Мәңгілік Ел – мұратым. Қазақ тілі, 9 сынып, дидактикалық материал. 9 сабақ.


Оқушының аты-жөні________________________________________________________

2-тапсырма. Төмендегі мәтінді оқы. Мәтінді абзацтарға бөл. Негізгі идеясын анықта. Маңызды ақпараттарды теріп жаз.

Мәңгі ел» – арғы бабаларымыздың ұлы интеллектуалдық серпілісі. Күлтегін жазуында «Мәңгі» сөзі бес рет қолданылған. Қандай жағдайға байланысты қолданылғанына назар аударумен де мәні мен маңызына көз жеткізе аламыз. 1. «Өтікен жерінде отырып, керуен жіберіп отырсаң, онда мұңың жоқ. Өтікен жынысында отырсаң, мәңгі ел тұтып отырар ең сен», делінген ескерткіште. Осы тектес қағидатты Білге қаған, Теркін мәтінінен де оқимыз. Мұндағы Өтікен – түркілердің астанасындай қасиетті жері. Байырғы түркілер өз мемлекетінің астанасын ерекше құрметтегенін әсте кездейсоқтыққа балауға болмайды. Ол – мемлекетшіл сана мен рухтың ажырағысыз серігі. Ендеше, мәңгілікке тірек боларлық орда керек екен. Ең кереметі – «Мәңгілік Ел» идеясы да Қазақстанның жаңа Елордасы Астанада паш етілді ғой. 2. Күлтегін жазуы былай дейді: «Нендей бір айтар сөзім болса, мәңгі тасқа бастым. Мұны көріп біліңдер, түрік халқы, бектері, бөдке (таққа) кіріптарсыңдар ғой, жұртыңмен бірге жаңылғышсыздар ғой сіздер». Бұл қағидаттан екі қорытынды шығаруға болады: бірі – билік пен билеуші мемлекеттің даму стратегиясын, ішкі және сыртқы саясатын анықтағанда қателікке жол бермеу керектігін, екіншісі – билік пен халық арасындағы ынтымақ, түсіністік мәңгіліктің кепілі екенін баса көрсету. Осынау ұстаным қазіргі Қазақстан үшін бейтаныс емес. 3. Көреген Күлтегін былайша толғанады: «Мен мәңгітас тіктім (тұрғыздым). Табгач қағаннан бедізші келтірдім. Бедіз еттім. Менің сөзімді бұзбады». Демек, мәңгіліктің негізінде материалдық, геосаяси, әскери фактор ғана жатқан жоқ екен. Бұрмалаудан, әсірелеуден ада, ақиқатқа суғарылған тіл мен сөз, руханият пен идеология, тұжырым мен теория мәңгілікке жетелейтініне бабаларымыздың күмән-күдігі болмаған. Бұл қағидат бүгін де өз күшінде. Елбасымыз қабылданатын барлық шешімдердің прагматизмі мен эволюциялылығын талап етуде. «Мәңгілік Ел» идеясын жариялаған «Қазақстан - 2050» Стратегиясында: «Экономикада, саясат пен әлеуметтік тұрмыста ешбір секіріске, жөнсіз сынақ пен авантюраларға жол беруге болмайды. Айналамыздағы әлем қалай тез өзгеретін болса, еліміз бен қоғамымыз да солай жылдам өзгеруге тиіс», - дегені бәріміздің есімізде.  4. Күлтегін жазуында мынадай жолдар бар: «Көңілдегі сөзімді (бастырттым) ... [...] он-иелік ұрпағыңа, кірмелеріңе дейін бұны көріп біліңдер. Мәңгі тас тоқыттым». Бұл тұжырымның мәнісі, біздіңше, мынада: ұрпақтар жалғастығы қаншалықты маңызды болса, этникалық, рухани, идеологиялық, тілдік, т.б.с.с. құндылықтардың сабақтастығы одан бір мысқал кем емес. Бұлар мәңгіге айналғанда халықтың ғұмыры ұзарады, әркімнің және баршаның бәсекеге қабілеттілігі шыңдалады. «Біз» және «оларды», жақсы мен жаманды айыра білетін елдің мәңгілігі негізделеді. Осы орайда тәуелсіздік жылдары жүзеге асқан ұлттық тарих, мәдениетті қолдау жылдарының, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының, қазіргі «Ұлт жоспары: 100 нақты қадамның» маңызын тағы да мойындайсың. 5. «Мәңгі Елге» қатысты аманаттталған Күлтегіннің соңғы өсиеті: «Бұл киелі жер еді. Қазір де киелі жер. Осындай киелі жерге мәңгі тас тоқыттым, жаздырдым. Бұны көріңдер, осылайша біліңдер». Тобықтай түйіні, біздің ойымызша, мемлекет үшін де, халық үшін де мәңгіліктің қасиетті көзі – жер дегенге саяды. Жер – бұл табиғат, экономика, байлық, өмір салты, геосаясат, руханият. Осылай болған және бола да береді. Елбасымыз ұсынған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы – «Мәңгі ел» тұжырымдамалық идеологемасының жаңа әлемдегі, жаңа тарихи дәуірдегі заңды жалғасы. Кім Отанының, ұрпағының, ісі мен есімінің мәңгілік болғанын қаламайды? Ешкім де! Америкада да, Африкада да солай. Жұмыр басты пендеге мәңгілік өмір бұйырмаған. Бірақ қамшының сабындай қысқа өмірінде адам терең ақыл-ойымен, шебер қолымен мәңгілік құндылық түзе алады. Басқасының бәрі – көмір де, темір де, тау да, тас та көмекші құрал ғана. Сенімді серігі – толағай интеллектуалдық ізденіс пен серпіліске сүйенген ұлттық идея.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
Пікір жазу