хаббл (1889-1953) Андромеда шоқжұлдызы ішіндегі тұмандықтың фотосуретін түсірді. Сонда оның сансыз көп жұлдыздардан тұратыны көрінді. Тұмандық ішінен ол жаңа жұлдыздардың оталысын, шашыранды және шар тәрізді шоғырларды және цефеидтерді байқады. Осы цефеидтердің айну периодтары мен көрінетін жұлдыздық шамаларын анықтап, Хаббл олардың бәрі дерлік біздің Галактикадан тысқары өте алыста екенін тағайындады.
Осы тұмандыққа шейінгі қашықтықты және оның бұрыштық өлшемін біле отырып, оның диаметрін сызықтық бірліктермен оңай есептеп табуға болады екен.
Сонда Андромеда шоқжұлдызындағы спиральды тұмандық үлкендігі, біздің Галактика шамалас, өте зор жұлдыздық жүйе болып шықты. Біз қазір оған шейінгі қашықтық 2 миллион жарық жылына тең екенін білеміз. Біздің Галактиканың ішіндегі сияқты, оның ішінде де газды және тозаңды тұмандықтар бар. Андромеда шоқжұлдызындағы галактиканы біз оның осіне біршама көлбеу бұрышпен көреміз, сондықтан ол сопақтау болып көрінеді. Үшбұрыш шоқжұлдызы ішіндегі галактика да спиральды, көру сәулесіне оның көлбеулігі кемірек, сондықтан оның түрі бір басқа.
Астрономдар біздің Галактиканың шегінен тысқарыдағы, өте көп ғаламат зор жұлдыздық жүйелерін тапты. Оларға біздің Галактикадан айырып, г а л а к т и к а л а р деген жалпы атау берді.
Хаббл мынаны ашты: өте жарық жұлдыздарының көрінетін жарықтығы бойынша, қашықтықтағы бұрынырақ анықталған галактикалардың спектрлерінде сызықтар спектрдың қызыл жақ шетіне қарай ығысады екен. Осы қызыл ығысу галактикаға шейінгі қашықтыққа пропорционал болып өседі. Доплер эффектісіне сәйкес қызыл ығысу жарық көзінің бақылаушыдан қашықтап үдеп бара жатқанын көрсетеді. Қашықтау жылдамдығы ығысу шамасына, демек, қашықтыққа пропорционал. ....
Рефераттар
Толық

Хақназар хан


Қасым ханның баласы Хақназар (Ақназар) хан тұсында қазақ хандығы қайта бірігіп дами түсті. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару, қиын-қыстау, әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды. Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол майталман екендігін көрсетті.

Хақназар хан таққа отырған соң хандық үкіметтің билігін нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрынғы Тапир хан және Бұйдаш хан тұсында бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді. 1523-1524 жылдары жарыққа шыққан қазақ-қырғыз одағын үздіксіз нығайтты, тіпті сол заманның тарихи деректерінде Хақназар хан "қазақтар мен қырғыздардың патшасы" деп аталды. Ол осы қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып, Моғолстан хандарының Жетісу мен Ыстықкөл алабын жаулап алу әрекетіне тойтарыс берді.

Хақназар хандық құрған дәуірде қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиғалар туды. Бұл кезде батыста күшейе түскен орыс мемлекеті шығысқа қарай ірге кеңейтіп 1552 жылы Қазан хандығын, 1556 жылы Астрахань хандығын Россияға бағындырды. Осы жағдайға байланысты, Еділ мен Жайық арасында ұлан-байтақ өңірді мекендеген Ноғай ордасы ыдырай бастады. Ноғай ордасын билеген маңғыт мырзаларының арасында үкімет билігіне таласқан феодалдық қырқыс үдей түсті, бұл қырқыстар халық бұқарасын қатты күйзелтіп, жаппай наразылық тудырды, Ноғай одағы құлдырап, ауыр дағдарысқа тап болды. Хақназар хан тұсында Қазақ хандығының күшеюі және халық өмірінің оңалуы, Ноғай ордасына қарасты қазақ тайпаларын қызықтырып өзіне тартты. Ноғай одағына қарасты көшпелі тайпалардың бір бөлігі қаңлылар, қыпшақтар тағы басқалар Қазақ хандығына келіп қосылып жатты. ....
Рефераттар
Толық

Халел Досмұхамедов

Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым. Мамандығы дәрігер бола тұрса да, қоғам өмірінің сан салалы мәселелеріне араласқан көп қырлы дарын: саяси және қоғам қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, әдебиетші, ауыз әдебиетінің сирек үлгілерін жинап, насихаттаушы, шебер аудармашы.
1883 ж. сәуірідің 24 бұрынғы Орал облысы, Гурьев уезі, Тайсойған болысы, (қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы) Тайсойған құмында №4 ауылында дүниеге келген.
Ағасы Дәулетүмбет Машақұлының ықпалымен әкесі Досмұхамед ауыл молдасынан хат таныған Халелді жергілікті орыс қазақ мектебіне береді. Мектепті жақсы бітірген Халел 1894 жылы Теке қаласындағы Орал әскери-реалдық училищесінің даярлық класына қабылданып, оны үздік бітіреді де, тағы бір жылға қосымша класта оқуға қалдырылады.
Сосын Санкт-Петербург императорлық әскери-медицина академиясына латын тілінен қосымша емтихан тапсырып түскен.

Студенттік өмірі империяның саяси толқуларға толы кезеңімен тұстас келіп, оның саяси білімін жетілдіріп, қалыптасуына әсер етті. Ол осы жылдары ел ішінде үгіт-насихат жүргізіп, жергілікті «Фикр» (Пікір), «Уральский листок» газеттеріне мақалалар жазып, саяси толқулардың мән-жайын халыққа түсіндіріп отырды.
1905 жылы Орал қаласында бес облыстың делегаттары жиналған съезде кадеттер партиясының жергілікті бөлімшесі құрылған. Қазақ конституциялық-демократиялық партиясының 9 адамнан тұратын Орталық комитетіне Б. Қаратаев, М. Бақыткереевтермен бірге сайланды.
1909 жылы академияны үздік дәрежелі дәрігер атағымен, Алтын медальмен бітіріп, офицер ретінде кесімді мерзімдегі әскери міндетін өтеуге жіберілді. Алдымен Пермь губерниясында, кейін 2-Түркістан, 2-Орал қазақ-орыс атқыштар батальонында әскери кіші дәрігерлік қызмет атқарды....
Рефераттар
Толық

Халық валюта қатынастары

Бүгінгі әлемде экономикалық және шаруашылық қатынастар күннен-күнге даму барысында халықарылық валюта қатынастарының өркендеуі өндіргіш күштерін қарқынды өсуімен дүниежүзілік рыноктың қалыптасуы-мен халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен шаруашылық байланыстарының интернационалдану және жанандануымен сипатталады.
Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынастардың дамуына жалпылама түрде. Халықаралық валюталық жүйе дүниежүзілік шаруашылықтың шеңберіндегі сатып алу және сату айналымын туындыратын әдістер құрал жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрі даму экономикасы халықаралық ақша кеңістігіндегі адекватты шарттарды талап ететін ұлттаралық капитал үрдісінің объективті дамуын бейнелейді. Халықаралық валюталық жүйенің негізгі құраушы элементтері ретінде әлемдік ақшалай тауар және халықаралық өтімділік, валюталық курс, валюталық рыноктар, халықаралық валюта қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық валюталық келісім шарттарды атауға болады.
Курстық жұмыстың өзектілігі еліміздің әлемдік рынокта алдынғы қатарлы елдер санатына қосылуы үшін ішкі экономикалық өсуімен қатар, халықаралық экономикалық қатынастарымыз дамып соның ішінде өзекті саласы халықаралық валюталық қатынастардың дамуы еліміз үшін маңызды. Өйткені біздің экономикамызда теңгеміз еркін айналысқа шыққандықтан әлемдегі валюта өзгерістері бізге де әсер етеді.
Сондықтан мен экономикалық теория пәнінен курстық жұмысының тақырыбын бүгіндегі өзекті мәселелердің бірі "Қазақстан Республикасындағы ұлттық валютаны тұрақтандыру мен нығайту проблемалары" деп алдым.
Бұл тақырыпты таңдаудағы мақсатым біріншіден, жалпы халықаралық валюталық жүйенің түсінігіне және құрлымына оның пайда болу себептері мен негізін қараушы элементтеріне валюталық бағам және оған әсер етуші факторларға тоқталып екіншіден Қазақстан Республикасының ұлттық валюта жүйесіндегі орнын, еліміздегі валюталық операциялар мен валюта бағамының жағдайын қарастырып өту және оларды ұлттық экономика дамуына қосар үлесін қарастыру.
Валюталық жүйені талдамас бұрын "валюта" терминінің мәнін ашып алайық. Ол Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес, валюта деп мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірліктері немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның ішінде қымбат жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын,бірақ айналымда жүрген ақша белгісімен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түріндегі қолма - қол және аударым нысандарының құнның ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы соның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражаттарды білдіреді.
Енді осы валюталық қатынастарға олардың қызмет етуіне, валюта бағамына кеңінен тоқталайық ....
Рефераттар
Толық

Халық педагогикасындағы отбасы тәрбиесі

"Отан от басынан басталады".
"Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің".
"Көріп алған көріктіден, көрмей алған текті артық".
/Халық даналығы/.
"Отбасы-шағын мемлекет:
Мен-Президент, сен — Премьер"
/Қ.Аманжолов/.
Отбасы дегеніміз - туысқандық байланыста болатын, немерелер, ата-ана, ата-әже, балалар, немерелер, бірлесіп әлеуметтік өмір сүретін адамдар тобы. Отбасында мемлекеттік заңдар мен ережелерді сақтайды, демек некелік-отбасылық қарым-қатынастың биологиялық тарихы, әлеуметтік және праволық мәні бар.
Отбасындағы тәртіптің, оның мүшелері арасындағы адамгершілік-туыстық қарым-қатынастың, демократизмнің алатын орны ерекше. Отбасы тіршілігінің ежелден қалыптасқан заңы бойынша оны отағасы, ол болмаса отанасы, одан қалса үлкен аға немесе әпке басқарады.
Қазақ халқы балалар жасын кезеңдерге былай бөлген:
І.Нәрестелік жас - 7 ай бесік, 12-ай еңбектеу.
2. Бөбек - 1-3 жас
3. Сәби - 3-7 жас.
4. Жеткіншек - 8-11 жас
5. Бозбала - 12-15 жас.
6. Үлкендер - 15 жастан жоғары.
Отбасы қоғамдағы алғашқы ұйымдардың бірі. Оның өзіндік міндеттері болады, ол үшке бөлінеді:
1. Репродуктивтік. Мұның мәні — баланың өмірге келуі, өмірдің, ұрпақтың жалғасын табуы.
2. Шаруашылық-экономикалық. Мұның мәні-материалдық жағдайды қамтамасыз ету, үй және жеке меншік шаруашылығын жүргізу, отбасының қор-қаражат жинау, оны сақтау.
3. Бос уақьттты ұйымдастыру, яғни бала, ұрпақ тәрбиесімен айналысу.
Отбасы тәрбиесі ата-аналар ықпалымен жүзеге асатын қоғамдық, тәрбиемен ұштасып жатады. Ол қоғаммен, бүкіл қоғамдық қатынастар жүйесімен тығыз байланыста бола тұрса да, отбасы адамдарының белгілі дәрежедегі дербес сырлас тобы.
Отбасы өмірі материалдық және рухани процестермен сипатталады. Табиғи биологиялық және шаруашылық тұтыну қатынастары оның материалдық жағын құрса, ал рухани жағын құқықтық, адамгершілік және психологиялық қатынастар құрайды.
Адамгершілік тұғырға көтерер ең маңызды ұлағаттар, адамгершілік қатынастар отбасынан басталады.....
Рефераттар
Толық

Халық педагогикасындағы тәрбиенің мақсаттары

Халық педагогикасының негіздері ғылым жолымен іздестірілмей келгенін ашып айтқан жөн. Өйтксні халық педагогикасы тек өмірлік факті ретінде пайдаланылып, оның ғылыми негізде дамымауына тікелей империялық саясат кері әсер етті. Ал, империя атаулы өз езгісіндегі халықтардың ұлттық тарихының да, халықтық педагогикасының да бой көтеруін қаламайды. Себебі бұл екеуінен халықтың ұлттық санасы оянады.
Жалпы халық педагогикасының негіздері адамның өз бойынан, яғни оның физиологиялық кезеңдерінен құралады. Оның тән құрылысы -биологиялық заңдылықтардың бесігінде тербиеліп шықса, ал жандүниесі - тәрбиелік тәлімнен ғана нәр алады. Олай болса, бала тәрбиесінің физиологиялық өсу кезеңдері оның тәрбие жүйесінің негіздерін жасайды. Өйткені баланың өсу жолындағы әрбір кезеңінің өзіне тән тәрбие әдістері бар. Мысалы. оларды бүгінгі таңға орайластыра шартты түрде жіктесек:
1) отбасы болуға дайындық және ұрық тазалығы;
2) Ана құрсағындағы тоғыз ай;
3) Бесіктің тәрбиелік мәні;
4) Балбөбек кезеңі;
5) Балабақша тәрбиесі;
6) Бастауыш мектеп кезеңі;
7) Орта білім беру және кәмелеттік кезең болып шығады.
Тегінде ұрпақ тазалығы жөнделмей, жан тәрбиесі түзелмейді.
Өйткені ұрық тазалығы - адам тәрбиесінің алғашқы шарты. Таза ұрықтан бірте-бірте өсетін жан иесінің жүрек тәрбиесі (бала тәрбиесінің бұдан басқа тағы бір жүйесі - ақыл тәрбиесі бар) жалғасады. Ана құрсағындағы тоғыз ай тоғыз күнге созылатын өмірінде нәресте бүкіл жер бетіндегі тіршіліктің миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан баспалдақтарын басып өтеді. Бала осы кезенінде өзіндік биологиялық ерекшеліктерімен қатар кейін көкірек көзіне айналатын түйсіктік тәрбиелерін жетілдіреді....
Рефераттар
Толық

Халық педагогикасының асыл арналары

Қазақ халқының ауыз әдебиеті өлшеусіз бай. Батырлық дастандар мен лирикалық поэмалар, толғаулар мен жырлар, мақалдар мен мәтелдер, ертегілер мен аңыздар, жұмбақ-жаңылтпаштар, айтыс өнері - халықтық педагогикадан бастау алатын атадан-балаға, ауыздан-ауызға беріліп келе жатқан мұралар.
Халық ауыз әдебиетінің негізгі түрлері:
а/ Тұрмыс-салт жырлары;
ә/ мақал-мәтелдер;
б/ ертегілер;
в/ эпостық жырлар;
г/ лиро-эпостық жырлар;
д/ айтыс өлеңдер;
ж/ тарихи жырлар.
Қазақ халқы шығыс халықтарының ішінде ауыз әдебиетіне ерекше бай, өзіндік ерекшелігі бар халық. Мысалы, басқа шығыс халқында кездеспейтін ауыз әдебиетінің үлгілері - айтыс өнері, терме, тұрмыс-салт өлеңдері, шешендік сөздер.
"Қазығұрттың басында кеме калған, Ол әулие болмаса неге қалған". Бұл рухани мұраларда тәрбиелік, өнегелік мәні аса ауқымды небір ойлар мен тұжырымдар жинақталған. Халқымыз халықтық педагогика негізінде діннің қоғамдық өмірге қатысын, халық психологиясы мен мінез-құлқын немесе, сонымен қатар өз тарихын, тәрбие жүйесің рухани дәстүрін білдіреді. Ертеде қазақ халқының жазу-сызуы болмаған кезде педагогикалық идеялар ұрпақтан-ұрпаққа тек қана халық ауыз әдебиетінің үлгілері арқылы таралған болатын.
XIX ғасырға дейін жазуы кенже дамыған қазақ халқы үшін өмірде көркем өдебиетте, білім де-ауыз әдебиеті болды. Халықтың бүкіл тіршілігі әлеуметтік экономикалық өмірі - ауыз әдебиетінен мол көрініс тапты.
Қазақ халқының ауыз әдебиеті- сан ғасырдың жемісі. Оның түп-төркіні сонау патриархалдық-рулық заманнан басталады.
Ауыз әдебиетінің барлық жанры тұрмыс-салт жырлары, ертегілер, эпостық, лиро-эпостық жырлар, негізінен сол заманнан келеді.
Халық ауыз әдебиетінің үлгілері: ертегі, жыр, аңыз, мақал-мәтелдер, жаңылтпаш айтыс түрлері және т.б.
Ауыз әдебиеті - талай ғасыр жемісі халық жырлары, жыраулары, жыршылары, ертекшілері сонау ықылым заманнан өзінін асыл қазынасы ретінде сабақтасып ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп бүгінгі біздің дәуірімізге жеткен.
Әдебиеттік жағынан алғанда қазақтың әдебиеті әр алуан, Өркениетті мәдениетгі елдердегідей мектеп, халық ағарту жүйесі, институт, университет, баспасөз болмаған, дамымаған кездері ата бабаларымыз жас ұрпаққа ұсынар тағылымын бір буыннан екінші буынға толқындай ауыстырып, мирас еткен аса бай ауыз әдебиетіне шоғырландырылған.
Ал енді біз қазақ ауыз әдебиетінің: бесік жыры, жаңылтпаш және жұмбақтардың этно-педагогикалық мәнін қарастырайық.....
Рефераттар
Толық

Халық педагогикасының ғылыми- теориялық негізі

Қазақ халқы арнайы бала тәрбиесімен айналысатын қоғамдық орындары болмасада, өз ұрпағыы бесікте жатқан кезінен бастап-ақ, өлен-жыр мен әңгіме, ертегі, тақпақ, санамақ арқылы тәрбиелеп отырған. Бала аяғын жерге нық басқаннан-ақ қоршаған ортаның құпиясын ғылыми тұрғыдан сезініп білмеседе, жапан түзде жолсыз жерлермен жұлдыздарға, түрлі белгілерге қарап жол тауып, қаршадайынан-ақ есіту, көру сезімдері шынығып, алыстағыны болжайтын, жоғалғанды табатын ізшілде, құралайды көзге атып түсіретін мерген де болған.
Мақсаты - бүгінгі тәрбие мен білім берудің көптеген көкейкесті мәселелерін халықтың педагогикалық творчествалықпен дамыту негізінде шешуге болатындығы жайлы студенттердің, мектеп мұғалімдерінің түсінігін қалыптастыру, халықтың педагогикалық тәжірибесіне мұғалімдер маманды-ғына дайындаудың аса қажетті мазмұндық компонент ретіндегі көзкарасының қалыптасуына ықпал ету.
Халық педагогикасында баланың дамуына ықпал ететін тәрбие факторлары мыналар:
1. Табиғат. Оның әрбір бөлігі-тәрбиенің көзі.
Ол адамға көрінетін, көрінбейтін әсерлер арқылы беріледі. Халық табиғаттың тәрбиелік әсерін поэзия тілімен бейнелеген.
Табиғат - халықтық тәрбиенің қозғаушы күштері, жетілген адам тұлғасы жайлы түсінікті туғызушы факторлардың бірі болып табылады. Табиғаттың ықпалы педагогикалық процеске саналылық элементін енгізді, жетілу жайлы ойды кеңейтті, нәтижесінде кемелдену ұғымы туды.
Табиғатпен объективті үйлесімділіктің субъективті де жағы бар:
Біріншіден, денсаулықтың нығаюына көмектеседі;
Екіншіден, балалардың ақыл-ойы дамуына игі әсер етеді.
Табиғатпен және оның аясында өтіп жатқан өмірмен жанасу арқылы оны жақсы үйретуші, ұстаз деп таниды. Мұндағы қандайда бір құбылысты бақылауға беріледі және қоршаған дүние жайлы қызғылықты мәліметтер алады. ....
Рефераттар
Толық

Халықаралық экономикалық құқық

Экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мемлекеттің экономикалық саясаты мен ұйымдық-құқықтық шаралар жүйесіне байланысты. Қазіргі кезеңде кез келген ммемлекеттің экономикалық саясатындағы айқын және кезекті сәтсіздіктерден шығудың тиімді жолдарын жасауға, экономикалық реформалауңа үлкен мән берілуде. Экономикалық даму үшін құқық арқылы экономикаға ықпал ету, экономикалық проблемелерды басақара білудің ықтимал проблемаларының тәжірибелік маңызы зор.
Қазіргі таңдағы әлемдегі халықөаралық экономикалық қатынастар үшін мәселелердің көпшілік бөлігін бара-бара ұлттық құқықпен ғана емес, сонымен бірге халықаралық құқықтың нормаларын, қағидаларын институттарын қолдану арқылы немесе негізінен халықаралық құқықпен қарастыру орын алып келеді. «Мемлекеттің ішкі құзірет биліктерін тәуелсіздікті сналы, үйлестірілген күйде түрлі шектеулер деңгейде ақырындап беру- туралы сөз көп болып отыр, яғни бекітілген құқық нормаларында ұллтық аймақтық, блоктық мүдделермен қатар, тұтастай алғандағы халықаралық қауымдастықтың мүдделері де көрініс табу керек».
Халықаралық экономикалық қатынастар адамзаттың ғаламдық проблемелерын шешуде маңызды рөл атқарады. Олар елдер арасындағы экономикалық айналымды реттеу қажеттігіне байланысты пайда болады және саяси сипатқа ие. Мемлекеттер осы заманғы халықаралық құқықтың негізгі субъектілері ретінде өздерінің сыртқы саясатының мәселелерін шешеді, сыртқы экономикалық саясат оның бір бөлігі болып табылады. Экономикалық қатынастарды демократияландырудың объективті қажеттігі туындайды, ол халықаралық экономикалықө құқықтың көптеген күрделі проблемеларын шешуді қаматамсыз етеді. ....
Рефераттар
Толық

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖҰМЫС КҮШІНІҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ

Халықтық жалпы миграциясы ХХ ғасырдың екінші жартысында дүниежүзілік қоғамдастыққа тән құбылыс болды. Халықтың миграциясы адамдардың тұрақты тұрғын орнын ауыстырып белгілі бір аумақтың шекарасынан өтіп орын ауыстыруы немесе кері қайтып
келуі болып табылады.
Халықаралық миграцияның бірнеше түрлері бар: еңбектік, жанұялық, рекреациялық, туристік және т.б.
Біз негізінен еңбектік миграция, халықаралық жұмыс күші нарығын қарастырамыз.
Халықаралық жұмыс күші нарығы ұлттық шекарадан әр түрлі бағыттарға өтетін еңбек ресурсрары ағынын қамтиды. Халықаралық еңбек нарығы ұлттық шекарадан әр түрлі бағыттарға өтетін еңбек ресустары ағыннын қамтиды. Халықаралық жұмыс күші нарығын бі-
ріктіреді. Халықаралық еңбек нарығы еңбек миграциясы түрінде болады. 1995 жылдың басында әлемде 35 млн. астам еңбекші – миграттар болды, ал 1960 жыл 3,2 млн. болған еді. Егер әрбір миграттың жанұясында орталама 3 адамнан болса, онда 90-жылдардың ортасында мигратцияланған халықтың саны 100 млн. адам-
нан асып кетті.
Халықаралық шымыс күші нарығын басқа әлемдік нарықтармен қатар қарастыруға болады: мысалы, тауар және қызмет, капитал және ақпарат. Жұмыс күші, бірелден екінші елге орын ауыстырып, өзін тауар ретінде ұсынады, халықаралық еңбек миграциясын іске
асырады. Жұмыс күші мигартциясының себептері болып эконамикалық және экономикалық емес факторлар табылады. Экономикалық емес себептерге мыналар жатады: саяси, ұлттық, діни, нәсілдік, жанұялық және т.б.
Халықаралық еңбек миграциясының дамуына көліктік байланыстың жаңаруыда әжептәуір әсеретеді.
Әлемдік тәжірбие жұмыс күшін қабылдайтында және жіберетін де елдердің сөзсіз артықшылыққа ие болады....
Рефераттар
Толық

Халықаралық валюталық жүйенің даму эволюциясы

Өзінің даму процесінде ХВЖ төрт кезеңнен өтеді, олардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар.
Бірінші, алтын стандарт жүйесі. Бұл жүйе ХІХ ғасырда стихиялы түрде 1867 жылы Париж конференциясында бекітілді. Осы конференцияның шешімі бойынша, алтын әлемдік ақшаның жалғыз формасы болып есептеледі.
Алтын стандарт жүйесі төменгі принциптерге сүйенеді:
1. Бұл жүйенің негізі-алтын монеталық стандарт. Әрбір валютаның алтындық құрамы бар, осыған сәйкес олардың алтындық паритеттері белгіленеді.
2. Әрбір валютаның алтынға айырбасталуы. Алтын танымал әлемдік ақша ретінде қолданылады. Әрбір валюта ел ішінде де, оның шекарасынан тыс жерлерде де еркін түрде алтынға айырбасталады.
3. Алтын құймалар монеталарға еркін түрде айырбасталады, сонымен бірге, алтын еркін импортталады, экспортталады және алтын халықаралық нарықта сатылады.
4. Алтынның ұлттық қоры және ақшаның ішкі ұсынысы арасында қатаң арақатынас орнатылады.
Алтын монеталық стандарт бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін салыстырмалы түрде болды. Уақыт өте келе алтын монеталық стандарт ескіре бастады, яғни ол өсіп бара жатқан шаруашылық байланыстардың масштабына сәйкес болмай қалды.
Соғыс басталғаннан кейін жауласушы елдердің орталық банктері банкноталарды алтынға айырбастауды тоқтатты және соғыс шығындарын жабу үшін олардың эмиссиясын ұлғайтты.
Бірінші дүниежүзілік соғыс нәтижесінде қалыптасқан валюталық хаос кезеңінен кейін алтын девиздік стандарт белгіленді. Ол алтынға еркін айырбасталатын жетекші валюталарға негізделді. ....
Рефераттар
Толық

Халықаралық ғарыш құқығы

1. Халықаралық ғарыш құқығы ұйымы және оның қайнар көздерінің жүйесі.
2. Ғарыш кеңістігі мен аспан денелерінің құқықтық режимі.
3. Ғарышкерлердің құқықтық режимі.
4. Ғарыш объектілерінің құқықтық режимі.
5. Экипаж бен ғарыш объектісінің юрисдикция және бақылау мәселелері.
6. Халықаралық ғарыш құқығындағы жауапкершілік және сақтандыру институты.
7. "Байқоцыр" гарыш айлағын пайдаланудын күқыктық проблемалары.

Халықаралық ғарыш кұқығы ұғымы және оның қайнар көздерінің жүйесі
Халықаралық гарыш қуқыгы - бүл халықаралық қүқық субъектілерінің ғарыш кеңістігін, аспан денелерін қоса алғанда, зерттеу және пайдалану қызметтеріне байланысты олардың арасындағы қатынастарды реттейтін қүқықтық нормалар мен қағидалар жиынтығын көрсететін осы заманғы халықаралық құқықтың бір саласы. Бүл салыстырмалы түрде алғанда осы заманғы халықаралық қүқықтың жаңа саласы, оның тарихы жердің алғашқы жасанды серігін 1957 ж. жіберуден басталады. 1961 және 1963 жылдардың желтоқсан айларында мемлекеттердің ғарыш кеңістігін пайдалану және зерттеу жөніндегі қызметтерінің қүқықтық қағидалары мен нормаларын айқындайтын Б¥¥ Бас Ассамблеясының қарары қабылданды. Оларға: ғарыш кеңістігін зерттеу, пайдалану еркіндігінің қағидасы; ғарыш кеңістігіне мемлекеттердің тәуелсіздіктерінің таралмау қағидасы; ғарыш кеңістігін ұлттық иемденуге тыйым салу қағидасы жатқызылады.
Б¥Ү аясында 1959 ж. Б¥¥ Бас Ассамблеясының қосалқы органы -ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарға пайдалану женіндегі Комитеті қүрылды.
Халықаралық ғарыш қүқығының қайнар көздері жүйесін Б¥¥ қол астында жасалған мемлекеттердің ғарыштағы бірлескен қызметін реттейтін ғылыми-техникалық сипаттағы кептеген халықаралық шарттары; мемлекеттердің жердегі және әуе кеңістігіндегі ғарышты зерттеу және пайдалануға байланысты қызметін айқындайтын шарттар қүрайды.....
Рефераттар
Толық

Халықаралық және сыртқы сауда саясаты

Сауда саясаты негізіне әлемдік кеңістіктегі мемлекеттердің өзара қарым-қатынастар типі жатады.Олардың ішіндегі үш негізгі бағыттарды атап өтуге болады: «Солтүстік-Оңтүстік », «Солтүстік-Солтүстік »,«Оңтүстік-Оңтүстік ».
«Солтүстік-Оңтүстік » жүйесінің сауда саясаты халықаралық еңбек бөлінісінің тік моделін көрсетеді,мұнда дамушы елдер ресурстардың елеулі түолерін шетке шығарады да,техника, азық-түлік және ұзақ мерзімдік пайдаланулардағы тауарларды шеттен әкеледі.
Өзара қарым-қатынастар дың мұндай моделін «Солтүстік-Солтүстік » жүйесіндегі экономикалардың өзара қатынастарының мазмұндығымен салыстырғанда, алдыңғы модельде экономикалардың өзара толықтырылуы жоқ екендігі анықталған.
Кез келген жағдайда Солтүстіктің немесе Оңтүстіктің саудасы жөнінде сөз еткенде жүзеге асырылатын саясаттың екі түрі жөнінде айтуға болады:
-сыртқы сауда саясаты жөнінде;
-халықаралық сауда саясаты жөнінде.
Сыртқы сауда саясаты дегеніміз – мемлекеттің басқа елдермен жасайтын сауда қатынастарына мақсатты түрде әсер етуі.
Халықаралық сауда саясаты – ұжымдық жекелеген елдер тобының, монополияларының, қаржылық сауда және беақа да топтардың мүдделерінің көрінісі.
Сауда саясатын жүзеге асырудың әлемдік тәжірибесі 2 принципке негізделеген: еркін сауда және протекционизм.
Осы шараларды іске қосудың уақытша параметрлері бойынша барлық мемлекеттер бір-бірінен өзгешеленеді,яғни бірқатар мемлекеттер өз реформаларын импорттық саясатты басқарудың қатаң курсынан;ал кейбіреулері оны толық ырықтандырудан бастайды.
Мысалы, Оңтүстік Корея,Бразилия және басқа елдер алғашқы кездері тек қана экспорттық өндіріске арналған импорттық тауарларды шеттен әкелуге жағдайлар жасады,ал экспорттық өндіріске қатысы жоқ тауарлардың импорты шектелді немесе оларға тыйым салынды.
Осылайша,көптеген елдер экспортты өңдеу дәрежесін арттыру ісін менсінбеді де,дамудың экстенсивті жолдарын таңдады(Аргентина),бұған қарағанда Бразилия өз тауарларын терең өңдеуді арттыру жолы бойынша жүргізіп отырды.
Мысалы,қазіргі кезде барлық постсоциалистік мемлекеттер сыртқы сауда ұйымына кіру жолында кедендік және басқа келісімдер шеңберінде қабылданған міндеттемелердің қиындығымен кездеседі.
Әр түрлі елдердің сыртқы экономикалық саясатын зерттеу нәтижесінде мыналар анықталған,яғни дамушы әлем,әлемдік шаруашылық байланыстардың біртұтас кешенінің күрделі әлеміне –ұлттық экономикалардың тиімді түрде кіруі сияқты оңтайлы нұсқаны пайдалану жолымен жүруі тиіс. ....
Рефераттар
Толық