Қазақ тойында қалай үнемдеуге болады?
Былтыр Өзбекстанда той өткізуге байланысты заң қабылданды. Жаңа ереже бойынша тойдың алдында тапсырыс беруші (той иесі) мен тапсырыс алушы (тойхана) міндетті түрде келісімшартқа отыруы керек екен. Бұл - өзбектің «отыз күн ойын, қырық күн тойын» жасайтын ысырапшылдығын тыюдың бір жолы дейді білетіндер.