Дипломдық жұмысСұлының тәжтәріздес тат ауруына қарсы төзімділік генетикасы Жұмыстың мақсаты мен міндетіСұлының тәжтәріздес ауруына қарсы тиімді көздерін анықтау.ЖЖЖергілікті немесе аудандастырылған сұлы сорттарының төзімділігін арттыру және жаңа өнімді сорт...
Зерттеудің өзектілігі. Әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан орын алу Қазақстан Республикасының стратегиялық басты мақсаттарының бірі болып саналады. Республиканың экономикалық мақсаттарымен қатар халықтың әл ауқатын арттыру, денсаулығын нығайту, адамдардың дене шынықтыру және спортпен шұғылдануына жағдай жасау арқылы денсаулығы мықты ұрпақ тәрбиелеу мақсаттары қойылған. Қазақстан 1996 жылдан бастап Олимпиадалық, Әлемдік және Халықаралық жарыстарға жеке спорттық команда ретінде қатысуда. Шеберлігі жоғары спортшы дайындау ұзақ уақытқа созылатын педагогикалық жұмыс екендігін ескере келіп, болашақ сапалы спортшы ізбасарларды дайындау қазіргі кезде Республикадағы барлық спорт мектептерінің алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі болып саналады. Болашақ спортшыны қабылдау, оны белгілі бір спорт түріне бейімдеу спорт мектептеріндегі бастапқы дайындық топтарында жүзеге асырылады. Бастапқы дайындық топтарындағы жұмыс, спорт түрінің ерекшелігіне байланысты бір жылдан үш жылға дейінгі уақытқа созылады. Осы бастапқы дайындық тобынан бастап спорттық іріктеу жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады. ....
Қазіргі танда кез келген кәсіпорынды басқару жүйесінде бухгалтерлік есеп маңызды роль атқарады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылды және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді. Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында кәсіпорындардың күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес. Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге (ұлғайтуға), оның сапасын көтеруге, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін бағаламай кетпеуге болмайды.....
Еліміздің егемендік алуына байланысты Қарулы Күштер қатарындағы әскери қызметкерлерге деген кәсіби талап күн сайын өсуде. Мұндағы басты мәселенің бірі - Қарулы Күштерде информациялық технология мен басқаруға қабілеті бар, мамандар дайындап, таңдау қажеттігі. Өйткені, қазіргі кезде барлық дамыған елдер имформатикамен жұмыс істейді. Бұл білімсіз әскери қызметкер әлеуметтік-психологиялық және әскери экономикалық мәселелерді тиімді шеше алмайды. Әскери қызметкерлерді мамандыққа таңдау,бағдарлау,әскери және теңіз флоты мамандарын дұрыс орналастыру,ұлттық шиеленісті шешуде әлеуметтік әскери шептер мен жаңа бағыттарды таңдау, ұлттық территориялық әскер құруда әскери маман компьютерлік білімсіз жүзеге асыра алмайды. Қарулы Күштерді және әскери қызмет жұмыстарында жақсы ұйымдастырылған мамандыққа жарнамасыз бағдарлау жұмысы онша тиімді болмайды. Өкінішке орай,қазыргы кезде әскери басшылар тарапынан бұл мәселеге онша көңіл бөлінбей отыр. Сонымен қатар әскери мамандық туралы әдебиеттер,брошюлар ,әскери оқу орындары жайында бейне фильмдер шығаруға жеткілікті көңіл аударылмауда. Офицер мамандығын насихаттау қарапайым дәрежеде қалып отыр. Осы мәселелерді шешпейінше ....
Кіріспе Зерттеудің өзектілігі. Адам мен табиғаттың, қоғам мен ортаның өзара әрекеттестігі, оның өнеркәсіпті өндірістің қазіргі таңдағы көптеген жарамсыз технологиялармен қарқынды өсу жағдайында өмір сүруі, қиындықтың шама-шегіне жетті. Адамзат тіршілігінің өзіне қауіп төнді: табиғат қорлары үзіліссіз сарқылысқа түсті, ортаның ластануынан адам өміріне қауіп төнді. Бүкіл әлемде экологиялық дағдарыстар мен апаттар ұлғая түсуде. Мұндай апатты зардаптар Қазақстанның Семей, Қызылорда, Батыс Қазақстан (Нарын, Азғыр, Тайсойған), Орталық қазақстан (Сарышаған, Байқоңыр, Балқаш), Оңтүстік қазақстан (Созақ) аймақтарында көрініс тапты, олар табиғи экологиялық жүйе тұрғысында, экологиялық жағдайы өте нашар жерге айналды, ал экологиялық әлеуметтік тұрғыда экологиялық зардапты ауданның бірі болып саналады. Экологиялық апаттар биоортадағы жағдайларға еткен әсері арқылы дүние жүзінің әрбір аймағындағы құбылыстардың дамуына айтарлықтай ықпал жасауда. Рио-де-Жанейрода (1992, маусым) БҰҰ – ның қоршаған орта бойынша өткізген конференциясында қарастырылған мәселелер (дүние жүзіндегі бүгінгі экологиялық жағдай; әлемдік қауымдастардың экологияны тұрақты дамытуға талпынысы т.б.) бойынша қабылданған шешімдер білім мен тәрбиені экологияландыруға жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Жеткіншектердің экологиялық білімі мен тәрбиесі міндеттерінің маңыздылығы арта түседі [1;2]. Өркениетті елдермен қатар Егеменді Қазақстан Республикасы да Рио-92 қабылдаған шешімге парасаттылық көрсетіп, біздің қоғамның приоритетті дамуының стратегиялық бағыттағы “2030” тұрақты дамуының сара жолын көрсетті [3]. Одан кейін де Елбасының мемлекеттік экосаясаты мен экономикалық саясаты табиғат ресурстарын тиімді пайдалану әлемдік деңгейдегі үрдістеріне үн қосып “адам – қоғам – табиғат” арасындағы гармониялық үйлесімділіктің теориялық аспектілерін тұжырымдады. Бүгінгі таңда “Білім туралы” Заңдарды жетілдіру және білім сапасын әлем кеңістігінің білім деңгейіне көтеру көзделіп отыр. Яғни нәтижеге бағытталған білім сапасын өміршең ету жоспарлануда. Елбасының қолдауымен Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау және қалыптасқан экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған бірнеше маңызды заңдар мен құжаттар қабылданды [4;5;6;]. Соның ең маңыздысы “Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы” (2003 ж.) көпшілікке экологиялық білім мен тәрбие берудің өміршең бағдарламасын нақтылап берді [7]. Елбасының №1241 (2003) Жарлығымен мақұлданған бұл тұжырымдама ҚР “Қазақстан Республикасының конституциясы’, “Білім туралы” заңына сәйкестендірілген бірден-бір мемлекеттік білім мен экологиялық саясатына қолдау көрсеткен шешуші құжаттардың бірі болды [8;9]. Экологиялық проблеманың пайда болуы ең алдымен әлеуметтік-экономикалық факторларға байланысты және бұл проблемаларды техникалық құралдармен де, жеке адамның топтасқан қауымның қоршаған ортаға көзқарасын, қатынасын қайта бағдарлау жолымен де шешуге болады. Адамзат экологиялық тұрғыда қоғамды дамытудағы көзқараспен байланыстағы жаңа менталитетті қалыптастыру қажеттігін ойындайды. Әлеуметтік әрекет құралы ретінде қоғамдық экологиялық таным әлеуметтік бақылаудың барлық механизмдерін дұрыс іске асыруды қамтамасыздандыруы қажет, тұрғылықты халық қоршаған ортаны жақсарту мәселесіне, сонымен бірге оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелеріне аса назар аударғаны жөн.....
Бүгінде Республикамызда жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру біздің саяси бағытымыздың өзекті тұғырнамасына айналып, бұл орайда оны қайта құрудың әлемдік үлгілері мен үрдістерін саралау мен сараптау жұмыстары дәйектілікпен жүргізіліп отырғаны да тегін емес. Көптеген дамушы елдердің тәжірибелері көрсетіп отырғандай, жергілікті өзін-өзі басқарудың тұғырнамасын іске асыру кез келген құқықтық мемлекеттегі демократиялық режимнің қажетті құрылымы болып табылады. Өзінің институттарымен жергілікті өмірдің демократиялық ұйымының дерлік барлық жағын қамти отырып, жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік биліктің көптеген қызметтерін орталықсыздандырудың ұтымды әдістерімен жергілікті өмірдің бүкіл мәселелері бойынша шешімдер қабылдауды аумақтық қоғамдастықтарға көшіруге мүмкіндік береді, осы арқылы азаматтардың белсенділігін көтермелейді және осы сияқты шешімдерге олардың нақты қатыстылығын қамтамасыз етеді.....
ӘЛ – ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІБиология факультетіГенетика және молекулалық биология кафедрасыБ І Т І Р У Ж Ұ М Ы С Ы Ауыр металл тұзы cdcl2 – нің жұмсақ бидай сорттарына әсерін зерттеуБітіру жұмысы 40 беттен, 4 кестеден, 6 суреттен және 27 пайдаланылған әдебиеттер тіз...
КІРІСПЕ Білім беруді ақпараттандыру жалпы білім беру жүйесін жаңартудың негізгі бағыты болып отыр, қазіргі кезде жаңа білім берудің әдістемелерін жүзеге асыруға жағдай жасауда. Қоғам педагогика мен техниканың қазіргі заманға сай жетістіктерін қолданушы икемді білім беру жүйесіне зәру. Білім беру үрдісі соңғы кездері программалық жабдықтарды қолданып, үлкен жетістіктерге жетуде. Қоғамдық өмірде, өндіріс пен ғылым салаларында тез өзгеру, даму біздің уақыт үшін таңсық емес. Білім саласының жаңа буындары туындауда және және дамуда. Қазіргі кезде компьютер тиімді қолданылады, ғылым мен өндіріс саласы есептеу техникасының көмегінсіз жұмыс істей алмайтындай дәрежеге жетті. Жаңа ақпараттық технологияларды қолданып, ауқымды жұмыстар атқарылуда. Әдістемелік нұсқаулардың екі түрі бар: қағаз түрінде және электронды. Бірінші типтегі құралды қолдану кезінде оларды баспаға шығаруға кететін шығындар сияқты мәселелер туындайды, сондықтан соңғы кездері электронды оқулықтарға көп көңіл бөлінуде. Мұндай оқулықтар студенттер үшін өте қажет, себебі олардың уақыты не кітапханаға, не оқу залдарында отырып оқуға кетер еді. Енді олар үйде оқу мүмкіндігіне ие болды. Электронды есептеу машиналары ақпараттың ауқымды көлемін сақтай алады. Ақпаратты өңдеуді жеңілдету үшін ақпараттық жүйелер құрылуда. Олардың көмегімен қажетті мәліметтерді іздеу арқылы тауып алуға болады. Қазіргі қоғамның негізгі ерекшелігі, ақпараттандыру жүргізілуде. Ақпараттандыру үрдісінің негізгі бағытттарының бірі – білім беруді ақпараттандыру. Яғни білім беру жүйесін толығымен автоматтандырылған жүйемен қамтамасыз ету. Ол үшін электронды оқулықтар көптеп құрылу қажет. Электронды оқу құралдарын құру үрдісі бірнеше сатылардан тұрады: 1 саты – пәннің мазмұнына құрылымдық талдау жүргізу. Осы сатыда пәннің оқу элементтері, пән құрылымы, оқу элементтерінің арасындағы логикалық байланыс анықталады. Сонымен қатар интерактивті сұхбатпен қамтамасыз етіледі, яғни оқу материалының мазмұнын таңдау мүмкіндігі және бейімділігі. 2 саты – пәннің мазмұнына сапалы талдау жүргізу. Құрылымдық талдаудың нәтижелерінің негізінде әрбір оқу элементінің сапалы талдауы жүргізіледі. Осы кезде әрбір оқу элементінің мазмұнына көп көңіл бөлінеді және меңгеру деңгейі анықталады. Саты пәннің мазмұнының ғылыми түрде болуын және қажетті уақытта пайдаланушылардың қолдана алуын қаматамасыз етеді. 3 саты– пәннің мазмұнын сүзгіден өткізу. Алдыңғы сатылардың мәліметтерінің негізінде электронды оқу құралының логикалық құрылымы тұрғызылады. Ол оқытудың жүйелілігін және тақырыптардың меңгеру деңгейіне сәйкес құрылуын қамтамасыз етеді.....